1 сынып бойынша дүниетанудан 1 тоқсан тест тапсырмасы
Просмотр содержимого документа
«Дүниетану тест 1 сынып»
Тест 1 дүниетану 1-сынып
1.Қандай зат адам қолымен жасалған.
а/ бұлттар ә/үстел б/ торғай
2.Табиғат заттарын ата.
а/ шкаф,телефон ә/саз б/аяқ киім
3.өлі табиғатқа не жатады.
а/ жаңбыр,қар. ә/торғай,қарға б/ ай
4.қайсысы тірі табиғатқа жатады.
а/шыбын ә/ тас б/бұлт.
5.мына белгілердің қайсысы қарды білдіреді.
а/ ә/ * б/
6.неге көктемде ұшып кеткен құстар қайтып келеді
а/себебі,жылы жақта бұл кезде қыс болады.
ә/себебі,біздің өлкеміз жылы бола бастайды да,жем көп болады.
7.қандай құстар өзіне ұя жасамайды
а/ шағала. ә/ көкек б/ қайра
8.ауа температурасы қандай нүктеден бастап өлшенеді
а/ең төменгі бөліктен ә/ең жоғарғы бөліктен
б/ нөлден бастап.
9.ауа температурасын немен өлшейді.
а/ сызғышпен ә/барометр б/термометр.
10.қандай температура жылылықты көрсетеді.
а/ - 8 С ә/ +15 С б/ 0 С