kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зиянды заттар зардабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:Жас желектей жай?алып ?сіп келе жат?ан жас жеткіншектерімізді? санасына ішімдік,темекі,есірткіні? зиян екендігін,оларды? адам баласын аздыратынын,одан аула? болу жа?тарын мысалдармен д?лелдеп т?сіндіру.О?ушыларды салауатты ?мір салтына т?рбиелеу. Т?рі:пікірталас К?рнекілік:жоспары,слайд-суреттер. Ж?ру барысы: 1.??рметті ата-аналар,?стаздар,о?ушылар!Б?гін біз ?азіргі та?да б?кіл ?лемді тол?андырып отыр?ан м?селелерді? бірі-адам денсаулы?ы,адам денсаулы?ына кері ?серін,зиянын тигізетін заттар туралы пікір алысып,ой б?лісеміз.Б?гінгі «Зиянды заттар зардабы» атты кешімізді? ма?саты: алдымызда?ы жас жеткіншектер,о?ушыларымызды? санасына зиянды заттар ішімдік,темекі,есірткіні? адам баласын аздыратынын,одан аула? болу жа?тарын т?сіндіру.Салауатты ?мір салтына т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зиянды заттар зардабы »

Тақырыбы:Зиянды заттар зардабы.

Мақсаты:Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік,темекі,есірткінің зиян екендігін,олардың адам баласын аздыратынын ,одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі:пікірталас

Көрнекілік:жоспары,слайд-суреттер.

Жүру барысы:

1.Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгін біз қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адам денсаулығы,адам денсаулығына кері әсерін,зиянын тигізетін заттар туралы пікір алысып,ой бөлісеміз.Бүгінгі «Зиянды заттар зардабы» атты кешіміздің мақсаты: алдымыздағы жас жеткіншектер,оқушыларымыздың санасына зиянды заттар ішімдік,темекі,есірткінің адам баласын аздыратынын,одан аулақ болу жақтарын түсіндіру.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2.Денсаулық -баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние,әр адам денсаулығы жақсы болу үшін уақытты ,күш-жігерді,еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Адам денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығын сақтауға міндетті.

Бұл тірліктің қысқасын-ай,азын-ай.

Денсаулыққа тең келмес еш қазына –ай.

Денсаулықтың білген адам қадірін

Өтері анық бұл тірлікте қажымай!

3.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықққа жолдаған бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ахуалы жақсы болуға тиіс» деп атап көрсеткен.Өйткені дені сау адамның көңілі орнықты,ойындағысын орындайды.Дені сау адам-нағыз бақытты жан.

Болсын десең денең мықты,мүсінді,

Күнде жаттық,молайт барлық күшіңді.

Көндір сана-сезіміңді ерікке,

Жүрме тастап жол ортада ісіңді.

1.Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па,жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен.Сонда ол «Байлық та,атақ та,даңқ та адам баласын шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен.Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына,өз еліне ,ұрпақ тәрбиесіне жұмсап,ақылды,парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты.

2.Яғни денсаулық болса бәрі де болады.Дені сау адамның көңілі шат,өмірі бақытты.Олай болса денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі:ерте тұру,орта тазалығын сақтау,спортпен шұғылдану,сергек жүру,салауатты өмір салтын сақтау,зиянды нәрселерден аулақ болу.

3.Осы орайда біз адам ағзасын,денсаулығын азғындайтын зиянды әрекеттер,зиянды заттар туралы,зиянды заттардан аулақ болу мақсатында пікір алысу үшін келген қонақтарды,ұстаздарды,оқушыларды 3 топқа бөліп отырмыз.

1-топ:Әкелер.Ішімдікке қарсы топ.

2-топ.Ұстаздар.Ішімдікке қарсы топ.

3-топ.Оқушылар.Есірткіге қарсы топ.

1.Кешіміздің 1-бөлімі «Жат қылықтар зардабы» Бұл бөлімде әр топ өздеріңіздегі зиянды заттар,оның адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы айтып өтеді.

Үш топқа ортақ сұрақтар:

1.Темекі,ішімдік,есірткінің зиянды жақтары.Осы зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін зардабы.Бұл заттардан адам өмірі қысқарама?

2.Адамның зиянды заттарды пайдаланып жүргенін сыртқы бейнесіне қарап қалай ажыратуға болады?

3.Зиянды заттарды шамадан тыс пайдаланудың соңы неге әкеп соғады?

2.Бұл бөлімнен шығатын қортынды:Қазіргі кезде жастар арасында темекі мен арақ –шарапқа ,ішімдікке әуестену,есірткі заттарды қолдану көп белең алуда.

3.Мұндай дауасыз дерт ұрпақты уландырып,ағзасын аздырып,тектілігін тоздырып,өмірді құртатын айықпас кесел.

1.Зиянды заттарды дер кезінде тоқтатпасаң айықпас дертке ұшырап,өз өміріңе өзің балта шабасың! Сондықтан да осы бір айықпас дертке жол бермей,оның алдын-алу шараларын ұйымдастыру бүгінгі таңдағы басты міндетіміз.

2.Кешіміздің 2-ші бөлімі «Менің денсаулығым-менің болашағым» Бұл бөлімде сіздердің айтқан пікірлеріңізді толықтырып,дәлелдер келтіріп өтеміз.

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын,

Дені сау қазақтың ,

Ұрпағы көбейсін.

3.Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!

1.Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай!

1.Темекі жайлы,зияны(слайд),темекіні қою әдістерін оқу.

2.Ішімдік жайлы интерактивті тақтадан слайд көрсету

3.Есірткі жайлы,есірткіні пайдаланған адамдардың жай-күйі жайлы слайд.

1.Жаңа айтып өткеніміздей қаншама адамдар зиянды заттардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады.Осының дәлелі ретінде «Қара пима» әнін тыңдайық.(тыңдау)

2.Осы әнді тыңдай отырып қандай сезімде болдыңыздар,ән сіздерге қалай әсер етті?

3.Оқушылар сендер қалай ойлайсыңдар, баланың әкесіне қандай баға берер едіңдер?

Отбасы мен достарынан ажырау,жанжал ,төбелес,әр түрлі қылмыстарға бару-осы ішімдіктің кесірі.Сондықтан оқушылар,нағыз қазақ азаматы боламыз десек ,бұл пәледен аулақ болайық.

1.Бүгінгі айтылған сөздерден әрбір оқушы түйін шығарып,ой толғаса,санасына жеткізсе –біз мақсатымызға жеткеніміз.

2.Ендігі кезекте оқушыларымыздың дайындаған «Шылым шегудің зияны» атты көрініске береміз.(көрініс көрсетіледі)

3. Құрметті оқушылар!Осы көріністі қорыта отырып,зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін,әркімнің тағдыры өз қолында екенін білдік.Ендеше,оның әдемі,қызықты мазмұнды ,мәнді болуы жолында өзіңді-өзің ұстай ,тәрбиелей,жақсы іске бағыттай білгейсің!

1. Жаман әдеттен сақтанудың ,біреулердің ықпалына түспеудің жолы-салауатты өмір салты.

2. Келесі бөліміміз «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» деп аталады.

3. «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» дегендей бірінші сергіту сәтіне кезек берейік.

Қазір біздің айтқан шартымызды орындап отырсаңыздар!

1.Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын!

2.Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін!

3.Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін!

1.Ішімдікті зиян дегендер екі қолын көтерсін!

2.Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.

3.Бақытты да ұзақ жасағысы келгендер алақандарын соқсын!

1.Денсаулық –басты байлық дегенді қолдайтындар орындарына отырсын!

Рахмет!

2.Бұл бөлімнің екінші тапсырмасы әр топ өз атауларындағы зиянды зат туралы бір әуенге салып,екі шумақ өлең құрау.

3.Келесі кезекте «Қазақ пен арақ» атты өлеңге берейік.

Бұл өлеңнен ішімдікті үнемі қолдану және шектен тыс үйір болу қанға сіңіп кететін дерт екенін ұқтық.Оқушыларға айтарым,мәнді де сәнді өмір сүру үшін зиянды заттардан аулақ болайық!

1.Келесі бөлім - «Бірінші байлық-денсаулық» Бұл бөлімде бірнеше тапсырмалар орындайсыздар.

2.1-ші тапсырма Мақал жалғастыру

3.2-ші тапсырма Сөзжұмбақ шешу.

1.3-ші тапсырма «Ия,жоқ» ойыны

2.Соңғы бөлім «Біз болашақтың гүліміз» деп аталады.Бұл бөлімде оқушыларымыздың дайындап келген өлең жолдарын,ой-толғаныстарына кезек берейік.

3.Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Біз бүгінгі кештен әр адамның өмірінің мәнділігіне денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екенін білдік.Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарымызға ,дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық.Жастық шақтарымыздың тамырына есірткі,арақ,темекі балта болып шабылмасын!

1.Әрбір жеткіншек өз денсаулығына ерекше мән беруі керек.Денсаулық мықты болуы үшін спортпен шұғылданған пайдалы.Оқушыларға айтарымыз өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намысыңызды биік ұстаңыз.

2.Өз тағдырыңыз-өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ақ рет келеді.Оны жақсы етіп өткізу сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз!Денсаулық-табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы.Бірақ,денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген,сондықтан оны сақтау керек.

3.Денсаулығыңыз мықты болсын.Спортпен айналысыңыз.Сіз ел үшін керексіз,өйткені сіз –тәуелсіз еліміздің болашағысыз.







19-қараша –Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні болып белгіленді.Темекінің құрамында өте улы зат-никотин бар.Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады.Бұл түтіннің ішінде улы газ,шаң және күйе болады.Әр темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартады екен.Сол үшін қазір бүкіл әлем болып темекіге қарсы күресіп отыр.1-2 тал темекі жүрек ауруын екі есе ұлғайтады.Темекі шекпейтін адамның жанындағы темекі шегетін адамның темекісінің түтінін жұтуы,яғни бір темекі шегетін адамның кесірінен үш темекі шекпейтін адам зардап шегеді.

Қызықты мәлімет:Түркияда бұрын темекі тартушылардың құлағын,мұрнын кесіп,қолын шауып тастаған екен.Англияда темекі тартатындарды дарға асқан.Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпаұ шылым шегуді білмейді.

Әйгілі дәрігер Боткин:57 жасында көз жұмып,дүниеден өтіп бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам,әлі ұзақ өмір сүрер едім»,-деп өкініпті.

Ойлап қарасақ,шегу деген сөзді екі-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады,азап шегу,шылым шегу.Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды,тіс уақытытынан ерте бүліне бастайды.Бұған қоса ауызда жағымсыз иіс пайда болады.Сондай-ақ тілге,ерінге,таңдайға жазылмайтын жара шығып,ол кейін қатерлі ауруға айналуы мүмкін.

Мәлімет: 1 қорап темекінің бағасын еске түсірсек.Егер адам күніне 1 қорап темекі шексе қанша ақша жұмсайды екен.

1 аптада-1190 тг,1 айда-5100 тг,1 жылда-61200 тг.

Әркім –ақ шарап ішсе мас болады,

Іштегі барлық сыры паш болады,-дегендей ішімдікті үнемі қолдану –маскүнемдікке әкеп соқтырады.Адамзат бірнеше жүз, мыңдаған жылдар бойы араққа үйір болды.Жануарлармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары сатыдамыз,бірақ білек күшіміз төмен.Мысалы:Салмағы 9 кг гиббон маймылы адамды бір қолымен –ақ көтереді.Содан адам несімен артық.Оның артықшылығы:жүйке жүйесінде ,бас миында және жарты шарларында.Біздің миымыз ұшатын машина,ғарыш кемесін жасады,қолымыз еңбек құралына айналды.Сол еңбек ететін қолымызбен стакан көтеріп,арақ ішсе,миллиондаған жылдардың өнімі-миымызды,санамызды әп-сәтте быт-шытын шығарып,адамды аң-айуанға айналдырды.Қазіргі кезде жастар арасында темекі мен арақ-шарапқа ,ішімдікке әуестену,есірткі заттарды қолдану көп белең алуда.Мұндай дауасыз дерт-ұрпақты уландырып,ағзасын аздырып,тектілігін тоздырып,өмірді құртатын айықпас кесел.

Зиянды заттарды дер кезінде тоқтатпасақ айықпас дертке ұшырап,өз өміріңе өзің балта шабасың!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Зиянды заттар зардабы

Автор: Каблакатова Зауре Мухышбековна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202047

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашық сабақ Зиянды заттар"
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk_sabak_ziiandy_zattar"
    ["file_id"] => string(6) "395914"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488133345"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Зиянды заттар зардабы"
    ["seo_title"] => string(22) "ziiandy_zattar_zardaby"
    ["file_id"] => string(6) "597410"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1641922656"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "«Салауатты ?лт-салауатты ?рпа?». "
    ["seo_title"] => string(31) "salauatty-u-lt-salauatty-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "239279"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444751662"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Зиянды ?рекеттер "
    ["seo_title"] => string(19) "ziiandy-riekiettier"
    ["file_id"] => string(6) "212064"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431744210"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "«Есіртеіге ?арсы жастар мен жас?спірімдерге жолдау»"
    ["seo_title"] => string(61) "iesirtieighie-k-arsy-zhastar-mien-zhasospirimdierghie-zholdau"
    ["file_id"] => string(6) "250944"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447164413"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства