Көрнекілік: Жол ережесі туралы суреттер, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өту барысы:
Кіріспе. Жүргізуші:
Балалар, бүгін біз жол тәртібі туралы айтамыз. Жол белгіліерін, бағдаршам, белгілерін қайталаймыз. Әрбір оқушы жолда жүру ережелерін білуге, сақтауға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы жолда жүру ережесін бүзбайды. Көшеде, жолда тәртіпті, мұқият болу керек.
Негізгі бөлім.
Жүргізуші: - Қазір бағдаршам туралы ертегі көреміз.
Ертегі «Бағдаршаммен кездесу» (балалар ертегі бойынша көрініс кояды).
Көшеде арлы – берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам. Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала (Әділет): Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. Тауекел, көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам (Азамат): Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала: Сен кімсің?
Бағдаршам: Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала: Қалай? Қашан?
Бағдаршам: Сен қызыл көзім жанғанда, өтпек болдын. Ол дұрыс емес.
Бала: Енді қалай өтемін?
Бағдаршам: Сен мені тыңда. Мен қызыл шам жақсам, тоқта, өтуге болмайды. Сары жақсам, дайындал. Ал жасыл шам жақсам, өтуге рұқсат.
Бала: Жақсы. Енді ережені білемін.
Жүргізуші: - Балалар, бағдаршам қызыл жақса, жүруге болама ма?
Сары жақса?
Жасыл жанғанда?
Жарайсыңдар, балалар. Ал, қазір ойын ойнаймыз.
Ойын «Бағдаршам». Маған Әйгерім, Шұғыла, Нұртілек көмектеседі.
Шарты: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады.Қызыл көтергенде, балалар саусақпен «Болмайды» деп айтады. Сары көтерсе, қолымызды көтеріп соғамыз. Жасыл көтерсе, бір орында жүреміз.
Жүргізуші: - Балалар, ойын ұнады ма? Қазір тағы да бір ойын ойнаймыз. Ойын «Кім жылдам?».
Шарты: екі-екіден балалар шығып, жол белгілерін құрастырады:
Ойын аяқталғаннан кейін жүргізуші құрастырылған белгілерді түсіндіреді.
Жағдаят «Серуендеуде тәрбиеші бір топ балалармен күзгі саябаққа серуендеуге шығады.
Саябаққа бара жатып, жол ережелерін ( жаяу жүргіншілер жолын, бағдаршам белгілерін) түсіндіреді.
Балалар, қазір біз серуендеуге шығамыз. Көшеде тәртіпті, мұқият болайық.
Мынау жаяу жүргіншілер жолы. Көліктер тоқтап, бізді өткізуі тиіс.
Балалар, біз саябаққа келдік. Айнала сары, қызыл жапырақтар. Қандай әдемі!
Балалар, қазір қай мезгіл? Күздің қай айы? Күзде ауа- райы қандай?
Ал, енді мектепке қайтайық. Қазір жолдан өтеміз. Мұқият болыңдар!
Балалар, бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Өтуге болады ма?
Жарайсыңдар, балалар. Ал қазір сыныпқа барып, жол ережесін тағы бір пысықтайық. Қорытынды.
Балалар, суретке қараңдар. Бұл не?
Бұл бағдаршам.
Бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршам бізге жолдан өтуге көмектеседі.
Бағдаршамның қандай түстері бар?
Қызыл, сары, жасыл.
Қандай түс жанғанда жүреміз?
Жасыл.
Жүргізуші: - Балалар, бүгін сіздер жолда жүру ережелерін үйрендіңдер. Бағдаршаммен таныстыңдар. Жолда үнемі мұқият, абай болыңдар!