Бала бойына білім нәрін себетін,әр баланың бойына сүйіспеншілік, адамгершілік дәнін себетін басты тұлға ол –ұстазАдам жанын нұрландыратын ұғымның ұлысы-ұстаз.Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген,көрген,естіген нәрселерінің барлығын есінде сақтайтын,олардың ешбірін ұмытпайтын,алғыр да зерек ақыл иесі,өте шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл,жаны таза және ар-намысын ардақтайтын,жақынына да,өзге ге де әділ,жұртқа жақсылық жасап үлгі көрсететін,қорқу мен жасқануды білмейтін батыл да ержүрек тұлға деп айтуға болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ұстаздық еткен жалықпас.»
Ұстаздық еткен жалықпас...
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ
Л.Н.Толстой
Бала бойына білім нәрін себетін,әр баланың бойына сүйіспеншілік,адамгершілік дәнін себетін басты тұлға ол –ұстазАдам жанын нұрландыратын ұғымның ұлысы-ұстаз.Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген,көрген,естіген нәрселерінің барлығын есінде сақтайтын,олардың ешбірін ұмытпайтын,алғыр да зерек ақыл иесі,өте шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл,жаны таза және ар-намысын ардақтайтын,жақынына да,өзге ге де әділ,жұртқа жақсылық жасап үлгі көрсететін,қорқу мен жасқануды білмейтін батыл да ержүрек тұлға деп айтуға болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес,сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,өйткені олар біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген болатын.Олай болсабүгінгі кемел жас ұрпаққа білі мен тәрбие беретін ұстаз-баға жетпес биік тұлға болатыны сөзсіз.
Әрбір ұстаздың негізгі ұстанымы баланы тұлға деп тану керек,оның пікірімен санасу,оқушының жетістігіне қуанып,биікке талпындырып,қанаттандырып отыру керек.Ұстаз-білім нәрімен сусындап,ұстаздық қадір-қасиетке толықтай сай болу керек.
«Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан» деп ұлы данышпен Абай атамыз айтқандай әр оқушыға өмірде өз жолын таба алатындай жол сілтеу,оларды білі нәрімен сусындату,өмірге кірпіш болып қалануына зор үлес қосушы бұл әрине –мұғалім.Білімді,тәртіпті,тәрбиелі,жаны таза,рухы биік,еліміздің патриоты болар тұлғаны қалыптастырып,өмірге баулып,қанатты құстай қақтыратын да мұғалім.Сол себепті мұғалімнің талмай,тынбай,қажырлы еңбек етіп,ұрпақ тағдыры үшін жауап беру-ұстаз атаулыға зор міндет жүктеліп отыр.Сондықтан біздер ұстаздар күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес,еліміздің ертеңгі болашағын құрушыларды,адамзаттың сәулетті тұлғасын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.Әрбір ұстаз оқушының өмірге көзқарасын оятып,сенімін қалыптастырып,оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін,айналасына білі-тәрбие дәнін сеуіп, адамгершілік нұрын төгетін тұлға.Ұстаздың үздік қасиетінің ,абырой- беделінің күннен-күнге артып келе жатырғаны да көрініс табуда.Қай мамандық болса да бәрі жақсы,ал ұстаз үшін ұстаздық мамандықтан артық еш нәрсе жоқ.