«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Шығармашылық есеп)
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Шығармашылық есеп)
Мен Файзрахманова Ардақ Кизатулловна сіздерді «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты шығармашылық есебіммен таныстырмақпын.
Мен осы мектепте жұмыс істегеніме 3 жыл болды, жалпы еңбек өтілімім 15 жыл өз мамандығым бойынша жұмыс атқарып келемін. Ұстаздық жолдарымызда түрлі белестерден өттік.
Ұстаз болу шыдамдылықты, төзімділікті, ізденімпаздылықты, мейірімділікті, шығармашылықты т.б. талап етеді.
Мұғалім
мәңгі нұрдың қызметшісі, ол
барлық ой мен қимылдың - әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі .
Я.А. Каменский
Айтқандай әр ұстаз өз алдына нақты дұрыс мақсат қою және соған жету жолында аянбай еңбек ету нәтижесінде жемісін көре алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Шығармашылық есеп)»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЗАЙСАН ҚАЛАСЫ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
(Шығармашылық есеп)
Файзрахманова А.К.
математика пәні мұғалімі
Мен Файзрахманова Ардақ Кизатулловна сіздерді «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты шығармашылық есебіммен таныстырмақпын.
Мен осы мектепте жұмыс істегеніме 3 жыл болды, жалпы еңбек өтілімім 15 жыл өз мамандығым бойынша жұмыс атқарып келемін. Ұстаздық жолдарымызда түрлі белестерден өттік.
Ұстаз болу шыдамдылықты, төзімділікті, ізденімпаздылықты, мейірімділікті, шығармашылықты т.б. талап етеді.
Мұғалім
мәңгі нұрдың қызметшісі, ол
барлық ой мен қимылдың - әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі .
Я.А. Каменский
Айтқандай әр ұстаз өз алдына нақты дұрыс мақсат қою және соған жету жолында аянбай еңбек ету нәтижесінде жемісін көре алады.
Өмірлік ұстанымым:
Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында”.
Н.Ә.Назарбаев.
XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету –еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасына да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында мен 2013 жылдан бастап «"Математика сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру"» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау,
математика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.
Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасау барысында мен 2013 жылдан бастап бірнеше ашық сабақтар өткіздім. Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалық орталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаландым. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар дайындап, видеопроектор көмегімен көрсеттім. Осындай сабақтарым: 7 сыныпта өткізілген «Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы
», 8 сыныпта «Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару», 10 сыныпта «Білгірлер бәйгесі» атты сыныптан тыс шара өткіздім. Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де жақсы болды.
Соңғы 3 жыл ішіндегі математика пәні бойынша сапа көрсеткіші
(мен беретін сыныптар бойынша)
2013-2014 оқу жылы - %
2014-2015 оқу жылы - %
2015-2016 оқу жылы - %.
Оқушының
аты - жөні
Сыныбы
Орны
Дәрежесі
Оқу жылы
Нұрланқызы Айнұр
7 «а»
І орын
Мектепішілік олимпиада
2013-2014
Нұрланқызы Айнұр
7 «а»
ІІ орын
Аудандық олимпиада
2013 - 2014
Тастеміров Нұрадин
6 «б»
І орын
Республикалық «Зерде» конкурсының мектепішілік кезеңі
2014-2015
Тастеміров Нұрадин
6 «б»
ІІІ орын
Республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңі
2014-2015
Нұрланқызы Айнұр
8 «а»
ІІІ орын
Аудандық олимпиада
2014-2015
Конарбаева Анель
7 «а»
ІІ дәрежелі диплом
Математикадан Х Халықаралық Олимпиаданың ІІ турына қатысқаны үшін
2013-2014
Нұрланқызы Айнұр
9 «а»
ІІІ орын
Аудандық олимпиада
2015-2016
Өз сабақтарымда және сыныптан тыс уақытта ұйымдастырылған пәндік шараларымда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып соңғы үш жыл ішінде қол жеткізген оқушыларымның жетістіктері:
Өз жетістіктерім:
Оқу жылы
Дәрежесі
Нәтижесі
2013-2014
Мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы
Үздік нәтиже
2014-2015
Мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасы
Қала/аудан/ ең жақыс нәтиже
2015-2016
«Менің үздік презентациялық сабағым» VI Республикалық мұғалімдер сайысы
І орын
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы әдіс- тәсілдердің, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұлардың сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.
Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе ,балалардың алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Ендеше ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік ,ұстаздар!