kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала "?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а!

«?рпа?тарды ?стаздар т?рбиелейді. Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, е?бек?ор егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді».

Бауыржан Момыш?лы

     «?стаз» – ?ла?атты есім. «?стаз» – ?асиетті т?л?а. «?стаз» –  ??рметті с?з.

        ?мірімізде  е? aл?аш мектеп табылдыры?ын атта?ан кезімізден бастап, білімні? тере? н?рімен сусындатып, а?ылын беріп, т?рбиелейтін, бізді? б?гінгі ?мірімізді? жар?ын болаша?ына жол беретін,  аяулы ?стаздарыны? aр?асы деуге болады. Бала жаныны? ба?баны, мектепті? ж?регі, ол жайлы ?анша ысты? с?здер айтылса да, ол баланы? екінші анасы  десек арты? емес. Б?л ?мірде  ?стаз к?рмеген, я м??алімні? алдында о?ушы болма?ан т?л?а жо? шы?ар деп ойлаймын.

        Ол – адамдaрды? ?мірге к?з?арасын, бір-біріне деген сый, ??рмет сезімін ?алыптастырaтын, білім мен т?рбиені?  н?рін, адамгершілікті? н?рын беретін адам. ?ла?атты ?стаздан т?рбие ал?ан адам жа?сы ?о?амды? ?айраткер, ?лы т?л?а болып ?седі, ?мірін д?рыс ба?ыт?а бейімдеп, к?ркейтеді деп ойлаймын.

        О?ушыны?  бойында?ы шынайы білім, біліктілік да?дылары, мейірімділігі, ?абілеттілігі, мінез-?алпы, шарапаттылы?ы жа?сы ?стaздан ?ал?ан ?дет болса керек.

       «?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а», – деген Абай атамызды? с?зін, ?зіні? ?мір ?а?идасы ретінде ?ста?ан  ?стаз ?рдайым еліне  ??рметті, сыйлы болары аны?. Ол ?зіні? бойында?ы бар асыл да, алтын мейірімін, білімін, т?рбиесін, т?жірибесін алдында?ы ш?кірттеріне беріп, оларды? рухани жан - д?ниесін байытады.  Ш?кірттеріні? ?мірден  адаспай, д?рыс жолмен ж?руіне т?рбиелейтініне сенімдімін. ?р ?стазды? ш?кірті, ?стаздан д?ріс ?ана емес, ?мірлік ?ла?ат, т?рбие, ?неге  алады деуге де болады. Біра?, кейбірде, небір ойлар мазалайды. Осы нa?ыз ?стаз  ?андай болуы керек? ?рине, ол ?зіні? маманды?ыны? білгірі, ?айратты, к?ш-жігері мы?ты адам болуы тиіс. Мектептегі ?стаз – баланы? екінші ата-анасы, болаша??а ай?ын жол сілтер a?ылшысы, жанашыры. Оны? бойында?ы  бар ?асиеті, білімі мен жігері, а?ыл-ойы, небір ш?кірттерді ер жеткізіп, есейтеді.       ?рбір  ш?кірт ?зіне ?лгі-?неге бол?ан с?йікті м??алімін ?стазым деп атайды.

           ?стаз ?зін - ?зі ?ай уа?ытта ?стазбын дейді? Ол  ш?кіртіні? ?ия?а ?анат ?а?ып, еліні? беделді, сыйлы азаматы бол?ан с?тінен таниды. Б?гінгі б?секелес зама?да  ш?кірттеріні? биіктен к?рінуіне к?нделікті істегі жа?ашылды?, жан-жа?ты берген т?рбиесі ар?ылы ?ол жеткізуге болaды. Оны м?лтіксіз ат?аратын – тек ?з е?бегіне шы? ж?регімен берілген маманды? иелері болуы тиіс деп ойлаймын.

           Осы ?стаздар жайында хал?ымызды? ?лы батыры Бауыржан Момыш?лы "?стазды? - ?лы ??рмет. Себебі, ?рпа?тарды ?стаз т?рбиелейді. Болаша?ты? басшысын да, данасын да, ?алымын да, е?бек?ор егіншісін де, кеншісін де ?стаз ?сіреді. ?мірге ?рпа? берген аналарды ?андай арда?таса?, сол ?рпа?ты т?рбиелейтін ?стаздарды да сондай арда?тау?а міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі а?ыл-ой, адамгершілік, ?дептілік, ар-?ят, ?лтты? сана-сезімді сі?іруші адам – М??алім.

 Ендеше ?з ісіне берілген, жа?алы?ты жатсынбай ?абылдайтын, ш?кіртіні? жанына н?р ??йып, ?мірге ?зі де ба?ытты болып, ?згелерді де ба?ыт?а жеткізсем деп ж?ретін ?стаздарды? ж?ні де, жолы да б?лек.

          Т?уелсіздігімізді алып, т?бемізге ту тігіп, тілімізді? м?ртебесі артып, ?лемге атымызды танытып жат?ан кезе?де ?лтты?, елді? болаша?ы – жас ?рпа? т?рбиесіне де мы?ты к??іл б?лінуі ?ажет. Осы т?уелсіз ?аза?станда ?ркениетке бастар жолды?  бастауы – мектеп десек, мектепті? басты т?л?асы, ж?регі – М??АЛІМ. Адамны?  адам  болып ?алыптасуына ата-аналармен ?атар, м??алімні? де р?лі зор. Мінекей,  мені? де ?стазды? еткеніме 20—жыл болыпты. Бас?а ?лт мектебінде е?бектеніп, ш?кірттерімні? жетістіктеріне, же?істеріне, ?мірден ?з орындарын тауып ж?ргеніне ?уаныштымын.

        ?азіргі кезеде, сол ?стаздарды? е?бегі? к?бінесе ата-аналар т?рк етіп,  ?здеріні? д?рысыты?ын, балаларыны? ?алай болса, солай т?рбиеленгендеріне  нем??райлылы?пен ?арауда. Балаларыны? біліміне, т?рбиесіне ат салысуды? орнына, керісінше мені? балам «аппа?ым, ж?мса?ым» - деп шы?атын ата-аналар аз емес. Біра?, барлы?ы сондай деп айту?а болмайды. Негізі балаларыны? с?здерін ?олпаштап, м??алімді жамандап, ша?ымданып, м??алімні? е?бегін жо??а шы?арып жататындар жетерлік. Б?л жерде ата-аналарды да т?сінгім келетіні аны?. Біра?,  ?р  ?стаз ?зіні? ш?кірті алды??ы ?атарда болса екен дейді ?ой. ?азіргі кезде, ата-аналарды? барлы?ы дерлік балаларына небір ?ымбат ?ялы телефондарды алып, соларды? ішем дегені? ішкізіп, жеймін дегені? жегізіп, аламын дегені? ал?ызып, бетімен жіберген. Оларды? еш?андай саба??а деген ынталарыны?, ?абілеттіліктеріні? жо? екені? к?руге болады. ?йтеуір, саба??а келдім, болды деумен шектелетін сия?ты. Осындай ж?йттерді кейбір о?ушылардан к?рген кезде ішім ашып, ?ынжылады. ?мірден ?анша мысал келтіріп, саба??а деген ынталарын ?анша ойат?ын келсе де, олар ?з еріктері ?здерінде екені? д?лелдуде. Б?ны? б?ріне, ?рине ата-аналары кін?лі десек те болады. Ата - аналар балаларыны? т?рбиесіне ?лі де болса к??іл б?лсе екен деймін. Кейбір кезде,  ?зімні? балалы? ша?ым есіме т?сіп кетеді. Ойлап ?арасам, бізді? ата-аналарымыз  мы?ты адамдар бол?андай. ?зім он балалы ортадан шы?тым. ?кеміз жеті жасымда ?айтыс бол?ан адам. Анам он баланы жеткізіп, білімдеріне к??іл б?ліп, барлы?ын о?ыт?ан кісі. Сол, анамны? т?рбиесі он бала?а ?алай жеткен?, ?андай шыдамдылы??, ?андай парасаттылы??, ?андай к?ш-жігер?, ?андай ?айраттылы?? керек десе?ізші – деп ойлаймын. Анамны? сол кездегі айт?ан а?ылдарын еске т?сірсем, білім алу, т?рбиелі болу, о?ып-то?у, барлы?ы бізді? болашы?ымыз ?шін екен ?ой. Ал, ?азіргі кездегі ата-аналарды? т?рбиесінде бір – екі баладан ?ана бар, соны? ?зіне т?рбие беруге нем??райлылы? жасайтындары ?бден ?кінішті.  Кейбір ата-аналар мектепке бердік, болды, ?ал?аны? ?стаздарды? ?здері т?рбиелесін деп те шы?ады. Б?л жерде айтпа?ым, ?стаздарды? беретін т?рбиесі бір б?лек, ата-аналарды? т?рбиесі бір б?лек. Себебі,  ?аза?та айтады ?ой, «?ЯДА НЕ К?РСЕ?, ?Ш?АНДА СОНЫ ІЛЕРСІ?» - деп. Сол сия?ты ?йді? т?рбиесі, мектеп т?рбиесіне ?ара?анда жо?ары болуы тиіс. Мектептен ал?ан т?рбие, ол ?мірді? бастаушысы, жолшысы, а?ылшысы, жебеушісі. Ал ?йді? т?рбиесі ?мірлік серігін десек те болады. ?рине, ?стаздар  да  ?арап отырмайды ?ой. Олар ата – аналармен  ж?мыс жасап, ты?ыз байланыста болады. ?р баланы жетік танып, білуі ?шін, отбасымен ты?ыз ?арым-?атынас жасауды? ма?ызы зор. Біра?  кейбір ата-аналар  ж?мыс бастылы?ын сылтауратып, балаларды ?з еріктеріне ?оя берген. Баланы? т?рбиесіне к?бірек к??іл б?лейік, сол кезде ?ана м?рат?а жетеріміз аны? дегім келеді.

?ріптестеріме айтарым, е?бектері? жа?а берсі?!, ?мірде ?иынды??а мойымай, барлы?ына т?зе білі?дер, ?р?ашан е?бектері?  абырой мен береке ?келе берсін демекпін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ма?ала "?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а!"»

Көлбаева Базаргүл Әкімқызы.

Қарағанды облысы

Теміртау қаласы

24 жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі және әдебиеті

пәнінің мұғалімі.




Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!


«Ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді».

Бауыржан Момышұлы


«Ұстаз» – ұлағатты есім. «Ұстаз» – қасиетті тұлға. «Ұстаз» – құрметті сөз.

Өмірімізде ең aлғаш мектеп табылдырығын аттаған кезімізден бастап, білімнің терең нәрімен сусындатып, ақылын беріп, тәрбиелейтін, біздің бүгінгі өміріміздің жарқын болашағына жол беретін, аяулы ұстаздарының aрқасы деуге болады . Бала жанының бағбаны, мектептің жүрегі, ол жайлы қанша ыстық сөздер айтылса да, ол баланың екінші анасы десек артық емес. Бұл өмірде ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға жоқ шығар деп ойлаймын.

Ол – адамдaрдың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастырaтын, білім мен тәрбиенің нәрін, адамгершіліктің нұрын беретін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді деп ойлаймын.

Оқушының бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мейірімділігі, қабілеттілігі, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстaздан қалған әдет болса керек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», – деген Абай атамыздың сөзін, өзінің өмір қағидасы ретінде ұстаған ұстаз әрдайым еліне құрметті, сыйлы болары анық. Ол өзінің бойындағы бар асыл да, алтын мейірімін, білімін, тәрбиесін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани жан - дүниесін байытады. Шәкірттерінің өмірден адаспай, дұрыс жолмен жүруіне тәрбиелейтініне сенімдімін. Әр ұстаздың шәкірті, ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие, өнеге алады деуге де болады. Бірақ, кейбірде, небір ойлар мазалайды. Осы нaғыз ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өзінің мамандығының білгірі, қайратты, күш-жігері мықты адам болуы тиіс. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер aқылшысы, жанашыры. Оның бойындағы бар қасиеті, білімі мен жігері, ақыл-ойы, небір шәкірттерді ер жеткізіп, есейтеді. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Ұстаз өзін - өзі қай уақытта ұстазбын дейді? Ол шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің беделді, сыйлы азаматы болған сәтінен таниды. Бүгінгі бәсекелес замаңда шәкірттерінің биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық, жан-жақты берген тәрбиесі арқылы қол жеткізуге болaды. Оны мүлтіксіз атқаратын – тек өз еңбегіне шың жүрегімен берілген мамандық иелері болуы тиіс деп ойлаймын.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Тәуелсіздігімізді алып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Мінекей, менің де ұстаздық еткеніме 20—жыл болыпты. Басқа ұлт мектебінде еңбектеніп, шәкірттерімнің жетістіктеріне, жеңістеріне, өмірден өз орындарын тауып жүргеніне қуаныштымын.

Қазіргі кезеде, сол ұстаздардың еңбегің көбінесе ата-аналар тәрк етіп, өздерінің дұрысытығын, балаларының қалай болса, солай тәрбиеленгендеріне немқұрайлылықпен қарауда. Балаларының біліміне, тәрбиесіне ат салысудың орнына, керісінше менің балам «аппағым, жұмсағым» - деп шығатын ата-аналар аз емес. Бірақ, барлығы сондай деп айтуға болмайды. Негізі балаларының сөздерін қолпаштап, мұғалімді жамандап, шағымданып, мұғалімнің еңбегін жоққа шығарып жататындар жетерлік. Бұл жерде ата-аналарды да түсінгім келетіні анық. Бірақ, әр ұстаз өзінің шәкірті алдыңғы қатарда болса екен дейді ғой. Қазіргі кезде, ата-аналардың барлығы дерлік балаларына небір қымбат ұялы телефондарды алып, солардың ішем дегенің ішкізіп, жеймін дегенің жегізіп, аламын дегенің алғызып, бетімен жіберген. Олардың ешқандай сабаққа деген ынталарының, қабілеттіліктерінің жоқ екенің көруге болады. Әйтеуір, сабаққа келдім, болды деумен шектелетін сияқты. Осындай жәйттерді кейбір оқушылардан көрген кезде ішім ашып, қынжылады. Өмірден қанша мысал келтіріп, сабаққа деген ынталарын қанша ойатқын келсе де, олар өз еріктері өздерінде екенің дәлелдуде. Бұның бәріне, әрине ата-аналары кінәлі десек те болады. Ата - аналар балаларының тәрбиесіне әлі де болса көңіл бөлсе екен деймін. Кейбір кезде, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетеді. Ойлап қарасам, біздің ата-аналарымыз мықты адамдар болғандай. Өзім он балалы ортадан шықтым. Әкеміз жеті жасымда қайтыс болған адам. Анам он баланы жеткізіп, білімдеріне көңіл бөліп, барлығын оқытқан кісі. Сол, анамның тәрбиесі он балаға қалай жеткен?, қандай шыдамдылық?, қандай парасаттылық?, қандай күш-жігер?, қандай қайраттылық? керек десеңізші – деп ойлаймын. Анамның сол кездегі айтқан ақылдарын еске түсірсем, білім алу, тәрбиелі болу, оқып-тоқу, барлығы біздің болашығымыз үшін екен ғой. Ал, қазіргі кездегі ата-аналардың тәрбиесінде бір – екі баладан ғана бар, соның өзіне тәрбие беруге немқұрайлылық жасайтындары әбден өкінішті. Кейбір ата-аналар мектепке бердік, болды, қалғаның ұстаздардың өздері тәрбиелесін деп те шығады. Бұл жерде айтпағым, ұстаздардың беретін тәрбиесі бір бөлек, ата-аналардың тәрбиесі бір бөлек. Себебі, қазақта айтады ғой, «ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ» - деп. Сол сияқты үйдің тәрбиесі, мектеп тәрбиесіне қарағанда жоғары болуы тиіс. Мектептен алған тәрбие, ол өмірдің бастаушысы, жолшысы, ақылшысы, жебеушісі. Ал үйдің тәрбиесі өмірлік серігін десек те болады. Әрине, ұстаздар да қарап отырмайды ғой. Олар ата – аналармен жұмыс жасап, тығыз байланыста болады. Әр баланы жетік танып, білуі үшін, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Бірақ кейбір ата-аналар жұмыс бастылығын сылтауратып, балаларды өз еріктеріне қоя берген. Баланың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлейік, сол кезде ғана мұратқа жетеріміз анық дегім келеді.

Әріптестеріме айтарым, еңбектерің жаңа берсің!, өмірде қиындыққа мойымай, барлығына төзе біліңдер, әрқашан еңбектерің абырой мен береке әкеле берсін демекпін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ма?ала "?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а!"

Автор: Кульбаева Базаргуль Акимовна

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства