kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сұлулықты сақтайық" 4В класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Барлығы: оқушылар шығарманың кейіпкеріне өз пікірлерді салыстыра отырып баяндай алады.

 Көпшілігі: менің түсінігім бойынша, оның пікірінше деген түйіндемелерге өз ойларын жеткізеді.

Кейбірі: тақырып туралы өз ойын толық жеткізеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сұлулықты сақтайық" 4В класс»

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сұлулықты сақтайық


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау

4.​4.​5.​2 сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: оқушылар шығарманың кейіпкеріне өз пікірлерді салыстыра отырып баяндай алады.

Көпшілігі: менің түсінігім бойынша, оның пікірінше деген түйіндемелерге өз ойларын жеткізеді.

Кейбірі: тақырып туралы өз ойын толық жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  1. Таңдаған сюжетті сурет пен тірек сөздер негізінде тұтас мәтін жазады.

  2. Сөйлемдегі сөздердің қосымшаларын жалғау кезінде үндестік заңын сақтап орындайды.

  3. Сан есімдердің түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Табиғат, сұлулық, мүйіз, қорғау, киік, қоректену, азаю, жойылу

Құндылықтардыдарыту

  • Бірлік пен ауызбершілікті сақтау

  • Қоршаған ортаны қорғау

Пәнаралықбайланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Призентация, аудиодиск, бейнефильм

Осыған дейін меңгерілген білім

Қорықта

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Сабақта жоспарланғанәрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3минут

Психологиялық ахуал туғызу

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу. «Жүректен жүрекке» Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.


Сабақтың ортасы

5 минут















20 минут















7 минут


Қоршаған орта

Лексикалық минимум: киік, қоректен

Киік - ешкіге ұқсас, жабайы аша тұяқты түз жануары.

Қоректен - құс, жан-жануар, жәндіктердің тамақ тауып жеуі.

(Ұ) Лексика-грамматикалық минимумда берілген жаңа сөздерді дыбысталуы, мағынасы жағынан әр сабаққа жіктеп бөліп алу ұсынылады. Жаңа сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту «Суретті сөздік» әдісі арқылы жүргізіледі. Суретті сөздіктің көмегімен жаңа сөздердің айтылуы мен лексикалық мағынасы меңгертіледі.

Теке – киіктің аталығы

Ешкі – киіктің аналығы

Тұяқ – копыто

Шөл – пустыня

Азаю – уменьшаться

Жойылу – исчезновение

Тыңдалым алды тапсырма

(Ұ) «Қоршаған ортаны қорғау» дегенде көз алдыңа не елестейді? Ойыңа не келеді? Сол сөздерді жазып, диаграмма толтыр. Оқушылар суреттерден және айналасына қарап, қандай заттарды көріп тұрғанын атап шығады. Олар өздері көріп тұрған заттарды атайды. Оқушылар жасаған диаграмма бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» деген тақырыпта сурет салады. Суретке қарап, ойын ауызша баяндайды.

Тыңдалым тапсырмасы:

(Ұ) Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Түсініксіз сөздерді түртіп отырады.

Мәтін:

Киік - киелі жануар. Ол - ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, түз жануары. Өте ақылды және кез-келген табиғи ортаға тез бейімделеді. Киік өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар шөпті жерден жұлып жейді. Оның мүйізін медицинада дәрі жасау үшін пайдаланады. Еті, мүйізі бағалы. Олар шөлді жерде мекендейді. Негізгі мекені – Бетпақдала. Ол Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Қазір киіктердің саны аз. Олар 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енді.

Қосымша мәлімет:

Киік – қойға ұқсас жануар. Моңғолия мен Қазақстанда ғана сақталған. Киіктер шөл және далалық аймақтарда тіршілік етеді. Текелерінің бойы 126–150 см-дей, салмағы 37–49 кг-дай, ал ешкілері кішірек, 109 –127 см-дей, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Текесінің мүйізі бар, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыштау болады, қыста түсі ақшылдау болады. Олар жылына бір рет – мамырдың басында төлдейді.


Киіктер үшін қасқыр қауіпті. Оның жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.


Киіктің еті – дәмді, мүйізі мен тұяғы, терісі – құнды. Оның мүйізінен пантокрин дәрісін жасайды, тұяғын күйдіріп, теміреткіге жағады.


Үкiмет киіктерді 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Өйткені олар азайып бара жатыр. Оларды қорғау жұмыстарына 200 миллиондай қаржы бөлінедi

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Ж, Т) Сабақтың оқу мақсаты бойынша жетістік нәтижесін анықтау үшін «Үстел басындағы әңгіме» түріндегі жұптық жұмыс түрін жүргізуге болады. Оқушылар сабақ барысында тыңдаған мәтін бойынша берілген сұрақтарға алдымен жеке ойланып, өз ойымен жұпта бөліседі, содан соң топта талқылайды, кейін шеңберде тұрып айтады. Мынандай сұрақтар қоюға болады:

1. Киік қандай жануар?

2. Ол немен қоректенеді?

3. Киік несімен бағалы?

4. Қайда мекендейді?

5. Олар неліктен «Қызыл кітапқа» енді?

6. Киікті қорғау керек пе? Неліктен?

«Мен білемін!» әдісімен оқушылар сабақ соңында тыңдаған мәтінге қатысты қойылған сұрақтарға жауап жаза алады.

(Т) «Дара диаграмма» әдісі бойынша ортасына мәтіндегі негізгі кейіпкер жазылады. Қосымша дөңгелектерге оларды сипаттайтын сөздер мен сөйлемдер жазылады. Топтар диаграмма бойынша кейіпкерді анықтап, оқиғаны және негізгі ойды айтады. Мәтіннің негізгі ойы: киікті қорғау.

Дескриптор

- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

- мәтін бойынша сұраққа жауап береді;

-кейіпкерлерге қатысты өз ойын білдіреді.

Сергіту сәті

Оқушылар шеңберге тұрып кезекпен көктемгі табиғат құбылыстарын қимыл арқылы көрсетеді, қалғандары тауып айтады.


«Ойнайық» «САНДАРДЫ СӨЙЛЕТ!» айдары оқушылардың алған грамматикалық, лексикалық білімдерін ауызша пысықтауға арналады.

Дескриптор

-берілген сандарға байанысты мағлұматты дұрыс айтады

-қосымшаларын дұрыс жалғайды


























Мультфильм «Киік»

https://www.youtube.com/watch?v=iRMPDI1nuq0


Ақсақ киік

https://www.youtube.com/watch?v=tK87ut3_Nn4





































Сергі сәті

«Ақ бұлақ»

https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU

Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс. «Бинго» ойыны

Рефлексия«Басбармақ» стратегиясы

Оқушылар сабақ тақырыбын қорытындылау бойынша өз ойларын жазып, басбармаққа жазады.

Үйге тапсырма:116бет жаңа сөздер, 117 бет ереже жаттау


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс


Бағалау парағы, дискриптор арқылы


Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?

Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

1:

2:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Сұлулықты сақтайық" 4В класс

Автор: Сатаева Бағдат Алейсейқызы

Дата: 26.03.2020

Номер свидетельства: 544394

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "М??а?али Ма?атаевты? "А??улар ?йы?та?анда" поэмасы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(70) "mu-k-ag-ali-mak-ataievtyn-ak-k-ular-u-iyk-tag-anda-poemasy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "253633"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447614499"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "М??а?али Ма?атаевты? "А??улар ?йы?та?анда" поэмасы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(72) "mu-k-ag-ali-mak-ataievtyn-ak-k-ular-u-iyk-tag-anda-poemasy-ashyk-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "253634"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447614507"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Адамның жан сұлулығы"
    ["seo_title"] => string(25) "adamnyn_zhan_su_lulyg_y_3"
    ["file_id"] => string(6) "445801"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513871203"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Конспект урока началные классы Екі та?балы сан?а жазбаша к?бейту т?сілі."
    ["seo_title"] => string(68) "konspiekturokanachalnyieklassyiekitanbalysangazhazbashakobieitutsili"
    ["file_id"] => string(6) "270217"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451038657"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Презентация на тему"Армысы?, ке? д?ние" 6 класс"
    ["seo_title"] => string(52) "priezientatsiia-na-tiemu-armysyn-kien-duniie-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "286290"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454322705"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства