Просмотр содержимого документа
««Сегіз ?ырлы бір сырлы» сайысы »
Күні:
Сыныбы:
Тақырыбы:
Тәрбие сағаты: «Жігіт сұлтаны» сайысы
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын арттыру.
Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар , ұстаздар, қонақтар ! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық , халайық ,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жолғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Таныстыру
Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.
Қуантады білімімен бізді Ислам
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Алдияр
Көрінген күштің басынан
Сыйлаған ата – анасын
Үлкеннің алған батасын ол Самат
Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан – Беретәлі
Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей – Нұрасыл
Ақынның тұяғымен сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан – Абай
Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол – Сұңғат
1 – кезең . Біздің сұлтандар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін .
2 – кезең . Ойлан тап
Ал, келіңдер, келіңдер !
Бір – біріңе еріңдер
Білімдеріңді тексеріп
Ал, таласып көріңдер!
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» - демекші, білімдерін сынайық. Тест сұрағына жауап беру, ребусты шешу:
3 – кезең. «Білгенге маржан»
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт – дәстүрге байланысты сұрақ – жауап. Сиқырлы қоржыннан асық алу арқылы, сұраққа жауап беру .
Төрт түлік малды ата.
Түйенің сүтін ата.
Киіз үйге жарық қайдан түседі ?
Сәби баланың төсегін ата.
Ер жігіттің бес қаруын ата.
Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам.
4 – кезең . Өнер көрсету .
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік .
5 – кезең. Күш сынасу .
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)
6 – кезең. Сән үлгісі.
Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.
Қорытынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.