Просмотр содержимого документа
«Психологиялық ахуал түрлері»
Сабақ жоспары
Күні: 21.01.2015
Сабақтың тақырыбы: Сыныптағы психологиялық ахуал
Сабақтың мақсаты: Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.
Сабақтың міндеттері:
Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау.
Сынып оқушыларымен қарым - қатынас жасау арқылы сыныптағы оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ахуалды жақсарту.
Пиихологиялық ахуалды кикілжіңсіз шешу жолдарын қарастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістер: сұрақ – жауап, диалог
Құрал - жабдықтар: тест
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ - жауап әдісі
ІІІ. Жаңа білім және іс-әрекет тәсілін меңгеру:
Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік - психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. «Менің көңіл-күйім» тест.
IV . Жаңа білімнің алғашқы түсінулерін тексеру: сұрақ жауап әдісі.
1. Психологиялық ахуал дегенді қалай түсінесіз?
2. Сыныпта психологиялық ахуалды болдырмаудың жолдарын білесіз бе?
V. Жаңа білім және іс әрекет тәсілін меңгеруді бекіту :
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Ахуал дегеніміз не?
2. Психологиялық ахуалға мысалдар келтіріп, жағдаяттар шешіңіз?
VI. Бағалау: Белсендістуденттерді бағалау,
VII. Үйге тапсырма: Сабақ үрдісіндегі психология дегеніміз не?
VIII. Рефлексия: 1. Сабақ маған түсінікті болды
2. Түсінбеген жерлерім бар
3. Сабақ маған түсініксіз
Психолог: Мустаяпова С.Ж
Сыныптағы психологиялық ахуал
Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондқтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады.
Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нётижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
«Менің көңіл-күйім» тест.
Мақсаты: әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.
Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңізжәне жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мүмкіндік береді. Егер тесттегі мінез-құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап бересіз.
Тест сұрақтары:
1. Менде жиі нашар көңіл – күй болады, жылаймын.
2. Адаммен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын
3. Жиі рендіген, қамыққан күйде боламын
4. Мен білетін және білген адамдардың көпшілігі менің көңілімді қалдырады.
5. Көпшілігіне өмірде маңызды болып табылатын, мәселелерге қызықпаймын (спорт, жұмыс, айналадағыларға қатынас)
6. Соңғы кезде кейде ғана көңілді боламын, мүлде күлмеймін.
7. Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін, өмірім туралы жақындарыма және таныстарыма шағынамын.
8. Қазіргі уақытта көптеген сұрақтар бойынша менің жеке позициям жоқ
9. Әнгімелесушілер естуі қиын болу үшін мен жай сөйлеймін
10. Кейде әнгімелесушінің сұрағына қалай жауап беруді білмеймін тек басымды іздеймін.
Тест кілті:
әрбір «иә» жауабына 1 балл , оны қосыңыздар
1-2 балл. Кейбір өмірлік қиындықтарға қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, дегенмен белгілі бір шек болғаны дұрыс.
3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қалыпты, бірақ қазірдің өзінде шаршау байқалады. Ерте емес пе?
7-10 балл. Сіз болғанның бәрін жағымсыз түрде қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәтер жоқ па?