kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалы? о?у : "Білім сапасы - м??алім ізденісінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі та?да білім сапасын к?терудегі м??алімні? алатын орны, м??алім ж?мысыны? шы?армашылы? ма?саты. Бастауыш сынып о?ушыларын шы?армашылы??а баулу. Білім мазм?нын жа?арту - ?азіргі заман талабы. Сонды?тан о?ушыны? ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін ?мірді? жа?а жа?дайында пайдалана білуге ?йрету ?ажеттілігі туындайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалы? о?у : "Білім сапасы - м??алім ізденісінде" »


Қармақшы аудандық білім бөлімі










Педагогикалық оқу :


«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде»







Дайындаған : бастауыш сынып мұғалімі

Медетова Болған Арықбайқызы














28 орта мектеп

2014 – 2015 оқу жылы




Жоспар :



І. Кіріспе



ІІ. Негізгі бөлім :



  1. Қазіргі таңда білім сапасын көтерудегі мұғалімнің орны


  1. Мұғалім жұмысының шығармашылық мақсаты


  1. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу



ІІІ. Қорытынды
























Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет дәрежесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттардың бірі - өз жеткіншегін жан – жақты дамыған, парасатты адам тәрбиелеу болып отыр.

Ел президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында : «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» деген сенімі жай айтылған сөз емес.

Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңарту үстінде Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту – қазіргі заман талабы.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушысының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушының мектепте оқып жүрген кезінде ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушының шығармашылық іс - әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.

Шығармашылық – танымдық іс - әрекет нәтижесі болып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымға тоқтала кетейік «Шығармашылық» - дегеніміз өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивінің) болуы.

Қазіргі таңда әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін мұғалім бұл жүйенің қыр – сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгел меңгере алмайды. Сондықтан, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, өз пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатындай мұғалім болу керек.

Мұғалімнің әрбір сөзі мен соған сай қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Бала психологиясын сезіне білу – мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көрсетеді. Баланың жасына, жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым – қатынас жасай білу дегеніміз – оның жүрек сезіміне жол табу, тәрбиесіне ықпал жасайтын жұмыстың түрлері мен әдістерін табу.

Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен талдай қарасақ, төмендегідей эталондарды атап өтуге болады :

  • Сабаққа педагогикалық –психологиялық талдау жасау ;

  • Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

  • Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық технологиялық негіздері ;

  • Мұғалім жұмысының шығармашылық мақсаты.

Қазіргі кезде оқу мен тәрбиені бөліп жарып қарастыруға болмайды. Негізгі мақсат болып табылатын оқу процесін ұйымдастыру түрлі жолдармен, өзіндік формалармен жүзеге асады. Мұғалім үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі – сабақ. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат, міндеттерін, яғни білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарды осы сабақта жүзеге асыра алады. Сабақта мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, білімді, дүниетанымы кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Мұғалім оқушының көзқарасы мен сабақты меңгеру деңгейін сабаққа толық педагогикалық – психологиялық талдау жасай отырып анықтайды.

Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат – жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерін одан әрі жетілдіру, кемшіліктерді жоюжөнінде ой – тұжырым жасау.

Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері. Дамыта оқыту жүйесінде, біріншіден, мұғалім оқу бағдарламасын қамти отырып, бағдарлама бойынша көптеген сұрақтарды оқушыларға меңгерту болса, екінші тенденция – сол оқу материалын бере отырып, оқушыны мәліметті өздігінше жинауға итермелеу, ақыл – ой әрекетіне бағыттау, теорияны практикамен байланыстыру.

Дамыта оқыту жүйесінің негізі – мұғалімнің оқушылардың есте сақтауына әсер ете отырып, оның ойлау қабілетіне тікелей әсер ететіндей жағдай жасауы керек. Ойлау арқылы оқушылар өздері шығармашылыққа ұмтылады, материалды дайын күйінде қабылдамай, оны жеке зерттеу немесе топтық зерттеулер жүргізе отырып, көзімен көріп, өз сұрағына жауап таба алады. Сабақта мұғалім оқушылардың тек интеллектуалдық дамуына назар аудармай, тұлғалық қасиеттерінің де ұшталуына басшылық жасауы керек. Дамыта оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету.

Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері.

Біз оқытып, тәрбиелеп отырған тұлға қоршаған әлеуметтік ортамен тікелей байланысы бар белсенді, әрекетшіл жан. Тұлғаның психологиялық дамуын сыртқы орта жағдайлары мен факторларынан бөліп алып қарауға болмайды. Тәрбиеленуші ұрпақтың дамып қалыптасуына тек ішкі – сыртқы жағдайлар ғана емес (мұғалім шеберлігі, іскерлігі, оқу бағдарламасының құрылым, оқулықтар, оқу құралдары, оқу әдістері, техникалық құралдармен жабдықталуы, т.б.), ішкі жағдайлар (ақыл – ой даму деңгейі, оқуға қарым – қатынас, жеке ерекшелігі) тікелей әсер етеді.

Кәсіби біліктілікті арттыру – басты мақсат.

Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісін енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.

Әр ұстаз күш – жігерін әр тұлғаның қабілетіне байланысты дамытуға жұмсайды. Тәрбиелеп жатқан шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың білімге деген құштарлығын арттырып, ғылыми деңгейде тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби біліктілігін көрсетеді.

Басты тұлға – оқушы . мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақ орнамайынша, алға қойған мақсаттың орындалуы мүмкін емес. Мұғалім үнемі өзін кәсіби өсіріп отыруы қажет. Кәсіби санатын көтеру мақсатында жетілдіру курстары, аудандық, мектепішілік әдістемелік шараларға жүйелі қатысу керек.

Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы, оның сабақты шығармашылықпен дайындалуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан – жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл күйінің де дұрыстығына байланысты өтеді.

Мұғалім үшін сабақтың мақсатымен тікелей байланыс, оны жақсы көңіл күймен қабылдап, өзін сабаққа дайындау сабақ алдында өзі жеке отырып, болатын сабақты көз алдына елестетсе, ол өзіне белгілі бағыт алып, сабақты қиналмай өтер еді. Кез келген тәжірибелі мұғалім немесе шебер басшы бүкіл сабақта не болатынын алдын ала біле алмайды. Мұндай жағдайларда мұғалім өзінің негізгі мақсатын жоғалтып алмай, сабақтың құрылымдылық компоненттері арасындағы логиканы қатаң сақтауға тырысуы керек. Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге күтпеген жағдайда сабақты сабақ етіп, сыныпты сынып ретінде ұстап, жоспарын жүзеге асыруға, жұмыс формаларын бұзбауға көмектеседі.

Мұғалім өз саласы бойынша пәндік білім жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Мұғалімнің шығармашылығына оның өз кәсібінің шекарасынан шығар алу сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың мәні зор. Тек сонда ғана ол өз оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретіндегі ішкі сұраныстарына жауап береді.

Әр мұғалім өміріне жетерлік білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтайды. Осы орайда өзім сабақ беретін сыныпта жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау мен шығармашылық әрекетін дамытуға оқытудың ең ұтымды әдіс – тәсілдерін пайдалануға тырысамын.

Өзім жетекшілік ететін сыныбымда ана тілін терең оқыту арқылы баланы шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым.

Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беріп отыруға тура келді. Атап айтқанда, тілді жаттықтыру үшін, өлең, тақпақты ата – аналар көмегімен жаттауды қолға алдым.

Сөз үйрету . Кіші жастағы балалар сөздің мағынасын түгел білмейді. Сондықтан сөз – ол заттың, құбылыстың аты екенін көрнекілігі арқылы көрсете отырып таныстырдым. Бала бойындағы дербестік, адамгершілік, белсенділік қасиеттерін дамытуға Давыдовтың «Дамыта оқу» технологиясын ана тілі сабақтарында пайдаландым. 2 сыныптан бастап Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастаймын.

Деңгейлеп оқытудың ерекше бір тиімділігі оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізіп, өздерінің білім білік дағдыларын көрсете алуында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушылардың нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біліп отырады. Бұл әдісте мұғалім тек бағыт беруші ғана. Соның нәтижесінде оқушыларда білуге деген ерекше құлшыныс пайда болып, басқалардан қалып қоймауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, тырысады, жарысады. Бұл технологияларды мен барлық сабақтарымда 18 оқушымен орындаймын, қолданамын. Тіл дамыту сабақтарында да қолданып, ең алдымен жұмыс түрлерін : мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүргізіп отырдым. Тіл дамытудың тиімді жолдарының бірі – жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, шешуін табу. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу – оқушылардың білімін шыңдап, стандарт деңгейді меңгеріп қана қоймай, олардың жеке шығармашылықпен жұмыс істеуіне зор мүмкіндік тудырады. Демек, жаңа технология оқушыны мынадай жетістіктерге жеткізеді.


  • Әр оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.

  • Әр оқушының жеке қабілеті анықталады.

  • Бір – бірімен жарысады, тырысады.

  • Әр оқушы өз деңгейімен қабілетіне қарай бағаланады.

  • Өзін – өзі бағалай алады.

  • Қорытынды жасай алады.


2 сыныптан бастап Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы бойынша математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастаймын.

І деңгейлік тапсырма : мемлекеттік стандарт деңгейі, мұны орындауға оқушылар міндетті.

ІІ – ІІІ деңгейлік тапсырмалар күрделене түседі. Мұны орындауға оқушылар құқылы.

ІҮ деңгейлік тапсырманы шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатындай қабілетті оқушылар орындайды. Оны барлық оқушылар орындай алмайды. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушының бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету. Сондықтан деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, олардың қызығушылығын арттыруға тырысамын. Ертерек орындаған қабілетті оқушыға басқа балалардың жұмысын тексеруге рұқсат беремін, бұл оның өзіне деген сенімділігін арттырады, ал қалған оқушылардың еліктеуіш қабілетін оятады.

М. Жанпейісованың модульді оқыту технологиясы үлгілерін, математикада «Жылдамдық – қашықтық» тақырыбын өткенде «Қарлы кесек» , «Брейнг – ринг» ойындарын пайдаламын. Лысенкованың тірек үлгілерін «Өзара кері есептерді» оқытуда қолданамын.

Сөз байлығы жеткілікті бала әңгіме, шығарма, мазмұндаманы еркін жазатыны белгілі. Бағдарлама бойынша ана тілі, қазақ тілі пәндерінде әр тақырыпты өткен сайын алған білімді шығармамен, мазмұндамамен қорытындылап отыру көзделген.

Шәкірттердің ойын жазуға үйрететін екінші бір әдіс - өзіміз оқып отырған тіл сабақтарындағы «Өзің ұйқасын тап», «Әңгімені әрі қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор. Бұл тапсырмалар баланың ойлануына, шығармашылығына жол ашары анық.

Қорыта келгенде, әр мұғалім оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланса, оқушылардың қабілеттерінің өсу деңгейін бақылап отырса, «Өзгелерге үйретіп, өзіміз де үйренеміз» деп педагог – ғалым Сенека айтқандай, шәкірттердің білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыруымен қатар өзінің де кәсіби – шығармашылық білімін тереңдетіп жалғастыруына себеп болары анық.





































Пайдаланған әдебиеттер:


  1. М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж.

  2. А.А. Любинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1987.

  3. Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988.

  4. Т.Сабыров “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары” Алматы Мектеп, 1998

5. М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992.  

6. В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы” Алматы Мектеп, 1978



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Педагогикалы? о?у : "Білім сапасы - м??алім ізденісінде"

Автор: Медетова Бол?ан Ары?бай?ызы

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185234

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "?асым Аманжолов ?мірі мен шы?армашылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(46) "k-asym-amanzholov-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188230"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426630458"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства