kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасы - өмір айнасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылармен бірге отбасы-өмір айнасы тақырыбында оқушылар жиыны өткізілді. отбасы күніне орай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы - өмір айнасы"»

Тақырыбы: "Отбасы-өмір айнасы"

Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну. 

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер нақыл сөздер, шарлар

Жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар

Жүргізуші. Бүгінгі «Отбасы - өмір айнасы» атты оқушқош келдіңіздер.

Жүргізуші: қыркүйек отбасы күні. Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы.Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты.

Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді.Бала бақыт,бала қуаныш,өмірді жалғастырушы,демеуші ата-ана тәрбиелеуші.

Әке деген - биік шыңы адамның,

Әке деген - тірегі ғой ғаламның,

Әке деген – бойыңда аққан қаны да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да. 
Ақ жаулығың қымбат маған анашым

Тілегімсің, сүйенішім панамсың,

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол мейірімді данамсың.


Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы –бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Мақал –мәтел жалғастыр ойынын ойнайық.

1 Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса,кісіден сұра)
3 Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)

4 Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)

5 Қызым, саған айтам, (Келнім ,сен тыңда)


Жүргізуші қолындағы допты лақтырады. Балалар сұақтарға жауап береді.

Ойынға төмендегідей сұрақтар қойылады.

• Отбасы мүшелерін ата.

• Сен отбасында кімді жақсы көресің?

• Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

• Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

• Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?

• Анаңды қалай жақсы көресің?

• Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

• Атаң мен әжең саған не үйретеді?

• Атаң мен әжеңе кандай көмек бере аласың?


Тақпақтар


Дастарқанның басында
Әдептен біз озбаймыз:
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.

Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз,күлмейміз,
Астан басқа өзгені
Елемейміз,білмейміз!

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар, 
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Титтей бөбек кезімнен 
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.

Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!

Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы 
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!

Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге 
Ағам менің қандай-ды!



Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!


Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін! Осымен бүгінгі оқушылар жиыны аяқталды. Отбасымыз, аман болсын. Сау болыңыздар.












САРАПТАМА


Тақырыбы: "Отбасы-өмір айнасы"

Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу болып табылады. Жиын барысында жүргізуші отбасы жайлы айтып өтті. Отбасы дегеніміз кім екендігіне мәлімет берді. Одан әрі мақал –мәтел жалғастыр ойынын ойнадық. Мысалы:

1 Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса,кісіден сұра)
3 Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені) және т.б. Жиынды әрі қарай жүргізуші қолындағы допты лақтырып. Балалар сұақтарға жауап береді.

Ойынға төмендегідей сұрақтар қойылды. Олар мыналар болды.

• Отбасы мүшелерін ата.

• Сен отбасында кімді жақсы көресің?

• Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

• Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

• Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің? Деген сұрақтар қойылып сол сұрақта бірнеше жауаптар алынды. Олар өздерінің отбасыларын қатты жақсы көретіндіктерін және өз отбасыларына қамқор екендіктерін білдіре алды.

Кезекте оқушылардың тақпақтарына берілді. Содан соң жүргізуші Мына сөздерімен аяқтады.

Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін!.

















Жамбыл бастауыш мектебі





(оқушылар жиыны)









Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.











2016 -2017 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Отбасы - өмір айнасы"

Автор: Тастурганова Рысбике Женисовна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406400

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Отбасы-?мір айнасы"
    ["seo_title"] => string(18) "otbasy-omir-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "312982"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459423221"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Отбасы - ?мір  айнасы"
    ["seo_title"] => string(16) "otbasyomirainasy"
    ["file_id"] => string(6) "304693"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457778411"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "На тему "Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы""
    ["seo_title"] => string(48) "na_tiemu_t_rbiienin_ien_tamasha_miektiebi_otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "392071"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487158095"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Та?ырыбы: "Ынтыма?ты отбасы" "
    ["seo_title"] => string(27) "tak-yryby-yntymak-ty-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "204916"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429770280"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Отбасы-өнеге айнасы""
    ["seo_title"] => string(61) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_otbasy_onieghie_ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "457794"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518767811"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства