Просмотр содержимого документа
«Оқушының құқығы және міндеттері»
Сынып: 1 «А»
Мұғалім: Турбаева А.С.
Тақырыбы: Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі
Мақсаты:1. Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту. 2. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Көрнекілігі: суреттер Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет.
ІІ Білім керек бәріне Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы . - Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.
3. Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері
Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
1.Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп сыныпқа келеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, сусындар, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.
1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді.
1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді.
1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
2. Сабақ кезіндегі тәртіп:
2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.
2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.
3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:
Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).
3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге.
3.4. Сынып бойынша кезекші: Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.
3.5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.
4.Қорытынды: 1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;
3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға;
4 Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға;
5. Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады.
Сабақтың соңы. Алған білімдерін тексеру.
Топ. Жалпы тәртіп ережелері туралы не білдік?
Топ. Сабақтағы тәртіп ережелері туралы не білдіңдер?
Топ. Қоңырау кезіндегі және асханадағы тәртіп ережелері туралы не айта аласыңдар?
Сынып: 1 «А»
Тақырыбы: «Бала құқығы туралы конвенция». Оқушының мектептегі құқығы.
Мақсаты: 1. «Заң», «құқық» туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушының мектептегі құқықтары мен міндеттері туралы білім беру.
2. Оқушылардың құқықтық білімін, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, «Бала құқығын қорғау туралы конвенциясы»
Кіріспе
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Заң дегенімі, балалар, біздің құқығымызды қорғайтын ел қызметкерлерінің қабылдап, бекіткен тәртіп ережелері.Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Негізгі бөлім
І. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
ІІ.Оқушылардың құқығы мен міндеттері
Бұл біздің еліміздегі барлық балалардың құқықтары туралы айттық. Ендігі кезекте, бізде «Оқушы құқығы» да бар. Ал, өздерің қалай ойлайсыңдар, оқушының мектептегі құқығы қандай?
Оқушы құқықтары
Оқушы құқылы:
· мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
· қосымша білім алуға;
· ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, үйірмелер, көрме және жарсытарға қатысуға;
· мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылардың міндеттері
Оқушылар міндетті:
· Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
· Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
· Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
· Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
· Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
· Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
· Себепсіз сабақтан қалмау;
· Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
· Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдақ тапсырмаларды орындау;
· Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
· Қоғамдық жерлерде өзін үстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
· Мектеп формасын сақтау;
· Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
Қорытынды
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
3.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
4. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
5.Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам).
6.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
7.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық).
Оқушыларға білім беруді дұрыс ұйымдастыру мақсатымен мектеп өз тарапынан (материалдық) жағдай жасау міндеттенеді. Атап айтқанда:
Сынып бөлмелерімен қамтамасыз етуге, пән кабинеттерін белгілеуге;
Кітапхана, асхана, зертханалар, спорт залы, спорт алаңдарын жабдықтау;
Оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;
Компьютерлік сыныптарды жабдықтауға;
Сынып бөлмелерінде парта, тақта, орындықтар, оқу-әдістемелік құралдарына арналған шкафтардың жеткілікті болуын қадағалауға;
Спорт залын жабдықтауға;
Мектеп ғимаратының есік, терезелерінің бүтіндігін, жарық, жылу жүйелерінің, коммуналдық қызметтің мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Асхананы жабдықтап ыстық тамақ ұйымдастыруға;
Көп балалы ата-аналардың балаларына тегін жолақы билетін, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға;
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсетуге;
Жетім оқушыларға жағдай жасау. Тегін ыстық тамақ, жолақы билеті, материалдық көмек және т.б.
Мектеп ғимараты ауласы алаңдары жабдықтарының бүтіндігі мен тазалықтарын сақтауға;
Оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мақсатында педагогикалық ұжымды қалыптастырып, кадрлармен қамтамасыз етуге;
Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырып, сабақ кестесіне сәйкес әрекет жасауға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға болуға қалыптастырып, оқушылардың жеке басын сыйлауға, қарым-қатынаста дөрекілікке жол бермеуге;
Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болу, мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас орнатуға, оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге;
Мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-аналардың талап-тілектерімен санасуға;
Кез-келген оқушыға, ата-анаға құрметпен қарауға, кемшілігі болған жағдайда байыппен түсіндіруге.
Оқушының міндеттері:
Оқу жылы бойына себепсіз сабақтан қалмауға;
Сабаққа ұқыпты қатынасып, үй тапсырмасы үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көтеруге;
Мектеп бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, ізденіп ғылыми жұмыстарды орындауға, мүмкіндігіне қарай олимпиада, конференцияларға қатынасуға;
Қабілетіне, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатынасуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға;
Мектеп мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға бүлдірген жағдайда шығынның орнын толтыруға (ата-анасының көмегімен);
Мектеп және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекіліктен аулақ болуға;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге;
Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасамауға;
Мектеп барлық мұғалімдерімен, мектеп арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге;
Мектеп ережеге сәйкес формасын сақтауға және мектеп ішіне екінші аяқ киім киюге;
Барлық уақыттарында орыс тілінде сөйлемеуге, мектепте сағыз шайнамауға,, «жаргон» сөздерді қолданбауға;
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмасын бұлжытпай орындауға;
Мектеп ішіне ұялы телефон телефон ұстамауға, ұстаған жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі өткізілуіне кедергі жасамауға.
Ата-аналардың міндеттері:
Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
Мектеп мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілеріменмәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектеп хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайданемесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға және ықпал етуге;
7.Мектеп оқушыларының құқығы
- өзінің және өз отбасының абыройын құрметтеу;
тегін жалпы білім алу (мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім);
Жоғары сынып кеңесінде сайлау және сайлану (9-11 сыныптар),
денсаулық сақтау технологиясы бойынша білім алу;
өз білімін жетілдіру үшін жағдай құру;
қосымша білім қызметтерін алу (оның ішінде ақылы);
мектеп жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сыни ескертулер енгізу (оның ішінде заңды бастамалар), жұмыстағы кемшіліктерді жою;
лауазымдық тұлғалар немесе оқушылар тарапынан оқушылар құқығын бұзған жөнінде басқару кеңесіне, мектеп әкімшілігіне шағымдар және өтініш ету;
оқу жоспарларында қарастырылмаған іс-шараларға бару;
оқу жылдың кез келген уақытында басқа оқу орнына ауысу;
тегін медициналық көмек алу және білім алу мақсатымен кітапхана қорымен, интернетпен жұмыс жасау;
- аптасына берілетін 1 демалыс күні сондай-ақ, жыл сайынғы күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыс күндері демалу;
- мұғалімдердің жүргізетін бақылау жұмыстарының уақыты мен мөлшері туралы хабардар болу және күніне 1 бақылау жұмысынан артық, 2 өзіндік жұмыс немесе 3 жеке сұрақ-жауап жұмыстарын өткізбеу;
— мұғалімдердің қойған бағаларына түсінік алу;
— жеке тәртібіне, үлгеріміне байланысты туындаған мәселелерді шешу кезінде жанында болу;
-өз туралы ақпаратты құпияда сақтау;
-күш көрсетуден және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғану;
- білім және оқыту барысы туралы құжаттарды алуға.
Мектеп оқушыларының міндеттері
- жақсы білім алуға;
- Мектеп жарғысын, келісім декларацияның ережелерін, абырой және ар-намыс Кодексін және мектептің ішкі тәртіп ережелерін білу және орындау;
- ҚР гимнін және рәміздерін білу, құрметтеу;
- мектеп басқару органдарының заңды шешімдерін, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің талаптарын орындау;
- жеке абыройын, өзге адамдардың көзқарастарын құрметтеу, олардың құқықтарын сақтау;
- өз денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және өмірін сақтау;
- мектептің жеке меншігін дұрыс пайдалану және сақтау;
- мектепке келтірілген нұқсанды түзету немесе ақысын төлеу;
object(ArrayObject)#873 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
["file_id"] => string(6) "366617"
["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
["date"] => string(10) "1481044993"
}
}