Просмотр содержимого документа
«Начальные класса.»
МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Дюсембекова Бактыбала Сериковна
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Абай атындағы № 4 мектеп-лицейі» КММ
Бастауыш сыныпта баланың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой- өрісінің жан-жақты тікелей әсер етіп тәрбиелейтін бастауышсынып мұғалімі.Бастауыш сыныпқа алғаш келген шәкірт өзінің ата- анасынан, балалар бақшасынан үйренген, қалыптасқан дағдысымен келетіні рас.Алайда 6-7 жасар баланың сөздік қоры жұтаң, нақты нәрселерге ғана сүйеніп сөйлеуі басым болады. Көптеген балалар үйден келеді. Бұл жағдайда мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапркершілік жүктеледі. Адам баласының өсіп даму психикасын төрт кезеңге бөліп жырлаған лирик ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасының «Мен бала» деген тарауында;
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне!-
деп жырлаған.
Бастауыш сынып мұғалімінің мектептегі жұмысының көпшілігі мәнерлеп оқып берумен, әңгіме айтқызумен байланысты болады. Мұғалімнің жеке басының мәнерлі оқуы мен әсерлі әңгімелей білуі- оқылатын, талданатын шығарманы оқушылардың тереңірек түсінуіне, оқу ынтасына, қызығушылығына, өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуына әсер етеді. Сол себепті бастауыш сыныпты оқытатын мұғалімдер мәнерлеп оқудың методикасын жете игеріп, көркем шығармалардың түрлі жанрларын, дұрыс талдай алатын деңгейде болулары керек. Сонымен бірге қазақ тілінің дыбыстық құрылымын, әрбір дыбыстың жеке айтылуын, сөз ішінде оқылуын, естілуін, дауысты дыбыстардың созылмалы саздылығын түсініп, фонетиканы, грамматиканы жете меңгеруі керек.
Мәнерлеп оқу дегеніміз- қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір- бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтамыз. Өйткені адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп- білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Ал мектеп практикасында оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Сонымен әрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып, мәнерлі оқып беруден әр оқушы сол туындыдан эститикалық ләззат алады. Онсыз оқушының құны болмайды. Сөйлеу мен оқуды салыстыруға болмайды.
1.Бір шығарманы ұялы телефонга, компьютерге жазып тыңдауды ұйымдастыру.
2.Балаларға сұрақ- жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу.
3.Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру.
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін игеру. Олар:
а) логикалық кідірістер
б) психологикалық кідірістер
в) грамматикалық кідірістер.
Логикалық кідірістер. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына- қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады. Мысалы: Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қарадырдан 5-6 шақырым ұзап шықты.
1,2,4 сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады. Ал 3-ші сөйлемде санамалап оқылатын бас алмайды, тоқтамайды деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердін бір – бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Психологикалық кідіріс. Мәтін мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкерлердің іс- әрекетіне, оның көңіл- күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінге дұрыс психололгиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, одан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қоса қуанып,қосыла ренжиді.Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.Мысалы: І.Жансүгіровтің «Шәутеннің шәкірті» деген диалогқа құрылған әңгімесін шолып көрейік.Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен кідірістерін дәлелдеуге болады.Соның ішінде психологиялық кідірісін қарастырайық.
Автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы біршама тұрақты.Себебі, автор- болған уақиғаны сырттай бақылап, хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты қоңыр дауыспен оқылады. Ал, Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене бала. Үстіндегі киімі, ішіп – жеген тамағы тағы басқа қалай жасалынады, қайтіп жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жасы емес. Сондықтан анасы ақ марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат қалмайды. Ансы жүнді сабап жатса да, шиеге тартып жатса да айтатын «Болды ма? Енді болды ма?» деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте тез келте, асығыс оқылады. Шәутеннің анасының сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбырақат оқылады. Баласы қанша асықса да, анасы асықпайды.Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынын біледі. Ана мен баланың ой- өрісін, жас ерекшелігін, мінез- түсініп көз алдына елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне, іс- әрекетіне қарай жасалады.
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер- грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп аталады. Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілірі бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты.
Нүкте(.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егер де нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдыңғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін оның оқылуын практикалық жолмен меңгеріп алу қажет. Дикция- айтудың ашықтығы мен тазалығы.