Демек, біз бүгін мамандыққа байланысты әңгімелесеміз. Тақырыбымыз – «Мамандықтың бәрі жақсы». Мамандық дегеніміз адамдардың белгілі бір салада жұмыс істеуі.
Мысалы, мұғалім, дәрігер, милиционер, өрт сөндіруші, шаштараз, құрылысшы, жүргізуші, диірменші, егінші, нан пісірушілер, сатушы, аспаз, почташы, бухгалтер, журналист, тігінші, т. б.
Мамандық – жауапкершілікпен қарайтын, өзіңнің таңдауың арқылы белгілі бір салада жұмыс жасау.
Тақтадағы ребусты шешеміз. Ребустың 1 суретінде не тұр? Мысық, соңынан 4 әріп алып тастаймыз. М. 2 - сурет – құлақ, алдынан 1 әріп, соңынан 3 әріп аламыз. Ұ. 3 - сурет – ғарыш, соңынан 3 әріп аламыз. Ға. 4 - сурет – лақ, соңынан 2 әріп алып тастаймыз. Л. 5 - сурет – ірімшік, алдынан 5 әріп алып тастаймыз. І. 6 - сурет – мақта, соңынан 4 әріп алып тастаймыз. М. Қандай сөз шықты? Мұғалім
Суреттерге назар аударамыз? 1 суретте қандай мамандықты көріп тұрмыз? Мұғалім. Мұғалімдік мамандығы жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалім болу үшін баланы жақсы көру керек. Мұғалім болмаса, біз білім ала алмаймыз. Тәрбиені үйрене алмаймыз.
(Оқушы тақтаға шығып айтады): «Мен – мұғаліммін. Мен оқушыларға сабақ беремін. Оларды білімге шақырамын. Балалардың білімді болуына мен жауап беремін.»
Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Кішкене сергіп алайық. Партадан шығып, дұрыстап барамыз. Мен айтамын, сендер менің соңымнан қайталайсыңдар.
Нан анасы – бидаймын (қолдарын көтеру)
Нанды елге сыйлаймын (қолдарын алға созу)
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын (дөңгелеп билеу)
2 суретте нан пісіруші көріп тұрмыз. Ұнды илеп, қамырды ашытып пісіреді. Дайын болған соң, дүкендерге нан тапсырады.
3 - суретте кім бейнеленген? Дүкенші. Ол адамдарға қажетті заттардың барлығын сатады. Саудамен айналысады. Дүкенге бәрі келеді
4 суретте дәрігер маманын көріп тұрмыз. «Мен – дәрігермін. Ауырып калған, денесін жарақаттаған адамдарды емдеймін. Адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қараймын.»
Милиция қызметкері өмірде және көшеде болып жатқан әртүрлі жайсыз жағдайларды реттейді. Адамдарды көше тәртібін және еліміздің заңдарын сақтауға шақырады»
5 суретте өрт сөндіруші мамандығы.
«Мен – өрт сөндірушімін. Біз өртеніп, жанып жатқан үйлерді, ғимараттарды, ормандарды сөндіреміз. Адамдардың өміріне жауап береміз. Біздің жұмысымыз өте жылдам болуды, сақ болуды талап етеді.»
6 - суретте кімді көріп тұрсыңдар? Құрылысшы.
«Мен – құрылысшымын. Мен көптеген үйлерді, мектептерді, басқа да зәулім үйлерді саламын. Кірпіш, балшық, цемент, қаңылтыр т. б. құралдармен жұмыс жасаймыз.»
- Жарайсыңдар, балалар, біз бүгін көптеген мамандық иелерімен таныстық. Барлық мамандық бізге қажет, бірақ біз өзімізге ұнаған мамандықты таңдап, сол мамандық бойынша жұмыс жасаймыз. Өзің таңдаған мамандықтан шаршамай еңбек ету керек.