Просмотр содержимого документа
«Күн тәртібін сақтау ережелері»
Тақырыбы: «Күн тәртібі»
Мақсаты:
Білімділігі - денсаулық адам баласының байлығы екенін түсіндіру; Дамытушылығы - оқушыларды салауатты өмір сүруге және зиянды заттардан аулақ болуға үйрету; Тәрбиелігі - оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, гигиеналық ережелерді сақтауға баулу
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай желілік суреттер
Сөздік: менің күн тәртібім, ұйқыдан тұру, жуыну, жаттығу жасау, таңғы ас ішу, мектепке келу, сабақ оқу, түскі ас ішу, ойнау, серуендеу, үй жұмысын орындаймын, үйге барамын, теледидар көремін, кешкі ас ішемін, жуынамын, ұйыктаймын
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Фонетикалық жаттығу (кезекші дыбыспен жұмыс)
ІІІ. Тіл дамыту жұмыстары
Суретте қай мезгіл?
Күз айларын атаңдар
Қазір қай ай?
Аптаның қай күні?
Күзде ауа – райы қандай болады?
Бұл мезгіл сендерге ұнайды ма?
-Балалар, мына суретке қарайық. Бұл суретте күн тәртібі берілген. Күн тәртібі – уақытты дұрыс пайдалану. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулық сақтаудың кепілі. Денсаулық деген сөз – деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің ауру – сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ендеше «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан да өз денсаулықтарыңа жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
Күн тәртібі – іс-әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
Күн тәртібі –бұл жұмыс пен тынығу уақытының ауысымын дұрыс бөлуге көмектесетін кесте.
Күн тәртібі –бұл уақыт бойынша әрекеттерді тиімді және дәйекті түрде бөлу.
Күн тәртібі- тәулік бойы жұмыс пен демалысты кезектестіру
1.Ұйқыдан тұру. Жаттығу жасау. Бір оңға, бір солға.
Пайдасы: күнделікті ұйқыдан тұрған соң жаттығу жасау денсаулыққа пайдалы.Барлық ағзамыз шынығады.Көңіл-күйің көтеріңкі болады.Таңғы асқа тәбетің ашылады.
Жалқаулық-жаман ауру
Шынықсаң, шымыр боласың.
2.Жуыну қимылдарын жасау.Тісті күтудің пайдасы.
Тісті күтуде ең бірінші тіс пастасын дұрыс таңдай білу керек. Күніне 2 рет тазалау керек, тіс пастасымен, тұзбен шаю пайдалы.
3.Таңғы ас мәзірі:
1. Ботқа
2. Жеміс – жидектер, көкөністер
3. Жұмыртқа
4. Сүт
Пайдасы: таңғы ас ішкен асқазанға пайдалы. Ботқалардың құндылығы жоғары. Себебі онда дәрумендер, минералдар көп.
4. Мектепке келу. Партада түзу отыру
Омыртқа жотасы-тұлғаның негізгі тірегі.
Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа қарай қозғалту арқылы түрлі қимылдарға келтіреді. Қисаю себептерінің бірі - партада, орындықта түзу отырмау.
Нәтиже: біз партада түзу отырамыз.Себебі өскенде сымбатты болғымыз келеді.
5. Түскі ас мәзірі.
1.Ет, құс еті, балық
2.Көкөністер, жемістер
3.Картоп
4.Сүт
Пайдасы: түскі аста орташа тамақтану керек. Көкөністер мен жемістер салаты, еттен не балықтан 1-ші және 2-ші ыстық тағамдар, шырындар ішкен жөн. Сүт тағамдарында, етте, балықта кездесетін дәрумендер адам ағзасына өте қажет. Сондықтан да үнемі құрамында ағзаларға қажет дәрумендері бар тамақтарды жеп жүргеніңіз абзал.
7.Үйге келу. Компьютердің зияны туралы айту
Зияны: ұзақ уақыт отыру мойын, бастың, қолдың, иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме сколиоз пайда болады. Көздің көруін нашарлатады.Көзден 60 – 80см қашықтықта болу керек.
8. Кешкі ас мәзірі
1. Ботқа, нан, картоп
2. Көкөністер, жемістер
3. Айран
Пайдасы: кешкі ас жұғымды, жеңілді болу керек. Ұйықтар алдынан 2 сағат бұрын ішу керек. Кешкі серуенге шығу керек. Жатар алдында бөлмені желдету.
Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - деген нақыл сөз бар. Айтқанымыздай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!