kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қәзіргі заман бағдарламасы оқыту барысы. Оқыту технологиялары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»»

«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:

сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;

оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;

бейімделушілікқабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның  шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі. 

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. 

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.

Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру



Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. 

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.



Критериалды бағалау артықшылықтары:

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

 Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

Білім берудің сапасы артады.



Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді



Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге. 

Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 

Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. 

Қорытынды 

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);

Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз. 

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

оқушылардың білім сапасын арттырады;

оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де,

табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.

« Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

« № 2 орта мектеп» КММ-і

БАЯНДАМА 


Тақырыбы: 

«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

Дайындаған: Сергазинова А.В.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

Автор: Исабекова Алмагүл Серікқызы

Дата: 01.03.2019

Номер свидетельства: 501876

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»"
    ["seo_title"] => string(39) "kriterialdy_bagalau_sapaly_oku_kepili_1"
    ["file_id"] => string(6) "501877"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1551441463"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе"
    ["seo_title"] => string(51) "zhanartylgan_oku_bagdarlamasy_izdenis_pen_t_zhiribe"
    ["file_id"] => string(6) "577795"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1617979365"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Коучинг «Функционалды? сауаттылы? – сапалы білім беруді? кепілі» "
    ["seo_title"] => string(65) "kouchingh-funktsionaldyk-sauattylyk-sapaly-bilim-bierudin-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "236754"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444148233"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Жаңартылған білім мазмұны" баяндама"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_artylg_an_bilim_mazmu_ny_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "437319"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510032436"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства