Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «Кім тапқыр?» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты үшінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «Кім тапқыр?» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты үшінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Ғажайып төрттік»
4 - кезең: «Жорға»
5 - кезең: «Логика»
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге».
Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі топ жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, балалар бір-бірлеріңе сәттілік тілейік!
- Ал, бастайық!
«Астана» тобына:
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. Қазақ елінің атақты балуаны (Қажымұқан)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Қазақстанның қай қаласында өтеді?
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
«Бәйтерек» тобына
1. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
3. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
4. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
5. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
6. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
7. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
8. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
9. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
10. а+35қай түріне жатады? (әріпті өрнек)
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз
«Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
Жауабын тапқан топ сигналды картасын көтереді.
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)
3 - кезең: «Ғажайып төрттік»
-Бұл ғажайып төрттік дегеніміз өзіміздің төрт пәнімізден берілетін сұрақтар.
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық
Сұрақтары:
Әдебиеттік оқу пәнінен.
Балалар еліндегі алтаудың сен үшін:
ең маңыздысы;
ең көңілдісі;
ең ақылдысы;
ең күштісі;
ең жақсысы;
ең пайдалысы қайсысы?
2. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
Ертегілердің түрлері.
Ж:(қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс салт ертегісі)
Қай құстар қыста балапан басып шығарады?
Ж: шырша торғайлар мен самырсын құс
«Желаяқ» мәтініндегі кейіпкер Ғұсман Қосанов кім?
Қазақ тілі
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)
3. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)
4. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)
МАТЕМАТИКА
1.Ең кіші үш таңбалы сан. 100
2.4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470
3.5пен 8 санының көбейтіндісі 40
4.3*5+40 мәні қанша? 55
ДҮНИЕТАНУ
1.Адам денесінің тірегі Қаңқа
2.Жүрек қайда орналасқан? Сол жақ кеудеде
3.Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы
4 - кезең: «Жорға»: Бұл кезең топ басшыларына арналады. Әр топ арасынан бір оқушыны өзара ақылдасып сайлап, жарысқа қосыңдар.
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 жауап 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1-топқа
1.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
2.16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
3.Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
5.Абайдың шын аты. (Ибраһим)
6.Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995ж.)
8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
9. Абай айтқан бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
10. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
11. Қазақ тілінде неше әріп бар?
12. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
13. Сөйлем неден құралады?
14. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
15. 1 сағатта неше минут бар?
16. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
17. 1 дм неше см?
18. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
19.Ұя салмайтын құс?
20. Абайдың әжесі?
2-топқа
1.30 тамыз қандай күн?
2.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)
3.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)
4.Ертең аптаның қай күні? (сәрсенбі)
5. Көбейтудің қасиеттерін ата (ауыстырмдылық,үлестірімділік)
6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)
7.Құрманғазының шәкірті. ( Дина)
8.4 жасынан бастап білім алған ақын ( Мағжан)
9.Нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)
10. Жұрнақтың қызметі (жаңа сөз жасайды)
11. Орман дәрігері?
12. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
13. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге)
14. Балықшы сөзінің түбірін тап?
15.Түйенің төлі қалай аталады?
16. Абайдың анасы?
17. Шаршы қандай фигура?
18. Түбір сөз дегеніміз не?
19. Бір жылда неше ай бар? (он екі)
20. 1 метрде неше см?
5 - кезең: «Логика»
Әр топ берілген тапсырманың жауабын жазады және жауап береді. Логикалық сұрақтар
Термометр аяз болғасын – 3 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Логикалық тапсырма
* 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? * Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? * Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? * Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? * Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? * Ағашта х балық қонып отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
ҚОРЫТЫНДЫ.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.
Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет