kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері" тақырыбында ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зерттеудің негізгі мақсаты:

1. Халқымыздың мәдени мұрасын, тілдік мұраларды зерттеп, зерделеу, оларды қоғам игілігіне айналдыру

2. Халық тілін  сөз байлығын меңгерудегі  байырғы өлшем бірліктерін, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері" тақырыбында ғылыми жоба»


Абстракт(Аннотация) 


Зерттеудің негізгі мақсаты:

1. Халқымыздың мәдени мұрасын, тілдік мұраларды зерттеп, зерделеу, оларды қоғам игілігіне айналдыру.  
2. Халық тілінің сөз байлығын меңгерудегі байырғы өлшем бірліктерін, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білу. 

Міндеті:

1. Әдебиеттерді қарап шығып сұрыптау.  
2. Аймақтық жазушылар шығармаларындағы байырғы өлшем бірліктерін табу. 
3. Мектеп оқушылары арасында сауалнама алу.  

Өзектілігі:

Байырғы өлшем бірліктерімен танысып,әдеби тіліміздің қалыптасуына өзек болып отырған халық тілінің сақталуына ұйтқы болу. 

Ғылыми болжам:

Егер мен қазақтың байырғы өлшем бірліктерін зерттесем,қазақ тілінің тарихына,халықтың этнографиясына деген қызығушылығым оянып,пәнге деген ықыласым арта түседі. 

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-кезең- "өлшем бірліктері ", "байырғы өлшем бірліктері"деген терминдермен жұмыс істеу.Аймақтық жазушылардың еңбегімен танысып,қосымша әдебиеттерді іздеп, зерттеу.
2-кезең-мектеп оқушыларымен сұхбаттасу, сауалнама алу, алынған мәліметтерді сұрыптау, зерттеу, бір арнаға тоғыстыру.
3-кезең- ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау, рәсімдеу. 
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Материалдарды талдау,оларды салыстыру, жүйелеу, қорытындылау. 

Жаңашылдығы: Байырғы өлшем бірліктерін зерттеу барысында аймақтық жазушылардың еңбектерінің қолданылуы.  

Зерттеу нысаны: Байырғы өлшем бірліктері атаулары 

I Кіріспе

1.1. Өлшеу не үшін керек?

Елбасының «Рухани жаңғыру- болашаққа бастар жол» бағдарламасын ұстанып, «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген байырғы өлшемдердің киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.

Ежелгі адамдар бір нәрсені өлшейіндеп ойлағанда емес, олар барлығын шамамен болжайтын. Олар тәуліктің уақытын немесе жыл мезгілін болжап білетін. Тіпті өз жастарын да шамамен ғана білетін. Бірақ уақыт өте келе адамдардың ақылына ақыл қосылды. Олар күн мен жұлдыздарды бақылау арқылы уақытты өлшеуді үйренді. Ұзындықты қалай өлшеу керектігін есептеп шығады. Осы білімдерін сарайларды, мазарларды салған кезде пайдаланды.

Өлшеген сайын адамзаттың ақылы арта түсті.

2000 жыл бұрын дүниежүзінің матемагтары ғажайып қалалар салды. Жердің көлемін өлшеумен шектелмей Жер мен Айдың ара қашықтығын да есептеп шығарды. Осының барлығы математиканың арқасында қол жеткізді.

Өлшеу тарихы мынадай:

Адамдарда сағат пайда болғаннан бұрын ежелгі бабаларымыз уақытты күн санау немесе Күнді, Айды не жұлдыздарды бақылау арқылы өлшеген. Уақыт адамдар өлшеп үйренген алғашқы ұғымдардың бірі.

Барлығымыз тәулік мезгілін шамамен анықтай аламыз. Бұрынғының адамдары күн мен түнді жұлдыздардың, оттың, су мен көлеңкенің көмегімен өлшеу тәсілдерін тапқан.

II Негізгі бөлім

2.1. Адам денесімен неге өлшейді ?

Адамның денесі дүниедегі алғашқы өлшеу құралы болған. “Адамдар сызғышты және бір нәрсенің көлемін өлшеуге арналған өзге де айла –бұйымдарды ойлар тапқанға дейін заттарды өз денесімен салыстыратын.”

Біз осы күнге дейін көлемді немесе қашықтықты өлшеу бірлігі ретінде адамның дене мүшелерінің атауларын пайдаланамыз.

Бүкіл тарих бойына адамдар саусақтарын санау үшін, ал қол-аяғын өлшеу үшін пайдаланып келеді. Адам тәнімен өлшеудің ең үлкен өлшем мөлшері – адам денесінің ұзындығы, ең кіші өлшем мөлшері - бір тал шаштың қалыңдығы.

Саусақтар оның ішінде бас бармақ та, барлығымызда әртүрлі болғандықтан, сенімді өлшеу құралы болып табылмайды. Сондықтан “бас бармақ қағидасы” “шамамен” дегенді білдіреді. Көптеген еуропалық тілдерде (соның ішінде француз, испан, итальян, швед, партугал) “дюйм” сөзі “бес бармақ” дегенді білдіреді.

2.2. Халық өлшемдері ұлттың тұрмыс-тіршілігінің айнасы

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. 

Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған.
Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.  
Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы бар». Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық.

Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер.  
Көлем – белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі«шынашақ», «шынашақтай». «Шынашақ» - саусақтың кішкентайы. Оның бұлай аталуы бітіміне байланысты туған. Түркі халықтарының бірі – құмық тілінде «шинчеки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы, өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы «шинчеки» сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр.  Ал «Әшмүшке», «түйірдей», «тырнақтай», «кенедей», «тұрымтайдай», «тарыдай», «титімдей», «титтей», «уыстай», «тоқымдай», «мытым», «шымшым», «ұлтарақтай», «тілдей», «тістем», «пәмдә», «мысқал», т. б. сөздері кішкене деген өлшемді білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, мысқал – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі, 1 қадақта 96 мысқал бар. Ал «қадақ» - екі жүз грамға тең салмақ өлшемі.

Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында : 
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан,
Алты күн айғай салғанда, 
Азғантай қалды қадақтай – деп жырлайды. 
« Үш ғасыр жырлайды » еңбегінде : 
Мысқалы мың теңгелік асыл заттар, 
Барады арзан болып жылдан – жылға,
Жақсыны жау да болса, дұшпан тұтпа,
Жаманның басында тұр заман ақыр, -
делінсе, «Гауһарды мысқалдап өлшейді» - дейді қазақ мақалында.

 Мысқалдау – аз, аздау, там – тұмдау,мысқалдай – болар, болмас, кішкентай, азғантай. Әш - мүшке – қадақтың сегізден бір бөлігі.

2.3. Қашықтық, уақыт, салмақ, тереңдікке қатысты өлшемдер

Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.

Халық арасында әсіресе, ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі-беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», «батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл» т.б қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері – халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер

Халықтың уақытын анықтау белгілері.
Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірбие жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқан).  
Мезгіл сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс-кеш, түн ортасы т.б. Қыс, көктем, жаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас қағым, ә дегенше (1 сек), сүт пісірім (5-10 мин), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2,5-3 сағат), жарты күн, бір түн (тәуліктік) (24 сағат), апта (7 күн), ай (30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн) немесе 12 ай, ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де: жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас) ... т.с.с. бөлінеді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі, таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн қыза, күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс, талма түс, сәске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екінді, кеш, көлеңке басы ұзара, күн бата, ымырт, іңір, апақ-сапақ, жөппелдеме, намаздыгер, ақшам (намазшам), ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, ай туа, түн ортасы, жұлдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тіл қабілетінен жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.  
2.4. Қазақтың байырғы өлшемдері

Тәулік мезгілдерінің атаулары

Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары

Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.

Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

 

Күн көкжиектен көтерілген мезгілдің атаулары

Бұл мезгілді сәске деп атайды.

Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.

Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

Күннің орта мезгілінің атаулары

Бұл мезгілді түс деп атайды.

Тал (талма, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат 1 шамасы

Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы

Күн еңкейген мезгілдің атаулары

Бұл мезгілді бесін деп атайды.

Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ

Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл.

Құлама бесін – күн еңкейген кез.

Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы.

Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

Күн ұясына бата бастаған мезгіл атаулары

Бұл мезгілді ақшам, ымырт деп атайды. Оның мынадай атаулары бар:

Алагеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл.

Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт.

Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез.

Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

Түн мезгілінің атаулары

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы.

Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл.қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез.

Жарым түн – түннің ортасы.

Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері

Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.

Ет асым. 2-3 шамасындағы мезгіл өлшемі.

Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт.

Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнайтындай мерзім.

Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі.

Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.  
Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген. Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1к), пұт (16кг), батпан(100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір тілім, (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке,бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ( үкі, тал), бір топ(адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта тағы сол сияқты.

 Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты... заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шыншақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді.Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып,оны мөлшерлеп есептейді. Халық қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа,қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 – 5мм шамасы),шынашақ, елі, бармақ(бұлар 1–2,5см),екі елі...,сере, табан (7–10см) т.с.с. Басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.
Ұзындық және қашықтық өлшемі мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см),екі елі, үш елі...,тұтам,сынық сүйем (14–15см),сүйем(17-18см),қарыс,кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б. Балтасап,кебіс басындай деген өлшемдері де бар. Сол сияқты ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді.
Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым (қадам)(1м), таяқ тастам(10-15м), әй дейтін жер(100м), дауыс жететін жер(250-300м), шақырым (1км), иек астында, бір төбе астында(4-5км), қозы көш жер(5-6км), көз ұшында(6-7км), тай шаптырым(4-5км), құнан шаптырым(8-10км), ат шаптырым(25-30км), бір күндік жер,айшылық жол...т.б.

Көш жер – ұзындық өлшемі. Ол әр түрлі мағына алады. Мысалы,

  1. Қозы көш жер орта есеппен 14,5 км,

  2. Күзгі көш жер орта есеппен 25,5 км,

  3. Орта көш жер шамамен 90 км.

Бұл межелер ауыл ішінде бұл күндері де жиі айтылады.
Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, тайыз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жай жоғарыдағы аталған өлшемдер бірі-бірінің орнына жүрмейді. 
Ауа райын бақылау, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтың өзіндік тәжірибелері мен қағидалары аз емес. Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай тағы да осылайша анықтап бір заттың, судың, астың немесе ауа райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық... деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста: шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет қаратпас аяз, тіфу десетүкірік жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды. 

Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда қандай дәрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерерлік жайт, қазіргі сантиметр, метр шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан әлдеқайда қысқа не ұзын болуы мүмкін.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз,өңделіп,жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.Мәселен,тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері:

1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);

3) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

4) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

5) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

6) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

7) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Биіктікті,тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе

қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған,яғни солардың

бойымен өлшенген:

1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2)найза бойы ≈ 3-5 м

3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе,қашықты «шақырым» деп

белгілеген,1 шақырым 1 км.Ауданды өлшеу үшін «шаршы»,

«танап» өлшем бірліктері пайдаланылса,көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

  1. Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі

кездесетін заттардың көлемімен

салыстыру арқылы анықтаған. Ал «текше» деген сөз

халық ұғымында сандық пішініне келтіріп бүктелген

кілем, көрпе, т.б. үй жабдықтарының көлемін

білдірген.

2) Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың

сыйымдылығымен өлшеген.Кеңінен тараған негізгі

өлшем бірліктері мыналар:

а)қасық ≈ 50 г; ә) ожау ≈ 0,5 л; б) тостаған ≈ 0,5 л; в) аяқ ≈ 1 л;

г) шара ≈ 1,5-2 л; д) тегене ≈ 8-10 л; е) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс) ; ж) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс) ; з) саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).

3)Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:

а) уыс;

ә) қалта;

б) қоржын ≈ 40 кг;

в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг;

г) дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг;

д) батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг.

4) Салмақ өлшемдері:

а) 1 п.ұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

ә) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

б) 1 көнек сүт ≈ 6-7 л;

в) 1 шелек ≈ 12,3 л;

г) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

д) 1 мысқал ≈ 4,46 г;

е) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

ж) 1 п.ітір. бидай ≈ 3 кг;

з) 1 ширек шай ≈ 250 г;

и) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

к) 1 таймөңке шай ≈ 25 г;

қ) 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г;

л) 1 шөкімтұз ≈ 12,5 г.

Құрық бойы – халықтық өлшем. Бұл өлшем құрықтың ұзындығындай ғана жер дегенді, яғни шамамен 4 – 5 метрді білдіреді.

Шідер бойы – жылқының алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғының арасы.

Тұсау бойы – жылқының алдыңғы ек аяғының арасы.

Қадам – адамның адымымен өлшенетін ұзындық: құрылыс, суару жұмыстарында, спорт ойындарында, әскери жаттығуларда т.б қолданылған ұзындық өдшемі. Көптеген мәліметтерге қарағанда , бір қадам шамамен 60 – 70 см-ге тең.

Аршын – шамамен 90 – 100сантиметрге дейінгі ұзындық өлшемі. Сөздікте аршынға – «метрге тең өлшем, кез» деп түсіндірме берілген. Жалпы, бұл атау парсы тілінен түркі және славян тілдеріне енген. Ғалым  Е.Аққошқаровтың  айтуынша: «Парсы тілдерінен енген бұл өлшемнің дәл мағынасы – «шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық»,- деп көрсетеді екен. Тілімізде аршын атауымен қолданылған аршынтөс сөз тіркесі бар. Оның білдіретін мағынасы – «төсі жазық, кеудесі кең». Бұл тіркес көбіне көркем шығарма тілінде әдемілікті, сымбаттылықты, сұлулықты сипаттау мәнінде көп қолданады.

Қашықтық өлшемдері

Құрық бойы

Шідер бойы

Тұсау бойы

Қадам

Аршын

Кез

Құлаш

Сүйем

Қарыс сүйем

Қарыс

Тұтам

Елі

Өте жақын

Аттам жер.

Бөрік тастам жер.

Иек артпа жер.

Қозы көген жер.

Қол созым жер.

Жақын

Ат жетер жер.

Атшаптырым жер.

Аяқ жетер жер.

Әудем жер.

Қозы көш жер.

Өте алыс

Айшылық жер.

Ит өлген жер.

Қырық күншілік жер.

Уақыт өлшемдері

Қас пен көздің арасы

Қас –қағым

Сүт пісірім

Бие сауымдай уақыт

Таң сәрі

Бозала таң

Таң ата

Сәске

Ұлы сәске

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.

Апта – «жеті» деген сөзді білдіреді

Жеті күнді санау

1. Бүгін

2. Ертең

3. Бүрсігүні

4. Арғы күні

5. Қасиетті күн

6. Соңғы күн

7. Азына

Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.

Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.

Олар мыналар:

ЖЕКсенбі – бірінші сенбі

ДҮйсенбі – екінші сенбі

СЕЙсенбі – үшінші сенбі

СӘРсенбі – төртінші сенбі

БЕЙсенбі – бесінші сенбі

Тереңдік өлшемдері

Кісі бойы

Белдер

Тізе

Тобық

Ат құлағы

Ат тізесі

Ат тұяғы

Арқан бойы

Зерттеу бөлімі

2.5. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың маңызы

Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

    1. Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені

    1. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем.

  1. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.

  1. Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.

  1. Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.

6.    Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы.

Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.

  1. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.


8.    Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.

9. Білем- ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының арасындағы қашықтық




11. Шынтақ- қолдың басы мен шынтақтың арасындағы қашықтық.


12. Қолтық- қолдың ұшы мен қолтық аралығы.

Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері

    1. Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.

2.    Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.

3.    Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.

4.   Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.

2.6. Жазушылар шығармаларындағы байырғы өлшем бірліктер

Бүгінгі таңда қазақ өлшемдері көпшілік ортада жиі қолданыла бермейді. Себеп те бар шығар. Алайда, көркем әдебиетті оқып жатып, кейде түсінбей қалып жататын жайымыз бар. Ондағы жазылатын өлшем бірліктері көнерген сияқты болып көрінуі де мүмкін. Шын мәнінде қазақ халқында өлшем бірлікке байланысты айтылатын әдемі сөздер жеткілікті. 
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ең алдымен әр түрлі әдебиеттердегі байырғы өлшем бірліктері туралы ақпараттармен таныс болдық.Зерттеудің келесі кезеңінде классик жазушы Мұхтар Әуезов,Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкей,қара сөзлдің шебері Қалихан Ысқақ сынды аймақтық жазушылардың шығармаларымен танысып,шығарма беттерінен байырғы өлшем бірліктерін табуға тырыстық.Оралхан Бөкей «Апамның астауы»әңгімесінде «Бір-бір арқа отын көтеріп ең алда апам,содан кейін құндыздай шулаған біздер,күліп-ойнап келе жатыр едік».(83-бет), ал «Ардақ»әңгімесінде «Әйтпесе бір атым насыбайға бола өкпелескен абысындардай тосыраңдай қашатын қылық менің ғана мінім бе?»(26-бет). «Айпара ана»атты шығармасында «Кемпірқосақ қол созым жерде уықтай иіліп тұрар еді»(60-бет)деп суреттеген.Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді»повесінде «Дөрбиген торсық танау қайыс бәтеңкенің басына табаным кере қарыс жетпей қалды»(22-бет),ал «Тұйық»атты романында «Зор денелі жігіттің сала құлаш кеудесін қап жаншып тастағандай,көмірдей тықыр бұйра шашы боз қыраудан бурылға айналған»(147-бет)деп жазған.Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»роман-эпопеясының 1-томында «Жидебайдан жиырма шақырым жердегі Шыңғыс кешкі шақта ымырт жабыла,көкшілденіп,суық тартып алыстай береді»(90-бет) Бұл сөйлемдерден бір арқа отын,бір атым насыбай,қол созым жер,кере қарыс,сала құлаш,шақырым сияқты т.б байырғы өлшем бірліктерін шығарманың өн бойынан кездестіруге болады.Сөз маржанын терген ағаларымыздың еңбектерін оқу арқылы сөздік қорымызды байытсақ, тілдік мұрамызға бір табан жақындай түсер едік. Зерттеудің үшінші кезеңінде оқушылардан сауалнама алдық.Сауалнамаға қазақ сыныптарынан 35 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша "Қазақтың байырғы өлшем бірліктерімен таныссың ба?"деген бірінші сауалға сұралған оқушылардың 60% "жоқ",40 "иә"деп жауап берді." Байырғы өлшем бірліктері бізге қажет пе?"деген екінші сауалға сұралғандардың 50% "қажет емес",30 %"қажет ",10% "білмеймін"деп жауап берді. Біз тек көркем әдебиеттен ғана оқимыз деген жауаптар да болды.Үзындық өлшемдерінен аттам,қарыс,адым деген сөздерді жиі айтса, қалыңдық өлшемдерінен шынашақ, елі деген ұғымдарды сирек те болса қолданады екен. Салмақ өлшемдерінен титтей, бір жапырақ ,бір жұтым, бір тілім,бір үзім, бір шелек (су, сүт), бір қап (ұн, қант)деген сөздерді күнделікті тұрмыста үнемі сөз арасында айтса ,ал қашықтық өлшемдерінен ит өлген жер,ит арқасы қиянда ,жер түбі, алты айшылық жер сияқты фразеологизмдерді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сөйлем құрағанда,шығарма жазғанда ғана алса,шақырым сөзін математика сабағында мәселе есеп шығарғанда жиі қолданады екен. Біздің зерттеуімізше, қазақ балаларының ауызекі сөйлеуі жатық емес, қанағаттандырмайды. Оқушының әдеби тілмен айшықтап, мақалдап сөйлеуі, теңеулер келтіріп, өз ойын анық, өз дәрежесінде жеткізуі жоқтың қасы. Оқушыға суырылып сөйлеу тұрмақ, қара дүрсін әңгімелеудің өзі бір алынбас қамалдай. Көңіліндегі небір жақсы ойды айтуға келгенде берекесі қашып, сәні болмай, еңсесі түсіп, білгенін айта алмау қазақ баласына тән қасиет болып барады. Сондықтан да, баланың тілдік қорын дамытуда көркем әдебиетті оқудың маңызы зор деп ойлаймыз. 
Тағы бір байқағанымыз,Қытайдан көшіп келген оқушы балалар,соның ішінде жоғары сынып оқушылары жергілікті қазақ балаларына қарағанда өз сөздерінде байырғы өлшем бірліктерін көбірек қолданады екен.Бұдан шығатын қорытынды,қазақтың салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмаған жерде тіліміз де өз көркемдігін сақтайды екен.

2.7. Практикалық бөлім

Мен зерттеу жұмысымды халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке-жеке тоқталып, көптеген қызықты мәліметтер алдым. Жобамның практикалық бөлімінде мен ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз- көне өлшем бірліктерін пайдалана отырып алжапқыш пішіп, тіктім.сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленген өлшем, бірсүйемнің төрттен үш бөлігі болып табылатын - «сынық сүйем» аталатын өлшемді пайдалана отырып, алжапқышты пішуге дайындадым. Көне өлшеммен пішіп, қазіргі заманғы сызғышпен өлшеп, екі өлшем бірлігін салыстырдым. Саусақпен өлшейтін «елі» өлшем бірлігімен пішкенімде оңды болды. Зерттеу жұмысым қызықты екенін осылай жұмыс жасап жатқанда байқадым.
Қазіргі замандағы тігін ательелерінде анаммен барғанда тігінші-модельерлердің сәнді киімдерді «сантиметровкалармен» өлшеп жатқанын көргенмін. Ал, мен кішкене болса да өз үлесімді«көненің көзімен» жаңартқым келді.Мысалы, алжапқыш пішкенде «қарыс» 19-20 см болатынын білеміз, сызғышпен өлшегенде де сол 20 сантиметр шықты. 5 «қарыс» -1 метр.Қандайғажап! Ата-бабаларымыз ешқандай сызғыш, борсыз, компьютерсіз дәлме-дәл керек заттарын өлшеп, қателеспей пішіп,тіге берген!

Қорытынды

Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге болып,зерттеу жұмысымызға басты бағдар,негізгі арқау болып табылды. Себебі,тіл тарихын зерттеуде,халық тілінің сөз байлығын меңгеруде байырғы өлшем бірліктерінің атауларын танып білудің маңызы зор.Олардың құрамында көне сөздер,басқа түркі тілдерімен туыстығын көрсететін фактілер сақталып қалған. Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болуымен қатар, ол – адамның рухани өмірінің, қоғам мен табиғат құбылыстарының бірден бір көрсеткіші. Сондықтан тілдік ерекшеліктерді саралай отырып жалпы халық тілінің өркендеуіне үлес қосамыз.Ал бұл халық тілі-әдеби тіліміздің қалыптасып,дамуына ұйтқы болған тіл. Байырғы өлшем бірліктерінің атаулары күнделікті өмірімізде өз маңызын жоғалтпайды,өз қызметін тоқтатпайды.Ендеше,тіліміздің жаңа дәуір талабына сай өркендеп,өсуіне бүгінгі күні мағынасы көмескіленген байырғы өлшем-бірлік атауларын қайта жаңғырту арқылы үлес қосу, дәстүріміздің, тарихымыздың, қасиетті тіліміздің жанашыры болу-бүгінгі ұрпақ, біздің міндетіміз.















































Жаңалығым:

  Біз бұл зерттеу жұмысымызда бес саусақтың өлшем атауының маңызын ашып көрсеттім. Тақырыпты түйіндей келе мынандай қортындыға келуге болады, мысалы әр үйде сойылатын қысқы соғымның қандай болғанын осы саусақтың елі, шынтақ, кере қарыс деген атауларды пайдаланып аңықтаймыз, арқанның өлшемін, немесе киіз үйдің белдеулерін құлашпен, уықтың өлшемін қарыспен өлшейді. Яғни, күнделікті өмірде кез келген жағдайда қолданамыз. Әр саусақтың атқаратын ролі аса маңызды. Зерттей келгенде қазақ дәстүрлі мәдениеті материалдары жүйелі түрде оқытылмайды. Менің жасаған зерттеужұмысым қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына тағы бір жаңа баспалдақ жасады деген ойдамын. .



Ұсыныс:

Мен бұл өлшемдер туралы әлі толық зерттеп, ғылыми жетекшіммен бірігіп ашылмай қалған сырларын толық ашып, қазақ халқының өлшемдерін оқып, талдау маңыздылығын анықтағым келеді. Егер біз халықтың өлшемдерін жақсы білсек, ата-бабамыздың дүниетанымын, мәдениетін ұғынарымыз сөзсіз. Бізде тілімізде бар өлшем бірліктерін уақыт ағымына сай тіл қолданысынан шығып, құрып кетуден сақтайық.

Ғылыми жұмысыма талдау жасай келе, жоғарыда келтірілген байырғы қазақ өлшемдерін, оның ішінде бес саусақпен жасалатын өлшемдерді мектеп бағдарламасында,оқулықтардағы шығармаларда көбірек беру қажет деп ұсыныс айтамын.







































 Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Нұрмағанбетов. Ә. «Сөз сырына саяхат», Алматы.

2. С.Елубаев «Қазақтың байырғы өлшемдері»,Алматы,Қазақстан-96ж.

3. А.Құралов «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы».

4.Ә.Доспамбетов «Қырық қазына», Алматы-1997.

5.С.Қалиев, М.Оразаев «Қазақ халқының салт-дәстүрі», Алматы-1994.

6.Интернет желісі.

7.Кенжеахметұлы. С. «Жеті қазына», Алматы. 



21


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Қазақтың ұлттық өлшем бірліктері" тақырыбында ғылыми жоба

Автор: Айтжанова Лаззат Исембаевна

Дата: 07.11.2018

Номер свидетельства: 484163

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "12 жылды? мектепте о?у т?рбие ж?мысын ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(48) "12zhyldykmiektieptieokutrbiiezhumysynuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "285946"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454259747"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "12 жылды? мектепте о?у т?рбие ж?мысын ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(49) "12zhyldykmiektieptieokutrbiiezhumysynuiymdastyru1"
    ["file_id"] => string(6) "285947"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454259755"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "12 жылды? мектепте  о?уды ?ймдастыру"
    ["seo_title"] => string(35) "12zhyldykmiektieptieokudyuimdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "285949"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454259861"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "12 жылды? мектепте  о?уды ?ймдастыру"
    ["seo_title"] => string(36) "12zhyldykmiektieptieokudyuimdastyru1"
    ["file_id"] => string(6) "285950"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454259868"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "«Білім бастауы – бастауыш мектепте» авторлық бағдарламасы"
    ["seo_title"] => string(58) "bilim_bastauy_bastauysh_miektieptie_avtorlyk_bag_darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "462804"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1521619597"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства