kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”. ‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»

Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Толеуова Асел Армияқызы


Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы

оқушылардың қызығушылығын арттыру


Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”. ‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- этнопедагогикалық тәрбие береді;

- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

- оқытушының уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтер береді.

Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

- барлық баланы оқыту;

- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

- оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.

Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.

Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:

- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;

- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;

- ізденуге жетелейді, қызықтырады;

- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;

- өзіндік пікірі қалыптасады.

Біз ұстаздар қауымы қандай да болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.

Ал, сөйлесу бөліміне көшкенде:

- аспаптар панеліндегі " Мәтін" құралы арқылы клавиатура аспабын таңдап, мемлекеттік тілде сөз тіркестерін, мәтінді тез теруге дағдылынады.

- үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде " Нысанды өндеу", "перде", " прожектор" қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

- телеграф аспабы арқылы сабақтың тақырыбын жазуға болады және оқушылар сабақтың тақырыбына қайта-қайта назар аударып отырады.

- оқушылар есту, көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мєтін теріліп жазылады , музыканы да қосуға болады .

- мұғалім PowerPoint бағдарламасында жасаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспап панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізе алады.

Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта «сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардың арнайы activote құралдары қолданылады.

Интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда бірнеше мәселелерді шешуге:

-        Алған білімді жүйелеуге;

-        Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға;

-        Жалпы оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесті.

Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.Сонымен қатар нәтижелерімен сол сәтте таныстыруға болады.

Қазақ тілін оқыту процесінде ActivStudio бағдарламасын қолданғанда осындай мәселелер анықталады:

1. техникамен жабдықтандыру мәселесі

2. психологиялық кедергілері

3. компьютерлік біліктілігінің төмен болуы

. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Толеуова Асел Армияқызы

Дата: 15.02.2019

Номер свидетельства: 499922

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "А?паратты? коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика п?ніне о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру "
    ["seo_title"] => string(115) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiiany-paidalanyp-informatika-p-ninie-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "174666"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424166520"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Тарих саба?ында иновациялы? ?дістерді дамыту "
    ["seo_title"] => string(48) "tarikh-sabag-ynda-inovatsiialyk-distierdi-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "155510"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421294706"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) ""Тарих саба?ында  жа?а  иновациялы? ?дістерді дамыту " ма?ала "
    ["seo_title"] => string(63) "tarikh-sabag-ynda-zhan-a-inovatsiialyk-distierdi-damytu-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "155513"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421295118"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(213) "А?ылшын тілі саба?ында жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру "
    ["seo_title"] => string(136) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-zhan-a-ak-parattyk-tiekhnologhiialardy-paidalanu-ark-yly-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abiliettierin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "173612"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424012365"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства