kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құстар - біздің досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушылардың құстар әлемінің алуан түрлілігі және тіршілік ету жағдайлары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты аялауға, құстарды танып білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құстар - біздің досымыз»

Есет батыр атындағы мектеп-бақша






Сыныптан тыс шара


Тақырыбы: «Құстар – біздің

қанатты достарымыз»






Сыныптары: 2«А», 3 «А», 3 «Б» .


Өткізген: Есетова А. С.







2014 – 2015 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің қанатты достарымыз»

Мақсаты: оқушылардың құстар әлемінің алуан түрлілігі және тіршілік ету жағдайлары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатты аялауға, құстарды танып білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, шар, құстардың суреттері, ағаш ұялар, тірек сызба т.б.


Барысы: Құрметті оқушылар, сіздерді көктем мерекесі «Құс күнімен» құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы – құстардың келуіне байланысты өтпек.

  • «Құстар – біздің қанатты достарымыз» атты мерекелік

шарамызды бастаймыз.


Мұғалім:

Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді!

Күміс қанат үйрек келді, қаз келді!

Май шуағы, жан шуағы – бір шуақ,

Жырла, ақын, жырлар шаттық аз ба еді?


Қызыл гүлдер қауыз ашып маңдағы,

Торғай шырылдап, бұлбұл сайрап талдағы,

Сай қуалай, жаңа гүлден бал сорып,

Ара біткен өлеңдете аңдады.


Хор: «Көктем» әні орындалады.


  • «Құстар» дегенде ойымызға не келеді?


Су құстары дос жыртқыш құстар


Пайдалы қыстап қалатын құстар

Құстар


ұшады Жыл құстары



жабайы құстар қорғаушы сүйегі жіңішке, жеңіл


Мұғалім: Құстардың бәрі де пайдалы. Олар шыбын – шіркей, құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Құстар – табиғаттың әні, сәні. Ендеше, балалар, құстар – біздің қанатты достарымыз. Құстар – табиғатты құрайтын бөліктерінің бірі. Қазақстанда 600-ге жуық құстардың түрі бар екен. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтып, би билеумен көрінсе, екіншілері құрылысшы және архитектор екендігі белгілі. Бұлардың арасында аңшылары, балықшылары, әуе саңлақтары, суға сүңгігіштері де бар. Қазақ халқы өз арасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, тамылжыта ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға, ел үшін,

1.

Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, сұлуды аққуға теңейді.

Табиғаттың әні, сәні – құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек.


  1. Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды.

Бар өңір құлпыра бастады.


2 . Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек – қаз қонды.


  1. Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап, ұқыптап,

Біз оларды қолдаймыз.


  1. Сағынышпен жеткен

Қуана бер, Көктем.

Жайнап нұрлы гүлің

Басқар «Құстар күнін».


Көктем (залға кіріп бас иіп):

Сәлем, достар, аман ба,

Мынау бейбіт заманда.

Шаттық болсын әрқашан


Ән құрадым үніммен,

Сән құрамын гүліммен.

Қуантамын бәріңді

Құт – мереке күніммен.


  1. Сәлем, елдің Көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі.


  1. Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді!» - деп бізге,

Жақсы хабар береді.



Құстар туралы жұмбақтар жасырып, шешуіндегі құстарды ортаға шақыру.



2.

  1. Көлдің көркі, сәні екен,

Ұшқанда сазды әні екен.

Ақындар оны мақтаған

Адам қорғап сақтаған,

Бұл қандай құс, балалар? (Аққу)


  1. Үй ішінде үйі,

Жем тасиды жиі. (қарлығаш)


  1. Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

Қане, кім бар таба алар? (қараторғай)


  1. Тырнағы үшкір діңгектей,

Тұмсығы имек ілгектей,

Қанатын жайып шүйілсе,

Аң-құс қалар бүлк етпей. (бүркіт)


  1. Шекесінде айдары

Болғанмен, жоқ айбары.

Балапанын бақпайды

Үй – жайында жатпайды.

Өзінің аты

Тек айтары қайталап,

Мұны кім, кәне айта алад? (көкек)


  1. Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды.

Білсең, кәне айта ғой,

Танисың ба ..... (торғай)


  1. Қанат қағып шарықтап,

Мұхит асып қалықтап.

Шарлап бүкіл әлемді,

Шаттандырып әр елді.

Бейбіт күнге сән болған,

Бұл қандай құс ән болған? (көгершін)


Аққу

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.


Қарлығаш

Мен адамның досымын,

3.

Мекенінде тұрамын.

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.


Бүркіт

Мен бүркіт, көк күмбезде қалықтаған,

Қияға қанат қағып шалықтаған,

Құс ішінде қырағы болғандықтан,

Атандым қыран-бүркіт жалықпаған.


Көкек

Жаршысымын көктемнің,

«Көктем» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсең – мені күт.


Торғай

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.


Көгершін

Бейбітшілік құсы менмін көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан тұнық, шат көңілді болайық,

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін.


Ән «Қарлығаш» орындайтын Көшкімбаева Назерке.


Құстар туралы тыйым сөздер.

  • Құстың ұясын бұзба.

  • Байғыздың атын атама.

  • Жоғарыдағы құстың ұясына қолыңды тықпа.

  • Құсты айырағашпен атпа.

  • Қарлығаштың балапанына тиме.

  • Құстың жұмыртқасына тиме.

  • Байғызды үйге әкелме.

  • Құстың балапанына тиме.

  • Құсқа тас лақтырма.

  • Құстар адамға дос.


Құстар туралы халық болжамдары.

  • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

  • Сары шымшық ысқырса – шынымен күз болғаны.

  • Сары шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

4.

  • Қарға қарқылдаса, қар жауады.

  • Көкек ерте келсе, көктем ерте түседі.

  • Байғыз шақырса жаман болады.

  • Көгершін көп болса, бейбітшілік, молшылық болады.

  • Күн жылы болса, тырна ерте келеді.

  • Қаз бір аяғымен тұрса, аяз болады.

  • Сауысқан шатырдың астына тығылса, боран соғады.

  • Жыл құсы көптеп келсе, көктем ерте шығады.

  • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

  • Шағала келсе, сең бұзылады.

  • Егер торғайлар қосылып шықылдаса, ауа райы жылы болады.

  • Көкек қатты, әрі жиі шақырса, күн жылынады.

  • Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.

  • Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.


Жұмбақ жасыру.

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (әтеш)


  • Ендеше, даярлық топтың балалары магнитті тақтаға әтештің

бейнесін құрастырады.


Құстар туралы мақал – мәтелдер.

  1. Аққуды атуға болмайды,

Достықты сатуға болмайды.

  1. Көк құрақ – жердің сәулеті,

Құс – елдің дәулеті.


  1. Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қыс келер.


  1. Қарға да баласын аппағым дер.


  1. Сауысқандай – сақ бол.


  1. Бұлбұл үнді, жылан тілді.


  1. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.


  1. Қыста құсқа жақсылық жасасаң,

Жазда жақсылығыңды өтеп береді.


  1. Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.


«Құстар биі».


Құстардың дыбыстауы:

5.

Аққу – сұңқылдайды.

Тырна – тыраулайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Қаз – қаңқылдайды.

Тауық – шақырады.

Қарға – қарқылдайды.

Үйрек – барқылдайды.


Ойын «Құстарға жем шашайық».

Оқушылар көптеген құстардың ішінен үй құстарын, жыл құстарын, қыстап қалатын құстарды өз үйшіктеріне орналастырады.


  • Балалар, сендерге мен викториналық сұрақтар қоямын, кім тапқыр екен?


  1. Қай құс адамша сөйлеуге үйрене алады? (тотықұс).

  2. Дүниедегі ең кішкене құс? (колибри)

  3. Қандай құс ұя салмай, балапандарын басқа құстарға асырауға береді? (көкек)

  4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)

  5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (260 рет).

  6. Құстар көктемде қайдан келеді? (оңтүстіктен).

  7. Жылы жақ қалай аталады? (Африка).


Хор: «Ақ көгершін».


Құс досымыз, қорғаймыз біз,

Сүп – сүйкімді сүйеміз торғайды біз.

Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен

Қанатты туысқанды қолдаймыз біз.















6.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Құстар - біздің досымыз

Автор: Есетова Айнаш Сагиновна

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368957

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Планирование на тему "??стар - бізді? досымыз""
    ["seo_title"] => string(46) "planirovaniie-na-tiemu-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "252434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447389668"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Та?ырыбы: "??стар бізді? досымыз" Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(39) "takyrybykustarbizdindosymyztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "279563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453265382"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы: «??стар – бізді? досымыз!» "
    ["seo_title"] => string(33) "tak-yryby-k-u-star-bizdin-dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "196656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428081050"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "??стар-бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(20) "kustarbizdindosymyz3"
    ["file_id"] => string(6) "329330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463918614"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства