kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қиярдың адам ағзасына пайдасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Киядын турлер мен сорттары туралы тусиндиру.Олардые пайдасы жайлы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қиярдың адам ағзасына пайдасы»

Қиярдың сорт айырмашылық сипаттамалары

Сабақтың мақсаты: Қияр дақылының биологиялық морфологиялық және сортайырмашылық белгілерінің ерекшеліктерімен танысу.

Әдістемелік нұсқаулар мен түсініктемелер

Бір жылдық шөптектес дақыл.Сабақтары ұзын жайылып, бұтақтанып өседі. Жылылықты өте жақсы ұнататын дақыл,ылғалдың мол,жеткілікті болғанын жақсы көреді. Жапырақтары бұтақ сабақты, жапырақ қолтығынан өскіндер,гүл шоғырлары,мұртшалармен қасындағы жоғары аспанға (шпалерге)ілініп жоғарылай өседі.Аналық гүлдері жалғыз, аталық топтасып өседі.Жемістер-көп тұқымды жалған жидек (асқабақ жемісі).Қияр сортының тозаңсыз жемісі пайда болса партенокарптік дейді.Тамыр жүйелері жан –жаққа көп таралып жіңішке болып топырақ қабатының(15-25см) жоғары беттерінде тарайды.

Жапырақ бетінің сыртқы пішіні-үлкен жүрекке ұқсайды ,сүйір бұрғышты –жүрек тәрізді,жүрекше-қалақ;бес қалақша,бес есе шышыраңқы(9-сурет).

Сабақтарының ұзындығы-қысқа(60 см-ге дейін),орташа (60-150 см), ұзын (150 см-ден ұзынырақ)

Сабақтарының бұтақтануы-аз (1-4 жаңа сабақша), орташа (5-8 сабақша), көп (8-ден көбірек). Көк және көк түйіндерінің сырты-тегіс, ұсақ бұдырлы,үлкен бұдырлы,аралас бұдырлы.

Түктерінің түрлері-әдеттегідей,күрделі,аралас (10 сурет).

Түктерінің түсі-ақ,қара,қоңыр

Көк түйіндерінің түсі-ақшыл-көктен қаракөкке дейін

Көк түйіндерінің сыртқы сутеттері-нүктелері,жол-жол

Жемістерінің пішіні - сопақша, жұмыртқаға ұқсайды. Элипс тәрізді, ұршыққ, цилиндрге ұқсайды. Көк түйіндерінің ұзындығы-өте қысқа (5 см-ден қысқа),қысқа (5-10см),орташа (11-20 см),ұзын (21-30 см),өте ұзын (30 см –ден ұзынырақ 11 сурет)

Көк түйіндерінің салмағы- өте жеңіл (5 г-нан аз),кішкене (50-100 г),орташа (100-200 г),үлкен (201-400 г),ең үлкен (400 г-нан салмақты).

Тұқымдық түйіндердің сыртқы түсі-көк,жасыл-көк,ақ сары,қызыл,қоңыр реңді.

Тұқымдық түйіндердің сыртқы суреттері-торлардың кішкене түрлері,торлардың үлкен түрлері (көлденең шытынағаны), торлардың (кішкене немесе үлкен ойыс-қиыс) түрлері,екі еселі торлардың,тасбақа тәрізді торлары.

Өсіп-өну кезеңіне байланысты сорттары;ерте пісетіндер- тұқымдар жаппай көктегеннен бірінші түйіндерді жинаудың арасы (44 күн),орташасы (45-50 күн ),кеш пісетіндер (50 күннен ұзағырақ).

Қиярдың өсіруге ұсынылған сорттары: Воронежский, Вязинковский-37, Донской-175, Дружба-60, Изящный, Конкурент, Кустовой, Маргеланский местный, Нежинский местный, Неросимый-40, Побидитель, Парад, Таджикский ранний, Универсальный, Урожайный-86, Харьковский.

Воронежский-Воронеж тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Тұздауға қолайлы,орта мерзімде піседі,арамен тозаңданады,бұта түбі орташа өседі.Түйіндері эллипсойдты немесе ұзарған жұмыртқа тәрізді,түрлі бұдырлы.Түктері күрделі,тығыздығы орташа,қара.Жастай балауса күйінде көк түсінен тағамға пайдалануға ыңғайлы сорт.Салмағы 110-122 г,сапалы орташа өнім 36-40 т/га.Шығыс Қазақстан,Павлодар облыстарында өсірілетін сорт.

Вязинковский-37 Грибов көкөніс селекциялық тәжірибе стансасы шығарған сорт. Орташа ерте піседі(51 күн).Сабағының ұзындығы орташа,түйнегі ұзындау жұмыртқа тәрізді,көлденең кескенде үш бұрышты,ұсақ кедір-бұдыры,түйнегінде жолақ-жолақ дағы ,ақшыл-көк түсті ,жоғарғы жағында ақшыл дағы мен тарам-тарам жолағы бар,оның ұзындығы түйнегінің 1/2-3/4 бөлінгендей .Орташа салмағы 118 г,жас балауса және тұздалған қиярдың дегустациялық бағасы 3,7 балл.Орташа өнімі 36-47 т/га.Атыраудан басқа барлық облыстарда,ал Жамбыл облысында тұқымдарын алу үшін өсіріледі.

Донской-175- Бирючекут көкөніс тәжірибе стансасы шығарған сорт.Кеш пісетен Көк түйінді цилиндр пішінді,үшбұрышты көлденең кескінде,беті кедір-бұдырлы,түсі қоңыр көк,анық ақ жолақтары жемісінің 1/2 ұзындығына дейін , орташа салмағы 100-150 гр.Тасымалдауға төзімді,жемістері көпке дейін сапасын сақтайды. Өнімі 44 т/га.Тұқымдық түйін жемісінің бетінің түсі ақшыл-қоңыр,қара-қоңыр реңді,кедір-бұдыр,шытынаған қысқа торлы.Құрғақшылыққа,ыстыққа және ауруларға төзімді.Алматы облысында өсіріледі.

Дружба-60 Кроснодар көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Орташа кеш піседі.Сабақтарының ұзындығы,бұтақтануы орташа.Жемістері ұзынша,жұмыртқаға ұқсайды,сырты кедір-бұдыр,ақ жолдары жемістерінің ұзына бойына дейін, көлденең кескінде үш бұрышты,орташа салмағы 100-135 г.Дегустациялық бағасы жас балауса күйінде 4,6 балл,тұздалғанда -4,8 балл.Сарғайғаны 9,8%.Жоғары өнімі 70т/га дейін.Ақтөбе,Жамбыл облыстарында өсіреді.

Изящный-ВНИИССОК-шығарылған сорт.Ерте пісетін,жастай балауса күйінде пайдалануға өте қолайлы.Сабақтары орташа,жапырақтары жүрек тәрізді.Жемістері эллипсойд пішінді,тегісіті негізімен,салмағы 120-150 г.Сырты кішкене бұдырлы.Көлденең кескінде жемістері үш қырлы немесе сопақша үш қырлы.Орташа өнімі 42-65 т/га. Ақмола , Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында егу ұсынылған.

Конкурент-ВИР-дің Қырым тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Ерте пісетін ұзын сабақты .Көк түйіні сопақша,цилиндрге ұқсайды.Сырқы беті кедір-бұдырлы,түктері сирек,күрделі,қара түсті,көлденең кескінде үш қырлы,салмағы 117-153 г.Көпке дейін сарғаймайды.Өнімі 38 т/га,елеулі ескеретіні бірдей жемістеніп,жаппай сапалы өнім береді,консерві өнеркәсібіне қолайлы.Алматы облысында өсетін сорт.

Кустовой-Кроснодар көкөніс- картоп тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Ерте пісетін,аралар арқылы тозаңданады,қысқа сабақт,бұта түбі кіші.Көк түйіні ұзынша-жұмыртқа тәрізді,бұдырлы,түктері сирек, күрделі,түктері қара,көлденең кескінде дөңгелек-үш қырлы,салмағы 115-143 г,көк түйіндер көпке дейін сарғаймайды.Бірақ рет жинауға қолайлы ,осындай жинаудағы өнімі 26 т/га.Консерві өнеркәсібіне жақсы пайдаланылады,комбайнмен өнімдерін жинауға қолайлы. Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Маргеланский местный-Өскемен Маргелан ауданында шығарылған сорт,орташа піседі,алғашқы жаппай көктеуі мен бірінші жемісін жинап алуының арасы 48-56 күн,ұзын сабақты.Түйнегі түзу ,цилиндр тәрізді,екі жағы жұмырланып біткен, қоңырқай көк түсті айқын жолақтары бар, оның ұзындығы түйінінің 1/4 бөлігіндей. Орташа салмағы 161 г,дегустациялық бағасы 3,8-4,5 балл, сарғайғаны 6,3% салаттық сорт. Орташа өнімі 26 т/га.Жамбыл, Қызылорда облыстарында егіліп жүрген сорт.

Нежинский местный-Украинада шығарылған сорт.Орташа кеш мерзімде піседі (52 күн), сабақтары ұзын. Көк түйіні ұзын эллипсойд тәрізді, бас жағы сүйірленіп біткен, көлденең кесіндісі үш қырлы ,кейде төрт қырлы,ірі үлкен кедір –бұдырлы.Түйнегі қою көк түсті,ұсақ дақтары мен ақшыл жолағы бар, оның ұзындығы түйнегінің 1/3-1/2 бөлігіндей.Орташа салмағы 141 г.Сарғыштығы 24 %-дай.Жас балауса және консервіленген түйнегінің дегустациялық бағасы 4,6 балл.Орташа өнімі 77,4 т/га.Ақмола,Көкшетау,Қарағандыдан басқа облыстардың барлығында егіледі.

Неросимый 40-Воронеж көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Орташа мерзімде піседі, орташа сабақты,салаттық сорт.Көк түйіні эллипсоид тәрізді немесе жұмыртқаға ұқсас,ақ күрделі түкті,ірі кедір-бұдырлы,қара-көк түсті,ұзына бойының 1/2 бөлігінде жолақтары бар,салмағы 80-120 г.Жоғарғы өнімді -55 т/га.Тұқымдық түйіні ақшыл көк ,беті сүттей ақ тегіс, торлары жоқ, аздаған шытынауы бар.Ауруларға төзімді. Ақмола,Орал облыстарында өсіріледі.

Побидитель-Бирючекут көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған сорт ,кеш піседі, ұзын сабақты.Көк түйіндері цилиндрге ұқсайды ,түктері күрделі, тығыздығы орташа , қара –қоңыр түсті ,ірі бұдырлы, көлденең кескіндісі дөңгелекті , үш қырлы, ұзына бойының 1/3-2/3 бөлігінде кең жолақтары бар,тозаңдары әлсіз , салмағы 90-180 г,қоңыр –көкті.Тұқымдық түйіні қоңыр сарғыштау.Орташа өнімі 35-50 т/га.Маңғыстау ,Атырау облыстарында өсірілетін сорт.

Парад-Қырым ВИР-дің көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Салаттық ерте пісетін сабақтарының ұзындығы орташа, консервілеуге жарамды.Көк түйіндері сопақша –цилиндр тәрізді ,сыртқы беті бұдырлы, түктері сирек,күрделі,ақ түсті, түп жағы тегіс, көлденең кескенді үш қырлы,көпке дейін сарғаймайды.Ақнұнтақ ауруына төзімді.Атырау,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Универсальный-Батыс Сібір көкөніс-картоп тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Ерте піседі, сабақтарының ұзындығы орташа.Көк түйіндерінің пішіні ұзын-сопақша,сырты кедір-бұдырлы, түктері қалың , әдеттегідей, қара немесе қоңыр түсті, жемісінің түп жағы тегіс, көлденең кесіндісі дөңгелекті үш қырлы,тұздалатын салмағы 117-150 г. Орташа өнімі 54-70 т/га.Түйіндері көпке дейін сарғаймайды. Ақұнтақпен әлсіз зақымданады.Тұқымдық түйінді қоңыр, тегіс, торлы. Жемістерін тез, жаппай бере алады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Орал облыстарында өсірілетін сорт.

Таджикский ранний-Тәжік егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған сорт.Ерте піседі, сабақтарының ұзындығы орташа.Көк түйіндерінің сырқы пішіні сопақша –цилиндр тәрізді,сыртқы беті кедір-бұдырлы ,түктері сирек күрделі, ақ түсті.Түйіндерінің түп жағы тегіс, тұздалатын, көлденең кесіндісі дөңгелекті,үш қырлы ,салмағы 100-120 г.Орташа өнімі 32 т/га.Көпке дейін сарғаймайды.Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін сорт.

Урожайный-86-(Гибрид-86)-Бирючекут көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған сорт.Орташ піседі,сабақтарының ұзындығы өте ұзын.Көк түйіндерінің сыртқы пішіні ұзарған-жұмыртқа тәрзді кедір-бұдырлы,түктері күрделі,қара жемістерінің ұзына бойына 1/2 дейінгі бөлігінде қоңыр-көк,ақ жолақтары бар,тұздалатын , салмағы 100-150 г.Орташа өнімі 21-35 т/га.Алматы облысында өсіріледі.

Харьковский- Украина көкөніс – бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған сорт.Ерте піседі, сабақтарының ұзындығы орташа , аралармен тозаңданады.Көк түйіндері ұзарған –сопақша сирек бұдырлы,түбі тегіс, түктері сирек күрделі,қара, көлденең кесіндісі дөңгелектеніп,үш қырлы,тұздалатын салмағы 72-106 г.Консервілеуге жарамды.Орташа өнімі 70-78 т/га. Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өсіріліп жүрген сорт.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қиярдың адам ағзасына пайдасы

Автор: Досқанаева Жанат Әлмағанбетқызы

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392338

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Т??ым ж?не жеміс. "
    ["seo_title"] => string(24) "tu-k-ym-zh-nie-zhiemis-1"
    ["file_id"] => string(6) "199677"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428608699"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Т??ым мен жеміс"
    ["seo_title"] => string(16) "tukymmienzhiemis"
    ["file_id"] => string(6) "291388"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455111502"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства