kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Қазақстанның 3-"Алтын адамы" ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл жоба Қазақстаннан табылған 3- "Алтын адам" жайлы.Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына танымдық материал ретінде ұсынылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Қазақстанның 3-"Алтын адамы" ғылыми жоба»

ҚР Білім және Ғылым Министірлігі
ШҚО Өскемен қаласы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ











Тақырыбы: Қазақстанның 3-«Алтын адамы»

Секция: Өлкетану

Орындаған: Салиахметова Ажар

Сыныбы: 3 «Б» сыныбы



Жетекші: Рахимжанова Д.М.















Өскемен- 2018 жыл







КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының нысаны :ШҚО Зайсан ауданындағы Шілікті қорымы

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Шілікті қорымында табылған сақ мәдениетін, қазба олжаларының ең басты құндылығы -«Алтын адамын» , сонымен қатар ерте сақ кезеңіне жататын Шілікті мәдениетін анықтау .

Негізгі тұжырымдар: археологиялық нысандардан халықтың белгілі бір аудандарды ұзақ жылдар бойы қоныстанғандығы анықталды, тұрақты этномәдени байланыстар сан ғасырлар бойы сақталып келген .

Зерттеудің деректік негізі:Шығыс Қазақстан Облысының Зайсан ауданындағы ерте дәуірде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар, мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары – қорғандар материалдары және аудандық мұражайдағы деректер бірден-бір дереккөз болып табылады

Жұмыстың жаңалығы. Зайсан өңіріндегі Шілікті жазығынан табылған құндылықтар ата-бабаларымыздың текті,еңбекқор,он саусағынан бал тамған өнерлі болғанын,сондай-ақ егін шаруашылығымен де айналысқанын да дәлелдейді. 3- «Алтын адамның»қабірінен шыққан әшекей бұйымдардардың

құйма алтыннан жасалғандығын және оның сынамасы өте жоғары болғанын білдік.

Мазасызданған әруақ елге жұт пен қуаңшылық әкелетіндігін білдік.

Күтілетін нәтиже:

Өз ойын тұжырымдауға үйренеді;

Ұлттық дәстүрдің маңызын түсінеді;

Ой-өрісі кеңейеді,білімі,іскерлік дағдылары артады;

Отанын сүюге, елжандылыққа үйретеді;

Туған жер тарихын терең ұғынады;







НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті жазығының жағрафиялық жағдайы адам өмір сүруіне өте қолайлы. Жазы шыбынсыз салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстанған. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары.

Бұл ескерткіштерді бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді.

1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді профессор Ә.Т.Төлеубаев зерттеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкерлері Шілікті 3 қорымының, №1, Шілікті 2 қорымының №1,2,4 қорғандынына зерттеу жұмыстары толық қазылып зерттелді.

Қорымдар тобындағы соңғы қызықты жаңалықтар берген оба Бәйгетөбе деп аталады. Ол Жалшы ауылының оңтүстік жағында орналасқан. Оның биіктігі 7,9м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99 м, шығыстан батысқа қарай 97,4 м.

3-Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркіт-самұрұқ, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме-қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі,63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана алтын тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы, кесеге ұқсас салпыншақтар, 223 ұсақ кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды.

3-Шілікті қорымындағы Бәйгетөбе обасының ірі және өте күрделі архитектуралық құрылысы әлеуметтік-мәдени және табиғи-қорықтық қызмет атқарған. Ескерткіштің осыншама ірі көлемі онда жерленген адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Бәйгетөбе обасында сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі жерленген.

Бәйгетөбе обасы

Үшінші «Алтын адам» – нағыз Сақ патшасы

«Шілікті» қорғандарын зерттеуді аяқтап, жеті жыл бойы жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесін шығарған Қазақ ұлттық университеті мен семейлік жас археологтар үшінші «Алтын адамға» қатысты «нағыз Сақ патшасы осы болған» деген тұжырымға келіп отыр.

Алматының іргесіндегі «Есік» қорғандарынан табылған ең алғашқы жәдігерден кейін еліміздің әр жерінен төрт алтын адам табылды. Соның ішіндегі ең ерекшесі – үшінші «Алтын адам». Ол Шығыс Қазақстанның Зайсан өңірінен табылған болатын. Археологиялық қазба жұмыстары барысында он шақты қорған қазылып, соның біреуінен ғана құнды мұра кездескен. Тарих ғылымының докторы, профессор Әбдеш Тәшкенұлы зәулім ескерткіште жалғыз жерленген адамды ерте сақ заманына жатқызады. «Алтын адамның» түр-тұлғасы мен киген киімін, сондай-ақ әшекей бұйымдарын жан-жақты зерделеген ғалымдар бір тоқтамға келіпті. Біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда өмір сүрген бұл адам сақтардың патшасы болған. Тағы бір анығы, жасы 37-де екен. Үстіндегі әшекейлер сол маңда өндірілген саф алтыннан жасалған. Және бұл патша осы уақытқа дейін табылған басқа «Алтын адамдардан» бірнеше ғасыр бұрын өмір сүріпті.

«Үшінші «Алтын адамның» маңдайында бес жұлдыз бар. Бұл – сақ-скифтерден табылған ең ерекше дүние. Яғни адамның құдіреттілігін көрсетеді. Осыдан келіп біз ол патша болған деген шешімге келдік», – дейді Әбдеш Төлеубаев. Зерттеу жұмыстары барысында түр-тұлғасы мен киген киімі қалпына келтірілген Сақ патшасының сызба нұсқасы даяр, бірер жылдан соң макеті де әзірленбек.

Ә.Т. Төлеубаевтің экспедициясы 2003 ж. бастап бүгінге дейін сақ мәдениетіне жататын, Еуразия аумағындағы ең көне элитарлық ескерткіштер болып есептелетін Шілікті қорымдарын зертеуде. Шілікті қазбаларының олжалары жерімізде табылған сақ мәдениетінің «алтын адамын» ғана беріп қойған жоқ, сонымен қатар ерте сақ кезеңіне жататын шілікті мәдениетін анықтауға, сақтар мен қола дәуірі мәдениеттерінің арсындағы мәдени-этникалық байланыстарды табуға, сақ-скиф аң стилінің генезисіне, т.б. мәселелерге байланысты жаңаша тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді .

Шілікті қорымының 1-обасынан барлығы 4303 дана алтын заттар табылды. Оның 153 данасы мәліннің маскасы бейнесінде, 36 данасы бүркірт-самұрұқ, 20 данасы бұғылар, 39 данасы қасқыр (аю) түрінде, бір түйме қаптырма бесжұлдыз, бір қаптырма арқар бейнесінде. Сонымен қатар 23 дана қоңырауша түріндегі, 63 дана кеңірдекше түріндегі, 17 дана тілікше, 7 дана алтын сым, 141 дана жартышар сияқты салпыншақтар, 2835 дана миниатюралық құлақшалы, кесеге ұқсас салпыншқтар, 223 ұқсас кеңірдекше тізбе, 743 шығыршық тізбе және бір дана кішкене қапсырма шеге табылды. С.С. Черниковтың 1960 ж. зерттеген Шілікті 1 қорымындағы № 5 үлкен қорғанның құрылысы күрделі [10]. Ж.с.д. VII – VI ғғ. мерзімделетін қорғаннан жоғары зергерлік шеберлікпен жасалған алтын әшекей бұйымдар, солардың ішіндегі бұғы бейнелері құрбандық малын, құрбандық шалу идеясын білдірді десе, А.И. Мартынов бұғыларды топтастыруда жасалу өнеріне, бейнеленуіне қарай олардың импорттық емес, жергілікті екендігін ашып көрсетеді.

Сыртқы құрылысы № 5 қорғанды қайталайтын Шілікті 1 қорымындағы № 7 қорғаннан 1949 ж. қазба кезінде ж.с.д. VI – V ғғ. мерзімделетін бүркіт түріндегі алтыннан қалыпталып жасалған қапсырманың 9 данасы табылған. Басы оңға бұрыла дене сұлбасының ішкі жағына қарай кіріккен 5 бүркіт қапсырмалардың басы оңға, 4-еуінің басы солға қаратылса, ал 2003 ж. Бәйгетөбе қорғанынан табылған сом алтыннан жасалған бүркіт бейнелі қапсырмалардың барлығының басы оңға бұрылған кейіпте бейнеленген. Алтын қаңылтыр балықтың бейнесі өте қызық, жұқа пластинкаларға перузадан көз, желбезек, құйрық және дөңгелек дән тізбектері дәнекерленіп жабыстырылған. Осы қорғаннан табылған балық пен қабан бейнелері Тывадағы ж.с.д. VIII ғ. соңы мен ж.с.д. VII ғ. жататын Аржан 2 қорғанынан табылған алтын заттардың тура аналогиясы.

Шілікті қорымындағы қорғандар жөніндегі келесі мәліметті ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімдеген Шілікті 1 қорымындағы № 11, 12, 13, 31 қорғандардағы 1959 ж. зерттеу жұмыстарының қысқаша есеп түріндегі С.С. Черниковтың сақталған қолжбасы ғана береді. 1959 ж. зерттеу жұмыстарында ерекше қызығушылық туғызатын жайт Шілікті қорымындағы № 11 қорғаннан ит қаңқасының адам жерленген қабірден шығуы. 2004 ж. Шілікті археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде Шілікті 2 қорғандар тобындағы № 1 қорғаннан да иттің бас сүйегі кездескен болатын.

1909-1910 жж. Семейлік гидротехник Г.И. Бокий бастап қазып, қазба қабырғасының құлап кете беруіне байланысты толық аяқтамаған Шағаноба қорымында С.С. Черников 1959 ж. ж.с.д. VI – V ғ. жататын 14 шағын топырақ пен тас аралас қорғанға қазба жүргізіліп, малта тастан қаландысы бар № 11 құрылысқа барлау мақсатында траншея салған. Тоналған қорғандардан 2 ұңғылы сүйек, 5 темірден жасалған жебе ұштары, тас қайрақ сынығы, сабы бар темір пышақ, қапсырмалы тесігі бар 16 темір қаңылтыр, темір тілі бар екі қола айылбас және қола белдіктің басы табылған болатын. Шлак, көмір және күйген бөренелер шыққан № 7 нысан кен қорытатын пеш болуына қарағанда Шілікті патша қорғандарында жерленген басшыларын қамтамасыз еткен кенші, зергерлердің қалдырған ескерткіші болуы мүмкін.

2003 ж. бастап Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция Шілікті жазығында зерттеу жұмыстарын бастады. 17 қорғаннан тұратын Шілікті 3 қорымында өте күрделі архитектуралық құрылысы бар қорғанын қазып, ерте сақ дәуірі зергерлік өнерінің 4303 дана үлгілерін тауып үлкен олжаға кенелтті. Ж.с.д. VIII – VII ғғ. мерзімделетін № 1 (Бәйгетөбе) негізгі үш қабаттан тұратын қорған үйіндісінің ең сыртқы қабатын жапқан көкшіл түсті ұсақ малта тастар салынған уақытта алыстан көгілдір тартып мұнартып мұндалап тұрған. Уақыт өте келе ол табиғат, сондай-ақ адам аяғы мен мал тұяғы әсерінен сырғи-сырғи үйіндіні сыртқа жайылып кетпесін деп бекіткен тұғыр тастарының етегіне жиналған. Жоғарғы қабаты топырақ, шым және құм араласқан қиыршық тастан тұрса, келесі қабаты тас үйінді, ал оның астында жер беті деңгейінде бір адам жерленген қызыл қарағайлардан қималанып салынған қабірхана орналасқан. Ерте темір дәуірі тұрғындары қыстауларындағы өздері тұратын үй-жай, баспаналарына ұқсатып қайтыс болған тумаластарына арнап о дүниелік баспаналарын – зираттарын тұрғызған. Жер асты үйлері жер үсті үйлерін қайталайтын, әрі дәл сондай материалдарды пайдаланған [11, 84-б.]. Көне жер бетіне салынған жерлеу орындары Батыс және Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орта Азия жерлерінде қола дәуірінің соңындағы өтпелі және ерте-скиф уақытына тән. Сақтардағы шығысқа, күнге мінәжат ету ғұрпы бойынша ғимараттың шығыс жақ беті пирамидаға ұқсатып салынған. Қабірхананың шығыс жағынан үлкен және оңтүстік шығыс жағынан кіші екі жер асты көрдәліздері (дромос) ашылды. Соңғысы үлкен көрдәлізбен қабірхананың аузына жақындаған жерде қосылады. Негізгі қызметті кіші дәліз атқарған, бұл жасырын жермен өлілер о дүниеде рахат көру үшін бұл дүниедегі тірілер, яғни тайпалас, рулас туысқандары қайтыс болғандарды еске алып олардың құрметіне ғұрыптық ас беріп, әр уақыт мінажат етіп, әрі ас-сумен қамтамасыз етіп отырған. Қабірхананың солтүстік қабырғасынан алғашында қорған төбесіне орнатылған екі бөлінген сырты жақсы өңделген төрт қырлы болып келген сұр сынтас шықты. Қабірханадан майлы бояумен салынған бұғының, еліктің суреттері бар белгісіз ағаш заттың бөлікше тақтайшалары сақ әлемінде алғаш табылуы. Шілікті қорғандары алтын әшекейлері Т. Жәутіковтің алғашқы қорытындылары бойынша шикізаты жергілікті алтыннан қолдан құйылған жоғары сынамалы (90-96%), әртүрлі техникамен орындалып, құйылып, шыңдалып, дәнекерленіп, тегістеліп, перузамен безендіріліп жасалған. Бұл алтын заттар қайтыс болған адаммен бірге қоюға арналған ғұрыптық зат емес, бұл әшекейлер патшаның тірісінде салтанатты жиындарға, мерекелерге киетін киімі болған.

Ә.Т. Төлеубаевтың басқаруындағы Шілікті археологиялық экспедициясы 2004 ж. бастап күні бүгінге дейін мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Шілікті қорымында археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Нәтижесінде үш ірі қорғандар өзінің тарихи-мәдени, ғұрып-салттық типологиясы, шыққан заттары бойынша ж.с.д. VШ – VІІ ғғ мерзімделген [12].

Шілікті қорғандарының дәл анологиясын қайталайтын әзірге зерттелген қиыр солтүстік шектегі ескерткіш – Солдатово қорымындағы № 2 қорған. Осыған ұқсас ескерткішті Шығыс Қазақстанның далалық өңірінен Ф.Х. Арсланова да зерттеген болатын. Шілікті қорғандарымен өте ұқсас ескерткіштер қатарына топырақ үйінділі 54 қорғаннан тұратын ж.с.д. V – IV ғғ. мерзімделетін Усть-Бөкен қорымында жылқы қосып жерлеуі жоқ қабір шұңқырдың бетіндегі ағаш бөренелер кертпешелерде тиянақталып жабылған. Біз бұл жерде пазырық және құлажорға мәдениеттерінің жерлеу ғұрпы мен тұтыну бұйымдарынан нақты айырмашылығы бар, әрі көп жағынан ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің нағыз жергілікті этникалық тобын кездестіреміз. С.С. Черников бөкендіктерді шіліктіліктердің қарамағындағы ел дей отырып, шіліктіде патшаларын жерлеген бұл жұрт құлажорғалықтар мен пазырықтардан жерлеу ғұрпы мен жерлеу заттары бойынша ерекшеленетін, нағыз жергілікті этникалық топ деп көрсеткен. Қазіргі таңда қолда бар қордаланған бірегей материалдарға, ұқсас ескерткіштердің белгілі бір территорияны алып жатуына байланысты «шілікті археологиялық мәдениеті» деп жаңаша бөліп ж.с.д. VIII – ж.с.д. IV ғғ. мерзімдедік. Сақ патшасының сүйегі қайта жерленуге Шілікті қорғанына әкетілді



Сақ патшасының сүйегі ақыры қайта жерленуге әкелінді.

10 жылдан бері зерттеуде жатқан билеушінің мүрдесі Алматыдағы Ғылым академиясынан табылған жері - Шіліктіге жіберілді. Ғалымдардың бұндай ұйғарымға келуіне көне қорым маңындығы жұрттың «қарғысқа ұшырадық» деген ұзақ жылдық шуы себеп болған.

Сөйтіп, тарихи қазына отандық антропологтардың қолына өткізілген. Бірақ Шілікті қорғаны маңдағы ауыл тұрғындары қазылған қорымды қалыпқа келтіріп, патша сүйегінің кері қайтарылуын талап етті. Өйткені, мазасыз-данған әруақ елге жұт пен қуаншылық әкелген көрінеді.

Әбден зерттеліп болған соң 2013 жылы 8 тамыз күні тарихи тұлға табылған жеріне қайта жерленді.





































Қорытынды

Шығыс Қазақстан өңірінде ерте сақ кезеңінің өзі көршілерінің ықпалдастығына қарай әртүрлі дамыған, яғни бір кезеңнің өзінде қарастылып отырған өлкеде жерлеу дәстүрі бір-бірінен өзгеше, бірақ шаруашылығы ортақ бірнеше тайпалық одақтардың қоныстағандығы туралы қорытынды шығарылып, ерте сақ кезеңі тайпаларының ескерткіштеріне жалпы сипаттама берілді.

Бүгінгі күні ерте сақ дәуірінің ескерткіштерінің материалдық мәдениеті, жерлеу ғұрыптары, шаруашылығы, әдет-ғұрыптары жайлы мәліметтер қаралғанымен, археологтардың алдында сақ тайпаларының қоныстарын зерттеу мәселесі тұр. Егер осы мәселе алдағы жылдары өзінің дұрыс ғылыми шешімін табатын болса, Шығыс Қазақстанның ғана емес жалпы Еуразия кеңістігіндегі ерте көшпелілер мәдениетінің өзекті мәселелері ашылар деген ойдамыз. 2003 ж. тарихи құнды ескерткіштер мен туризм бағытына арналған « Мәдени мұра» бағдарламасына сай бүліну деңгейінде тұрған және жоғалып бара жатқан ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстары қарастырылып отырған өңірге де өз әсерін тигізді. Оған дәлел ретінде 2003 ж. бері Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазбаларды атап өтуімізге болады. Оның ішінде Ә.Т. Төлеубаевтың ерте сақ кезеңіне қарасты Шілікті қорымындағы қазбаларын ерекше айтуға болады. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің шығысындағы археологиялық ескерткіштердің кеңінен танылуына және жариялануына үлкен мүмкіндік туғызып, әлемдік деңгейде аталған ескерткіштерге қызығушылықты арттырып отыр.

Зайсан өңіріндегі Шілікті жазығынан табылған құндылықтар ата-бабалары-

мыздың текті,еңбекқор,он саусағынан бал тамған өнерлі болғанын,сондай-ақ

егін шаруашылығымен де айналысқанын да дәлелдейді. 3- «Алтын адамның»

қабірінен шыққан әшекей бұйымдардардың құйма алтыннан жасалған-дығын және оның сынамасы өте жоғары болғанын білдік .Қазақ даласында әлі ашылмаған сыр аз емес деп ойлаймыз.Есейгенде осы сырларды ашуға өз

үлесімізді қосқымыз келеді.











ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Самашев З.С., Толеубаев А.Т., Джумабекова Г.С. Сокровища степных вождей. – Алматы: ОФ «Берел», 2004. – 176 с.

2.Төлеубаев Ә.Т. Ертедегі үйсіндердің Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 1999. – № 12. – 23-38 - бб.

3. Төлеубаев Ә.Т. Шілікті патша обалары және сақ проблемасының кейбір түйінді мәселелері // Каспий–Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция матиериалдары. 1-бөлім. – Ақтау, 2007. – 229-235 - бб

4. Черников С.С. Загадка золотого кургана: где и когда зародилась скифское искусство. – М: «Наука», 1965. – 188 с.

.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
" Қазақстанның 3-"Алтын адамы" ғылыми жоба

Автор: Рахимжанова Данара Мусратовна,Салиахметова Ажар

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Тарих әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(24) "tarikh_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "387358"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486123266"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Тарих - әлеміне саяхат." сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(45) "tarikh_lieminie_saiakhat_synyptan_tys_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "387360"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486124042"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Тәрбие сағат"
    ["seo_title"] => string(14) "t_rbiie_sag_at"
    ["file_id"] => string(6) "378443"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484217367"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Өнерін өрлеткен топ ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(34) "onierin_orlietkien_top_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409902"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492496658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства