kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Еңбек бәрін де жеңбек" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Мамандық түрлері және әр мамандықтың маңызы туралы айта отырып, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы біледі. Еңбек етуге қызығушылықтары оянады. Еңбекті қадірлеу, бағалау, оның қуанышын көре, сезе білуге үйренеді.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Еңбек бәрін де жеңбек" ашық тәрбие сағаты»

Тақырыбы: «Еңбек – бәрін де жеңбек!»

Мақсаты: Мамандық түрлері және әр мамандықтың маңызы туралы айта отырып, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы біледі. Еңбек етуге қызығушылықтары оянады. Еңбекті қадірлеу, бағалау, оның қуанышын көре, сезе білуге үйренеді.


Түрі: «Айтуға оңай» бағдарламасы негізінде

Сынып: 4

Әдісі: пікірталас, ой бөлісу.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Құрметті, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Сіздер бүгінгі күні 4-сыныпта өтетін «Еңбек – бәрін де жеңбек!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына келіп отырсыздар. Тәрбие сағаты ерекше түрде өтпек. Сондықтан да, тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!



ӨТУ БАРЫСЫ:

  1. Музыка ойналады, сахнаға жүргізуші шығады:

  • Ассалаумағалейкум, жиналған қауым! Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп айтқанындай, әрі бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Еңбек – бәрін де жеңбек» дегенді арқау ете отырып, біраз еңбектеніп, бүгін міне, сіздердің алдарыңызға жүргізуші болып келіп қалған жайым бар. Мен – Өмірбеков Нұралы, «Айтуға оңай» бағдарламасына қош келдіңіздер!

  • Бүгінгі тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісуге қонақтар да келіп отыр екен. Қарсы алайық!

  • Болашақта өзінің ұстазының ізін жалғастырушы болуды армандайтын, әрі ұстаздың еңбегін жоғары бағалайтын, болашақтың мұғалімі – Ілес Гүлбақты қарсы алыңыздар!

Қонаққа сұрақ: - Гүлбақ, неге мұғалім болғың келеді?

Жауап: - Түк білмейтін балаларға білім беру, адам қылып шығару оңай шаруа емес! Ол көп еңбектің арқасы. Адамды адам еткен – еңбек емес пе? Ендеше мен де, мұғалім болып, еңбектеніп, бар қиындықты жеңгім келеді.

  • Рахмет! Енді, келесі қонағымызды ортаға шақырайық. Болашақ дәрігер - Дәулетбек Айнар!

Қонаққа сұрақ: - Айнар, сен шынымен дәрігер болғың келе ме?

Жауап: - Әрине, адам өмірін сақтап қалу, оған дер кезінде көмек көрсету, емдеу, ауруынан жазу деген нағыз еңбек емес пе? Менің болашақта дәрігер болғым келеді.

-Көп, рахмет! Сыртта тағы бір қонағымыз тағатсыздана күтіп тұр, ортаға шақырайық. Халық тыныштығын қорғаушы, өз елінің патриоты, әскери адам болғысы келетін – Ермекова Айым!

Қонаққа сұрақ: - Айым, қыз балаға әскери қызметте болу деген қиын деп ойламайсың ба?

Жауап: - Жоқ, әрине! Еліміздің тыныштығын қорғау, оны сақтау, қыз болса да, ұл болса да барлығымыздың міндетіміз емес пе?

-Иә, иә, келісемін. Енді, келесі қонақтарымызды ортаға шақырайық, Саят Ақтілек пен Темірбекова Аружан!

Қонақтарға сұрақ:

-Аружан, естуімше, сен дизайнер болсам, мектеп формасын ұлттық үлгіге келтіріп тігер едім депсің, рас па?

- Иә, неге олай етпеске, өзім ұлттық киім үлгісіндегі форманы мақтанышпен киер едім.

-Тамаша, керемет болар еді!

-Ал , Ақтілек, агроном болсаң, ауылымызды гүлдендіріп жіберетін шығарсың?

-Иә, ондай ойым бар. Біздің ауылымыз гүлдей жайнап, құлпырып тұрғаны қандай жақсы.

-Айтқаның келсін!

Сонымен, студьямызға әр саланың болашақтағы білікті мамандары жиналған екен, енді «Еңбек – бәрін де жеңбек» тақырыбында ой қозғасақ дейміз.

-Алдымен, мына бір көрініске назар салайық. /слайд көрсетіледі, мектептегі ұстаздар мен қамту қызметкерлерінің еңбегі, мамандық түрлері/

-Айтыңыздаршы, өмірде қай мамандықтың еңбегі зор деп ойлайсыздар?

Мұғалім-Гүлбақ: мысалы:- Әрине, ұстаздың еңбегі орасан зор. Дүниедегі барлық мамандық иелері ұстаздан оқып, білім, тәрбие алады. Ұстаздан шәкірт озар дейді, оқушысының жеткен жетістігі, ол ұстаздың үлкен еңбегінің жемісі, жеңісі деп білемін.

Әскери қызметкер-Айым: мысалы:- Еліміздің амандығы мен тыныштығын сақтау, адал қызмет ету, қатаң тәртіпке бағыну, үлкен жауапкершілікті арқалау деген нағыз еңбек көзі.

Дизайнер-Аружан: мысалы:- Әдемілік, әсемдік, талғам, дәлдік, үйлесімділікті көре білу, асқан сезімталдылықпен шығармашылықты талап етеді. Ерінбей, жалықпай тер төгіп еңбектенбесең, ойлаған мақсатыңа жете алмайсың. Қазір бәрі жаңаруда, өзгеруде бұл дизайнерлердің еңбегінің жемісі деп білемін.

Дәрігер-Айнар: мысалы:- Иә, мен сендермен келісемін, дегенмен, өмірде дәрігер мамандығы бірінші орында деп ойлаймын. Күні, түні тынбай адам өмірін сақтаумен тынымсыз айналысады. Сондықтан да дәрігердің еңбегі - өлшеусіз, шексіз.

Агроном-Ақтілек: мысалы:- Жер қазу, өңдеу, құнарын білу, мол өнім алу, пайдасын көру үшін тынбай еңбектенетін, әсіресе, ауылдық жерде қолға алу керек мамандықтың бірі деп ойлаймын.

Жүргізуші: - Қандай, керемет ойлар десеңізші!

  • Ал, болашақта шынымен осы маман иелері болсаңыздар, ауылымызға қандай жақсылық жасар едіңіздер?

-Дәрігер-Айнар:мысалы: - Мен ауылға, жаңа емдеу құрылғыларымен жабдықталған емхана салып, ауырған адамдарды, осы жерде емдей берер едім. Алысқа барып, қиналмас еді.

-Агроном-Ақтілек: мысалы:- Мен ауылдың топырағының құнарлылығын зерттеп, қандай өсімдіктер өсіруге болатындығын анықтап, ауыл халқына мына жатқан кең даланы қалай игеру керектігін көрсетіп, үйретер едім. Дәнді-дақылдар егіп, көкөністер, жеміс бағын өсіріп, мол пайдаға кенелуге болады ғой.

- Мұғалім-Гүлбақ: мысалы: -Мұғалім, ол қай заманда болса да үйретуші, оқытушы, жетекші. Мен өзім үлгі тұтатын ұстаздарым сияқты білікті, білімді болғым келеді. Оқушыларға заманға сай дұрыс білім берсем деймін.

- Дизайнер-Аружан: мысалы:- Мен өзім, жоғарыда айтып кеткендей, мектеп формасын ұлттық нақышта тігіп, еліміздің барлық мектептерінде осындай форма киюді ұсынар едім.

Әскери қызметкер-Айым: Мысалы:- Мен ағам сияқты, әскери адам болғым келеді. Қатты қызығамын. Сондықтан да мектепте төменгі сыныптардан бастап алғашқы әскери дайындық сабағы өтуіне күш салар едім. Өйткені, кейбір мектеп бітірген ағаларымыз әскери борышын өтеуден бас тартып, барғысы келмей жүреді, себебі, Отанын қорғау үшін кез-келген уақытта дайын болу керектігін түсінбейді. Бұл жауапкершілікті ерте жастан бойға сіңіру керек сияқты.

Жүргізуші: - Бәрекелді, осы ниеттеріңнен, мақсаттарыңнан таймаңдар!

Сонымен, көрермен қауым, тақырып төңірегінде біраз ойлар, ұсыныстар айтылды, қай саланың еңбегі зор екені таразыға салынды, әйтсе де барлық сала бірінсіз-бірі болмайды, қай салада болмасын дұрыс еңбектенсең ғана бәрін де жеңесің деп ойлаймын.

Дегенмен, бағдарламамыздың соңына таяп қалған екенбіз. Енді, бірауыздан барлығымыз қорытындыласақ:

Бәрі: Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты- еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты -еңбек

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты- еңбек

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең- еңбек

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!


Жүргізуші: - Иә, мұның бәрі айтуға оңай, әрине! Келесі кездескенше аман- сау болыңыздар!











Рефлексия: Бұл тәрбие сағатының «Айтуға оғай» бағдарламасы негізінде ұйымдастыруымның себебі, біріншіден Бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асыру болса, екіншіден оқушыларымның өз бетінше жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу болды және аталған мамандық иелері кейіпкері ретінде өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру, шынайы өмірдегі бұл мамандықтардың маңызы туралы ойларын негіздеу. Бұрын тәрбие сағатында өзімнің ықпалым көбірек болса, осы сабақта тек бақылаушы, бағыттаушы ретінде қатысып отырдым. Сабақты оқушылар бастан-аяқ өздері жүргізіп шықты. Бұдан байқағаным, оқушыларым, біршама реттелген, өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті, ойларын еркін жеткізуге тырысады, өмірмен байланыстыра алады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Еңбек бәрін де жеңбек" ашық тәрбие сағаты

Автор: Нукешева Асел Омирзаковна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414228

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "конспект урока для классный час на тему «?лы же?іс - жасасын!» "
    ["seo_title"] => string(66) "konspiekt-uroka-dlia-klassnyi-chas-na-tiemu-u-ly-zhien-is-zhasasyn"
    ["file_id"] => string(6) "222547"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1436435506"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«?лы же?іс - жасасын!»"
    ["seo_title"] => string(18) "ulyzhieniszhasasyn"
    ["file_id"] => string(6) "321221"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461241260"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "«Армысы?, ?з Наурыз!» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "armysyn-z-nauryz-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "176341"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424407469"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ашық тәрбие сағаты "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!""
    ["seo_title"] => string(58) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_ieli_suighien_ielin_suighien_ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "388776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486430943"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""?лы Же?іс жасасын" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(35) "ulyzhieniszhasasynashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "285601"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454223092"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства