Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Ауылдағы судың экологиялық жағдайы»
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Ауылдағы судың экологиялық жағдайы»
Ғылыми жұмысты жазушы 3-сынып оқушысы Мейрамхан Алдияр өз зерттеуі арқылы ауылдағы ауыз суға пайдаланылатын құдықтың суының ластануы және қандай жолдармен ластанатынын анықтай отырып, оны ластамаудың қандай жолдары бар екенін ашады. Ауыл тұрғындары арасында Алдияр суды ластамау, сондай-ақ суды қажетті мөлшерде қолдану керектігі жөнінде әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Ауылдағы судың экологиялық жағдайы»»
«Кадыр Каримов атындағы орта мектебі»ММ
Тақырыбы: «Ауылдағы судың экологиялық жағдайы»
Бағыты: Өлкетану
Дайындаған: Мейрамхан Алдияр
3 сынып,Қостанай ауданы,
Қостанай облысы,
Жетекшісі: Уткельбаева Кульбайрам
Жакеновна, бастауыш сынып
мұғалімі, Кадыр Каримов
атындағы орта мектебі
2017 жыл
Мазмұны:
Кіріспе
Суды есепсіз қолданбау
Тобыл өзенінің маңына қоқыс лақтырмау
Ауылдағы су күнделікті өмірде қолданылғандықтан суды таза ұстау, лайламау және құдық маңайын қоршау
Қорытынды
Аты-жөні: Мейрамхан Алдияр
Туған күні: 17.10.2008
Мектебі: Кадыр Каримов
атындағы орта мектебі
Сыныбы: 3
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
«Ауылдағы судың экологиялық жағдайы»
Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Қазақстан жасыл желекті, ауасы таза, мөлдір сумен айшықталған экологиялық апаттан сақ ел болып қалыптасуы керек», - деген сөзін басшылыққа ала отырып ауылдағы су мәселесі, оның тазалығын сақтап, ластанбауына жол бермеу.
Сын-пікір
Ғылыми жұмысты жазушы 3-сынып оқушысы Мейрамхан Алдияр өз зерттеуі арқылы ауылдағы ауыз суға пайдаланылатын құдықтың суының ластануы және қандай жолдармен ластанатынын анықтай отырып, оны ластамаудың қандай жолдары бар екенін ашады. Ауыл тұрғындары арасында Алдияр суды ластамау, сондай-ақ суды қажетті мөлшерде қолдану керектігі жөнінде әлеуметтік сауалнама жүргізді .
Жұмыстың пайдалы екендігі мазмұнынан байқалады.
Мектеп директоры: Ибраева С.Т.
Жетекшісі: Уткельбаева К.Ж.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында халықты, әсіресе ауылды жерлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы алаңдатып отыр. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің басты мәселесі халықтың орналасу жағдайы, ауылшаруашылық еңбегінің ерекшелігімен анықталатын сипатымен байланысты. Қазақстан жағдайындағы жер беті және жер асты су көздеріндегі тұщы судың жетіспеушілігі маңызды фактор болып саналады.
Мен өз ғылыми жұмысыма байланысты ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету алдағы жоспарға ауылдық әкімнің көмегімен мәселе қозғадым:
ауылда су жүйесін гигиеналық бағалау және су факторының адам денсаулығына әсерін анықтау үшін ауыспалы көрсеткіштер белгілеу;
халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тобыл өзенінен каналдар тарту;
су көздерінің түрлерін анықтау;
су көздеріндегі судың сапасын анықтайтын орын ашу;
ауыл халқының денсаулығын үнемі ауылдық фельдшер айықындап отыру үшін нұсқау беру.
Су – тіршілік көзі.
Жер бетінің 75%-ын су алып жатыр. Егер су болмаса біздің планетамыздағы тіршілік баяғыда-ақ жойылған болар еді.
Су – тірі табиғат. Адам денсаулығы үшін судың маңызы зор. Кейбір мәлеметтерде адам денесінде; қан құрамында 85%, бұлшықеттерде 80%, мидың 75% -ын су құрайды.
Адамға өмір сүру үшін судың маңызы көп. Күнделікті өмірде 1 адам басына кем дегенде 10-12 литр су жұмсайды. Біз сумен жуынамыз, ас әзірлейміз, кір жуамыз, үй шаруашылығына жұмсаймыз және т.б. Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып барады. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек және су тазалығын сақтауымыз керек.
Біздің ауылдағы судың негізгі көзі ол құдық. Барлығын қосқанда ауылда 11 құдық бар. Оның ішінде 5 құдықтың суы таза, ішуге жарамды. Ауылда шамамен 200 отбасы тұрақтанған. Орта есеппен есептегенде әр отбасыда 5 адам бар. 1 адам күніне 10-12 литр су қолданады. Сонда 1000 адам күніне тұрмыста неше литр су қолданады? Шешуі:200*5=1000
1000*12 л=12000 литр су бір күнде әр отбасының тұрмысында қолданылады.
Біздің ауыл Тобыл өзенінің жағалауында орналасқан. Көбінесе адамдар өзеннің суын ауылдағы мал шаруашылығына пайдаланылады.
Ал жағалаудың бір жағында мынандай көрініс. Малдың аты – мал. Малдан қалған қоқыс өзен суына түседі. Сол себептен ауыл тұрғындары арасында экологиялық-мәдениеттік шарасын жүргізу шарт.
Қыс мезгілінде құдықтағы судың жерге төгілуінен мұз болып қатады. Мұзды адамдар ояды. Ол мұз қайтадан құдықтың ішіне түсіп, ауыз су ластанады. Сол себептен суды әрбір қолданған отбасы таза күйінде қабылдау үшін қайнатып, тұндырып ішу қажет.
Тағы бір айтып кететін жағдай ол құдықта су алуға арнайы шелектің болмауы. Әр су алушы адам өз шелегімен келеді. Бірақ кейбіреулер лас шелекпен суға келеді. Шелек судың құрамы мен қасиетін сипаттайтын ластаушы факторлардың тізімінде. Сол себептен адам денсаулығына қауіп төңгізбеу үшін осы шарттарды ескертсек жақсы болар еді.
Ауыл мейірбекесі адам денсаулығы үшін судың маңызын айтып берді. Судың құрамын айтып, оны пайдаланудағы санитарлық-гигиеналық нормалармен де таныстырып өтті.
Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары – аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға бөлу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатан түрде сақтау.
Мал шаруашылығын өнер кәсіптік негізгі көшіруге байланысты мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады.
Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез, бруцеллез, сүзекті-паратифозды инфекциялар, салмонеллез, гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен және күкіртті сутегімен ластанады.
Жаз айлары адамдар суға шомылуға ауыл маңындағы Тобыл өзеніне келді. Ауылдастарымыз ғана емес, сондай-ақ қаладан да демалушылар келеді.
Тобыл өзенінің жағасында демалған бір топ адамдардың қалдырып кеткен қоқысы. Көктем мезгілінде су тасып, мына қалдықтар өзен арнасына түседі.
Бірақ су тазалығын сақтау ережелерін көбі ұстанбайды. Әсіресе жаз айларында өзен жағалауы өте ластанады. Демалушылар келгенде қоқыс қалдықтарын жинамай, сол жерде қалдырып кетеді. Ауыл адамдары да өздері сол өзенге шомылып, малдарын да сол жерден сусындырады. Жоғарыда айтып кеткенімдей өзен, көлдерден су буланып, қайта жерге түседі. Осыны ойласақ адам өз қолымен суды ластап, сол суды өзі қайта пайдаланады. Осы жерде қазақтың мақалын айтып кетейін: «Су ішкен құдығына түкірме»!
Жүргізілген зерттеу жұмысы арқылы су көздері құдық және Тобыл өзенінің тазалығы адам денсаулығына тигізер пайдасы мен зияның зерттеп көрдім. Осылайша, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың аса мыңызды факторы болып табылатынын түсіндім. Санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдалану жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындауына жағдай жасап, адамдардың денсаулығына шынайы қауіп төндіреді. Бірақ осы қауіпті алдын-алу мына біздердің қолымыздан келетін істердің бірі екенін түсіндім. Әр адам тіршілік көзін – суды қадірлеп, оны таза ұстауға бейімделсе, біз адам денсаулығына зияң келтіретін факторларды жоя аламыз.
ӘР АДАМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ИГІ ІС
СУ – КИЕЛІ
СУ – ҚАДІРЛІ
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Пайдаланылған әдебиеттер:
Табиғаттағы су. Оқулық. Алматы кітап, 2014 жыл
Бастауыш мектеп журналы. «Су тірі табиғат» № 5, 2016 жыл
Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық. Рауан. 2006 жыл