Бақаның түрлері және оның пайдасы жөнінде ғылыми жұмыс.Бұл жұмыста бақаның пайдасына зерттеулер жүргізіліп,халықтық ем түрлері және медицинада қолдану түрлері баяндалған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
І. КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1.1.Бақаның пайдасын халықтық мединица саласында қолдану әдістері....................................................................................................................5
ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Қосмекенділер және олардың түрлері..........................................................6
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................17
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қосмекенділер тобына жататын бақаның адам денсаулығына пайдасын зерттеп, халық арасында бақамен емдеудің қарапайым жолдарын ұсыну және бақадан медициналық дәрі-дәрмектер жасау бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Зерттеу мақсаты: Бақаның пайдасын медицинада және халықтық медицинада қолдану жолдарын көрсету.Баспа және астма ауруларын табиғи жолмен емдеу жолдарын ұсыну,қосмекенділер класына жататын құрбақаның пайдасын зерттеу. Бақаның тіршілігін бақылау, бақаның ауыл шаруашылығы мен адам денсаулығына тигізетін пайдасын зерттеп, қарапайым емдеу жолдарын ұсыну
Ғылыми жобаның міндеттері:
Бақа туралы кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
Бақаның пайдасын зерттей отырып, емдік қасиеттерін қолдануды насихаттау;
Бақаның түрлері мен таралу аймақтарына талдау жасау және өзекті мәселелерін анықтау;
Халық медицинасында бақамен емдеу жолдарын ұсыну
Зерттеу болжамы:Ғылыми жұмыс барысында бақаның пайдасы толық қарастырылып,медицина ғылымының зерттеу бағыттарына сипаттама жасалды.Бақаның адам денсаулығына пайдасын біліп, қарапайым емдеу жолдарын қолдануды насихаттау.
Зерттеу әдістері:
Ғылыми мәліметтермен танысу, бақа тіршілігіне талдау жүргізу;
Зерттелген нәтижелерге талдау жүргізу;
Жалпы орта білім беретін мектептердегі дүниетану пәнінің бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік құралдарына талдау жасау;
Зерттеу бойынша сұрақтар қою, бақылау жүргізу
Зерттеу нәтижесі: Бақаның жер бетінен жоғалып кетуіне жол бермеу, қамқорлыққа алу, бақамен емдеу жолдарын ұсыну
Ғылыми жобаның деректік көзі мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер,интернет желісінен алынған ақпараттардан тұрады.
Зерттеудің құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Бақаның пайдасын халықтық мединица саласында қолдану әдістері
Қосмекенділер класы, құйрықсыздар отрядына жататын бақаның пайдасын көп адам біле бермейді. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етіп, зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауылшаруашылығына көп пайда келтіреді.
Сондай-ақ, медицина және халықтық медицина саласында да бақаның пайдасы туралы көп мәліметтер келтіруге болады. Атап айтсақ, ғалымдар бақа уының жүрекке әсерін зерттеп, буфатин деп аталатын жүректің жұмысын жақсартатын дәрі жасап шығарды. Ол дәрі Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау комитетінің рұқсатымен шығарылған. Ол 46 науқасқа қолданған кезде жақсы нәтиже көрсеткен.
Ольтер университетінің зерттеушілері тропикалық ормандарда тіршілік ететін бақалардың уынан ісік ауруына қарсы жаңа дәрі ойлап шығарды.
Ал Аргентинада тіс ауруларына бақаның терісін алып қоятын болған. Тіс лезде жазылып кеткен. Қытайда «Чан-Су», ал Жапония «Сан-Со» деп аталатын бақа уы тіс ауырған кезде және ішек ауруларында қолданылады.
Халық медицинасында баспаны (ангина) антибиотикке қарағанда табиғи жолмен емдеуді ұсынуға болады.
Қолдану әдісі: Өзен бақасын алып адамның аузына жақындатып қою қажет. Науқас бақаның терісіне дем алып, дем шығарады. Мұны 15-20 минут үзбей қайталап жасау керек. Осы кезде бақаның терісі біртіндеп солып, ол дымқылданып, көзі ішіне қарай кіріп солып, дел-сал болып қалады. Бір рет жасағаннан кейін-ақ нәтижесі белгілі болады. Тамақтың ауырғаны қойып, сөйлеуі жеңілдейді, ірің қайтады. Егер осыны 3-4 мәрте жасаса адам баспа ауруынан құлан таза айығады.
Ал астмамен ауырған науқас бақаны алып, онымен бірге тыныстаса және осыны үзбей 10 күн жасаса жазылып кетеді.
Ревматизмді де қақталған бақа терісін маймен араластырып жағу арқылы емдесе болады. [1]
Ғалымдардың соңғы зерттеулері тіпті таңғалдырарлықтай. Құрбақа етінің құрамындағы кей заттар мидың қатерлі ісігіне ем болады екен. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарды білдіремін.
Халық арасында көп таралған баспа (баспа), қатерлі ісік, буын ауруларына қолданатын емдеу жолдарын ұсынып, насихаттаса еліміздегі адамдардың денсаулығын нығайтуға қосқан үлесіміз болар еді.
Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат жыл сайын 14 миллиардтай құрбақаны аулап жейді екен. Бұл олардың тіршілігіне қауіп төндіруде. Біздің елімізде қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілгенімен, оларды аулауға тыйым салуды қатаң жолға қою қажет.
ІІ. Қосмекенділер және олардың түрлері
2.1. Қосмекенділер –ең алғаш құрлыққа шыққан төртаяқты омыртқалы жануарлар. Бұлар екі ортада: суда және құрлықта кездесетіндіктен қосмекенділер деп атайды.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4000 –нан астам түрі Жер шарының тропиктік,субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен,Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген. Дернәсілдері суда-желбезектері және терісі арқылы, ал ересектері құрлықта терісі және өкпесі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер-салқынқанды, төрт аяқты жануарлар. Олар үш отрядқа бөлінеді: құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз қосмекенділер. Аяқтарымен жүреді және секіреді.Құйрықты қосмекенділер суда жүзеді. Олар-суда өмір сүруге екінші рет оралған жануарлар. Қосмекенділердің жұмыртқасы және дернәсілдері суда болатындықтан,көбеюі суда жүзеге асады. Аяқсыз қосмекенділер ылғалды және жұмсақ топырақта мекендейді.Олардың аяғы және жамбас белдеуі, сондай-ақ көзі, теңдестіру мүшесі және ортаңғы құлағы жоқ. Иіс сезу және сипап сезу мүшелері жақсы дамыған. Іштей ұрықтанады,уылдырықтарын аналығы қорғайды.
Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер отряды. Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2-3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді. Қосмекенділердің терісі жұқа,тегіс және безді болып келеді.Бездерден бөлінеген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек, олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады. Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмамлы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшық еттер жақсы дамыған. Жақ сүйектеріндегі ұсақ тістермен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайырылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Ал ішекке бауырдан келетін өт және ұйқы безінің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғыбөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоокаға айналады.
Дернәсілері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз – жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қан тарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қан айналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қан айналым шеңбері пайда болған.Оны өкпелік шеңбер деп те атайды.Денесіне аралас қан тарайды.Екі қан айналым шеңбері де қарыншадан басталады.Үлкен шеңбер-оң құлақшаға,ал кіші шеңбер сол құлақшаға келіп аяқталады.Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу.Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген.Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған.Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты,иіс сезуі жақсы дамыған.Көзінің қасаң қабығы дөңес,көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді.Көзінің айналысында қозғалмалы,жұқа терілі қабақтары болады.Қосмекенділерде,ішкі құлақтан басқа,ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады.Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған.Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады.Дәм сезуі,тері арқылы сезуі нашар дамыған.Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі,екі несепағар түтігі және бір қуығы бар.Қуығы жақсы дамыған,ол клаокаға ашылады.Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады.
Қосмекенділер-дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе итшабақ деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдерінің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қан айналым шеңбері болады. Дами келе жұтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады.
Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ыдғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефаолдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауында тіршілік еткен.
Аяқсыз қосмекенділердің 170-тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпошым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар – жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі-іштей ұрықтанады.
Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі-жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы-жалпақ, тұмсығы –доғал. Алдыңғы аяқтарында-төрт, артқы аяқтарында бес саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісулық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 3500-дай түрі бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады. Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа,кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді.Жасыл құрбақа кеңінен таралған.құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалы, кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңірінде таралған, бірақ барлық жерде саны аз. Бақалар тұқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда бұл тұқымдастың 5 түрі мекендейді. Олар: көл бақа, сүйіртұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа. Қызылаяқ бақа Балқашкөлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996ж) тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді.
Құрбақа-құйрықсыз қосмекенділердің отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған 21 туысы, 300-дей түрі белгілі.Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан. Қазақстанда ең көп таралған құрбақаның 3 түрі: кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа және даната құрбақасы кездеседі. Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болғандықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі құрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін, күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының сатына жасырынып, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшыңмен қоректенеді. Індерінде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Наурыздың аяғы –мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Аталықтары үш, аналықтары төрт жасында жыныстық жағынан жетіледі.
Жасыл құрбақа далалық аймақтарда, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді. Қазақстанда тіршілік ететін үш түрінің ең көп тарағаны. Тұрқы 70-90, кейде 140мм. Терісі бұдырлы, арқасы сарғыш сұр немесе жасыл сұр. Шықшыт бездері үлкен. Мамыр, маусымда суға 12 мыңға жуық уылдырық шашады. Кеміргіштер інінде, тас астында, шұңқырда қыстайды. Зиянкес жәндіктерді жеп пайда келтіреді.
Даната құрбақасы –құйрықсыздар отряды, құрбақалар тұқымдасына жатады. Дене тұрқы 56-67 мм, салмағы 16-30 г.Жасыл құрбақадан ерекшелігі - дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасы биологиялық таксон ретінде ғылымға 1978 жылдан белгілі. Түрікменстанның оңтүстік –батысында орналасқан Кюрендаг тауындағы Даната бұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында 2,0-4,5 мың уылдырық шашады. Олар үш тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі: құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар және жұлдызқұрттар. [2.257-261]
Қосмекенділерден біздің Маңғыстау облысында бары кәдімгі құрбақа мен жасыл бақа ғана, олар тұщы су көздері төңірегін мекен етеді. [3.131]
2.2 Бақаның пайдасы
Құрбақаны көп адам ұнатпайды. Ол зиянды, одан қолыңа сүйел шығады деседі. Мұның бәрі дұрыс емес. Құрбақа терісіндегі ұсақ бүртіктерінен түсі ақшыл сұйық бөліп шығарады. Бірақ одан еш уақытта ешқандайда сүйел пайда болған емес. Бұл сұйықтықтың иісі өте жағымсыз болады да, оны олжалағысы келгендерге өте сүйкімсіз көрінеді. Ол осындай жолмен өзінің жауларын сескендіреді. Өйткені оның қорғануға қажетті өткір тістері де, қашып құтылатын жүйріктігі де жоқ.
Құрбақа жөнінде толып жатқан қауесет бар. Бірақ соның ақиқатын айыра білетіндер некен-саяқ. Мәселен, құрбақаның қандай зор пайдасы бар екенін білетіндер де аз. Ол күні бойы дымқыл да оңаша бір жерде отырып, ымырт жабылған кезде қорек іздей бастайды. Сөйтіп, түні бойы қаншама зиянкесті – жұлдыз құртты, жалаңаш шырышты, шыбын-шіркей мен басқа да жәндіктерді құртады. Міне, сондықтан да құрбақа біздің досымыз болып табылады.[4.195]
Бақаны Францияда тағам ретінде де, диеталық күйде де қолданылады.Олардың етін тағам ретінде әсіресе қолын пайдаланады.Олардың құнарлылығы тауық етінен кейін екінші орында. Құрбақаны тамаққа пайдалануды ойлап тапқан француздар емес,чехтар көрінеді.Прагаға жақын маңда осыдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген ауыл табылған.Олардың қола дәуірінде құрбақа етімен тамақтанғаны белгілі болып отыр. Бақа-шаянды ас мәзірінен түсірмейтін олар құрбақадан да бармағыңды жалап тұрып жейтін керемет ас әзірлеуде алдына жан салмайды. Ресейде де құрбақа еті үлкен сұранысқа ие. Әрі кірісі мол кәсіп түрі болып саналады. Бизнестегі бос кеңістікті пайдаланып қалуды көздегендер бүгін де құрбақадан да күреп ақша тауып жүр. Қатырылған құрбақаның аяқтары 150-500 рубль тұрады. 200 грамм қуырылған құрбақаның аяғын 400-500 рубльге саудалайды. Құрбақаның қалдығын кәдеге жаратуға болады. Одан жоғары сапалы тыңайтқыш жасап шығарады. Осылайша, Ресейде бақа бизнесінің көрігі қызып тұр. Қазақстан да құрбақа бизнесінен құр алақан емес. Астана мен Алматы секілді ірі қалалардағы мейрамханаларда құрбақа қуырдағын сатып жатыр.
Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат жыл сайын 1 миллиардтай құрбақаны аулап жейді екен. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, амфибияларды аулауға деген құмарлық олардың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр. Жуырда құрбақалардың халықаралық саудасы туралы БҰҰ сарапшылары жариялаған жаңалық жаға ұстатарлықтай. Бақалардың ең үлкен тасымалдаушылары АҚШ пен Франция болып есептеледі. Осы екі елден өндірлген өнім жүздеген елге жөнелтіледі. Басы жалпақ бақаларға сұранысты арттырып отырған ел Индонезия болып шықты. Осы елдің тұрғындары жыл сайын 5 тоннадай бақа жейді екен. Құрбақа етін пайдалануға тыйым салмаса, құрбақалардың құрып кету қаупі төніп тұр.
Ресейде бүгінде құрбақаны арнайы аулап, өсіріп,сатушылар көбейді. Оны өсіру оңай шаруа емес. Уылдырық сатып алып, содан да өсіруге болады. Оны төрт жыл бойы бағу керек. Бұл бизнестің «тілін таппаса», жемісін беру де қиын. Шығынды көп қажет ететін кәсіптің түрі. Арнайы орын дайындап, бағып, өсіру үшін сан салалы интернет сайтттары көмек қолын созуға дайын. Тіпті бақаларды қалай күтіп, баптау керек, оны қалай «жемдеу» керек, тіпті одан тағамды қалай әзірлеу керектігіне дейін соқырға таяқ ұстатқандай алдыңызға тосады. Улы бақаларды қалай ажыратуға болатындығына дейін бар. Бақаны жақсылап «бордақылаған» жағдайда бір құрбақаның өзі 1-1,5 келіге дейін жетеді екен. Негізінен,жылы жақта өсетін құрбақалар жеуге жарамды болады. Күзде ауланған құрбақа өте тәтті болып есептеледі. Жаз бойы пайдалы заттармен қоректенген құрбақа күзге қарай семіреді. Олар тек таза өніммен қоректенеді.
Ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде бақа терісінен ерекше зат табылған. Ол терідегі ашық жараның тез жазылуына сонымен қатар теріге енген бөгде заттардың, бактерияның, микробтардың жойылуына әсер еткен. Сондай-ақ бақаның уының да пайдасы анықталған. Бақаның уы өте күрделі қосылыс. Негізгі бақаның уы оның терісінде сұйық түрінде кездеседі және ағзаға бірден сіңімді түрде өтеді. Бақаның уының құрамын ашып, алғаш зерттеген химик және биохимик Б.Виткоп болды. Уақыт өте келе бақа уының пайдасын ғылымдар тексере бастады және оны медицинада ерекше аталып өтті. Әсіресе орыс фармакологі Н.П.Кравкова ерекше қызығушылықпен зерттей бастады. Бұл жолда орыс Нобел сыйлығының иегері академик И.П.Павловтың да алар орны ерекше. Әрине,бақаның уы медицинаға бірден келе салған жоқ. Ғалымдар алдымен олардың химиялық құрамын зерттеді. Оның уы адреналин-гармоннан тұрады. Ол адам және жануарда қан қысымының көтерілуіне алып келді. 1904 жылы Н.П.Кравков жасыл және сұр бақаның уын итке қолданды сол кезде иттің жүрегі тез әрі қатты соға бастаған. Кейіннен 1967 жылы американдық кардиолог К.К.Чен бұл тәжірибені ары қарай жалғастырды. Ол бақалардың уын борсықты улы жылан шаққан кезде қолданған. Сонда борсық 2-3 сағатқа шейін белгісіз бір күйде жатқан. 2-3 сағаттан соң уды қайтадан қолданған кезде борсық жазылып кеткен. Бақаның уының аз мөлшері де пайдалы болып келеді. Тыныс алуды қалыпқа келтіреді, жүрек жұмысын жақсартады. Жануарлар ағзасындағы бактерияларды өлтіріп, олардың өмірін ұзартады. Осыған байланысты Жапония мен Үндістанда дәрілік құрылымдар дайындалуда.1888 жылы Еуропада итальяндық ғалым С.Стдерини өзінің бір науқасқа көз ауруына қарсы ота ота жасау барысында, бақа уын науқас адамды ұйықтату үшін және де көз айналасын жансыздандыру үшін қолданған. Ғалымдар бақа уының жүрекке әсерін зерттеп, буфатин деп аталатын жүректің жұмысын жақсартатын дәрі жасап шығарды. Ол дәрі Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігі Фармокологиялық комитеттің рұқсатымен шығарылған. Оны 46 науқасқа қолданған кезде жақсы нәтиже көрсеткен. Ольтер университетінің зерттеушілері тропикалық ормандарда тіршілік ететін бақалардың уынан ісік ауруына қарсы жаңа дәрі ойлап тапқан. Кішкентай африкалық бақаның уы ДНҚ инженериясында қолдануда. Австралиядағы жасыл бақаның уының құрамынан сыртқы ортаның қауіпті жағдайларынан қорғану үшін яғни иммунитетті көтеру мақсатында ерекше сұйық алынды. Бельфастың Коралевтік университетінде ғалымдар бақаның терісінен ақуызды тапты. Ол инсультқа, диабетке, ісік ауруына пайдалы. Және трансплатация кезінде де қолданған. Ұлыбритания және американдық ғалымдар бақаның аналығынан жаңа молекула тапты. Ол бастағы ісік ауруына пайдалы. Ол «Амфинейс»-солтүстік леопаттық бақадан бөлініп алынған жаңа молекула. Ол бастағы ісікті ішіне кіріп өлтіреді. Бақаның терісіндегі сұйықтық сусамыр ауруына шипа. Оның құрамынан инсулиннің тұрақтылығын сақтайтын зат табылған. Ал Аргентинада тіс ауруына бақаның терісін алып қоятын болған. Тіс ауруы бақаның терісіне тигізіп тістегенде лезде жазылып кеткен. Қытайда «Чан-Су»,ал Жапонияда «Сен-Со» деп аталатын бақа уы тіс ауырғанда және ішек ауруларында қолданған.
Ғалымдардың соңғы зерттеулері тіпті таңғалдырарлықтай. Құрбақа етінің құрамындағы кей заттар қатерлі ісік дертіне таптырмайтын дәрумен көрінеді. Мидың қатерлі ісігіне ем болады екен. Араб зерттеушілері құрбақаның терісінде аса қауіпті бактериялармен күресте таптырмайтын бағалы заттар бар екенін анықтады. Оның терісі бактерияға қарсы заттармен көмкерілген. Ғалымдар зерттеу барысында құрбақаның терісінен синтезделген құрам тапқан. Зерттеушілер жаңа бактерияға қарсы дәрі алдағы бес жылда нарыққа шығарылуы мүмкін деп отыр, егер осы өндірісті инвестициялайтын әріптес табылса.
Халық медицинасында баспаны антибиотикке қарағанда табиғи жолмен емдеуді ұсынады. Соның бірі өзен бақасымен емдеу. Қолдану әдісі: Өзен бақасын алып адамның аузына жақындатып қою қажет. Науқас бақаның терісіне қарап дем алып,дем шығарады. Бұны 15-20 минут үзбей қайталап жасау керек. Осы кезе бақаның терісі біртіндеп солып, ол дымқылданып,көзі ішіне қарай кіріп солып дел-сал болып қалады. Бір рет жасағаннан кейін-ақ нәтижесі белгілі болады. Тамақтың ауырғаны қойып, сөйлеуі жеңілдейді, ірің қайтады. Егер осыны 3 мәрте жасаса адам баспа ауруынан құлан таза айығады. Ал асмамен ауырған науқас бақаны алып, онымен бірге тыныстаса және осыны үзбей 10 күн жасаса жазылып кетеді. Сондай-ақ ревматизмді қақталған бақа терісін маймен араластырып жағу арқылы емдеуге болады. Және бақаның уылдырығын кептіріп қойса ол да буын қақсағанда өте күшті ем. Қақталған уылдырық алты айға жарайды. Одан дәрі жасау жолы мынадый: Бақаның төрт бөлігін алып, бір бөлігіне май құйып, бетін жауып жиырма күн бойы сақтап қою керек. Денеге немесе аяққа жақса буындардың қақсауына ем.
-Сыздауық шыққанда бақаның терісін алып таңып қойса, іріңді сорып алады.
-Өртелген бақаның күлін қанды тоқтатуға пайдалануға болады.
Еліміздегі дәріханаларда «Жаби камень» деп аталатын буын ауруларына қолданатын жақпа майы бар.
Ауру түрлері
Қолдану әдістері
Баспа (ангина)
Бақаны алып адам аузына жақындатып қою қажет. Науқас бақаның терісіне қарап дем алып, дем шығарады. Бұны 15-20 минут үзбей қайталап жасау қажет. Емді 3-4 мәрте жасаса адам баспа ауруынан айығады.
Астма
Астмамен ауырған науқас бақаны алып онымен бірге тыныстаса және осыны үзбей 10 күн жасау керек.
Ревматизм (Буын ауруы)
Қақталған бақа терісін маймен араластырып жағу керек.
Сыздауық шыққанда
Сыздауық шыққанда бақаның терісімен таңып қойса, іріңді сорып алады.
Қанды тоқтату
Өртелген бақаның күлін себеді
Қорытынды
Табиғаттың бір бөлшегі болып саналатын бақаның пайдасы туралы көп мәліметтермен танысып, зерттеу жұмысымды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарымды білдіремін.
-Халық арасында көп таралған баспа (ангина) астма, буын, тіс ауруларына қолданатын қарапайым емдеу жолдарын ұсынып, насихаттауға болады деп ойлаймын.
-Статистикаға сүйенсек, елімізде қатерлі ісік дертімен ауыратын 145 мың адам тіркеуге алынған.Бақа уынан ісік ауруына қарсы дәріні жасап, оны осы науқастарға қолдану еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесіміз болар еді.
-Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат жыл сайын 1 миллиардтай құрбақаны аулап жейді екен. Бұл олардың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр. Біздің елімізде қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілгенімен, оларды аулауға қатаң тыйым салуды жолға қою қажет.
Бақылау №1
Бақа суда да, құрлықта да өмір сүреді. Оны үй жанындағы бақшадан және Елек өзенінен бақыладым. Бақа суда жүзеді, құрлықта секіріп қозғалады.
Бақылау №2
Бақаның денесі жалпақ, кеудесі қысқа, мойынығ құйрығы, құлағы жоқ. Артқы аяғы алдыңғысынан 2-3 есе ұзын. Артқы аяқтарының башпайлары арасында жүзу жарғақтары бар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. kaz_orta.org
2. Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. – Алматы, 2008 – 131 бет
3. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Кожантаева, Биология – 7-сынып, Атамұра, 2012
4. Ол кім? Бұл не? ІІ том – Қазақ совет энциклопедиясы, 195 бет
5. К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, З.Олейник. Дүниетану– 2-сынып, Алматы, «Атамұра», 2009