Дидактикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Гүл бөліктерінің толық атын көрсетіңіз: А - К- Ж - Г.С - Т- Г.Т -
2-тапсырма. Алма ағашы гүлінің формуласын жазып, талдау жасаңыз:
3-тапсырма. Мынау қандай гүлдің формуласы: Т(5) К(5) А(0) Ж(3)
4-тапсырма. Диктантты аяқтаңыз: Биология грекше …. - тіршілік, логос - …., тірі …. зерттейтін ғылым.
5-тапсырма.Диктантты аяқтаңыз: Ботаника …. – шөп, …. зерттейтін ғылым.
6-тапсырма. Ұлғайтқыш қол әйнегінен тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің айырмашылығы неде?
7 -тапсырма. Тірек – сызбаны аяқтаңыз: Жасуша
8-тапсырма. Қатесін табыңыз: Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс, камбий деп бөлінеді.
9 -тапсырма. Тірек-сызбаны аяқтап, атқаратын қыметін жазыңыз:
Қабық
1 0-тапсырма. Мына сызбадан нені білуге болады, түсіндіріңіз: Жасушалар тобы ұлпа мүше ағза
11-тапсырма. Диктантты аяқтаңыз: Вегетативті мүшелер …. жүйе құрайды: …. жүйесі, …. жүйесі.
12-тапсырма. Қатені табыңыз: Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, шашақ, қосалқы, кіндік болып бөлінеді.
13-тапсырма. Тірек-сызбаны аяқтаңыз:
Т ыңайтқыш
14-тапсырма. Мына өсімдіктерге метаформалық теңеу жасаңыз: 1. Мақта - 5. Итмұрын - 2. Бидай - 6. Картоп - 3. Күріш - 7. Бәйшешек 4. Жүгері
15-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз: Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір.
16-тапсырма. Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз: Бабалар еккен шынарды балалары саялайды.
17-тапсырма. Жұмбақты шешіңіз: Біреуін жерге беріп, күзде оны тереді.
18-тапсырма. Жұмбақты шешіңіз: Отырса – жасыл, ұшса – сарғаяды, Жерге түсіп қараяды.
19-тапсырма. Сан тылсымын шешіңіз: 6-1, 9-3, 6-1, 3-2 2-1, 2-2, 2-2, 5-2, 10-2 5-3, 60-1, 50-3, 6-1, 70-4.
20-тапсырма. Сан тылсымын шешіңіз: 2-2, 3-1, 4-1, 5-2 5-1, 1-2, 6-2, 8-1, 8-2, 1000-3 20-1, 7-2, 4-3, 7-1, 10-1, 1000-1, 60-1, 1-3, 9-1.
21-тапсырма. Сан тылсымын шешіңіз: 1, 6-1, 9-3, 6-1, 3-2 2-2, 8-2, 5-3, 5-3, 7-2, 1000-3 10, 6-1, 9-3, 6-1, 3-2 2-1, 2-2.
22-тапсырма. Қатесін табыңыз: Бүршіктің түрлері: төбе, жанама, үстіңгі, қосалқы, қолтық, бұйыққан, қабыршақты.
23- тапсырма. Ретімен жазыңыз: Қабық, өзек, сүрек, тін, камбий, тоз, өң.
24-тапсырма. Мына әріптерден өсімдіктердің атауларын құрастырыңыз:
А. М. Б. Ұ. Ы. Н. И. І. З. Т. Е. Қ. Р. Д. Ж. У.
2 5-тапсырма. Мына құбылысты түсіндіріңіз: Фотосинтез: көмірқышқыл газ + су күн сәулесі жасыл өсімдік қант (глюкоза) + оттегі
2 6-тапсырма. Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды білуге болады?
2 7-тапсырма. Тірек-сызбаны аяқтаңыз: Өсімдік мүшелері
28-тапсырма. Микроскоптың құрылысын, онымен жұмыс істеу тәртібін көрсетіңіз:
29-тапсырма. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктер дегеніміз не, мысал келтіріңіз:
3 0-тапсырма. Тірек-сызбаны аяқтаңыз:
31-тапсырма. Мына суретке қарап, қандай тәжірибе жүргізуге болады?
3 2-тапсырма. Тірек-сызбаны түсіндіріңіз: су бу
Ауа атмосфера оттегі көмірқышқыл газы
Дидактикалық тапсырмалардың жауабы:
1-тапсырма. Аталық, аналық, тостағанша, күлте, гүлсабақ, гүлтабан.
2-тапсырма. Т(5) К(5) Ж(5).
3-тапсырма. Қияр.
4-тапсырма. Биос, ғылым, табиғатты.
5-тапсырма. Ботаника, өсімдік.
6-тапсырма. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің табаны, үстелшесі, қозғалмалы айнасы бар. Затты 10 – 25 есе үлкейтеді.
7-тапсырма. Ядро, вакуоль, қабықша, цитоплазма, саңылауы.
8-тапсырма. Камбий.
9-тапсырма. Өң күн сәулесін өткізеді. Тоз оттегін өткізеді. Тін беріктік, мықтылық қасиет береді.
10-тапсырма. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді. Ұлпадан мүшелер, мүшелерден ағза түзіледі.
11-тапсырма. Екі түрлі, өркендер, тамырлар.
12-тапсырма. Шашақ, кіндік.
1 3-тапсырма. Органикалық қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы. Минералды азот, фосфор, калий.
14-тапсырма. 1. Ақ алтын. 2. Алтын дән. 3. Сыр маржаны. 4. Дала аруы. 5. Шипалы бұта. 6. Екінші нан. 7. Көктем гүлі.
15-тапсырма. Әрбір адам өзі үшін де, болашақ ұрпағы үшін де өсімдіктер өсіруі керек.
16-тапсырма. Аталар өз ұрпағы үшін өсімдіктер өсіреді, балалары келешек оның жемісін көріп, көлеңкесін саялайды.
17-тапсырма. Тұқым.
18-тапсырма. Жапырақ.
19-тапсырма. Ағаш еккен сауап.
20-тапсырма. Күте білсең – жер жомарт.
21-тапсырма. Бір ағаш кессең, он ағаш ек.
22-тапсырма. Үстіңгі, қабыршақты.
23-тапсырма. Қабық, өң, тоз, тін, камбий,сүрек,өзек.
24-тапсырма. Итмұрын, бақбақ, жауқазын, батат, қарақат, жуа, терек.
25-тапсырма. Күн энергиясының қатысуымен болатын фотосинтез құбылысы.
26-тапсырма. Жылдық шеңберден жылу, жарық, ылғалдың әсерін байқауға болады. Өсімдіктің жасын, оңтүстік, солтүстікті анықтайды.
2 7-тапсырма. Вегетативті тамыр, сабақ, жапырақ. Генеративті гүл, жеміс, тұқым.
28-тапсырма. 1. Окуляр. 2. Көру түтігі. 3. Объективтер. 4. Заттық үстелше. 5. Айна. 6. Табан. 7. Тұтқа. 8. Бұрандалар.
29-тапсырма. Аталық пен аналық бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ), аталық бір өсімдікте, аналық екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қарасора, терек, тал).
3 0-тапсырма. Асханалық қызылша, сәбіз, шалғам, ақжелкен. Техникалық қант қызылшасы, шашыратқы.
31-тапсырма. Жапырағы, гүлі бар өркенді боялған суға саламыз. Одан сумен минералды тұздардың қай қабат арқылы қозғалатынын байқауға болады.
32-тапсырма. Ауа жапырақ саңылаулары арқылы өтеді, атмосфераға су буын, оттегін, көмірқышқыл газын бөледі.