kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дені саудың-жаны сау" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дені саудың-жаны сау ашық тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дені саудың-жаны сау" ашық тәрбие сағаты»

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың-жаны сау ашық сабақ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету; ой – өрістерін, сана сезімдерінің тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу,

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрініс.

Көрнекіліктер: жаңа технология, суреттер.

Барысы:

Мұғалім: Адамның ден саулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығын мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешекте көркеюі- балалар сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың –салауатты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

Мұғалім: Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып,бірнеше патшалықтарға саяхат жасаймыз.Саяхатқа шықпас бұрын,бүгін біздің сабағымызға қонақ келіп отыр.Сол қонағымызды қарсы алайық!

Жер ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар?

Оқушылыр: -Сәлеметсіз бе , Жер ана!

Жер ана: -Күніміз ашық болсын!

Жеріміз кең болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз тұнық болсын!

Гүліміз жақсы өссін!

-Балалар,сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім.Сәт сапар тілеймін!

Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып,бірінші патшалыққа барайық.Ол бізде «Тазалық патшалығы».

Айбар: - Өмірде тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай.Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар кір-қоөысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі.Сондықтан тазалық талапқа сай болуға тырысу керек.

- Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық.

Саяна: Жақсы бала құлақ сап

Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық ,

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады өзі таранып.

Кәусар: Еріншектік салақтық

Салақтықтан надандық

Бірінен-бірі туады

Жоғалар сөйтіп адамдық.

Иманәлі: Аяқ-қол көмекші

Күт оны ерекше

Қол жиі ластанар

Сондықтан істің әр...

Ұлжан: Ұрпақ керек ертеңгі алда

Болашақты болжайтын

Дені таза,тәні таза

Елің жерің қорғайтын.

Мұғалім: Жұмбақ шешу.

  1. Иілсең иіліп

Шүйілсең шүйіліп шықты

Қаз-қатар болып

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіңе

Бұл не?

(Айна)

  1. Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.

(Сабын)

  1. Күндіз шешінеді

Түнде киінеді.

(Киім ілгіш)

  1. Отыз екі мықты

Он алтысы асты

Он алтысы үсті.

(Тіс)

  1. Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?

(Сүлгі)

  1. Көпіремін,

Лепіремін

Кірің болса кетіремін.

(Сабын)

  1. Суда жүзер кеме емес,

Кемеден ол кем емес.

Істенін жөн істер,

Жүрген жерін тегістер.

(Үтік)

Мұғалім: Келесі патшалығымыз «Дәрумендер патшалығы». Балалардың күнделікті тағамдарында жеміс-жидек,көкөністерде дәрумендер көп болуы тиіс.Неліктен?

Дәрумендерге сөз берейік!

Айбар: Витаминдер тірегің,

АВСДЕ деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

А-сы қажет көзіңе,

В-сы жүйкені тоғайтар,

С-дан микроб безінер,

Д-сүйекті нығайтар.

Али: «А» Мен болмасам егерде

Көзің жақсы көрер ме?

Жетіспесе ағзаңда,

Бойың биік өсер ме?

Малика: «В» Менсіз жүйке шаршайды,

Ашуланып кеп саларсың айқайды.

Қан азайып,әлсірейді жүрегің,

Асқазаның ас қорыта алмайды.

Назым: «С» Мен болмасам бойыңда,

Тісің дұрыс өспейді.

Ішкен асың бойыңда,

Жөнімен тарап сіңбейді.

Алихан: «Д» Мен жетіспеі қалғанда,

Мешел болып өсерсің.

Қаңқаң қисық болғанда

Өкінумен өтерсің.

Мұғалім: Өте жақсы!Дәрумендер патшалығынан көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын.Ендеше ұшқыш кілемге отырып, келесі патшалыққа барайық. «Дұрыс тамақтану патшалығы».

Дінмұхаммед: Ас адамның арқауы,

Деген сөз бар ежелден.

Бойдан сіңіп тарау,.

Үшін керек ереже.

Рамазан: Тамақты ішсең күнде сен,

Белгілі бір мезгілде.

Таңертең,түс,түстен соң,

Жатар алды кезінде.

Ақгүл: Тамақтанудың ережелері:

Артық тамақ жемеу

Жеңіл тамақ жемеу

Тағамдарды толық және дұрыс шайнау

Майлы тамақтан тартыну

Зере: Ас ішерде асықпа

Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян

Тәулігіне 4-5 реттамақтану.

Амангелді: Тамақ және піскен,жаңа дайындалған болу керек,

Дастарқанға тамақ ішкен келгенде ғана отыру керек.

Ойын: Пайдалы,пайдасыз тағамдарды топтастыру.

Пайдалы Пайдасыз

Балық Фанта

Айран Шоколад

Сәбіз Чипсы

Алма Кола

Мұғалім: Ұшқыш кілемге отырып келесі патшалыққа барайық.Ол бізде «Дене шынықтыру патшалығы».Денсаулық ол жан мен тәннің саулығы. Адам денсаулығының жақсаруы салауатты өмір салтын ұстауда,салауатты өмір кешумен байланысты.Денсаулық-табиғат адамға өмірлік болып берілмеген,сондықтан оны сақтау керек.Әрбір адам дені сау,күшті сергек - бақытты болуға ұмтылу керек.

Алдияр: Денсаулық –ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Перизат: Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл күйін жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Айдана: Жазда суда жүреміз,

Құмда күйге күйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз.

Мұғалім: Ал енді барлық патшалықтарға барып қайттық.Енді сыныпқа қайтатын уақытта келіп қалды.Ұшқыш кілемге отырып,сыныпқа кірейік.Бірақ ұшқыш кілемге отырып сыныпқа қайту үшін,ұшқыш кілемнің тапсырмасын орындайық.

Мақал-мәтел айтып жарысайық!

Мұғалім:Күн мен гүлден жаралған,ыстық сезім ,,шуақ содан таралған.Тіршіліктің иесі Жер ананы тыңдайық.

Жер ана:Балалар,адамның денсаулығынан асқан байлық жоқ.Сондықтан денсаулықтарыңды сақтаңдар!

Мұғалім:Уау Жер ана!Дені сау ұрпақтың қалыптасуына не керек?

Жер ана:Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшінің болуы немесе яғни бойды тік ұстау,дене жаттығуларын орындау,ақыл-ойды дұрыс қалыптастыру,жерің мен табиғатыңды қорғау керек.Ал мына 7 өсиетті естен шығармаңдар:

- Ерте тұру

- Орта тазалығын сақтау;

- Өзіңді таза ұстау;

- Артық тамақ ішпеу;

- Жер ананы аялау;

- Денені шынықтыру;

- Сергек жүру.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!

Қош сау болыңдар,келесі кездескенше!

Оқушылар:Сау болыңыз Жер ана!

Мұғалім: Ал енді «жаттығу» жасайық.

- Бүгінгі сынып сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен!

-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Дені саудың-жаны сау" ашық тәрбие сағаты

Автор: Донбаева Гулмариям Жанболаткызы

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483874

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты: Дені сауды? - жаны сау."
    ["seo_title"] => string(38) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau"
    ["file_id"] => string(6) "254714"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447789669"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Дені сауды?- жаны сау!"
    ["seo_title"] => string(24) "dieni-saudyn-zhany-sau-6"
    ["file_id"] => string(6) "272284"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451928085"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Т?рбие са?аты "Дені сауды?-жаны сау!""
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau-1"
    ["file_id"] => string(6) "314375"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459685056"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Дені саудың-жаны сау (тәрбие сағаты)"
    ["seo_title"] => string(38) "dieni_saudyn_zhany_sau_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "376564"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483891182"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Дені саудың-жаны сау" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(43) "deni_saudyn_zhany_sau_ashyk_t_rbie_sagaty_1"
    ["file_id"] => string(6) "489820"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1544376028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства