kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Брейн ринг" интеллектуалды ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л интеллектуалды ойын 4 сыныптар арасында ?ткізілген. Ма?саты: о?ушыларды? ме?герген білімдерін ?орытып, іс ж?зінде пайдалану да?дыларын жетілдіру, білімдерін тияна?тау. О?ушыларды? ?ш?ыр ойлау ?абілетін арттырып, тіл байлы?ын молайтып, ?з ойын еркін, на?ты ж?не ж?йелі т?рде жеткізу ?абілетін дамыту. О?ушыларды заман талабына сай ал?ан білімдері ар?ылы зияткерлікке, жауапкершілікке, ?лтжандылы??а, ??ыптылы??а, ?згені? ойымен санасу ар?ылы ынтыма?ты??а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Брейн ринг" интеллектуалды ойын»


«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ












(4 сыныптарға арналған)









Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Исаева А.С.











Теміртау қаласы.

2013 – 2014 оқу жылы


Мақсаты: оқушылардың меңгерген білімдерін қорытып, іс жүзінде пайдалану дағдыларын жетілдіру, білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін арттырып, тіл байлығын молайтып, өз ойын еркін, нақты және жүйелі түрде жеткізу қабілетін дамыту. Оқушыларды заман талабына сай алған білімдері арқылы зияткерлікке, жауапкершілікке, ұлтжандылыққа, ұқыптылыққа, өзгенің ойымен санасу арқылы ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей интеллектуалдық «Брейн-ринг» ойынымызға қош келдіңіздер. Құрметті балалар, ұстаздар сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын әділ бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Бастауыш сынып мұғалімі

  2. Бастауыш сынып мұғалімі

  3. Бастауыш сынып мұғалімі

Сайыс кезеңдері:

І.Өзін таныстыру.

ІІ. «Блиц турнир». Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.

ІІІ. «Қызықты төрттік». Бұл бөлімде дүниетану, ана тілі, қазақ тілі, математика пәнінен сұрақтарға жауап беру арқылы 20, 30, 40 ұпай алады. Ойлануға 1 минут беріледі.

ІҮ. «Брейн-ринг» ойыны. Ең көп ұпай алған 2 топ бір-бірімен жарысады. Үстел үстіндегі конвертті зырылдауық арқылы таңдай отырып, жауап беру керек. Ойлануға 3 минут беріледі.

«Брейн-ринг» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.

Ал, қанекей, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін. Ойынға сыныптан 6 оқушы қатысады.

1-кезең. «Өзін таныстыру»

2-кезең. «Блиц турнир». Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.

1-топ:

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

  2. Қ.Р тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  3. Ең кіші құс? (колибри)

  4. Шаршының ауданы 64 см квадрат қабырғасы ұзындығы неге тең?

  5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)

  6. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)

  7. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы.

  8. Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)

  9. Құрманғазы өз домбырасын кімге ұсынады? (Дина)

  10. Адалдық қай сөз табы? (зат есім)

2-топ:

  1. Ұлттық валютамыз қай жылы қабылданды? (1993 жылы 15 қараш)

  2. Тәуліктің 6/1 бөлігі неге тең? (4)

  3. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 жылы)

  4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Күз, жазғытұрым, қыс, адам болам десеңіз)

  5. Дауыссыз дыбыстар саны қанша? (25)

  6. Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)

  7. Ең кіші төрт таңбалы санды ата (1000)

  8. Адамның шығу тегін зерттеген ағылшын ғалымы? (Дарвин)

  9. Қазақстандағы ең биік шың. (Хан тәңірі)

  10. Қаратпа сөз дегеніміз не?

3-топ:

  1. Қазақстандағы ең үлкен көлді ата (Балқаш)

  2. Мәтін түрлерін ата (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

  3. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)

  4. Болымды етістіктерге қандай жұрнақ жалғану арқылы болымсыз етістік жасалады? (ма, ме, ба, бе, па, пе)

  5. 30т - ? кг

  6. Тұрлаулы мүшелерді ата? (бастауыш, баяндауыш)

  7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б.Соқпақбаев)

  8. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)

  9. Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді? (1845-1904 ж.ж.)

  10. Қазақстан Республикасының жер көлемін ата (2,7 миллион шаршы шақырым)

4-топ:

  1. А.Байтұрсынов кім? (ақын, ағартушы, ғалым)

  2. Етістік дегеніміз не? (заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы)

  3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? (Мәншүк пен Әлия)

  4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  5. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

  6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

  7. «Жетім» әңгімесін кім жазған? (М.Әуезов)

  8. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

  9. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп қашан аталды? (1198 жылы 7 мамыр)

  10. 30-бен 40-тың көбейтіндісінен бесеуі артық санды ата.

5-топ:

  1. Ата заңымыз қай жылы қабылданды? (1195 жылы 30 тамыз)

  2. Киелі құс? (аққу)

  3. Ауа райын анықтайтын станция? (метереологиялық)

  4. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата «көкпар, бәйге, асық)

  5. Орыс жазушысы И.Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа» өлеңін аударғн, аудармашы ақын? (А.Құнанбаев)

  6. 1 километрде неше метр бар? (1000 метр)

  7. Жел бағытын анықтайтын құрал не? (желбағар)

  8. Тұмсығы ұзын жануар (піл)

  9. Текше көлемінің өлшем бірлігі - .... (смЗ)

  10. Сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру қалай аталады? (тасымал)

Сергіту сәті

  1. Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың астында отырады? (сулы ағаштың)

  2. Судың астында қандай тас болмайды? (құрғақ)

  3. Жабық көзбен не көруге болады? (түс)

  4. 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)

  5. Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)

  6. Тамақ пісірерде қазанға ең бірінші не салады? (көз)

Жүргізуші: 3-кезең. «Қызықты төрттік». Әр ұпайда негізгі пәндер бойынша сұрақтар болады. Ұпай таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз. Ең аз ұпай жинаған 3 топ ойыннан шығады.

«Дүниетану»

20. Алғашқы адамдарға баспана болған үй (үңгір)

30. Хеопс пирамидасының биіктігі қанша? (174 м)

40. Жарма ауданының жер бедері қандай болып келеді? (таулы, шоқылы)

«Қазақ тілі»

20. Кітап сөзінен туынды сөздер жаса (кітапхана, кітапханашы, кітапша)

30. Құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемін тап. Аққуды атуға болмайды, ... (Досыңды сатуға болмайды)

40. «Беті бүлк етпеді» сөзінің мағынасы (ұялмады)

«Математика»

20. 4 жұмыртқа 4 минутта піседу. 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 мин)

30. 9 тәул 16 сағ + 8 тәул 12 сағ қосындысын тап (18 тәуел 4 сағ)

40. 6см, 20см, 3см параллелипипедтің көлемін тап (360 см3)

«Ана тілі»

20. Абайдың әжесі мен анасының аты (Ұлжан мен Зере)

30. Әсірелеу дегеніміз не? (бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді)

40. Айтыс түрлерін ата (бәдік, қыз бен жігіт, ақындар, жұмбақ)

Көрермендер сайысы:

  1. ҚР-ның мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

  2. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)

  3. Күйді орындаушы адам? (күйші)

  4. Орман дәрігері? (тоқылдақ)

  5. Қазақша жыл басы? (тышқан)

  6. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

  7. 1 кг тас ауырма, әлде 1 кг мақта ауырма? (бірдей)

  8. Келесі жыл қандай жыл? (жылқы)

  9. Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра

  10. Жылқының пірін ата. (Қамбар ата)

  11. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

  12. Ұясы жоқ құс? (көкек)

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөліміне де жеттік. Ұпай сандарын анықтап, келесі бөлімді бастаймыз.

«Брейн-ринг». Ең көп ұпай 2 топ бір-бірімен жарысады. Үстел үстіндегі конвертті зырылдауық арқылы таңдай отырып, жауап беру керек. Ойлануға 3 минут беріледі.

Екі топқа да осы мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі бейнетаспа арқылы үш пән бойынша сұрақтарын қояды.

1 топ:

Ана тілі: 1.Мағжан Жұмабаев қай жылы, қай жерде өмірге келген?

(1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған)
Қазақ тілі. 2. Балықшылар деген сөзді сөз құрамына талда

Математика. 3. Тікұшақ 320 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша километр ұшады?

Дүниетану. 4.Жер бетінің неше бөлігін су қабаты алып жатыр? (2/3)

Алғашқы буыны – заттың түсі

«жылпос» деп ұқ – екіншісі

Көлдің сәні – сымбатты құс.

Атын тауып, айқындай түс. (аққу)

ІІ топ:

Ана тілі: 1. Қазақ халқының үш биін ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Қазақ тілі. 2. Оқулықты деген сөзді сөз құрамына талда.

Математика. 3. Қиылысу кезінде тік бұрыш құрайтын түзулер қалай аталады? (перпендикуляр)

Дүниетану. 4. Елімізде мұнай мен газға бай аумағы (Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі)

Бірініші буыны – жылға кірмей қалған

Екінші буыны – әуелеп ұша алатын

Таптың ба, кәне, балақай,

Сонда бұл қай құс болады? (түйеқұс)


Мұғалім: Біздің «Брейн-ринг» интеллектуалды айынымыз аяқталды. Қай топ жеңгенін анықтаймыз. Жеңімпаздарды марапаттаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Брейн ринг" интеллектуалды ойын

Автор: Исаева Алтынай Саматовна

Дата: 25.12.2015

Номер свидетельства: 270279

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Биология сабақтарында қызықты ойын элементтерін пайдалану""
    ["seo_title"] => string(57) "4-5-synyp-ok-ushylaryna-arnalg-an-psikhologiialyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "159302"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421866791"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА ??ЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ?АЛЫПТАСТЫРУ?А БА?ЫТТАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯЛАР "
    ["seo_title"] => string(90) "biologiia-sabag-ynda-k-u-ziriettiliktierdi-k-alyptastyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologiialar"
    ["file_id"] => string(6) "210691"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431489695"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства