Просмотр содержимого документа
«Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау»
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Қазіргі күні Қазақстанды әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру және отандық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту аясында білім мазмұнын жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Ол «алынған білім өмір бойына» түсінігінен «өмір бойы оқу» , «үздіксіз оқу» тұжырымдамаларына ауысуға бағытталды. Білім мазмұнын жаңарту – білім берудің мемлекеттік стандартын , оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымын , оқыту әдістерін, сондай-ақ бағалау жүйесін қайта қарауды қажет етті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет» деп атап көрсеткен.[1]
Тұлғаның дамуына қолайлы білім ортасын құру , білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұғысынан ойлау , зерттеу жұмыстарын жүргізу , ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамыту жаңа енгізілімдердің нәтижесі. Үйрету, түсіндіру, айтып беру, ұғып лау сияқты дәстүрлі мақсаттардың орнына Блум таксономиясына сәйкес білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау болып өзгертілді. Бұл білім алушыға ықпал ету емес, оқуға және үйренуге жағдай жасау болып табылады.
Кез-келген реформалау жүйелі сипатта және білімнің барлық деңгейіне қатысты қатысты болуы тиіс.Жаңартылған білім мазмұнына көшуге сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енді. Мектепте қалыптасқан дәстүрлі тәжірибедегі бағалау жаңа білім стандартының талаптарына, оқу бағдарламаларына, сонымен қатар адекатты және ғылыми негізделген білім алушының жетістігін бағалаудың моделін талап ететін оқу мақсаттарына сәйкес келмейді.Бес балдық бағалау жүйесі білім алушылар білімінің нақты деңгейін көрсетпейді. Ол кездесетін қиындықтарды ескере отырып, мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекториясын әзірлеуге, оқу бағдарламаларын меңгерудегі проблемаларды жоюға ынталандыруға мүмкіндік бермейді [2].Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі критериалды бағалау жүйесін енгізу білім саласындағы маңызды жаңа енгізілім. Бұл бағалау жұмысы білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін; оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделгенүдеріс болып келеді. Критериалды бағалау жүйесі оқытудың проблемаларын диагностикалаудың және жеткен жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы.Онда оқыту барысындағы жоспарланған мақсаттар мен алынған нәтижелердің ара қатынасын ескеріп отыру керек.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағаау мәселесі бойынша көптеген зерттеушілер айналысып, кейбіреулерінің теориялары критериалды бағалау жүйесінің түйінді идеяларына айналып отыр. Мысалы; «Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы» (Ж.Пиаже, Л.Выготский, Дж.Брунер) бойынша білім алушылар бағалаудың пассивті нысаны болуды қояды, осы үдерістің жасаушысы, құрастырушысы болады, не?, қалай?, неге? бағаланатынын түсінетін болады. «Қалыптастырушы бағалау теориясы» (П.Блэк, Д.Уильям, Л.Шепард, И.Кларк ) бойынша бағалаудың негізін оқушы білім алудың қай сатысында?, осыған қол жеткізуге көмектесу үшін не істеу қажет? деген сұрақтардан құралады. «Жақын арадағы даму амағы» (Л.Выготский) бойынша мұғалімнің жетекшілігімен құрдастар арасындағы ынтымақтастық дамуы үшін білім алушыларда жағымды орта қалыптасады. «Сөйлеу әрекеттерінің теориясы» (Л.Выготский, А.Леонтьев, И.Зимняя) бойынша тілдік пәндерден тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша бағаланады. «Педагогикалық мақсаттар токсонимиясы» (Б.Блум, Д.Кратволь) бойынша оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейін көрсетеді.
Блум токсономиясына сәйкес оқу мақсаттарының мынадай меңгеру деңгейлерін көреміз:1.Білу- оқыған материалды нақты дәлелдермен біртұтас теорияға дейін жадыда сақтау және қайталау. Білім алушы терминдерді, нақты дәлелдерді, әдістер мен тәртіптемені, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаттарды есіне түсіреді. 2. Түсіну- материалды бейнелеудің бір үлгісінен екінші үлгісіне өзгеруі, оны интерпретациялау, құбылыстың, оқиғаның келешекте дамуы жөнінде болжам жасау.3.Қолдану- меңгерілген жаңа білімдерді нақты жағдайда түрлі жағдаяттарда пайдалана білу. 4.Талдау- бүтіннің элементтері мен қасиетін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау. 5.Жинақтау- бүтін нысанды әр қырынан алып қарастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне құрастырып бір бүтін жасау. 6.Бағалау- материалдың маңызын бағалай алу біліктілігі. Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен кемшіліктерін туралы ақпарат алатын кері байланыс функциясын орындайды.Сондықтан аралық жұмыстың ең қанағаттанарлықсыз нәтижелерін оқушы өз нәтижелерін жақсарту үшін берілген ұсынымдар ретінде ғана қабылдайды.Критериалды бағалауда әрбір ұпай тиісті жетістіктердің деңгейлері субъективті бағалау факторының болмауы, меңгерілген мен меңгерілмегендердің анықталуы, білім алушылардың білімдері мен іскерліктерін жетілдіру келешегін анықтау қызықтырады.Бұндай бағалауда мұғалім мен оқушы оқыту үдерісінде серіктеске айналады.[3]
Критериалды бағалау- жүйесінің шеңберінде қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау түрлері жүзеге асырылып отыр. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Аталған бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдые алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау сабақта бағалаудың әр түрлі әдіс -тәсілдерін қолдана отырып, жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау бойынша есеп беру құжаттамасы талап етілмейді, балл және баға қою жүргізілмейді.[4]
Мұғалім қалыптастырушы бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімге көмек ретінде оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторларымен тапсырмалардың үлгілері бар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинақтары әзірленген. Мысалы, 2-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәні бойынша мұғалімге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өзінше дайындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге төмендегідей дүниелерді ескеру ұсынылады:
- оқу бағдарламасын, оқу жоспарын зерделеп, оқу мақсаттарына талдау жасау;
- оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарының негізінде бағалау критерийлерін жасау;
- тапсырмаларды құрастыру кезінде сараланған тізімдемені қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларын деңгейлеріне қарай бөлу;
-бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмаларды құрастыру;
- әрбір тапсырмаға оны орындаудың негізгі кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар әзіплеу.
Білім алушылардың жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізуі және оқытудағы тиімді алға жылжулар үшін кері байланысты үнемі жүргізіп отыру керек. Кері байланыс оқу процесінің жүргізілу барысы туралы ақпарат беретін құрал, білім алушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы мұғалімдерді хабардар етеді, оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Кері байланыс өзара сыйластық және шынайылық жағдайында өткізілуі тиіс және оны берудің ауызша және жазбаша түрін мұғалім өзі таңдап алады. Көптеген мамандар кері байланыс аясында мынадай үш сұраққа жауап алу керек. 1.Менде оқытуда қандай алға басушылық бар?(оқу мақсаты қандай?) 2. Мен оқытуда қалай алға қарай жылжудамын? (оқу жетістіктеріне қатысты қандай алға жылжушылық бар?) 3. Болашақта неге оқытуымыз керек? (оқытуда үздік нәтижеге қол жеткізу үшін қандай іс әрекет керек?) Қалыптастырушы бағалау кезінде бағалаудың маңыздылық, баламалық, объективтілік және әділдік, кіріктіру, бағалау жүйесінің айқындылығы мен ашықтығы, қол жетімділік, жүйелілік, шынайылық қағидалары жүзеге асады.Сонымен , еліміздің жалпы орта білім беру жүйесіне енгізіліп отырған критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын, мотивациясын арттыруға бағытталған. Демек әр білім алушыға және оның ата анасына түсінікті болатындай нақты бір өлшемді бағалау критерийлерін қолдану білім сапасын арттыруға маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі:
1. "Қазақстан-2050"Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Астана 2012 жылғы 14 желтоқсан
2."Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205
3.Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалы бағалауды іске асыру және мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар. Астана, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА,2016.
4.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Астана, 2016.
ШҚО Семей қаласы "Семей қаласының №6 гимназиясы" Бастауыш сынып мұғалімі Дюсекина Ботакөз Төкенқызы