kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының деңгейіне сай жазылған. Баяндамада оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары талқыланған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту»

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

13 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Кіріспе

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

·Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау

·Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

·Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.

Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:

·Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;

· Білім, біліктілігін арттыру;

·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;

·мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;

Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.

1.Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

·өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

·оқушы дарындылығының моделін білу;

·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-
ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда 2-сыныпта ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін.
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті 
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Қорытынды

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз бетінше ізденіп, зерттей білді.

Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г

5.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева

6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева















ttp://www.topreferat.com/
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ
МАЗМҰНЫ 
І. КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4 
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
2.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау...............................................................................................5-8 
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі.............................................................................9-14 
2.3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің 
іс- әрекеті.........................................................................................................15-23 
III. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.....................................................................24-28 
IV. ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................29-30 
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................31 
КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заман ағымына, өмір
Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы
Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды
Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру
Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр
Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге
Осыған орай, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті тақырыптың көкейтестілігі
Зерттеу мақсаты: 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау. 
Зерттеу міндеттері: 
мектепте шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық
озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу; 
мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс- тәсілдерін зерттеп, анықтау; 
Зерттеу обьектісі: 
Мектептегі педагогикалық процесс. 
Зерттеу болжамы: 
Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап,
Зерттеу әдістері: 
ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау; 
озат ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау; 
сауалнама ұйымдастыру; 
педагогикалық бақылау жасау; 
2.1Оқушылардың шығармашылық қабілетін педагогикалық тұрғыдан сипаттау 
«Шығармашылық әрекет дегеніміз – адамның қандай бір жасаған жаңалығы,
Ал, осындай шығармашылық оқушы бойында қай түрде кездеседі? Немесе
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері оларда әр түрлі
Барлық шығармашылықтың ішінде әдеби, сөз шығармашылығы мектеп жасындағы оқушының
Көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсетіп отырғандай, барлық бала сурет
Басқаша даму фазасына өткен баланың өзі де өзгереді, сонымен
Сурет салу әрбір бала үшін өтілген этап, енді оның
«Сөз шығармашылығы – дейді профессор И.С. Соловьев – сөз
Б.Б. Блонский, яғни қиын тапсырма беру , оны қинап
Міне, дәл осы жағдай бала ауызша сөзден жазбаша сөзге
Сонымен қатар, оқушылардың жазбаша тілге көшуінің ауыр тиюі оның
Әсіресе, бұл жағдайлар оқушыларға мектепте тақырыптар бергенде кездеседі. Ескі
«Тілді оқытудағы мұғалімнің басты шеберлігі» - деп жазды
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда алынған оқушының тақырыпты іштегі
Сонымен, педагог Б.Б. Блонский балаларға жақын, таныс әдеби шығармаларды
Ал, орыстың танымал жазушысы Л.Н.Толстой өзінің жеке тәжірибесінен кейін
Осы үшін, осы мақсатқа жету үшін келесі әдіс- тәсілдерді
әр түрлі және кең мағыналы тақырыптарды ұсындым; 
оқушыларға шығарманың үлгілерін көрсету; 
ең маңыздысы оқушы шығармаларын қараған кезде, еш уақытта оқушыларға
шығармашылық қиындығы оның көлемі мен мазмұнында емес, оның тілінде
Бұл көзқарасты немесе пікірді қазіргі таңда алып қарасақ, Л.Н.Толстойдың
Біздің пікірімізше , оқушыға дайын материал мен механизм беріп,
Эмоционалды өзгерістер, ең алдымен оқушылардың сурет салу шығармашылығынан тіл
«Баланың санасының дамуы, - дейді И.В. Вахтеров – оның
Сондықтан да балалардың жазбаша тілге ауысуы өте ауыр тиеді.
Оқушы шығармашылығына көңіл бөлсек, мынандай сұрақ тууы мүмкін. Оқушы
2.2Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі 
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің психологиялық сипатын анықтап алу үшін, ең
Қабілет дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін ,
«Қабілет – индивидуальды – жеке – бастық ерекшеліктер, бір
«Қабілеттілік - – индивидуальды психологиялық ерекшеліктер, қандай да белгілі
Көптеген қабілетті зерттеген авторлар , үш негізгі маңызды
Адамның жасаған іс-әрекеті қанша кеңейіп, қанша жан- жақты дамыса,
«Қабілет» түсінігі қандайда бір нақты тарихи іс-әрекетке байланысты анықталмайды. 
Қабілет ті адамның жоғары жетістігі, оның жүйкелік- психикалық қасиеті
Адамның қабілеті қайдан алынады? Олар туа пайда бола ма,
Әрине, қазіргі психология мен педагогика адамның қабілетінің тұқым қуалады
Сонымен қатар, қазіргі психологтардың кейбіреулері тұқым қуалаушылық қасиеттердің болуын
Қасиеттер дегеніміз – қабілеттің табиғи сілтемелері және олар
Танымал психолог А.В.Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан оған даму
Әрбір қабілеттің түпкі қасиеті болады деу әрине теріс пікір.
Енді, оқушылар жайлы сөз болып отырғандықтан, оқушылар қабілетін қарастырсақ. 
Кейбір оқушылардың ойлауы тез, кейбіреуінің – техникалық бейнелеуі жоғары,
Кез- келген әрекеттің жетістігі қабілеттің үйлесімділігіне байланысты. И.П.Павлов адамның
Оқушылардың көркемдік типі қабылдау мен есте сақтаудың ашықтылығымен, қиялдау
Ойлау қабілеті бар типтегі оқушылар логикалық құрастыруға, теориялауға,
Аталған типтерге кеңінен тоқталсақ, көркемдік қабілеті бар бала –
Көптеген адамдар саны осы екі типтің ортасында тұрады. 
Сонымен, адамның жеке қабілеттері олардың іс- әрекеттерінің жетістігінің кепілі
Жалпы қабілеттер – бұл бірнеше әрекет түрін бірдей жасай
Арнайы қабілеттер тек бір ғана әрекетке арналады: музыкалық, бейнелеу
Оқушылардың қабілетін дамыту үшін меңгеру қажет, содан соң білімді
Міне, сондықтан мұғалім бір оқушының айтқан жауабына қанағаттанады, екінші
Қандай оқушы қабілетті? Әрине, оқуда үнемі алдыда жүретін оқушы
Сонымен қатар, кез- келген әрекеттегі қабілеттің жетістігі жеке тұлға
Қабілеттің қалыптасуы мен дамуы үшін белсенді – іс- әрекет
Қабілет, ең алдымен белсенді жағымды қарым- қатынасқа, яғни оқушының
Қабілетті көрсету үлкен еңбекпен жүзеге асады. Бұған көптеген ақын
Оқушы қабілетінің дамуына оқушының жас ерекшелігін білу мен есепке
Мектеп жасы - бала өміріндегі атаулы кезеңнің бірі.
Сонымен, оқушы қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және
Оқушы қабілетінің дамуына «оңды» әрекет етуі үшін , бірнеше
Біріншіден, кез- келген ересектер тарапынан қолдау тауып, үнемі қолданылып,
Екіншіден, кез- келген әрекет шығармашылық сипатта болғаны абзал. Белсенді
Үшіншіден, оқушы әрекетін белгілі бір алдына мақсат қою арқылы,
Тамаша психолог Л.С. Выготский пайымдауынша ,оқыту мен тәрбиелеу үнемі
Күнделікті өмір оқушының оқудағы үлгерімділігі оның қабілетін бейнелейді деп
Шетел психологтары Розенталь мен Якобсон сынып оқушыларының 
Сонымен, тек қана оқыту барысында, саналық қабілеттер қалыптасып, ал
Іс- әрекеттегі индевид: 
ден, өз- өзін таниды, өз мүмкіндіктерін айқындайды; 
Екіншіден, өз күш- қуатын сол әрекет тараптарына сай бұрмалайды; 
Үшіншіден, бойындағы жоқ қасиеттерді қалыптастырады. 
Көрнекті психолог С.Л. Рубинштейн пікірінше, оқушы оқытылмай дамымайды, біраз
Оқушының дарынын бастапқы дамыту кезеңінде, оның әрекеті репродуктивті және
Оқушының шығармашылық қабілеті қалай тез дамыса, оның дарыны солай
оның бойында жеке тұлға сапаларының түрлерін тәрбиелеген жөн. Мәселен,
Оқушылар шығармашылығын қалыптастыруда бірнеше жалпы жағдайларды атап өтуге болады.Мұны
Бірінші жағдай –барлық қарым- қатынаста білу, оның оқыту пәндерінің
Екінші жағдай – оқытуды өнімді еңбек пен қоғамдық жұмыс
Үшінші жағдай – жеке тұлғаның белсенділігін тәрбиелеу, соның ішінде
Төртінші жағдай – оқушыларға жеке жақындауда жалпы талаптарды дұрыс
Жай ғана механикалық оқыту оқушы шығармашылығын, соның ішінде шығармашылық
Біз жоғарыда, адамның қабілеті белгілі бір іс- әрекетте болады
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда –маңызы зор. 
Тілдік қабілет – адамның тілді меңгеру қабілеті және тіл
Тілдік қабілет әр адамда әр түрлі. 
Біреу – жақсы, екіншісі – орташа, үшіншісі – төмен
Баланың бала кезінен тілді меңгеруіне ересектер тікелей әсер етеді.
Тілдік қабілет пәндік әрекет пен қарым- қатынас шегінде
Төменгі сыныптарда балалардың тілдік қабілеті интеллектуалдық қабілетінен күштірек дамиды.
Сонымен, қорытындай келе, оқушы шығармашылығын дамытуда әр түрлі жағдайлар
Олар: 
А) есте сақтаудың ашық көрнекі бейнелері; 
Б) тілдің сезімталдығы; 
В) шығармашылық қиялдау мен ойлау; 
Г) эстетикалық сезімнің дамуы. 
Бір адам бойында біздің жағдайымызда бір оқушының бойында 
2.3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің 
Мектепте жаңа түскен оқушы, оқи алмайды, оқу әрекетін білмейді.
Оқу әрекеті-мектеп оқушысының ең басты әрекеті. Басты әрекет деп
Оқушылардың өз-өзін бағалауы мұғалім баланың жетістіктері мен кемшіліктерін нақты,
Оқушылардың қалыптасуында оқу әрекеті басты орында болғандықтан, оқуды ұйымдастыру,
маңызын, оның оқудағы және тәрбиелеудегі рөлін жоғарыда айтқан болатынбыз. 
Білім берудің қай саласы болмасын, сипаттағы жұмыстардың сан
Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан болады:
Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап барлық оқу материалдарын игеруге мұғалім
Оқу бағдарламасының материалдарын дұрыс меңгере алмаған оқушы нашар баға
Мектепте сынып оқушыларын ғылыми сфераға кірістіру, баланың ойлауын, сөйлеуін,
Әр жас кезеңіне белгілі бір жетекші әрекет тән болғанына
Оқушылар оқу әрекетінде дағдылар мен іскерліктерін қалыптастырады. Осы периодтағы
Зерттеушілер оқушылардың алдында тұрған қиындықтар қатарын атап көрсетеді. Бұл
Сонымен, қабілетін қалыптастыруда, олардың жас ерекшеліктерін ескермеуіміз қажет. 
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып 
Сөз жоқ, кейбір оқушыларға шығармашылық пәндер енді біріне ұнамайды.
Мұғалімнің жасаған өзгерістері мен әдістерге өз бетімен жұмыс, ойындар
«Мұғалімнің–адамтанушы», «Мұғалім-психолог» деп босқаайтылмайды. өйткені, оқушының психикасынның танып-білу арқылы,
Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда өз өнерінің бересі
Оқушының қалай дамытуға болады? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қалай? 
Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы., үйрету қолға алу үшін баланың
Сонымен оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың
-мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін оқушының
-әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек; 
- шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
-тапсырма-міндетпентанысқаннан кейін жұмысқа кіріседі. 
нің ең үлкен міндеті: оқушы белгілі бір көркемдік шешім
-шығармашылық пен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептіңбүкіл балалары ойлау
-мұғалім-оқушы үшін қарапайым жан. Ал егер ол оқиға сюжет
- шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтың, бостандықты қамтамасыз
- шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: 
а) «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс
б) өзіне-өзі тым риза болмаушылық, сезімі(не жазса да өзі
в)жалқаулық. 
Осындай жағдайларда оқушыны құтқарудың жолдарын табу: 
-оқушының шығармашылық пен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы
- шығармашылық бағытқа оқушыны жүйелі саналы түрде қалыптастырып отыру; 
- мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісіне мыналарды ескеруі
- тапсырманың мазмұнын ойлап табу; 
- шығармашылық міндеттері оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру; 
-көркем шешім табу, оқиға құру,образ жасау үшін кілт боларлық
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы,оқыту, білім беру
Оқушыны оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамытумәселесі-бұл көп жылдар бойы көптеген
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің яғни оқу-тәрбие
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежедедамитыны сөзсіз. Алайда,әрбір оқушының
Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс
Ахмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш
Автордың пікірінше оқушы білімді тәжірибе арқылы алуы керек. Ал
Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30-жылдарын өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары
Бұл тағыда оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы,ғалымы екендігімен
Әр сыныптарда тиімді ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай
Осыған орай өз бетімен жұмыс сыныптың өзіне тән әдістемесіне
-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық
Мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы
Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз
логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар(құрастырма ойындар, ребус, сөз жұмбақ,
берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері; 
өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы
Мұндағы басты назар аударатын мәселе-бұл оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор өйткені,сол арқылы
Профессор Р.ГЛембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға
-оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі; 
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдындағы нәтижесіне қызығуы; 
-жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын кездеу керек. оқушылардың
Бірден ескертетініміз: ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен
-мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беру; 
-жұмыстың орындаудың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен
Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай,
өзіндік жұмысы ұйымдастыруда олардың шығармашылық белсенділіктері артады. 
Оқушылардың оқыған, естіген әңгімелеріне шығарма жазу-өнер саласында (сюжетті
Озат зерттеуші педагогтар О.П Кауфен мен Т.В Кудрявев зерттеулер
Ал оқушылардың әдеби шығармашылығын зерттеге,озат ұстаз 
Осындай бағыттағы жұмыстардың біреуін, педагог О.И Никифирова «Оқушылардың көркем
Біздің бұл зерттеуімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болғандықтан оқушылардың
Практикалық бөлім 
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» 
Мақсаты: оқушылардың математика пәнінен алған теориялық білімдерін пайдалана білуге,
Түрі: сыныптан тыс. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбуктер, слайд, табло, тақырыбы, ойын шарттары
Барысы: 
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, көрермен қауым және ойынға қатысушылар! Бүгінгі
№1 қатысушы Қалиев Рысбек 
№2 қатысушы Дюсенов Есет 
№3 қатысушы Бекетов Абылай 
№4 қатысушы Мажитова Айдана 
№5 қатысушы Шыныбаева Ботакөз 
№6 қатысушы Оразғұлова Сандуғаш 
Алғашқы айналым «Кім жылдам?». Бұл айналымға бар болғаны 10
Мына өлшем бірліктерді кішісінен үлкеніне қарай өсу ретімен орналастыр: 
А) см 
Бірінші болып Қалиев Рысбек жауап берді. 
Ойынға қош келдіңіз! Алғаш қатысуыңыз ба? 
Рахмет, ия! 
Сізді кімдер тамашалап отыр? 
Теледидардан ата-анам, тума-туыстарым. 
Студияда жанкүйірлеріңіз бар ма? 
Ия, әрине, жанкүйір болып құрбым Назгүл келді. 
Назгүл ханым құрбыңызға айтар тілегіңіз бар ма?........ 
Ал енді Рысбек сізді ойын шарттарымен таныстырып өтейін. 
1сұрақ 5 балл 
2сұрақ 10 балл 
3 сұрақ 15 балл 
4 сұрақ 20 балл 
5 сұрақ 25 балл 
6 сұрақ 30 балл 
7 сұрақ 35 балл 
8 сұрақ 40 балл 
9 сұрақ 45 балл 
10 сұрақ 50 балл 
11 сұрақ 55 балл 
12 сұрақ 60 балл 
13 сұрақ 65 балл 
14 сұрақ 70 балл 
15 сұрақ 75 балл 
Ойын шарттарымен таныс болсаңыз ойынымызды бастайық. 
1. Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым? 
А)Математика 
С) Физика 
2. Бір жазықтықта жатқан және ортақ нүктесі болмайтын түзулер
А) Перпендикуляр 
С) Параллель 
3. Бұрышты қандай құралмен өлшейді? 
А) Сызғыш 
С) Термометр 
4. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең? 
А) 170 
С) 360 
5. функциясының графигін көрсететін қисық қалай
А)Кубтық парабола 
6.Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын қалай
А) Шеңбер 
Ал енді екінші айналымға көшсек, құрметті ойыншылар дайындалыңыздар: 
Берілген бұрыштарды градустық өлшемдері бойынша үлкенінен кішісіне қарай кему
А) Доғал В)Тік 
Бірінші болып Дюсенов Есет жауап берді. 
Ойынға қош келдіңіз! 
Студияда жанкүйіріңіз бар ма? 
Есеттің ағасы ініңізге не тілейсіз? 
Сонымен Есет мырза ойын шарттарымен қысқаша таныртырып өтейін. 
5 сұраққа дұрыс жауап берсеңіз 25 балл аласыз. 10
1. Масса өлшем бірлігін көрсет: 
А) Км 
2. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрияның бөлімі. 
А) Математика 
С) Алгебра 
3. Шеңбердің центірі арқылы өтетін хорданы қалай атайды? 
А) Радиус 
С) Диаментр 
4. Түзу жазықтықты неше жарты жазықтыққа бөледі? 
А) 2 
5. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты неше түрге бөлінеді? 
А) 2 
Сонымен сізде 5000 теңге және 3 мүмкіндігіңіз бар. Сіз
6. Тікбұрышты үшбұрыштың тікбұрыш жасап тұрған қабырғалары қалай аталады? 
А) гипотенузасы 
С) табандары 
7. Шеңбердің ценртін оның бойындағы кез-келген нүктемен қосатын кесінді
А) Радиус 
С) Диаметр 
Сіз қателестіңіз сіздің таңдаған нұсқаңыз дұрыс емес. Осы жерден
Құрметті ойыншылар 3 айналымды бастаймыз. 
Мына өлшем бірліктерді үлкенінен кішісіне қарай кему ретімен орналастыр: 
А) мм В) дм 
Бірінші болып жауап берген Бекетов Абылай. 
Құрметті Абылай мырза ойынға қош келдіңіз! 
Студияда сізді тамашалап жанкүйір болып келген адамыңыз бар ма? 
Ақнұр сіз ағаңызға қандай тілек тілейсіз? 
Ойын шарттары сізге таныс па? 5 сұраққа дұрыс жауап
1. Қашықтықтың өлшем бірлігін көрсет 
А) Килограмм 
С) Литр 
2. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш? 
А) Тік бұрыш 
С) Доғал бұрыш 
3. Үшбұрыштың ішкі бұрышы мен сыбайлас бұрышы қалай аталады? 
А) Сыртқы бұрыш 
С) Тік бұрыш 
4. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем қалай аталады? 
А) Анықтама 
С) Аксиома 
5. Шеңбердің бойындағы кез-келген екі нүктені қосатын кесінді 
А) диаметр 
С) радиус 
Сонымен Абылай мырза сіздің қоржыныңызда 25 балл бар. Ендеше
6. Жазыңқы бұрыштың жартысы қалай аталады? 
А) Сүйір бұрыш 
С) Доғал бұрыш 
7. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш 
А) центрлік бұрыш 
С) ішкі бұрыш 
8. Шеңбермен ортақ екі нүктесі бар түзу қалай аталады? 
А) Жанама 
С) қиюшы 
9. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле қалай
А) Медианасы 
С) Биіктігі 
10. Алгебра атауын енгізген Орта Азия ғалымы 
А) аль-Фараби 
С) аль-Хорезми 
Сонымен Абылай мырза сіздің қоржыныңызда 50 балл бар. 
4 айналым. Берілген масса өлшем бірліктерін үлкенінен кішісіне
А)тонна 
Бірінші болып жауап берген Мажитова Айдана. 
Құрметті Айдана ханым ойынға қош келдіңіз! 
Сіздің студияда жанкүйіріңіз бар ма? 
Мақпал досыңа қандай тілек айтасын? 
Айдана ханым ойын шарттарымен таныстырып өтейін. 5 сұраққа дұрыс
1. Шеңберді сызу үшін қандай құрал пайдаланылады? 
А) Сызғыш 
С) Транспортир 
2. Математикаға координаталық түзуді енгізген ғалым 
А) Р.Декарт 
С) Кантор 
3. Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады? 
А) Доғал бұрыш 
С) Сүйір бұрыш 
4. Түзу жазықтықты неше жарты жазықтыққа бөледі? 
А) 2 
5. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты неше түрге бөлінеді? 
А) 2 
6. y=kx+b функциясының графигін беретін қисық қалай аталады? 
А) Парабол 
С) Эллипс 
7. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген фигура қалай
А) Төртбұрыш 
С) Үшбұрыш 
8. Жиын теориясының негізін қалаушы неміс математигін ата 
А)У.Джонсон 
С) Вейерштрасс 
9. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем қалай аталады? 
А) Анықтама 
С) Аксиома 
10. Натурал сандардың әрқайсысын белгілеу үшін жасалған таңбалар 
А) символ 
С) таңба 
Айдана ханым сізде 50 балл бар. Ендеше келесі сұрақ. 
11.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш қалай аталады? 
А) Тең бүйірлі 
С) Әр түрлі қабырғалы 
12. Оң сандарға да теріс сандарға да жатпайтын сан 
А) 0 
13. Бір түзуде жатпайтын үш нүкте мен сол нүктелерді
А) Төртбұрыш 
14. Қай жылы ағылшын ғалымы У.Джонс шеңбердің ұзындығының оның
А) 1607 
15. Иррационал сандарды зерттеген неміс ғалымы 
А) Вейель 
Сонымен сіз 15 сұраққа дұрыс жауап беріп, «ХХІ
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! 
IV. ҚОРЫТЫНДЫ 
Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Осы егемендігімізді
Бұл жетістіктерге жету үшін мектеп өмірінің әр кезеңінде саналы
Осы орайда, жұмысымда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық және
Мұндағы мақсатымыз осындай зерттеулер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін
Сонымен қатар, озат ұстаздардың тәжірибелері мен пікірлерін де екінші
Бүгінгі таңда мектептерде оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушының жеке тұлғалық
Екінші тарауда озат ұстаздардың іс- тәжірибелерімен қатар, мұғалімнің іс-әрекеті
Осы жұмысымызды қорытындылай келе мынандай тұжырымға келдік: 
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда әрбір оқушының индивидуальды психологиялық ерекшелігін
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн; 
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда барлық әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалану
оқушылардың қызығушылығын арттыруда оқушыларды мезі қылмай сабақ түрлерін алмастырып
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес теориялық мәліметтің неғұрлым қарапайым, түсінікті
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін өзіндік жұмыстарды тиімді пайдалану
Әрине, бұл жұмыспен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып тастаймыз деп
V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
Алтынсарин Ы. Тағлымы.- Алматы.: 1991 
Ананьев Б.Г. Формирование одаренности.Склонности и способности-Ленинград.:1972.-268 б 
Бабанский Ю. Педагогика. - Москва: 1978,-317б 
Вготский Л.С.Воображение и творчество в детском возрасте.- Москва.:1991. -90
Голуб В.А. Основы общей дидактики.- Москва: 1999,-95б 
Давыдов В.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1989.-365 б 
Дубровина И.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1998.-312 б 
Ильина Т. Педагогика.- Алматы.: 1977.-484б 
Кабанова Мелер. Психология развития знаний и навыков у школьника.-
Краткий психологический словарь.- - Москва: 1974 
Қазақ пдагогикалық энциклопедиялық сөздігі.-Алматы.: 
1995.-250 б 
Қоянбаев Ж.К. Педагогика. .- Алматы.: 2001.-384б 
Мухина И.С.// Возрастная психология- Москва.:1998.-454 б 
Петровский В.Д. Общая психология. - Москва: 1977,-477б 
Психологический словарь.- 1983 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Автор: Зулпиева Сауле Шымырбаевна

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398173

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Тема:Доклад.Бастауыш сынып о?ушыларыны?  шы?армашылы? ?абілеттерін  дамыту. "
    ["seo_title"] => string(82) "tiema-doklad-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "177046"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424540660"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "«Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер» "
    ["seo_title"] => string(112) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-izdienimpazdyg-yn-k-alyptastyrudag-y-tiimdi-distier-3"
    ["file_id"] => string(6) "172291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423804772"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер "
    ["seo_title"] => string(112) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-izdienimpazdyg-yn-k-alyptastyrudag-y-tiimdi-distier-1"
    ["file_id"] => string(6) "156973"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1421512401"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(182) "Бастауыш  сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер "
    ["seo_title"] => string(112) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-izdienimpazdyg-yn-k-alyptastyrudag-y-tiimdi-distier-2"
    ["file_id"] => string(6) "157010"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421515417"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(183) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер" "
    ["seo_title"] => string(110) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-izdienimpazdyg-yn-k-alyptastyrudag-y-tiimdi-distier"
    ["file_id"] => string(6) "152788"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420903405"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2430 руб.
1580 руб.
2640 руб.
1270 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства