kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер

Нажмите, чтобы узнать подробности

м?мкіншіліктеріні? ашылуына ?олайлы жа?дай жасау. Білім беру мазм?нын жа?арту, ?здіксіз білім беру ж?йесін дамыту - б?гінгі к?нні? талабы. Б?гінгі о?ыту ж?йесінде жа?а технологияларды пайдалану т?жірибеге еніп,о?  н?тижелер беруде.                                                                                  

    ?аза?стан Республикасыны? "Білім туралы" за?ында: "Білім беру ж?йесіні? басты ма?саты – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?-    тар негізінде жеке т?л?аны? ?алыптасуына ?ажетті жа?дай жасау" делінген. Жас ?рпа? – елімізді? ерте?і, болаша?ы.   Ендеше, білім беру саласында?ы басты міндет ?лтты? ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ?рпа??а білім мен т?рбие беру ісін жетілдіру, жеке т?л?аны ?алыптастыру болып табылады.  С?йлесу іскерлігі, с?йлесу т?рлерін о?ытуды? ?ай-?айсысы болмасын, сапалы ?діспен жалпы ?дістеме м?селесіне келіп тіреледі.  Уа?ыт талабына сай о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту ?шін о?ытуды? жа?а а?паратты? техникасын пайдалан?ан ж?н деп ойлаймын. О?у-т?рбие ?рдісін даралауда о?ушыны жеке т?л?а ретінде ?абылдау, я?ни о?ушыны? ?зіндік танымды? іс-?рекетін ?алыптастыру?а ба?ыттау, білім беруде жеке о?ытуды дамыту, к?зделуі ?ажет.  К?рнекті педагог                                                                                    

В. А. Сухомлинский: "Саба? жас?спірімдерді? интелектуалды ?мірінде ??р ?ана саба? болып ?оймас ?шін, ол ?ызы?ты болуы керек. Осы?ан ?ол жеткенде ?ана мектеп жас?спірімдер ?шін рухани ?мірді? тілеген оша?ына, м??алім осы оша?ты? ??рметті иесімен са?таушысына, кітап-м?дениетті? ба?а жетпес ?азынасына айналады"-деп айт?ан екен. Міне, осы?ан сай бастауыш сыныпта о?у ?рекеті ?алыптасуыны? ?уатты ж?ретіні, оны? мазм?ны о?у тапсырмалары т?рінде берілетіндігі, о?у тапсырмаларын ?здігімен шешіп орындайтын орта? т?сілдеріне ?йрету, бір п?ннен ал?ан білім, білік, да?дыны екінші п?нді о?ыту?а тірек ету, бай?ал?ан кемшіліктерді т?зетуді о?ушыларды? ?здері орындайтынды- ?ы, ?рбір орындал?ан тапсырманы? ма?сатын аны?тауы, т.б. м?селелер ?амтылады. Оны іс ж?зіне асыру ж?йелі ж?мысты ?ажет етеді.

    «Шы?армашылы?» с?зіні? т?ркіні этимологиясы «шы?ару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жа?а н?рсе ойлап табу, сол ар?ылы жетістікке ?ол жеткізу деп т?сіну керек. Философиялы? с?здікте «шы?армашылы? ?айталанбайтын тарихи-?о?амды? м?ні бар, жо?ары сапада?ы жа?алы? ашатын іс-?рекет», — деп т?сіндіріледі. Ал к?рнекті психолог Л.С. Выготский «шы?армашылы? деп жа?алы? ашатын ?рекетті ата?ан».

      Шы?армашылы? — ?те к?рделі психологиялы? процесс. Ол іс-?рекетті? т?рі бол?анды?тан тек адам?а ?ана т?н. ?за? жылдар бойы шы?армашылы? барлы? адамны? ?олынан келе бермейді деп ?арастырылып келсе, ?азіргі ?ылым жетістіктері ?абілетті? м?ндай д?режесіне белгілі бір шарттар орындал?ан жа?дайда кез келген баланы к?теруге болатынды?ы жайлы к?п айтуда.

     ?зімні? т?жірибемде о?ыту барысында алдыма ?ой?ан ма?сатым - о?ушыны субъект ретінде о?у ісіне ?зінше ?ызы?тыратын, о?ан ?абілетін арттыратын жа?дай ту?ызу. Е?  бастысы о?у  ?рдісін жа?аша ?йымдастыру, о?ушыларды? о?уда?ы іс- ?рекеті ар?ылы ойлау да?дыларын жетілдіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін, ізденімпазды?ын ?алыптастыруда?ы тиімді ?дістер »

"Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" филиалы











Дайындағандар: 7а сынып оқушылары: 1. Нұрпаисова Гүлнұр

2. Мәулен Саяхат

Жұмыс жетекшісі: жоғары санаттты физика және астрономия пәнінің оқытушысы Мамадилова З.К.















2010 жыл


Шығармашылық жоба мақсаты:


Судың баға жетпес байлық екенін біле отырып, оның диффузиясын, қатаю және балқуын тәжірибе жүзінде зерттеу.


Шығармашылық жоба міндеттері:


  1. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру

  2. Ғылими әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, судың кейбір физикалық қасиеттерін сипаттау

  3. Суды тазарту тәсілдерін оқып - үйрену

  4. Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру


Жұмыс жоспары


Кіріспе: Су-биосфераның аса маңызды элементі


Негізгі бөлім: 1. Жерасты сулары, Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы

2.Судың адам ағзасындағы алатын орны және маңызы

3. Тазартылған су

4.Судың агрегаттық күйлері

5.1. Судағы диффузия құбылысын зерттеу

5.2. Судың қатаю және балқу температурасын анықтау


Қорытынды бөлім: Болашаққа су қорын сақтау



Қысқаша мазмұны:


1. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5 %-ін су алып жатыр. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше.

2. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

3. Ертіс өзені – облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болуда, өйткені ол Қытай, Қазақстан, Ресей сияқты үш мемлекеттің аумағынан ағып өтеді.

4. Судың адам ағзасындағы алатын орны және маңызы. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.

5. Суды тазартудың тәсілі

6. Судың агрегаттық күйлері

7. Судың диффузиясын тәжірибе жүзінде зерттеу










Су-биосфераның аса маңызды элементі

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5 %-ін су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% –ін, ал оттегінің 50% –ін мұхиттар мен теңіздер береді.

судың қоры 50 км3

Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына жетпейді екен. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде о ның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

Мухиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді.

Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Мұхиттардың судың бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,5% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобольт, т.б. иондардың үлесіне тиеді. Су-әлемінің ең үлкен байлығы, бірақ біздің платенамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады.

Тұщы су: 1 г/л дейін

Тұздылау: 1-25 г/л дейін

Тұзды: 26-50 г/л дейін

Ащы: 50 г/л –ден асады


Атмосферадағы судың қоры 14 мың км3

Өзендер мен мұхиттарда су қоры 1,4млрд. км3


Мухиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді.

Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Мұхиттардың судың бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,5% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобольт, т.б. иондардың үлесіне тиеді. Су-әлемінің ең үлкен байлығы, бірақ біздің платенамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады.

Тұщы су: 1 г/л дейін

Тұздылау: 1-25 г/л дейін

Тұзды: 26-50 г/л дейін

Ащы: 50 г/л –ден асады

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр. Жер шарында судың әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады.


Оны қорғау- біздің міндетіміз

Тұщы судың жетіспеушілігі гумидт деп аталатын ылғал климатты аймақтарда байқалуда. АҚШ бірқатар штаттарында Канадада, оңтүстік Американың, Азияның, африканың тропиктік аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан «судың жетіспеушілігі» байқалуда.

Қазір әлемде 800 - ден аса су тазартатын станциялары жұмыс істейді, олар күн сайын, 1,7 млн м3 тұщы су алады, оның 90 % - ін ауыз суы ретінде қолданылады. Біздің елімізде Атырау қаласы осындай суды пайданылады.

Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді.

Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемін 100есе көп. Су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі.

Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м3 шамасындайы жұмсалады. Судың ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады.

Жер бетіндегі ең лас – Жерорта теңізі болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды әсерінен ондағы балықтардың 80 проценті қырылып қалған. Кемелердің апатқа ұшырауынан, танктер резервуарларын жуған судан және мұнай өндіру жұмыстары кезінде жыл сайын Әлемдік мұхит сулары 12-13 млн тонна мұнаймен ластанады. Судың бетіндегі мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу прцесін бұзып, оттектің жетіспеушілігінен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады.

1. Жер асты сулары

Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды.  Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді.  Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі  де мүмкін.

Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.
Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта  судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады.
Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі. Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.

Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады. Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.

Ертіс өзенінің экологиясы

«Су құрғаған жерде тіршілік бітер», «Су - өмір көзі» ,- деп жатамыз. Ал біздің Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстарға, оның ішінде су ресурсына бай. Облыс аумағында 2000 мыңнан астам артық өзен ағып жатыр. Республикамыздың жер үсті суларының жалпы ағысының 30% - ке жуығы облысымызда шоғырланған.

Ертіс өзені – облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болуда, өйткені ол Қытай, Қазақстан, Ресей сияқты үш мемлекеттің аумағынан ағып өтеді.

Облысымызда бір тұрғынға ауыз судың жалпы ресурстарының есептегенде бұл көрсеткіш жылына 50 текше метрге жуық шаманы құрайды. Бұл сан әлемдік стандарттар бойынша жоғары көрсеткіштерге жатады.

Су ресурстарының сапасына әсер ететін ерекшеліктерінің бірі, тау-металлургиялық кешенінің негізгі кәсіпорындары ең тығыз су желісінде орналасқандығы. Су маңындағы жылу энергетикасының ең ірі кәсіпорындары да орналасқан. Бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындардың газ тәрізді. Сұйық және қатты қалдықтары ластаушы заттармен су желісіне түседі. Ертіс өзені болса Кенді Алтай шегінде ауыр металдардың аса ластануына ұшырайды.

ШҚ гидрометаллургия орталығының соңғы 30 жылдарының көрсеткіштері Қазақстан қармағындағы Қара Ертіс суының азаю тенденциясын белгілеген, әсіресе бұл Бұқтырма бөгенінің жағдайына әсерін тигізді. Боран ауылында су сапасы «таза» деп танылса, Өскемен қаласының маңында Ертіс «біркелкі ластанған» болуда.






Мемлекеттік экологиялық инспекциясы жағынан табиғат қорғау заңнамасын, су пайдалану көлемін азайту бөлігінде табиғат ресурстарын пайдалануға деген рұқсат алу жағдайларын және су айналымы жүелерін енгізу мерзімдерін сақтау жөніндегі талаптарды нығайтқаны Ертіс өзені бассейіне ағынды сулардың төгінділерінің көлемін қысқартуға жол берді. Семей қаласының суының жағдайы.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қаламыздың қоғам қайраткерлері, Ертіс өзенін зерттейтін қызметкерлері, экологтардың қатысуымен «Семейдің экологиялық проблемалары» деген семинар өтті.

Онда Семей халқы тұтынатын судың сапасына су жүретін құбырлардың ескіруі, сонымен қатар суды тазарту құрылғыларының күрделі жөндеуден өтпегеніне 20 жылдан астам уақыт болғаны әсер етіп отыр делінді.

1989 жылы Ертістің сол жағынан көлемі 200 000 м3 суды жасанды жолмен биологиялық тазалайтын құрылғының құрылысы басталған болатын, бірақ 1994 жылы республикалық бюджеттен ақша бөлінбей құрылыс тоқтатылды. 2003жылы құрылыс қайта жаңартылды, онда 1,4млрд. теңге жұмсалды, соның өзінде іске қосылмай отыр.

Е





нді тазарту жұмыстарына 2013 жылға-1650 млн., 2014 жылға 1650 млн, ал


2015 жылға 2015 млн. теңге қаражат қажет болып тұр.

Өскемен мен Семей қалаларында суды тазарту ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.



Ертістің ластану проблемасы трансшекаралық болғандықтан, оны шешу үшін республикалық бюджеттен қаражат керек, Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігімен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бекітілген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылғы жоспарына

кірмей қалған инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу үшін жұмыс жүргізілуде. Олар – «Өскемен қаласында канализацияның тазарту

ғимараттарының дамуы», «Семей қаласының ағынды суларының биологиялық тазартуы мен тазарту ғимараттарының қайта құрылуы және кеңейтілуі» деген жобалар.

С

Күніне екі литр су қажет

онымен қатар, 2008 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен Өскемендегі канализациялық коллекторларды қайта құру үшін 200 млн. Астам қаражат бөлінді.

Адам денесінде 70% су



Трансшекаралық Ертіс өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды тұрақтандыру өз маңыздылығына ие. Оны шешу үшін Ертістің су ресурстарын пайдалануға қызығушылық білдірген барлық жақтардың келісілген саясатын жүргізу қажет. Саясат ұстануда қоршаған ортамыздың сапасын сақтауды жан-жақты алдыға қою қажет және суды, табиғаттың басқа компоненттерін қоршауды қатаң жүзеге асыруда бүкіл адамзат ат салысу керек.

2. Судың адам ағзасындағы алатын орны


1



.Су температурасын дене тұрақтандырады.
2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлакты) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.

Денеде болатын күніне 2-4 литр су бар шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде

1.Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
6. Бас ауырады.
7. Бас айналады.
8.Шаршау, әлсіздік пайда болады.
9. Ойдың тынықтығы бұзылады.
10. Тәбетсіздік туады.
11. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны дұрыс.

Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі.

Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.

Су — ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі. Мұз — судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы мен булануы қатар жүреді.

Су — тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар. Бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.

Судың тағы бір қасиеті — жақсы еріткіш.

Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарды ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды суда да белгілі бір мөлшерде еріген тұздар болады. Ол адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі.

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.

Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.

3. Тазартылған су


Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.
Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.

Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистилденген су өндірісте таптырмайтын зат.
Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.

4. Судың агрегаттық күйлері

Су — иіссіз, дәмсіз көбінде түссіз мөлдір сұйықтық. Судың химиялық формуласы: H2O. Су молекуласының массасы — 18,0160 г/моль

Су — табиғи ортада заттардың үш тірлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі.

Су — бірегей еріткіш. Көптеген тұздар мен соған ұқсас қоспаларды ерітеді. Басқа ешқандай сұйықтық судың еріткендеріндей мөлшерде еріте алмайды.

Су — тұрақты, мығым зат. Оны қышқылдандыру, ыдырату, жағу және бөліктерге жіктеп тастау өте қиын.

Су барлық металдарды дерлік қышқылдандыра алады. Тау жыныстарын бұзып, бүлдіре алады.

Тұщы су 0°C деңгейінде қатады, 100°C деңгейінде қайнайды.

Су өзінің бойына көп жылуды сіңіріп, аздаған деңгейде ғана жылына алады. Судың ішкі жасырын жылуы болады. Судың қызуы 100°C болғанда қайнады, буға айналу процесі қарқынды түрде жүреді.

Дистилляцияланған су токты әлсіз өткізеді. Бірақ аздаған мөлшердегі тұздардың қоспасы оны өткізгішке айналдыра алады.

Мұз — судың қатқан күйіндегі қалпы. Пайда болған жеріне байланысты мынадай мұздар болады: атмосфералық мұз (қар, қырау, қиыршық, бұршақ); су мұзы — судың бетінде (қабыршақ мұз, жамылғыш мұз) және әр түрлі тереңдікте (су ішіндегі мұз) пайда болатын мұз; топырақ мұзы, (тоң) — қатқан ылғалды топырақтарда пайда болады; глетчерлік мұз — мұздықтар жатқан жерлердегі қатты тығыздалған және қайтадан кристалданған қардан пайда болған мұз.

5.1 Судың диффузиясын тәжірибе жүзінде зерттеу

Жұмыс кезеңдері

  1. Әдебиеттерді таңдап алу

  2. Қажетті құрал жабдықтарды дайындап алу

  3. Тәжірибе жүргізу, бақылау

  4. Тиісті қорытынды шығару

Зерттеу жұмысының мақсаты: Судың диффузиясын және конвекциясын зерттеу

Қажетті құралдар мен материалдар: екі стакан, иод ерітіндісі, жасыл бриллиант ерітіндісі, ыстық және суық су, секундомер,сызғыш.

Диффузия деп аталатын физикалық құбылыс молекулалардың қозғалысымен байланысты .Киіз дайындау үшін жүнді бояу,етті немесе балықты тұздау,қанттың суда еруі,гүл иісінің таралуы диффузияның байқалу мысалдары болып табылады.

Диффузия - зат бөлшектерінің бейберекет қозғалысы салдарынан бір заттың молекулалары( атомдарының) екінші заттың молекулааралық (атомаралық) кеңістігіне өзара ену құбылысы.

Қатты денелердегі , сұйықтықтардағы немесе газдардағы диффузия молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты жылдамырақ немесе баяу өтеді.

Тәжірибе барысы:

А) 1.Судағы зат бөлшектерінің үнемі қозғалыста болатынын тәжірибе арқылы байқауға болады. Шыны ыдысқа суық су құйып, оның түбіне бір тамшы иод ерітіндісі тамызылды.

2. Суды араластырмағанда, жеті минут уақыт өткеннен кейін, иод молекулалары судың үстіңгі қабатына жетті, ал ыстық суда йод молекулалары судың үстіңгі қабатына үш минутта жетті.

Б) 1. Екі стаканның біреуіне бірдей көлемде суық су, екіншісіне ыстық су құйылды да, екеуіне бірдей мөлшерде үш тамшы жасыл бриллиант ерітіндісі тамызылды.

2. Бір минут сайын боялған және таза сулардың шекаралары сызғышпен өлшеніп отырды. Уақыт өтуіне қарай

А) Суық судың жасыл бриллант ерітіндісімен боялуы

Уақыт

Боялған судың биіктігі

Таза судың биіктігі

1

1 мин

3,5 см

7,5 см

2

2 мин

6.8 см

3,2 см

3

3 мин

9,8 см

1,2 см



Б) Ыстық судың жасыл бриллант ерітіндісімен боялуы

Уақыт

Боялған судың биіктігі

Таза судың биіктігі

1

0,5 мин

4 см

7 см

2

1 мин

11 см

0



Тәжірибелер соңындағы қорытынды:

  1. Біздің йодпен жасаған тәжірибемізде оның тамшыларының сумен араласқандағы диффузиясы бақыланды.Уақыт өтуіне қарай суық судағы йод молекулалары бүкіл көлемге жайылды. Әрине, егер судың температурасы жоғары болған сайын йод молекуларының сумен араласуы жылдам жүреді, оны тәжірибе арқылы дәлелдедік.

  2. Жасыл бриллиант ерітіндісінің тамшыларын ыстық және суық суға тамызғанда диффузия жылдамдығы әртүрлі болды.Ыстық судағы жасыл бриллиант ертіндісінің молекулалары суық судағы молекулаларға қарағанда жылдам қозғалғандықтан, судың түсі тез боялды. Бұдан, тәжірибе көрсеткендей, диффузияның температура жоғарылаған сайын интенсивті жүретінін байқадық.

  3. Суда диффузия қатты денелерге құарағанда жылдамырақ өтеді.Өйткені сұйық молекулалары тербелмелі ғана емес,бейберекет қозғалыс жасайды: айналасындағы бөлшектердің әскрінен молекула өзінің өлшемінен үдкен ара-қашықтыққа орны, ауыстырып, тепе-теңдік қалпын өзгертеді.

  4. Су молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

  5. Диффузия деп аталатын физикалық құбылыс молекулалардың қозғалысымен байланысты. Киіз дайындау үшін жүнді бояу,етті немесе балықты тұздау,қанттың суда еруі, гүл иісінің таралуы диффузияның байқалу мысалдары болып табылады.

Диффузия - зат бөлшектерінің бейберекет қозғалысы салдарынан бір заттың молекулалары( атомдарының) екінші заттың молекулааралық (атомаралық) кеңістігіне өзара ену құбылысы.



    1. Судың қатаюы және оның қатты күйіндегі балқуын зерттеу

Жұмыс мақсаты:

Тәжірибе жүзінде судың қатаю температурасын анықтай отырып, оның қатты күйінен сұйық күйіне өткендегі құбылысын бақылау.

Қажетті құралдар мен материалдар: мұз кубиктері, мұздатқыштың мұз қатыратын ыдысы, термометр, екі пластмассадан жасалған стақан.

Тәжірибе барысы:

  1. Бірінші стақанға жартылай су құйып, мұздатқышқа қоямыз. Уақыт өтуіне қарай судың бетіне мұз қата бастағандағы температурасын термометрмен өлшейміз. Ол температура 0 0С –қа тең болды

  2. Бірнеше әбден қатқан мұз кубиктерін алып, стақанға салып мұздың суға айналу, яғни балқу температурасын анықтаймыз. Ол температура да 0 0С –қа тең болды.

Тәжірибе соңындағы қорытынды:

1. Судың қатаю және балқу температурасы 00С-қа тең екенін тәжірибе жүзінде дәлелдедік.

2. Судың мұз болып қатқан кезде көлемін ұлғайтатыны анық. Қатты дене ретінде мұз суға батпайды, яғни, салмағы сұйықтықтан азырақ болады.

3. Тұщы су 0°C деңгейінде қатады, 100°C деңгейінде қайнайды.

4.Су — табиғи ортада заттардың үш тірлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі.



Судың қасиетін біле отырып, оны қастерлейік. Суды шашпайық, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа сақтайық.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. У.Б. Асқарова. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005ж


  1. «Ертіс өңірі» газеті Семей, 2010ж, қыркүйек


  1. Интернет www.google.kz


  1. Башарұлы Р. және т.б «Физика және астрономия»

Атамұра, 2007ж, 7-сынып

  1. Бейсенова Ә. «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7-сынып

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, бірінші том






Марқакөл-ел мақтанышы









Суы – тұщы

Тереңдегі 27 метр







Қазақстанның шығысында– Марқакөл



Көлдің түсі көгілдір













Ойратша, “Зеасингнор”, “Зайсан-нор”, орыс елшілері “Қызылбас”, ал “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасында “Бесіне теңіз” деп аталған.

Бұқтырма су қоймасының салынуына байланысты қазіргі Зайсан көлінің көлемі үлкейді.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Сабаганова Алма Тулешовна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 157010


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства