kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын арттыру»

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды.

Аталған  Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Олүшін төмендегідей міндеттер қойылды:
     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

    Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
    Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

 Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы.  Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.

       Бастауыш саты – бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын  құнды, қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы   білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге дағдыландырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдістерді қолдана отырып жоғары деңгейде көрсеткен сабақтары педагогтардың осы тақырып бойынша жасаған жұмыстарының жемісі деуге болады.  Мұғалімдер базалық білімдерді тексерудің стандарттан тыс формалары көмегімен оқушыларды белсенді қарым-қатынасқа тарта білді, өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыра білді, кері байланыстың әр түрлі формаларын пайдаланды, оқушылардың топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыта алды. Бұл оқыту үрдісін жандандыруға, танымдық ынталарын дамытуға  және осының әсерінен білім сапаларын  арттыруға үлкен әсері болады және осының бәрі оқушылардың түрлі салаларда ең жоғарғы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік береді. 

Функционалдық сауаттылықтың келесі механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата- аналардың белсенді қатсуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта ата- аналарды балаларының жеке ерекшелігін таныту, олардың қабілетін дамыту, жағымсыз мінез – құлықтарынан арылтуға көмек бері мақсатында түрлі тренингтер, форумдар, іс- шаралар өткізіліп, сауалнамалар алынуда. Оқушылардың көптілді меңгеруіне ата – аналардың көзқарастарын анықтау барысында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Онда «Балаңыздың ағылшынша, орысша үйренген, жаттаған сөздік қорын үйде бақылап, тексеріп отырасыз ба?» деген сұраққа 38 ата- ананың «үнемі тексеремін» - 6, «тілдерді меңгермегендіктен бақылай алмаймын» - 19, «балам өзі қайталау арқылы еске түсіреді»- деп 13 ата- ана жауап берген. Бұл сауалнамада ата- аналар оқушыларды сабаққа көбірек қатыстыру, үй тапсырмасын көбірек беру, қосымша сабақ ұйымдастыру туралы өз ұсыныстарын берген. Нәтижесінде оқушылар түрлі халықаралық байқауларға, интернет олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алуда.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын әрбір мұғалім білуі тиіс. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: Куйкабаева Сауле Алдабергеновна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 390000

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ФУНКЦИОНАЛДЫ? САУАТТЫЛЫ?ЫН ?АЛЫПТАСТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(73) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "255663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447959848"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства