Просмотр содержимого документа
«Армысы? ару алтын к?з!»
Армысың ару алтын күз!
(Балалар музыка әуенімен залға кіреді)
Жүргізуші : Жайдарлы күз,жарқын күз Аяулы күз,алтын күз! Дәнге толы кең далам. Дариядай шалқар күз! Мерейлі күз,мырза күз! Сыйлығыңа ризамыз. Аппақ арай таңында Шомыламыз нұрға біз!
Құрметті қонақтар,апайлар мен бүлдіршіндер, бүгін біздің «Армысың ару –Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Би: «Күзгі вальс»
Аяна: Біздің дала-бай дала, Алтын астық айнала. Астық-дала сәулеті, Астық-Отан дәулеті. Біздің дала –бай дала,Алтын астық айнала. Абылайхан: Берекесін сыйлауға,Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға,Шақырады біздерді. Дамира: Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз. Жургізуші: Жарайсыңдар! Туған жеріміздің байлығы, күз мезгілеінде байқалады.Күзде қамбамыз астыққа толады,жеміс-жидектер,көкөністер пісіп, ел байлыққа кенеледі.Осы байлығы үшін халқымыз күзді аса құрметпен қарсы алады.Олай болса бізде Алтын күзді ортаға шақырайық. (Музыка әуенімен Алтын күз келеді.) Күз: О,халайық жараңдар,Міне маған қараңдар, Алтын түске боялды.Тау мен қыр да, дала түз, Келдім міне ортаңа. Менің атым-Алтын күз!
Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз! Төрлет!
Күз: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Ия,мен Алтын күзбін,қараңдаршы,айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым.Балалар әрқашан астығымыз мол болсын,жиын –терім көп болсын.
Жүргізуші:Рахмет Алтын күз,өзіңмен бірге береке,байлық,мол ырыс әкелгеніңе ризамыз,енді балалардың өзіңізге арналған өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Күз жомарт»
Диана: Алтын сары,қызыл көк,Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақтар күлімдеп, Көз тартады атырап. Али: Жайдарлы күз,жарқын күз. Аяулы күз,алтын күз. Дәнге толып ең далам, Дариядай шалқып жүр. Даниал: Көк аспаным мөлдіреп, Алтын күзім елжіреп, Асыр салып жүре бер.Сары көйлегің желбіреп. А.Айым: Күз де келді,күз келді. Көкте бұлттар жүзгенді. Күз де келді,күз келді.Құстар мекен іздеді. Т.Айым: Күзді жақсы көрем мен, Молшылық ол ел күткен. Алтын астық көп егін,Жиналатын елдікпен.
Хор: Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп. Торғайларға тастаңдар.
Ерназ: Жарып шыққан қауызын, Дән өмірлік азығың. Жегеніңде ақ нанды, Нәрге толар ауызың. Жансая: Бәрін беріп халыққа, Жұмыстан соң қалжырап, Дала ұқсайды алыпқа, Дамыл алған маужырап. Ерболат: Алақай тамаша, Шашу шашты жапырақ Бақтың іші алаша. Аунар ма едім жатып ап. Аяжан: Мерекелі күз келді,Берекелі күз келді. Ән шырқатып көңілді, Қуантайық біз енді.
«Кенет күннің күркіреген дауысы естіледі.»
Жүргізуші: Балалар естимісіңдер бұл ненің дауысы? Балалар: Жаңбырдың.
Күз: Дұрыс айтасыңдар,балалар, бұл менің жаңбырымның дауысы, кей кезде көңіл күйім болмағанда жылап-жылап аламын, сол кезде жаңбыр болып жауамын.
Қыздар: Жаңбыр,жаңбыр жауа бер. Қорықпаймыз біз сене . Қолымызда қолшатыр. Ән салшы кел бізбенен.
Ән : «Жау,жау жаңбыр»
Күз: Балалар, сендер менің жемістерімді, көкөністерімді білесіңдер ме? Мен қазір сендерді солармен таныстырайын.Ал, олай болса көкөністерімді ортаға шақырамын.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Көкөністер хормен: Жиналып қалып бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз. Ішімізден адамға,Тиеді көп пайдамыз.
Жүргізуші: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шығады. Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен, Ұяламын мен бәрінен. Дәмді тағамдарыммен Сый жасаймын бәріңе. Жүргізуші: Ызаланған қызылша қып-қызыл болып кетті. Қызылша: Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсіп қанға нәр. Зияным жоқ біліп қой,Қызылшымын пайдам бар. Менде бір айтайын, Мақтанайын сендерге, Менсіз борщ болмайды, Венегретте үстелде. Қырыққабат: Бақшаларда тізіліп, Қаперсіз мен жатамын. Қабат-қабат киініп, Қырыққабат атандым. Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын, Жастайыннан ішпеген. Мені жеген адамдар, Кем болмайды күлгенді. Қызанақ : Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен қызғанақ, Күнге қарап ұялып. Қияр: Көптен ерте шымырлап,Өсемін мен бүр жарып, Атым – қияр, теріп ал. Жиі-жиі суарып. Картоп: Картоп біздің атамыз,Жер астында жатамыз. Бір тамырдан тараған Ағайынбыз бәріміз. Мен ұялшақ картоппын, Мен емеспін мақтанар, Мені жақсы көреді. Үлкендер мен балалар. Пияз: Боламын мен дәмдеуші, Барлық-барлық тағамға, Көкөністер ішінен, мен пайдалы адамға, Асханадан шықпаймын, Атым пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. Жүргізуші: Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық. Айболит: Көкөністер бәріде, Денсаулыққа пайдалы, Сондықтанда бірге жүріңдер, Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар тақпақты да айтып жатыр, әнді де айтып, биді де билеп жатыр. Енді бір сәт ойын ойнап алсақ қалай қарайсыз.
Күз : Балалар, ойын ойнаймыз ба? Балалар: Ойнаймыз. Жүргізуші : Олай болса қазір ойналатын ойын: «Жемістер мен көкөністер».
Күз: Жұмбақтар шешейік.
Жүргізуші: Міне, балалар, біздің мерекеміз аяқталуға жақын қалды, олай болса енді бәріміз бірге жапырақтар биін билейік.
Би: «Жапырақтар»
Күз: Балалар бүгінгі мереке маған сондай қатты ұнады, енді сендер менің биылғы жемісімнен дәм татыңдар.
Балалар, әрқашан астығымыз мол болсын, жиын-терім көп болсын. Келесі мерекеде кездескенше сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Құрметті балалар, апайлар, бүгінгі біздің «Армысың ару- Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, балаларымыздың дені сау болып,әр-бір отбасында береке, мереке, молшылық болсын. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.