kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық

технологияны қолдану тиімділігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі»

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық

технологияны қолдану тиімділігі


Қарағанды қаласы

«№12 ЖББ орта мектебі» КММ

Маратова Ж.Б

ағылшы тілі мұғалімі


Қазіргі мектеп мұғалімдері алдындағы басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Білім беруде оқытудың жаңа тәсілдерін әр маман жетік меңгермейінше сауатты, жан-жақты дамыған оқушыны қалыптастыру мүмкін емес. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қай заманда, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы мектептегі ұстаздан басталары анық. Қазіргі кездегі білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім ала алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға етіп жас ұрпақты тәрбиелеп жетілдіруге ұстаздар жауапты. Бүгінгі ұрпақты тәрбиелеп отырған ұстаздарға заманның қояр талабы да күннен күнге артуда. Әр мұғалім өз пәніне байланысты курстан өтіп жатыр. Мен өзім де бірінші жыл еңбек жолымды бастауда алға қойған мақсатым алдымдағы жас ұрпақтарға білім бере отырып, өз білімімді одан әрі жетілдіру. Дана бабаларымыз «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған болар. Осы негізде мектептегі жүргізілетін тәлімгерліктің және тәжірибелі ұстаздардың кеңесі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Сонымен қатар қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Мен өз сабақтарымда оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін, сөздік қорларын молайту үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қоямын. Мысалға «Неге?, Не себептен?, Қалай?, Не үшін?» «Неге бұлай болуы мүмкін». Осындай сұрақтарды қойғандағы мақсатым әр оқушыға ой қорытынды жасау. Жұмыстың нәтижеге бағытталуының өзі осында емес пе?!Осы бірінші тоқсанда өткізген сабақтарымда көп қиындықтар болды. Ағылшын тілі болғандықтан, сөздік қорлары аз, сондықтан балалар өз ойларын дұрыс жеткізе алмайды, оқушылар баяу жұмыс жасайды. АКТ қолданған сабақтарға балалар қызығушылықпен келеді, оларға топпен жұмыс, флипчартпен, критериалды бағалау, сергіту сәттері өте ұнайды.

Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Қазіргі кезде біз сабақ беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын көбірек қолдансақ, онда біз әлемдік білім беру кеңістігіне тезірек шығар жол табамыз деген ойдамын.Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат тасқынын реттеп, пайдалануға үйрену керек, әрбір құбылысқа шығармашылықпен қарап, өз бетінше ақпараттардың ең тиімділігін, мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет.






Қолданылған әдебиеттер

1. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері.Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

2. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5

3. https://infourok.ru/doklad-na-temu-ailshin-tili-sabainda-interbelsendi-dis-tsilder-oldanu-arili-oushilardi-tanim-iziushilii-men-bilimbilik-dadilarin-579585.html



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі

Автор: Маратова

Дата: 16.04.2017

Номер свидетельства: 409476

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "конспект коучинга на тему "АКТ-ны тиімді ?олдану""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiektkouchinghanatiemuaktnytiimdikoldanu"
    ["file_id"] => string(6) "298316"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456314976"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "А?паратты? технологияны а?ылшын тілі саба?ында ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(78) "ak-parattyk-tiekhnologhiiany-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "179671"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425050129"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Ақпараттық коммуникациялық технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(80) "ak_parattyk_kommunikatsiialyk_tiekhnologhiiany_ag_ylshyn_tili_sabag_ynda_k_oldan"
    ["file_id"] => string(6) "409477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492332842"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Ағылшын тілі сабақтарында қазіргі заман талабы - көп тілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында қолданылатын заманауи технология түрлері."
    ["seo_title"] => string(80) "agylshyn_tili_sabaktarynda_kazirgi_zaman_talaby_kop_tildi_tulgany_kalyptastyru_m"
    ["file_id"] => string(6) "482463"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540786667"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства