Просмотр содержимого документа
«Адалдық - адамгершілік»
Мектеп: Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақжар ауылы Сарытау жалпы білім беру орта мектебі Мұғалім: Калиева Жанна Айткеновна Баяндама: Адамгершілік қағидалары .
Адалдық
Адалдық-адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі.Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде,өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. Яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нұқсан келтірмейді. Ар-ұятын жоғары ұстайды. Адалдық өсек –өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз- жаны , жүрегі таза болу деген сөз. Адал адам ақиқатты ардақ тұтады. Шыншыл-дықты сүйеді. Біреудің мүлкін , беделін, абыройын сырттай саудаламайды. Жақынын, туысын, танысын ,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кеттейді.Отанына үнемі қалтықсыз адал.Әр кезде иманын қорғай біледі.Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.Адалдық рухани тазалықтан туындайды.Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ ,беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, ұрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зұлымдық жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінің бірі саналады.Адал адамның достығы мәңгілік.Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі әзір,арам пиғылыжоқ,шын ниетімен ақтарылып тұратын жандарды ақкөңіл деп атайды.Олар қолында барын ешкімге аямайды.Қазақта «Ақ көңілдің аты арып,тоны тозбас» деген қанатты сөз содан қалған. Адал жанның ұйқысы тыныш,күлкісі ашық.Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын қызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат, Адалдық өзінен өзі келмейді .Ол –тәрбиенің жемісі.Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет.
Адамгершілік қағидалары. Уәдеде тұру.
Уәдеде тұру-адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімін сөзін бұлжытпауынан, берген уәдесінде тұрынан қалып-тасады.Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды.Сенім бірлесіпатқарылатын кез келген істің, кез келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа , туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға келісім берерде алдымен ойланып алғанын абзал. Уәдеде тұру- адамның өзіне –өзі сенімін арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жұртқа қашанда сыйлы болады. Халқымызда «уәде-құдайдың ісі» деген мәтел бар. Ол берілген уәдені қалайда орындау керектігін меңзейді.Уәде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уәдеде тұру- ер жігіттің ісі.Уәдеде тұруға ұмтылу-балалардың өзін-өзі тәрбиеленуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкерш-ілік, өзгелерге және өзіне құрмет сезімдерін қалыптастырады. Қолынан келе ме, келмей ме ойланбастан «Мен мына істі қатырамын» деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады.Жұрт «е, соны қойшы, жүрген бір бөспе» деп теріс айналады.Сондықтан ,бірден уәде беруден бұрын адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн.Қолынан келмейтін болса бірден бас тартқаны жарасымды. Уәде берудің екі түрі болады.Алғашқысы-өз бастамасымен. Бір істі орындауды өз бастамасымен мойнына алған адам екі есе жауапкер-шілікпен қарағаны жөн. Оны ешкім мәжбүрлеген жоқ еді.Уәде беріп, мойнына алды ма, оны аяғаны дейін жеткізген жөн.Екіншісі-өзгенің өтініші бойынша «Қолынан келедіі істеймін,дедің бе, қалайда сөзіңде тұр.Өйткені,ер жігіттің екі сөйлегені –өлгені»Өз өмірі тәуекелге тігілген уәдені Ант деп атайды.Ант күші өмір-бақи сақталады.Әдетте, ант Отан алдында ресми түрде беріледі.Уәдеде тұрмау адамды аздырады. Айналасындағылардың сенімін кемітеді. Адалдық, азаматтық бейнесіне нұқсан келтіреді.Жұрттың мазағына айналады.
Адамгершілік қағидалары. Әдепті болу.
Мектепте , көшеде және үйде әдепті болу-бұл әрқашанда бір белгілі ережелерге бағыну , моыйынсұну.Сабақ кезінде белгілі бір ережелерді , тыйымдарды орындау керек. Мектепте: 1. Мектепке мұқият киініп,жақсы үтіктелген киіммен,әдемі таранып, жақсы тазаланған аяқ киім киіп келу керек. 2. Мектепке әкелетін заттардың бәрін сөмкеге рет-ретімен салып қою қажет. 3.Мектепке уақытында кешікпей келу керек.Мектепке кіргенде басқаларды итермеу керек. Олардың алдына түсіп кетуге тырыспа. Кірер алдында аяқ киімді жақсылап тазалап ал. 4. Ұл балалар мектепке кірерде бас киімін шешіп қолына алуы керек 5. Сыныпқа кіргенде бірінші мұғалімге, сонан соң жолдасына сәлем бер.6.Егер сыныпқа үлкендер кіретін болса , бәріміз орынымыздан тұруымыз керек.7. Сабақ кезінде тура қарап отыру керек.Сабақ үстінде жан-жаққа қарауға ,бірімен-бірі сөйлесуге болмайды. 8.Тақта алдында түзу т ұр.Тақтаға шығарда киіміңді түзеп алуды ұмытпа. 9.Партаны күт, сындырма, оған ештеңе жазба,жонба.
Тыйымдар
1.Белді таянуға болмайды. 2. Жақты таянуға болмайды. 3.Бетті басуға болмайды. 4.Қолды тарақтауға болмайды. 5.Басты шайқай беруге болмайды. 6.Саусақты ,қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. 7.Адамға қарап қолды шошайтуға болмады 8.Тісті қайрауға , таңдай қағуға болмайды. 9. Адамға қарап түкіруге, түшқіруге болмайды. 10. Адамға қарап керілуге болмайды. 11. Екі езуді керуге болмайды 12.Ішекті тартуға болмайды. 13.Тырнақты тістеуге болмайды. 14. Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Біреуге қарап ерін шығаруға болмайды.
Көшеде жүру тәртібі
1.Машина жүретін көшеде ойнауға болмайды. 2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды. 3. Көше қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда өтуге болмайды. 4.Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды. 5.Көлік жүретін көшені бойлап жүгіруге
Үйдегі тыйымдар
1.Жер таянып отыруға болмайды. 2.Тізені , табанды тартуға болмайды. 3. Белді босқа буынуға болмайды. 4. Тізені құшақтауға болмайды. 5. Аяқ- қолды жіппен байлауға болмайды. 6.Бос бесікті тербетуге болмайды. 7. Үйге жүгіріп келуге болмайды. 8.Күн батар алдында ұйықтауға болмайды.