Осы ғылыми жұмыс «Жусанның түрлері және оның емдік қасиеттерін зерттеу» өте өзекті қажетті материал.Сондықтан Қызылағаш ауылының жайылым жерлері мен Аңқаты өзен жағалауын зерттей келе жусанның адам баласына пайдасы мол екенін дәлелдедік.Бұл жұмыс жан – жақты қамтылған. Жусанның түрлері, емдік қасиеттері, табиғаты, жан – жануарлардың азығы болатыны туралы мәлімет берілді.Жұмыс барысында оқушы көп мәлімет жинаған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жусан және оның емдік қасиеттері»
Жалпы білім беретін Қызылағаш негізгі мектебі
Ғылыми жоба: «Жусанның түрлері
және оның емдік қасиеттері»
Авторы: 4 – сынып оқушысы
Бауыржанов Сағжан Миржанұлы Ғылыми жетекшісі:
Бастауыш сынып мұғалімі
Кубаева Анаргуль Еркебаевна
Осы ғылыми жұмыс «Жусанның түрлері және оның емдік қасиеттерін зерттеу» өте өзекті қажетті материал.Сондықтан Қызылағаш ауылының жайылым жерлері мен Аңқаты өзен жағалауын зерттей келе жусанның адам баласына пайдасы мол екенін дәлелдедік.Бұл жұмыс жан – жақты қамтылған. Жусанның түрлері, емдік қасиеттері, табиғаты, жан – жануарлардың азығы болатыны туралы мәлімет берілді.Жұмыс барысында оқушы көп мәлімет жинаған.
Әл – Фараби әдіс – бірлестік жетекшісі: Б.Қ.Набидуллина
І.Кіріспе: Қызылағаш ауылының табиғаты және осы жерде өсетін өсімдіктер туралы мағлұмат.
ІІ.Негізгі бөлім: Жусан
2.1.Жусанның шығу тарихы
2.2.Жусанның түрлері
2.3.Видео: «Жусанның шипалы қасиеті»
2.4. Фито-шай Жусан (сарамандық жұмыс)
2.5.Жусаннан өнделіп жасалған дәрілер
2.6.Жусан туралы ғұламалардың асыл сөздері..
ІІІ.Қорытынды.
ІҮ.Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе бөлім:
Сырым ауданындағы жайылымды және шалғынды жерлердің ішіндегі зерттелмеген көп жерлердің бірі – Қызылағаш елді мекені.Бұл жер адам баласының өмір сүруіне, мал ұстауына өте қолайлы жер.Іргесінен ағып жатқан «Аңқаты» өзені ауылға үлкен көрік беріп тұр.Бұл жердің топырағы құнарлы,әртүрлі өсімдіктерге бай, малшаруашылығы кеңінен дамыған жер.
Батыс Қазақстан энциклопедиясында бірнеше жусанның түрлері және оның емдік қасиеттері туралы мәліметтер бар.Қызылағаш ауылының байырғы тұрғындар – ауыл ақсақалдары және ақ жаулықты әжелермен кездесіп жусанның тұрмыста, мал шаруашылығында және күнделікті өмірде жан – жақты пайдаланғандығы туралы сұхбат алдым.
«Жусан болмаса- шөпте береке болмайды,
Ауыз бірлік болмаса – көпте береке болмайды» деп
Ескелді бабамыз айтқандай, шипалы жусанды зерттеу мақсатымен Сырым аудандық кітапханамен де тығыз байланыс жасадым.Онда «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» және «Дәрілік өсімдіктер» т.б.кітаптарын оқи отырып көптеген мәліметтерді қағазға жазып және суретке түсірдім
Жусан күрделігүлділер тұқымдасына жататын, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта.Жусан өсімдігінің шығу тарихы : латындар бұл шөпті «артемизия» деп атайды.Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.Жалпы ата – бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленген.
Жусанның түрлері
Боз жусан көктемнің басында шығып табиғатты өз жұпар иісіне бөлейді.Боз жусанның биіктігі 18 – 20 см .Кей қалың жерлерде 40 см дейін жетеді.Жапырағы кезектесіп орналасқан .Шеті тілімденген өсімдік.Бұл жусанды менің әжем сыртқы сенеге, әр босағаға бірер бумадан тастайды.Себебі Жазғытұрым бөрге және т.б. зиянды жәндіктер көбеймес үшін күнделікті тұрмыста пайдаланады
ащы жусан
сұр жусан
бөрте жусан
майқара жусан ,
арам жусан
Ізденісте танысқан жусан түрлері
Гмелин жусан
құм жусан
шашақты жусан
Боз жусан
қызыл жус ан
ермен жусан
сирек бас жусан
Жусанның шипалық қасиеті.
Видео:Орынғаным әжеймен сұхбат
Жусанның үстіне ыссы суды құйып, оны бұқтырамыз.Бұқтырып алғаннан кейін сол суға дүниеге келген нәрестені түсіруге блады. Жусан адамның үсті бөрткенде, қол салалары қотырланғанда пайдалануға болады.
Фито-шайы Жусан
(сарамандық жұмыс)
Тәтті әжеймен сұхбат
1 – сарамандық жұмыс:
Жусанның біздің жерде жеті түрі өседі.Жусан негізінен ащы өсімдік. Онымен ұсақ малдар қорек етеді.
Міне, менің қолымда жусан шөбінен жасалған Фито – шайы .
Бір стакан суға екі қасық жусан шөбінен жасалған фито шайын салып бұқтырамыз.Содан соң сүзіп алып ішуге болады.Ол ішкі ағза - бауыр, өт, асқазан(гастрит), іш кебу т.б. ауруларына мыңда бір ем.
2 – сарамандық жұмыс :
Міне, балам, менің қолымда бірнеше жусанның түрі бар.Атап айтсақ: қара жусан, тықыр жусан, боз жусан,т.б. жусандарды көріп отырсындар.
Жусандар әртүрлі бірі - ұзын, бірі – қысқа.Бірақ адам баласы үшін өте пайдалы өсімдіктер.Осы жусандарды қайнаған суға ұсақтап салып, бұқтырып қоямыз.Судан жусанды алып, ысқылтым күйінде аяққа тартамыз.Аяқты қалыңдап байлап(қымтап) 15 – 20 минут ұстаймыз.Аяқтың сырқырауын, буын ауруларын басады.
Жусаннан өңделіп жасалған
дәрілер
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған..
Мысалы:көпжылдық ізденулердің нәтижесінде көрнекті ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың басшылығымен ғалымдар «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дәрі бауыр, өкпе және сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дәріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраныс 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді .
Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт құрылысы басталған болатын. 1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар дәрілердің тізіміне енгізілген. Бүгінде «Арглабин» дәрісі 11 елдің патентімен қорғалып отыр.
Жусан туралы ғұламалардың
асыл сөздері
Халқымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты – мық жусан мен ұсақ, бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып ұшырып әкететін әдеті бар. Тегінде Шыңғыстаудың асыл шөбі – мық жусан. Бұл қойдың ырысы», - деп бекер жазбаса керек.
Жусан деп ел атаған, Шөлге берік өскелең.
Шөп ол бойы жатаған. Дәрі – түбір бұтағы,
Дауылға, желге көшпеген, Жусан – қырдың жұпары.
(Бағдат Айтмұқаева)
Маған таныс 2 – сынып әдебиеттік оқу
кітабында асқан батырлығы,ақылдылығы, төзімділігі, сабырлығы арқылы Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жырақ жүрсе де, қартайған шағында Мысырдың кең даласынан бір түп жусаннан туған елге деген сағынышын басу үшін сол жусанды бойтұмар етіп таққан.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген данышпан Абай Құнанбаев. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жоймақ емес. Озық ойлы білімдар адамдар әр заманда заманның дамуына өз үлесін қосуда, әлі де қоса бермек.
Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық, сағыныш сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға бала кезден сіңіп қалған салиқалы еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!...
Пайдаланылғын әдебиет
тізімі
«Қазақстан өсімдіктер әлемі» суретті энциклопедия
«Дәрілік өсімдіктер»
М.Қожабеков
« Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» энциклопедия
Батыс Қазақстан энциклопедия
«Абай жолы» романы
«Өсімдіктер әлемі»
Газеттер
Балалар басылымдары
Қарты бар ел,
Қазыналы ел.
10. Әдеби оқулықтар
Жалпы білім беретін Қызылағаш негізгі мектебі
2015-2016 оқу жылындағы 4- сынып
оқушысы Бауыржанов Сағжан Миржанұлының
«Жусан түрлерімен емдік қасиеттері » атты
ғылыми жобаны зерттеу жұмыс кестесі
Оқушының мақсаты:
1.Қызылағаш елді мекенің аралай келе оның өсімдіктері,табиғаты ,жан – жануарлары,суларымен таныса келе осы жерде көп кездесетін, әлі де зерттелмеген жусан түрін ғылыми жоба ретінде зерттеуді қолға алдым.
2.Жусан өсімдігінің ерекшелігін ,шипалылығын зерттей отырып,адам өмірінде де және мал шаруашылығында да пайдасын насихаттау.
Зерттеу әдісі:
Зерттеу тақырыбында қатысты ақпарат беттерінде берілген мәліметтерді биология оқулықтарынан, өсімдік туралы тарихи-дәстүрлі түрде қолданылатын ақпаратты тұрғылықты адамдардан жинақтау.Түрлі энциклопедиялар мен газет – журналдарды пайдалану арқылы 4 – сынып оқушысы Бауыржанов Сағжан жан – жақты ізденді .
Күні
Істелген жқмыс
12.11.
Жұмыс түрі
Қызылағаш елді мекенінің табиғатын аралау.
13.11
14.11.
Нәтижесі
Ақпарат жинау
Кітапханамен байланыс жасау
Аңқаты өзені бойынан және ауыл айналасынан жусан түрлерін жинақтау
Ғылыми жоба: «Жусан түрлері»
Батыс Қазақстан энциклопедиясы, «Өсімдіктер әлемі», «Абай жолы», «Қазақстан өсімдіктер әлемі»
Жусанның бірнеше түрімен таныстым.
Қара жусан, боз жусан, ақ гүлді жусан, тықыр жусан
Тазалау,
кептіру,әр түрге бөлу.
15.11
Ауыл қарияларымен кездесу.Тәтті әжеймен сұхбаттасу
16.11.
Жусан түрлерін:
Фито шайы, емдік қасиеті.
Аудандық кітапханаға барып мәлімет жинау.
17.11
Сарамандық жұмыс.
Әртүрлі энциклопедия-
ларды оқи отырып, өзіме керекті мәлімет алдым.
Жасен атаймен және Орынғаным әжеймен кездесіп, сұхбаттасу
Кітапханашымен әңгімелесу.Сурет
ке түсіру.
Ауылдың «Қызылағаш» деп аталу себебі неде?
Орынғаным әжейдің шипалы қолынан емдік қасиеті бар дәрілер жасау және оның қолдану жолдарын зерттедім.
«Қызылағаш елді- мекені ерте кезде құралған ауыл. Қызыл үйлер салынып, орыстардың қоныстануы арқылы аталған.
Жусан адамның үсті бөрткенде, қол салалары қотырланғанда пайдалануға болады.
Түс
тен кейін
Папка жинақтау.
Видеоларды монтаждау.
«Жусанның түрлері мен емдік қасиеттері» туралы толық мағлұматты қағаз бетіне түсіру