Просмотр содержимого документа
«Төле бидің төрелігі»
Тақырыбы: Шешендік сөздер. Төле бидің төрелігі. Халқыңа адал бол.
Мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешенді сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Сабақтың түрі : аралас
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ертегіні жоспар бойынша әңгімелеп бер.
Асан мен Қасеннің алтын тауып алуы.
Қариядан ақыл сұрауы.
Қарияның шәкірттерінің жауабы.
Ғажайып бақтың орнауы.
ІІІ. Өткенді қорыту: Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады? (қиял – ғажайып). Асан мен Қасеннің адал достығын қандай істері мен әрекеттерінен байқауға болады? Қария ең кіші шәкіртіне неліктен риза болды? Бұл ертегіден халықтың қандай арман – тілегін байқадың? Адамдардың игілігі үшін ғажайып баққа сен тағы не қосар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ:
1.Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер деп халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөздерін айтамыз.
Халық арасында шешендігімен, тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке би, Малайсары би, Сырым батыр, Бөлтірік шешен, Байсерке шешен, т.б. атақты шешендер болған.
2. Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал – мәтел, нақылдары ел арасында кең таралған. Елдің азаматтары Меккеге барса да, жауға шапса да, би болса да, Төле бидің өзгеден айрықшылығы – өте адал адам болған. Егер адал болмаса, бүкіл қазақ батырлары алдына барып бата алар ма еді?..
3. түсініп оқу, сөздік жұмыс: Қолшоқпар – біреудің сөзін сөйлеп, айтқанын істейтін адам. Тізе бүгу – бағыну. Құлдық ұру – тәуелді болу, құл болу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1.Жоңғар – қалмақ билеушісі кім? (Қалдан Серен). Ел басшылары Күлтөбенің басына не үшін жиналады? Қарабек батыр қандай ұсыныс жасайды? 2. Күлтөбе басында айтқан Төле бидің төрелік сөзін тауып оқы.
3. Берілген ұйқас бойынша бір шумақ өлең құрастырып көр.
Уа, көсіле шабаржерің бар,
Қол боларлық елің бар.
Жау шапқанда қорғайтын
Ту көтерер ерің бар.
ҮІ. Қорыту. 1. Төле би қандай төрелік сөз айтады? Бұл төрелік сөзден көңіліңе не түйдің? Қалай ойлайсың, Жетес Төле биден неліктен естен кетпес бір сөз айтуды өтінді? Бұл әңгіме арқылы айтушы бізге не дегісі келген?
2. Төле бидің шешендік сөзіне сүйеніп, бір шумақ бата – өлең жазып көр.