kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлік даңқы мәңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

1941жылы 21 июнь күні Улы отан соғысы басталды

Ат басына күн туса

Ауыздықпен су ішер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлік даңқы мәңгілік»

Тақырыбы: «Ерлік даңқы мәңгілік»
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушыларға ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Елін, жерін Отанын қорғауға оны суюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу. Ауыл ардагерлерін құрмеипен еске алу.

Көрнекіліктер: ерлік туралы нақыл сөздер. Батырлардың суреттері, альбомдар, буклеттер. Ауыл ардагерлерінің суреттері.

Барысы:
Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік.
Бейнекөрініс (соғыс басталуы)

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық - ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Мұғалім:

1941 жылы 22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан эау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1 - жүргізуші: Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 73 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 - мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
2 жүргізуші: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.
1 жүргізуші: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Халқымыздың Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен еске сақтайды.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.


Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектепте жүр аралап.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар қорағалар,
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл Сара жол болар.
Хор: «Көгершіндер».
Мұғалім:

Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Отан соғысына қатысқан Әди Шәріпов, Қасым Қасенова, Нүркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Сайын, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ Оразалинов сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих беттерінде «Батыр» деп жазып кетті.

Құрметті балалар, сол ағаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық

2 жүргізуші: Жеңіс күн! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірде рейхстаг үстінде Рахымжан Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді.

1 жүргізуші: 8- мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9- мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30

Дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

Қорытынды: Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ерлік даңқы мәңгілік

Автор: Касымбекова Айгул

Дата: 08.05.2018

Номер свидетельства: 468835

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Т?рбие са?аты "Ерлік – жан д?ниені? ?лы ?асиеті ""
    ["seo_title"] => string(42) "trbiiesagatyierlikzhanduniieninulykasiieti"
    ["file_id"] => string(6) "292731"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455339834"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Ерлік жыры-елдің ескерткіші" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(55) "ierlik_zhyry_ieldin_ieskiertkishi_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "439079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510810121"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Ерлік да??ы арт?ан елеулі к?ндер" "
    ["seo_title"] => string(39) "ierlik-dan-k-y-artk-an-ielieuli-kundier"
    ["file_id"] => string(6) "201140"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1428993809"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ерліктің - даңқы мәңгілік"
    ["seo_title"] => string(24) "erliktin_dank_y_m_ngilik"
    ["file_id"] => string(6) "606980"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1652674545"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Аталар ерлігі- бізге ?лгі" "
    ["seo_title"] => string(29) "atalar-ierlighi-bizghie-ulghi"
    ["file_id"] => string(6) "208500"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430828250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства