Дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл ой белсенділігін маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерді үрділерін дамытады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.