kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Животноводство в Казахстане

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок познания мира на тему "Животноводство в Казахстане" был интегрирован с уроком математики, литературного чтения для повышения интереса учащихся, так как ребенок умеющий связывать теорию с практикой сможет быстро адаптироваться в сложной ситуации.  Учитель применяет разнообразные дидактические игры, элементы новых педагогические технологии с целью повышения познавательного интереса учащихся. Нынешнее время показывает, что формирование грамотности чтения не только на уроках  чтения, но и на уроках познания мира  позволяет учащимся более глубоко понимать текст.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Животноводство в Казахстане »

Режепова Алима Илесовна 2 – сынып Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға ауыл шаруашылық еңбегі, оның

түрлері, соның ішінде мал шаруашылығы туралы түсініктерін

қалыптастыру, мал шаруашылығының адам өміріндегі

маңыздылығын ұғындыру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой

өрістерін, топпен жұмыс істеу қабілеттерін, білімдерін

жинақтауға, талдай білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелігі: Еңбекті бағалай білуге, малды жақсы көруге,

төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді үйрету арқылы

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктемелер, интерактивті тақта

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, іздендіру, ой-қозғау,

шығармашылық, көрнекілік.

Сабақтың түрі: аралас, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, математика

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлеп, зейіндерін сабаққа аудару.

1. Психологиялық дайындық. «Тілек шоғы»

(Партадағы көршілер бір-бір іне тілек тілейді)

– Ал, менің сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер.

100 – 25 = с 59 – 49 = л 84 + 13 = ы 72 – 7 = н

64 – 57 = у 32 – 31 = қ 88 – 77 = е 50 + 40 = а

80 – 76 = д

4

11

65

75

90

7

5

97

1

д

е

н

с

а

у

л

ы

қ

– Міне, балалар, менің тілегім, басты байлық – денсаулық .

Топқа бөлу.(Оқушыларды 4 топқа бөлу.)

І топ: Қамбар ата ІІ топ: Зеңгі баба

ІІІ топ: Ойсылқара ІV топ: Шопан ата

ІІ. Өткен сабақты пысықтау:

«Дұрыс және дұрыс емес пайымдау» ойыны. (Белгі карточкаларын пайдалану.

Қызыл – «жоқ», жасыл – «дұрыс», сары – «білмеймін»)

– Ерекше жануар. Тұмсығы етті,кеңсірігі дөңес, танауы салбыраған жұмсақ болып келеді. Бұл – ақбөкен. (Дұрыс)

– Далалы және таулы жерлерде тіршілік етеді. Іннен шыққан күйі артқы аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын байқайды. Бұл – қасқыр. (жоқ)

  • Аяғы күшті, тырнағы өткір, тісі мықты, ірі аң. Ол құс, шөп, тышқан тәрізді

кемірушілермен, жидек, саңырауқұлақпен қоректенеді.Реті келгенде бұлан, бұғы сияқты ірі жануарларға да шабуыл жасайды. Бұл – қоңыр аю. (Дұрыс)

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Артығын тап!» дидактикалық ойыны.

1. Қоян, сиыр, түлкі, қасқыр. (Сиыр)

2. Қарлығаш, қарға, қой, бұлбұл. (Қой)

3. Қызғалдақ, түйе, раушан, (Түйе)

4. Алма, өрік, алмұрт, жылқы. ( Жылқы)

– Неге бұл сөздерді артық деп ойлайсыңдар?

– Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мал)

– Ондай болса бүгін біз мал шаруашылығы туралы оқып білеміз.

  1. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын айту.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мал шаруашылығы» деп аталады.

  • Ал мақсатымыз: қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы, төрт түлік малды өсіру, күту, одан алынатын өнімдер жайлы білімдерімізді кеңейту, еңбекті бағалай білу, төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді үйрену болып табылады.


  1. Кіріспе әңгіме.

  • «Қазақстан жері – кең байтақ». Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Әрбір адамның туған жері бәрінен де қымбат. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғаты мен біте қайнасып адам болып қалыптасады. Табиғат байлығының бірі, жер бетінің сәулеті – Жасыл әлем. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын аямаған. Табиғаттың көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар болса, бірі әсем әнге бөлейтін – құстар.

Біздің жайлауымыз, жазық даламыз мал бағуға, егін егуге өте қолайлы.

Сондықтан ол сала ауыл шаруашылығы деп аталады. Бүгін біз ата кәсібіміз

мал шаруашылығына кеңінен тоқталамыз.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық- түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек) дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.





Ой қозғау.

  • Әр топ мына берілген тақырыптарға ой қозғау стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындаймыз.

І топ: Ауыл шаруашылық түрлері.

ІІ топ: Мал шаруашылығы.

ІІІ топ: Азықтық жем – шөптер.

ІV топ: Ауыл шаруашылық техникасы.

  • Енді балалар, білімімізді толықтыру үшін оқулықтарымызды ашамыз.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннен әр топ өз атауларына сәйкес сөйлемдерін тауып оқыту.

І топ: Зеңгі баба – Сиыр ірі қара малға жатады.

ІІ топ: Шопан ата – Қой мен ешкіні ұсақ мал дейді.

ІІІ топ: Қамбар ата – Жылқының еті, сүті тағам ретінде пайдаланылады.

ІV топ: Ойсыл қара – Түйенің бір және қос өркешті түрлері бар.Бір өркешті түйені нар дейді.

V. Сергіту сәтін жасау.

– Бәріміз шаршаған шығармыз. Бой сергітіп, қимылдар жасап денемізді сергітіп алайық.

VІ. Шығармашылық жұмыс.

І топ: Картамен жұмыс.(Мал шаруашылығымен айналысатын аудандарды белгілеу). – Қазақстан Республикасының қай өлкесінде төрт түліктің қандай түрлері өсіріледі?


ІІ топ: Қай төлді қалай шақырады?

ІІІ топ: Сәйкестендір.

Ойын тапсырма: «Әр атты өз иесіне тапсыр».

Алпамыс Тарлан

Тарғын Қарақасқа

Ақан Байшұбар

Қамбар Тайбурыл

Қобыланды Керқұла

Кендебай Құлагер

ІV топ:Сүттен жасалатын тағамдарды тауып, қоршау.

Ірімшік, шұжық, май, алма, құрт, қаймақ, қарта,

нан, қатық, жүзім, қымыз, қазы, шұбат, анар.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

– Балалар, сендерді аталарың, әжелерің жақсы көргендіктен осы түлік төлдеріне теңейді. Осы төлдерге арнап өлең құрастырып жазыңдар.

VІІІ. Бекіту. Тест сұрақтары.

  1. Мал бағатын қожалықтарда жұмыс істейді.

А). Агроном, диқаншы, егінші Ә). Тігінші, шебер

Б). Малшы, сауыншы, мал дәрігері

2. Түйенің сүті

А) Қымыз Ә) Айран Б) Шұбат

3. Аша тұяқты төрт түлік

А) Қой Ә) Түйе Б) Сиыр

4. Шөлге шыдамды жануар

А) Түйе Ә) Қой Б) Жылқы

ІХ. Бағалау.

Топтық, жұптық нәтижелер бойынша бағалау.

Х. Үйге тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқу.

Төрт түлік мал туралы мақал немесе тақпақ жаттау.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Животноводство в Казахстане

Автор: Режепова Алима Илесовна

Дата: 26.01.2015

Номер свидетельства: 161994

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Урок познания мира во 2 классе по теме "Животноводство""
    ["seo_title"] => string(58) "urok-poznaniia-mira-vo-2-klassie-po-tiemie-zhivotnovodstvo"
    ["file_id"] => string(6) "252115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447334607"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Урок по познанию мира на тему "Животноводство" во 2 классе "
    ["seo_title"] => string(60) "urok-po-poznaniiu-mira-na-tiemu-zhivotnovodstvo-vo-2-klassie"
    ["file_id"] => string(6) "208642"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430852999"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Знакомство с государством Казахстан."
    ["seo_title"] => string(37) "znakomstvo_s_ghosudarstvom_kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "444552"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513342905"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Казахстан-крупный животноводческий регион."
    ["seo_title"] => string(47) "kazakhstan-krupnyi-zhivotnovodchieskii-rieghion"
    ["file_id"] => string(6) "326936"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463336538"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Цвети, мой Казахстан!»"
    ["seo_title"] => string(20) "tsvietimoikazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "287892"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454564777"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства