kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Зат есімні? септелуі" ?аза? тілі 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Зат есімні? септелуі. Саба?ты? ма?саты: Зат есім туралы т?сінік, бере отырып, септік жал?ауларымен таныстырып, оларды? с?ра?тарын ме?герту. Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру, ??гімелеу.Саба?ты? к?рнекілігі: жа?а саба? бойынша таблицалар мен плакаттар. Cаба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і. 2. ?й тапсырмасын с?рау 3.?ызы?ушылы?ты ояту 4. Жа?а саба?. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Зат есімні? септелуі" ?аза? тілі 4 сынып»

Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі»

Сабақтың мақсаты:

а) Зат есімнің септелуі туралы түсінік бере отырып, септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту.

Оқушыларды ұқыптылыққа, табандылыққа, байқағыштыққа, зеректікке баулай отырып, әдемі жазуды талап ету арқылы көркемдікке тәрбиелеу.

б) Жаттығулар орындату барысында шығармашылық пен танымдық біліктер мен дағдыларын ой-өрістерін одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Көрнекілігі: жаңа сабақ бойынша таблицалар мен плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлеметсіздер ме,балалар? (оқушыларды сабаққа даярлап, назарын сабаққа аудару)

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

- Балалар, бүгін сіздер сабаққа жақсы қатысып, сапалы білім аласыздар.Білім ордасының төрінен орын аласыздар. Іске сәт. Ережелерді жатқа сұрау.

ІІІ. Өтілген материал бойынша тест арқылы алған білімдерімізді жинақтап, сабағымыз жарыс түрінде өтеді.

Жарыс: І топ «Зеректер» ІІ топ «Білгірлер» топ арасында өтеді. Сабақтың соңынан жарыс жеңімпаздарын анықтаймыз.

А) 1. Сөйлемнің қай түріне жататынын ажырат?

Айжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма

а) Хабарлы сөйлем

ә) Жай сөйлем

б) Сұраулы сөйлем

в) Лепті сөйлем



2. Мақалды ажыратыңыз.

а) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат

ә) Далада жаңбыр жауып тұр.

б) Күн ыстық

в) Еділ ұзақ жол жүрді.



3. «Х» әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз?

а) ...айуан

ә) ақ...у

б) азы...

в) ы...ылас



4. Біріккен сөздер қатарын көрсетіңіз.

а) Аққу, жолбарыс

ә) халықаралық, кейадам

б) Құнанбай, екі жүз бес

в) үп-үлкен, жан-жануар



5. Жай сөйлемді табыңыз.

а) Өзеннің суы тұнық

ә) Күн күркіреді

б) Мысық иттен қашты

в) Гүлсім сурет салды



6. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз.

а) көңілді, тыйым

ә) қызғалдақ, құлын

б) зеңгібаба

в) жияды, кітап

Ә) «Орнын тап» ойыны жүргізіледі.Ол үшін тақтаның бір шетіне төмендегі кесте сызылады.

Заттар мен нәрселер

Өсімдіктер

Жануарлар

Адам

Табиғат құбылыстары

Орындық

.....

Бүлдірген

....

Аю

....

Тігінші

....

Жел

....

Осы кестені толтыру барысында оқушылар адамға қатысты сөздерге кім? сұрағы, ал одан басқа сөздердің бәріне не? сұрағы қойылатынын тағы да еске түсіреді.



ІV. Жаңа сабақ.

а) Өзім жетігеннің суретін көрсетіп:

Бұл - көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген шал болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да,кім? не? деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?- деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?» - деп жоқтау айтыпты. Табыс атты ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»- деп бесінші ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі. Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»- деп жоқтау айтып егіледі.



Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»

- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егіледі?

- Септік шал

- Ілік қайтыс болғанда шал не деді?

- Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?- деді.

Осы ретпен Септік шалдың аузынан шыққан сұрақтар қайталанады.

- Енді осы сұрақтарды Жетіген сөзіне қоямыз.



- Не? – Жетіген

- Ненің? - Жетігеннің

- Неге? - Жетігенге

- Нені? - Жетігенді

- Неде? - Жетігенде

- Неден? - Жетігеннен

- Немен? – Жетігенмен

Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атаймыз. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз. Таблица бойынша түсіндіру.

Қазақ тілі бал тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын

Тіліме кім тағар мін.

V. Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашып, берілген тақтадағы ережені көркемдеп жазып, бүгінгі күннің жадын «Зат есімнің септелуі» тақырыбын жаза қойыңдар.



а) Оқулықпен жұмыс.

281-жаттығу ауызша орындалады. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойылғаннан кейін, сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгергендігі айтылады.

І топ «Зеректер»

1.Біздің үйдің шатырына не ұя салды? (қарлығаш)

2. Ұяда ненің балапандары бар? (қарлығаштың)

ІІ топ «Білгірлер»

1.Қарлығаш үнемі неге жем іздеуге тура келді? (балапандарына)

2. Бір күні биікте ұшып жүрген нені көрдік? (қарлығашты)

282-жаттығу. Жазбаша орындалады.

І топ

Үздік кім? - оқушы

Кімді көрді?- оқушыны

Кімге берді?- оқушыға

Кімнен сұрады?- оқушыдан

ІІ топ

Қайдан келді?- ауылдан

Ненің жолында көл бар?- ауылдың

Демалыста қайда барамын?- ауылға

Мен нені ұнатамын?- ауылды

VІ. Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық,

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

283-жаттығу.

Жеміске құты тола ма?

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте өсе қоя ма?

Еккен дәнін ойласаң,

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер бойыңа.

Ұғып ал білім боларын,

Шам-шырағың жолыңда,- деп.

VІІ. Өзіндік шығармашылық жұмыс

І топ:-------------------------------------------------------ІІ. Топ:

А.с. Суретші---------------------------------------------А.с. Қайың

І.с. Суретшінің------------------------------------------І.с. қайыңның

Б.с. Суретшіге-------------------------------------------Б.с. қайыңға

Т.с. Суретшіні-------------------------------------------Т.с. қайыңды

Ж.с. Суретшіде------------------------------------------Ж.с. қайыңда

Ш.с. Суретшіден----------------------------------------Ш.с. қайыңнан

К.с. Суретшімен-----------------------------------------К.с. қайыңмен

285-жаттығу.

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды.

VІІІ. Үйге тапсырма

284-жаттығу.

Тиін ағаштың қуысына тығылады. Ол күзде ағаштың бүршігін, саңырауқұлақты жинап алады. Қыстыгүні соларын жейді де, ұйықтайды.



ІХ. Сабақты бекіту.

1.Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 5

ә) 3

б) 8

в) 7



2.Шығыс септігінің сұрақтарын табыңыз.

а) –мен,-бен,-пен

ә) –ка,-ке,-ға,-ге

б) –ның,-нің, -тың,-тің,-дың,-дің

в) –дан,-ден, -тан,-тен,-нан,-нен



3.Жатыс септігінің сұрақтарын табыңыз.

а) кімде? неде?

ә) кімнен? неден?

б) кіммен? немен?

в) кімді? нені?



Х. Сабақты бағалау.

І топ «Зеректер»

ІІ топ «Білгірлер»

Сынып оқушыларының өз білімдерін алдарындағы жинаған «жұлдызша» бойынша қорытудағы балдық жүйемен есептеп тиісті бағаларын қоямын.

ХІ. Мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Зат есімні? септелуі" ?аза? тілі 4 сынып

Автор: Сейтимова Айнагуль Сагынтаевна

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 306124

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Саба?  жоспары "Зат есімні?  септелуі" ?аза?  тілі"
    ["seo_title"] => string(50) "sabak-zhospary-zat-iesimnin-sieptielui-k-azak-tili"
    ["file_id"] => string(6) "287413"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454488903"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Зат есімні? септелуі.4-сынып.?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(36) "zatiesimninsieptielui4synypkazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "313431"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459487412"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Білімді тияна?тау.Зат есімні? септелуі "
    ["seo_title"] => string(43) "bilimdi-tiianak-tau-zat-iesimnin-sieptielui"
    ["file_id"] => string(6) "176895"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424514364"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Зат есімні? септелуі 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(27) "zatiesimninsieptielui3synyp"
    ["file_id"] => string(6) "327505"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463453882"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?аза? тілі "Зат есімні? септелуі""
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-tili-zat-iesimnin-sieptielui"
    ["file_id"] => string(6) "297759"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456233656"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства