Жаңа сабақ. Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын бүгінгі өтетіен дыбысымыз осы жұмбақтың шешуіндегі сөздің басында естіледі.
Аяғы жоқ қолы жоқ
Шиыр-шиыр жолы көп
( Қалам)
Қаламды балаларға көрсету. Сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
Қ дыбысы.
Бүгін осы қ дыбысы мен танысамыз.
Мынау әріп таңбасы.
Кәне балалар қ деп айтып көрейікші.
Қ дыбысы созылып айтылмайды.
Қ дыбысы дауысты ма дауыссыз ба.
Дауыссыз. Дауыссыз дыбыстар көк текше мен белгіленеді.
Қ дыбысын тақтаға жазу.
Енді балалар, мына суретке қарап жіберіп сабағымызды жалғастырамыз. Неің суретін көріп отырмыз.
Астана. Елордамыз Қазақстанның астанасы.
Қазақстан біздің Отанымыз.Қазақстан сөзінде Қ дыбысы бар ма?
Сөздің басында ортасында келіп тұр.
Қазақстанның тұұңғыш президенті кім?
Нұрсұлтан Назарбаев.
Дұрыс айтасыңдар балалар.Президентіміз біздің болашағымыз жарқын болуы үшін, жақсы білімді азамат болуымыз үшін Қазақстан Отанымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етуде.Алдымыздағы 1-желтоқсанды тұңғыш президент күні ретінде атап өтеміз.Бүкіл елімізде тойланады. Осыны әрдайым есімізде ұстайық.
Қазақстан сөзіне сөйлем құрау.
Кімнің қанша сөз айтқанына бақылау жасау, сонымен қатар сөздік қорын арттыру.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Ойын: «Қоян қонаққа келді»
Міне балалар біздің сабағымызға қоян қонаққа келді.Қоянның бізге әкелген хаты бар екен. (Хатты оқу)
Тапсырма: Сабақты ойын түрінде жалғастыру.Қызыл Телпектің апасына алып баратын жолмен жүріп өтуіне көмектесу. Алдымен Қызыл Телпек көпір арқылы өту қажет.Бұл көпір өте қорқынышты, себебі сынып кеткелі тұр.Бұл көпірден сәтті өтуі үшін тапсырма орындайық. Тышқан ұшақ сөзеріне ауызша талдау жасауы керек.
Жарайсыңдар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал енді көпірден асықпай өтіп, гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сиқырлы орманға алып барады.Орманда ағаштар көп екен.Жел соғып тұр. Сендер қорыққан жоқсыңджар ма?
Жоқ.
Ендеше орманда бұтақтан бұтаққа секіріп жүрген бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиын.
Балалар сендер білесіңдер ме? Тиын «жазу машинкасы » ойыныны ойнағанды жақсы көреді екен.
Кәне кеспе әріптермен сөздер жазып көрейікші.
Ата,нан, доп, айна , бала т.б. Әжесінің үйіне де жеттік. Қызыл Телпек те әжесі де сендердің үйді жақсы тауып келгендеріңе қуанышты рахмет айтып жатыр.(Қоян әкелген жұлдызшаларын сабаққа бер мадақтау).
Дәптермен жұмыс.
Сонымен бүгін қандай дыбыс пен таныстық?
Қ дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?
Қ дыбысы мен әрпін ауада джазып көрсету.
Дәптерге жазу.
Қ дыбысы мен әрпі бар сөздерді оқу. Ұшақ, қобыз, тышқан.
Қ дыбысы мен әрпі сөздің басында ортасында аяғында келеді екен.
Сабақты қорыту.
-Қандай дыбыспен әріппен таныстық.
-Қандай текшемен белгіледік.
-Қандай сөздер үйрендік
-Тұңғыш президентті білеміз бе?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау бағалау.