Просмотр содержимого документа
«Тілашар мерекесі »
Тегістік орта мектебі
1-сынып.
Бастауыш сынып мұғалімі: Қабылдинова Үміт Қабылжапарқызы
2014 жыл
Тәрбие сағаты: «Тілашар тойы»
Өтілетін күні: 3.11.2014 о.ж сағ. 10.оо-де
Сабақтың тақырыбы: Тілашар тойы
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, айналамен таныстыру, мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық, үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге,
ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, 1 қыркүйекте түскен фотолар, сыныпты шарлар мен гүлдермен безендіру.
Сабақ барысы:
1.Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Ата-ананың мейірімі мен аялы алақанының жылуында өсіп, жыл өткен сайын есейіп, бәрін білгісі,көргісі келіп жүрген жас бүлдіршін үлкен өмірге алғаш қадамын жасады. Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырамыз.
Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонан соң анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс
көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласын ұрып жібереді, бала жылап кетеді.
(Ата-аналарға балаға көңіл бөлулерін сұрайды )
Мұғалім: - Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
Оқушылар: - Қазақстанда.
Мұғалім: - Біздің Президентіміз кім ?
Оқушылар : - Н.Ә. Назарбаев
( Бір оқушы қолға ту ұстап айтады )
Ерсін: - Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі,
Қазақстан жалауын,
Көтеремін жоғары.
( 2-ші оқушы елтаңба ұстап айтады )
Диас: - Толқыған дәні бар,
Мамырлаған малы бар,
Қыран қанат әні бар,
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар
Дильназ: -Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.
Дастан: - Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Жинап алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар..
Батырбек: - Нан анасы-бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма симаймын
«Алтын астық» ән хор
Дильназ: Алатаудың аясында
Алма терді Алмагүл
Алуан бала арасында
артта қалмай алда жүр
Апорт деген алмасынан
Ал тәттісін таңдап бір.
Би «қаражорға
Мұғалім:
- «Ұйқасын табуға арналған өлеңдер жарысы»
Батырбек:
Ра-ра-ра
Гүлге қонды ара
Шағып алып жүрмесін
Айналаңа қара.
Ерсін:
Бетін жумай Жұматай, нан жеп отыр ұят-ай
Дастан:
А-а-а пісті қызыл алма,
У-у-у міндет біздің оқу.
Диас:
Жу-жу-жу бетіңді жу
За-за-за денең болсын таза
Дильназ:
Ыз-ыз-ыз Дильназ жақсы қыз,
Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр
Ыс-ыс-ыс келіп қапты қыс.—
Ән «Балауса» Ерсін
Ал, балалар енді жаңылтпаштар айтайық.
Тау-дәу,дәу –тау
Сән-сәулет, сәулет-сән.
Ақ доп, соқ доп.
Орал Оралдан оралар,
Оралдан Орал оралар
Шеше,неше кесе сынды кеше.
Класта ақ бор бар,
Көк бор бар.
Көп бор бар.
Би : «Айгөлек» Дильназ
-Ал енді біз қандай мақалдар білеміз?
1. Ырыс алды-ынтымақ
2. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырығы
3.Оқу-инемен құдық қазғандай
4. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
5.Отан-қуат,Отбасы-шуақ
6. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Ән: «Әрқашан күн сөнбесі
Батырбек : Тілашар
-Мынау біздің Тілашар,
Тілашардан кім қашар?!
Жалқауланбай балаға
Көп оқыған жарасар.
Тілашармен шәкірттер
Аяқтарын нық басар.
Рахмет саған, Тілашар! (хормен )
Мұғалім: - «Ұлы халқын есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап өтпеген.
Мың пәледен құтқарады бір бата,
Адам болмас бата естіп өспеген», - дей келе әжеден бата алу.