О?ушылар?а Отан туралы т?сінік беру ар?ылы,тасымалдау?а болмайтын туралы т?сініктерін ке?ейтіп,тапсырмалар орындалып, ту?ан жеріне,еліне деген с?йіспеншілігін арттыру ма?сатында ашы? саба? ?ткізілді.?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіне 25 жыл толуына орай ,с?ра? жауап,постер Отан туралы о?ушылар ??рып,?з ойларын орта?а салды.Саба? со?ында о?ушылар ?з тілектерін айтып,?нмен саба?ымызды,?уанышты к??іл к?ймен ая?тады?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
- Ендеше, балалар бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ. Бүгінгі сабағымызға қонақтарымыз келіп отыр,олар сендердің білімдеріңмен қатар,тәртіптеріңе назар аударады .Сондықтан өзімізді қалай ұстауымыз керектігін көрсетейік! Ендеше біз келген қонақтарға өз білімімізді көрсетейік
- Иә.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, үй тапсырмасына дайынбыз ба?
- Олай болса, үй тапсырмасы Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан картасы» өлеңін мазмұнын айту . үй жұмысын сұрау өзгеше болмақ тақтада қала аттары жазылған бір - бір бала ортаға шығып, бірінің бастаған өлеңін бірі жалғастырады.
(балалардан осылайша үй тапсырмасы сұралады)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Балалар, үй тапсырмасын жақсы дайындап келіпсіңдер. Енді менің сұрағыма жауап беріңдерші. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Астанасы – Алматы жоқ
3. Ұлты қазақ
4. Пайдалы қазбаларға өте бай
4. Мемлекеттік тіл – орыс тілі жоқ
5. Менің Отаным – Қазақстан
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Кім
жылдам?»
-дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөйлемді аяқта-сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша..........................
жақсы бұл тапсырманы да орындадыңдар
IV. Мақсат қою кезеңі. Енді Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымалданбайтын сөздер .Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Отан тақырыбы аясында сөз өрбітеміз
V. Жаңа сабақ. Ол үшін сендер мұқият аюдың кеңесін тыңдаңдар ,содан соң қорытындылаймыз Электронды оқулық –тыңдап,көру
қорытындылау
Шаршағанымызды басып ,дем алдық
Дәптермен жұмыс
Енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық Ол үшін түзу отырып ,қаламды дұрыс ұстаймыз.Асықпай ,ұқыпты жазамыз.
Ақпанның жиырма төрті
Сынып жұмысы
76-жаттығу
Деп жазамыз .
сергіту сәті
Тапсырманы орындау үшін не істеймиз?Әрине оқулығымызды ашамыз
Оқулықпен жұмыс
Оқулығымызды ашамыз 89 бет 76 жаттығуды орындамас бұрын мені тыңдаңдар
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі
Менің Отаным-рольге бөліп оқу
Енді мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді табыңдар.
Сол сөздерді дәптерімізге жазайық
Енді тақтаға қараңдар Отан деген күншуақ берілген ,постер құруымыз керек ,ол үшін
Отан деген не ? деген сұраққа жауап беріп көрейікші
Отан деген-атамекен,туған жер,ауылым,досым,аудан,пана,туған ел, ата-ана,ауылым,астанам.
Осы сөздерді тақтаға ілейік.Сонда бізде Отан деген постер пайда болды .Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған –туыстары,жақындарымен бірге тұратын жер.Қазақ елінде тұратын адамдардың атамекені-Қазақстан Республикасы.Ал Президентіміз-Н Ә Назарбаев Біздің жарқын болашағымыз үшін аянбай еңбек етіп жатыр . Қазақстан елін ,сендерді Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына байланысты құттықтап ,сендер еліміздің ертеңі екенін ұмытпаңдар.
Елімізге,жерімізге деген тілектерінді өлең жолымен білдіріңдер
Жанель
Менің елім-Қазақстан жүрегім
Тек өзіңсің Отан ,ана,тірегім
Аман болсын елім, жерім ,ұрпақтар
Тәңірден осы менің тілерім
Әлімжан
Менің елім-Қазақстан Отаным
Жырлар жазып өзіңді әнге қосамын
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел
Арта берсін абыройың ,атағың
Жаса,елім,жаса достық бірлікпен
Көштен қалма және тірліктен
Елім менің-Қазақстан Отаным
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Алижан
Өзіңдікі-еліңде
Өзіңдікі-жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік Төрінде
Өзіңдікі-туың да
От пен ауа суың да
Жаса Қазақстаным Белді бекем буын да
VI.Жаңа материалды пысықтау:сөздерді буынға бөл
Бір буынды бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер
Бір шапалақ екі шапалақ
VII.Бекіту кезең Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу
Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды? Мысал келтір Аюдың кеңесін естеріңе түсіріңдер
Жақсы балалар біз бүгін тағы не туралы айттық ? дұрыс Отан туралы
Бағалау Сабаққа жақсы қатыстыңдар бүгінгі сабақ ұнадыма?