Сабақтың тақырыбы: Сабан туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
- Сабан туралы түсінік қалыптастыра отырып, сабанның табиғи қасиеті, пайдасы, қолданылу жағдайы жайлы білуге ықпал ету.
- Сабаннан қажетті бұйымдар жасау, өру өмірде пайдалану дағдыларын қалыптасыуына ықпал ету.
- Ұқыптылық пен ептілікке баулу.
Қажетті материалдар: сабанның түрлері, дәнді дақылдар, сабаннан жасалған бұйымдар.
Барысы:
- Кіріспе әңгімеде мұғалім сұрақ-жауап әдісі арқылы сабан жайлы оқушылардың білімін байқайды.
- Дәнді дақылдарға не жатады?
- Дәнді дақылдар орылған соң не қалады?
- Сабанды не үшін пайдаланады?
- Мұғалім сабан жайлы түсініктеме беру керек
Сабан – дәнді дақылдар орылған соң қалған сабақ. Сабанды ауыл шаруашылығында малға азық ретінде аз пайдаланылады. Себебі сабанның құнары аз. Құрамында сөлі мол азықтарға қосып береді. Сабанды көбінесе малдың астына төсеніш ретінде, топыраққа қос илеп, кірпіш, сылақ қоспасын жасауда, кейде отын ретінде пайдаланылады.