kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование мероприятий

Нажмите, чтобы узнать подробности

В первую очередь праздники нужны нам для  снятия трудового напряжения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование мероприятий»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК















34 топ білім алушысы

Қасенова Айжанның

Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық”

Портфолиосы













Мамандығы: 0111000 “Негізгі орта білім”

Біліктілігі: 0111083 “Шетел тілі мұғалімі”

Әдіскері: Турбаева М.К







Семей, 2020 жыл

Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы

Ережелер


     Жалпы ережелер


1.      Балалардың сауықтыру  лагері қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  балалардың сауықтыру лагері, балалардың еңбек және демалыс лагері, балалардың профильді лагері, балалардың мектеп жанындағы лагері (бұдан әрі – Балалардың сауықтыру лагері) қызметін белгілейді.

2.      Балалардың сауықтыру лагері өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген), осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

3.      Балардың сауықтыру лагерінде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламасы іске асырылады.

4.      Білім беру органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, жеке заңды тұлғалар және басқалары Балалардың сауықтыру лагерін қысқы, көктемгі және жазғы каникул мерзімінде, сонымен қатар жыл бойы қалада да, қала сыртында да құра алады. Балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс тәртібі мынандай:

          - қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагері жыл бойы немесе білім алушылар мен тәрбиеленушілердің каникул мерзімінде жұмыс істейді. Қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагеріне 7 жастан  15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жіберіледі, жазғы сауықтыру лагерінде болу мерзімі 20 күн, қысқы, көктемгі және күзгі сауықтыру лагерінде болу мерзімі 8-12 күн, жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагерінде-20-25 күн;

         - жоғарғы сынып оқушыларына арналған еңбек және демалыс лагері жазғы каникул кезінде ұйымдастырылады және жоғары сынып оқушыларының өндірістік практикасын өткізуді қамтамасыз етеді. Жоғары сынып оқушыларының лагерде болу мерзімі 12 күннен 24 күнге дейін болады;

         - оқушылардың бағдарлы лагері (мектебі) жыл бойы немесе каникул кезінде білім беру ұйымдарының және кәсіпорындардың базасында қалада немесе қала сыртында құрылады.

         - оқушылардың күндізгі сауықтыру лагері 6 мен 12 жас аралығындағы оқушылар үшін жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылады. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдардың және басқа орайластырылған ғимараттарда құрылады. Балалардың лагерде болу мерзімі 15 күннен 20 күнге дейін болады. Күндізгі сауықтыру лагерін тамақпен және тамақсыз  (сауықтыру алаңдары) ұйымдастыруға болады. 

5.      Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:

1)      балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

2)       олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

3)       азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

4)      ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

5)      қоғамдық пайдалы іс-әрекетте дағдыларын практикалық түрде қолдану .

                        

Қызметті ұйымдастыру

6.      Балалардың сауықтыру лагері Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

7.      Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және білім беру қызметі ведмостволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан ҚР заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

8.      Мемлекеттік балалардың сауықтыру лагерінің медицина және педагог қызметкерлері ҚР заңнамасында берілген жеңілдіктерге құқылы.

9.      Балалардың сауықтыру лагері “Білім туралы” ҚР 1999 жылғы  7 маусымдағы Заңына сәйкес бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.     

                        

Қызметінің негіздері

10.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.

11.  Балалардың сауықтыру лагеріндегі сауықтыру және білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты ынта-ықыластары мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.

12.  Балалардың сауықтыру лагерінде нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшылықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.

13.  Балалардың сауықтыру лагерінде балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес топтар, отрядтар, бағдарлы бірлестіктер құрылады, олардағы балалардың саны 25-30 ( ұл балалар мен қыз балалар бірге) болады.

14.  Топтардың және (немесе) отрядтардың қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген сауықтыру және тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, педагог белгілейді.

15.  Жастары қатар және әртүрлі жастағы балалар Балалар паркінде ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйірмеге, театрға (бұдан әрі-топтар) біріктіріледі. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негізделеді. Топтардағы сабақтар біріңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешенді, үйлестірілген бағдарламалар бойынша өткізілуі мүмкін.

16.  Жыл бойы жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалармен күнтізбелік жыл бойы сауықтыру және оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз етеді. Оқу процесі және үйірмелердегі сабақ үстіндегі жылдың 25 мамырында аяқталады. Жазғы мерзімде үйірмелер білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ауыспалы құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс істейді.

17.  Каникул кезінде жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен сауықтыру, туристік-өлкетану және саяхат қызметін, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, демалысы мен көңіл көтеруін қамтамасыз етеді.

18.  Оқыту қызметі тиісті басқыштың бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Үйірмелердің сабақтары үшін аптасына 4 академиялық  сағат беріледі.  6 жастағы балалар үшін аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 35 минут көлемінде сабақ жүргізіледі.

19.  Сабақтар бағдарламаға сәйкес топпен, жеке немесе бірлестіктің толық құрамымен жүргізіледі. Әрбір топтағы оқушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс.

20.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың, жасөспірімдердің жазғы сауықтырылуы және демалысы мәселелері жөнінде әдістемелік орталық болып табылады. Балалардың сауықтыру лагерінде оқыту және сауықтыру процесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

21.  Балалардың сауықтыру лагерінде қызметкерлерден оқыту процесін дамыту және жетілдіру мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік оңалдыруды қамтамасыз ететін әдістемелік, шығармашылық, бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагокикалық қызмет құруға болады. Олардың қызметі жарғы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

22.  Балалардың сауықтыру лагері әкімшілігі балалардың еңбегі мен демалыс режиміне қолайлы жағдай тудыруды, ата-аналардың тілегін, балалардың жас ерекшеліктері мен педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша белгіленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, сабақ кестесін жасайды және бекітеді.

23.  Балалардың сауықтыру лагерінде сауықтыру және оқу-тәрбие процесі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Балалардың сауықтыру лагерінде білім алушыларды, тәрбиеленушілерді аурудан сақтандыру, олардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру, салауатты өмір салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

24.  Балалардың сауықтыру лагері көпшілік шаралар әзірлейді және өткізеді, балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы, еңбегі, демалысы үшін қажетті жағдай тудырады.

                       

 Сауықтыру және білім беру процесіне қатысушылар

25.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және оқу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады.

26.  Балаларды сауықтыру лагеріне бала қабылдаудың жалпы тәртібін құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

27.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен, сауықтыру және оқу процесін ұйымдастыратын және тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

28.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы туралы дәрігердің қорытындысын тапсыру қажет.

29.  Білім алушылардың, ата-аналардың, (кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдерінің), қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен және сауықтыру, білім беру саласындағы өзге де заңнамалық кесімдермен белгіленеді.

30.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және педагокикалық қызметіне тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.

31.  Қызметкер мен Балалардың сауықтыру лагерінің еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі, оның шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

                        

Балалардың сауықтыру лагерін басқару

32.  Балалардың сауықтыру лагерін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге, осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес демократиялық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

33.  Балалардың сауықтыру лагерін алқалы басқару нысаны кеңес, жалпы жиналыс, педагокикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.

34.  Балалардың сауықтыру лагеріне тікелей басшылықты директор жүзеге асырады.

35.  Балалардың сауықтыру лагері директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.

36.  Директордың орынбасарын Балалардың сауықтыру лагерінің директоры тағайындайды және одан босатады.

                        

Кәсіпкерлік қызмет

37.  Балалардың сауықтыру лагері жарғыға сәйкес білім беру және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналыса алады.

                        

Халықаралық қызмет

38.  Балалардың сауықтыру лагерінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер мен конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

         

Қорытынды ережелер

39.  Балалардың сауықтыру лагерін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

40.  Балалардың сауықтыру лагері қызметінің тәртібін осы ережемен реттелмейтін бөлікте құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

 

Балалар мен жастардың  далалық шатырлық лагерiнiң қызметiн

 ұйымдастыру туралы ережелер

                        

Жалпы ережелер

            Балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерлерінің қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  (бұдан әрі – лагерь) далалық шатырлық лагерлер қызметін белгілейді.   

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерлері өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Бала құқығы туралы”, “Бiлiм туралы” Заңдарын және балалар мен жастардың мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының заңдық актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.  

            Лагерь балалар мен жастар дамуына арналған бағдарламалар аясында тәрбие мен  сауықтыру  қызметінің бiр түрi болып болып табылады. 

            Оқушылардың балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерi мынадай болуы мүмкiн:

1) күнделіктi;

2) жылжымалы.

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жазғы демалыс кезiнде, арнаулы дайындықтан өткен бiлiктi кадрларлары болған жағдайда жалпы орта бiлiм және қосымша бiлiм ұйымдары жанынан құрылады.  

            Оқушылардың күндiзгi далалық шатырлық лагерi ережеге сәйкес әдетте күзгi және қысқы каникул кезiнде, ал жылжымалы далалық шатырлық лагерi көктемгi және жазғы каникул кезiнде ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда күнделікті және жылжымалы лагерлерге жалпы қабылданған ережелер сәйкес бөлінеді: өрт қауіпсіздігі, селден қауіпсіз аймақ, лагерде демалушылар денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігі, қоршаған ортаның эпидиемиологиялық тазалығы және санитарлық-гигиеналық  мөлшердің сақталуы, барлық жағдайда лагерь орналасқан аймақтың табиғи қауіпті апат аймағы т.б. болмауы ескеріледі.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң негiздерi:

  • Оқушылардың белсенді демалысын және бос уақыттарын тиімді пайдалану шараларын  ұйымдастыру;

  • қоршаған орта жағдайына сәйкес қалыптасу біліктерін дамыту және білімдерін пайдалана білуге қалыптастыру;

  • танымдық, шығармашылық, қоғамдық және өзіндік белсенділігін көрсету;

  • денсаулығын нығайту және шеберліктерін көрсету;

  •  азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

  • салауатты өмiр салты дағдыларын  қалыптастыру;

  • рухани-өнегелілік тәрбие беру;

  • оқушылардың пайдалы қызметтерiн дамыту.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнің ерекшелігі қоршаған орта жағдайында барлық қызметтерінің  үздiксiз жүзеге асыру кешенi болып табылады.


Далалық шатырлық лагерлердiң қызметiн

жеке заңды тұлғалар атынан құру

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жеке заңды тұлғалар ретінде ҚР заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң сауықтыру және бiлiм беру қызметi жеке заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.  ҚР Білім және ғылым министрлігінде лагерлердің әр облыста ашылуы туралы бұйрық шығарылады.

           Мемлекеттiк оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң медицина және педагог қызметкерлерi ҚР заңнамаларында берiлген жеңiлдiктерге құқылы. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жеке заңды тұлға ретінде тiркеуден өткен болса, “Бiлiм туралы” ҚР 1999 жылғы 7 маусымдағы заңына сәйкес бес жылда бiр рет мемлекеттiк аттестаттаудан өтедi.


Қызметiнiң негiздерi 

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi оқушылардың туристiк-өлкетану сұранысын, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен негiзгi туристiк-экскурсиялық және үзiлiстiк ресурстар ерешелiктерiн ескере отырып, өз қызметiнiң бағдарламасын және жоспарын өзi дербес жасайды.

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң тәрбие бағдарламасы бiлiм беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және мазмұны бiлiмдiк, тәрбиелiк және сауықтыру (туристiк-спорттық) жөнiндегi шараларды қамтиды.  

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бағдарламалары балалардың елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ тәрбиеленушiлердiң туристiк-өлкетану қабiлеттерiн дамытуға және туристiк дағдыларын жетiлдiруге бағытталуы тиiс.

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтiк ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетiн милитаристiк және өзге де идеяларды таратуға тиым салынады.

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң бағдарламасы мен жоспары жергiлiктi бiлiм беру ұйымдарының оқушыларды туристiк экспедицияға шығару кезiндегi құжаттарды рәсiмдейтiн маршруттық бiлiктiлiк алқасының қарауына ұсынылады. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде  балалар мен жасөспiрiмдердiң психологиялық ерекшелiктерiне және жас мөлшерiне сәйкес топтар мен отрядтар құрылады, ондағы бала саны ҚР территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауына сәйкес реттеледi.  

          Топтардың немесе отрядтардың қызметтерiн бiлiм беру, спорт және туризм саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң негiзiнде дайындалған оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бағдарламасын ескере отырып, олардың жетекшiлерi (педагогтерi – туристер және өлкетанушылар) анықтайды.  

          Топтардағы және отрядтардағы сабақтар бiрыңғай тақырыптық (туристiк – туризм, өлкетану бойынша) бағыттағы бағдарламалар немесе кешендi, үйлестiрiлген бағдарламалар бойынша өткiзiледi. 

          Далалық шатырлық лагерi оқушылардың туристiк-өлкетану және экскурсиялық, денешынықтыру-сауықтыру қызметтерiн, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, балалар мен жасөспiрiмдердiң бiрлескен еңбегi мен демалысы үшiн қажеттi жағдай жасайды.   

          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi бiлiм беру қызметi тиiстi деңгейдегi  оқу бағдарламалары мен жоспарына сәйкес iске асырылады.  

           Сабақтар бағдарламаға сәйкес топпен, жеке немесе бiрлестiктiң толық құрамымен жүргiзiледi. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi оқу-тәрбие және сауықтыру үрдiсiнiң негiзгi түрлерi  туристiк жорықтар, экскурсиялар,  бұқаралық туристiк-өлкетану шаралары (конкурстар, жарыстар) бағдарламаларымен анықталады.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстарының нәтижелі болуы үшін шығармашылық бірлестіктер, психологиялық қызметтер, туристiк-өлкетану дайындықтарына бағытталған әдiстемелiк жұмыстар жүргiзедi.    

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi әкiмшiлiгi балалардың еңбегi мен демалыс тәртiбiне қолайлы жағдай тудыру мақсатында, балалардың жас ерекшелiктерiн және белгiленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, педагог қызметкерлерiнiң ұсынысы бойынша теориялық және практикалық сабақ кестесiн, туристiк-өлкетану шараларының күнтiзбелiк жоспарын жасайды және бекiтедi.   

          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде оқу-тәрбие және сауықтыру процесi балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде аурулардан сақтандыру, денсаулығын нығайту жөнiндегi шаралар, ас әзірлеу, азық-түлікті сақтау, жатын орын, тамақтану орнын дайындауда санитарлық-гигиеналық мөлшерлер мен ережелер қатаң сақталады.    

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде тәрбиеленушiлердiң өмiрi мен қауiпсiздiгiн сақтандыру мiндеттi болып табылады.    

                        

Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi бiлiм беру процесiне қатысушылар

          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi оқу-тәрбие процесiне қатысушылар балалар мен жасөспiрiмдер, туристiк, педагогикалық және медициналық қызметкерлер, нұсқаушылар мен т.б. қызметкерлер болып табылады. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдаудың жалпы тәртiбiн құрылтайшы (лагерьдi ұйымдастырушы) белгiлейдi және қабылдау тәртiбiн реттейтiн тиiстi құжаттарда белгiленедi.  

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде лагерьдiң әкiмшiлiгi кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдердiн оқу-тәрбие және сауықтыру процесiн ұйымдастыру (iшкi тәртiп ережесi, оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жұмыс жоспары мен бағдарламасы, қозғалыс маршруты және т.б.) және қабылдау тәртiбiн реттейтiн құжаттармен таныстыруға мiндеттi. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi далалық шатырлық лагерьдiң әкiмшiлiгiне лагерьге келген баланың денсаулығы туралы дәрігерлік анықтама қағазын тапсыруға мiндеттi. Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде жас мөлшерiне қарай шектеу ҚР территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауында көрсетiлген талаптарға сәйкес белгiленедi.  

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң тәрбиеленушiлерi мен қызметкерлерiне оқушылардың экспедицияларына қатысушылар мен жетекшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi ҚР территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауына сәйкес жүктеледi. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң құқықтары мен мiндеттерi тиiстi заңнамалар мен ҚР өзге де заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi.   

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң сауықтыру және педагогикалық қызметiне тиiстi кәсiптiк бiлiмi және жоғары туристiк бiлiктiлiгi бар азаматтар жiберiледi. Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жетекшiлерi мен олардың орынбасарларына оқушылардың туристiк экспедицияларының жетекшiлерi мен олардың орынбасарларына қойылатын талаптарға сәйкес талаптар қойылады.     

            Қызметкер мен оқушылардың далалық шатырлық лагерi әкiмшiлiгiнiң еңбек қатынастары ҚР еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледi.  

                        

Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн басқару

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн басқару ҚР заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже, ҚР территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауы, Жастар туралы заң, жастардың мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының заңдық актілері және лагерьдің жариялылық қағидаттарына негізделіп жасалған Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн алқалы басқару нысаны нұсқаулық-педагогикалық кеңес, жалпы жиналыс және басқа да нысандар болып табылады.  Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне тiкелей басшылықты лагерьдiң бастығы жүзеге асырады. 

           Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бастығын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады. 

            Өз орынбасарын оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бастығы тағайындайды және босатады.       

           

Кәсiпкерлiк қызмет

          Оқушылардың далалық шатырлық лагерi заңды құқығы бар мекеме ретiнде ақылы қызмет ұсыну есебiнен кiрiс әкелетiн қызметпен айналыса алады (жарғыға сәйкес).

       Халықаралық қызмет

          Оқушылардың далалық шатырлық лагерi өзiнiң қызметiн халықаралық ынтымақтық саласында жүзеге асыра алады.  Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң халықаралық ынтымақтастығы ҚР заңнамасы және бекiтiлген тәртiп бойынша халықаралық шарттар, келiсiмдер мен конвенциялар негiзiнде жүзеге асырылады. 


Қорытынды ережелер

             Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн заңды құқығы бар мекеме ретiнде қайта ұйымдастыру және тарату ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

            Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң тәртiбiн осы ережемен реттелмейтiн бөлiкте және ҚР заңнамасына қайшы келмейтiндей құрылтайшы белгiлейдi және Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жарғысында бекiтiледi.  

 





Бағдарлы  сауықтыру лагерлері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер жобасы


1. Жалпы ережелер

           Бағдарлы сауықтыру лагері  (бұдан ары - лагерь) каникул  кездерінде күндіз келетін немесе тәуліктік болып құрылады.

            Бағдарлы сауықтыру лагері  - 7-16 жас аралығындағы қоғамдық белсенді және  шығармашылық қабілетті балалармен жүргізілетін  білім беру және сауықтыру қызметінің түрі.

             Бағдарлы сауықтыру лагері құрамын  ең алдымен  аудандық, қалалық, облыстық пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар, фестивальдар, спорттық жарыстар жеңімпаздары, балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері сол сияқты жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім аясындағы шығармашылық қызметтерде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен балалар құрайды.

            Бағдарлы сауықтыру лагері педагогикалық ұжымының неізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту,  тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

  • танымдық, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін дамыту;

  • ғылыми, техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық, туризм мен өлке тану, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

  • азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;


2. Қызметті ұйымдастыру және қызмет негіздері

          Лагерді жалпы орта білім беретін мектептер,  мектеп-интернаттар,  балалар үйі, кәсіптік-техникалық және педагогикалық училищелер, мектептен тыс ұйымдар,  кәсіпорындар, клубтық ұйымдар т.б. өз базасында қала ішіндегі және қала сыртында жұмыс істейтін лагерь түрінде құра алады. 

           Лагерь орналасқан аймақ,  ғимараттар  құрлысы талаптары мектеп жанындағы, қала сыртындағы сауықтыру және шатырлық лагерлердің тиісті орындарда бекітілген ережелеріне сәйкес орындалады.  Лагердегі балалар мен жасөспірімдер бірыңғай жастағы немесе әр жастағы балалар 2-5 сынып оқушылары үшін 25 адамнан артпайтын,  жоғарғы сынып оқушылары үшін 30 адамнан артпайтын топтарға біріктіріледі. 

           Бағдарлы лагерде  балалардың сауықтырылу мерзімі және ауысым саны  саниталық-эпидемиологиялық ережелерге сай, жазда – 2 күнтізбелік аптадан кем емес, күзгі, қысқы, көктемгі каникул күндерінде – бір күнтізбелік аптадан кем емес болуы керек. Сабақтың ұзақтығы – күніне 3 сағаттан артпауы керек.

            Бағдарлы сауықтыру лагері жұмыс түрі мен жұмыс істеу әдісін таңдағанда алғашқы кезекте оның білім және шығармашылық немесе еңбек бағытына тәуелсіз сауықтыру шаралары болуы тиіс, ал даму қабілеттеріне бағытталған білім беру қызметі екінші кезекте болады.

             Балалар лагеріндегі сауықтыру және білім беру қызметінің негізгі мазмұны белгілі бір бағыттағы - ғылыми, техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық, туризм мен өлке тану, басқа да танымдық білімдерін практикалық шыңдау болып табылады.  Салауатты өмір салтын қалыптастыратын балалар және жастардың қоғамдық ұйымдарының бағдарламаларын тарату, жекелеген немесе ұжымдық шығармашылық жұмыстармен айналысу болуы керек.

            Балаларды тамақтандыру лагерь ашылған мекеменің асханасында немесе Аймақтық санитарлық эпидемиологиялық бақылау  орталығы келісімімен жақын арадағы  қоғамдық тамақтану  объектісінде орындалады.  Лагерге күндіз  келетін балалар 2 рет (түске дейін келетін балалар үшін) тамақпен қамтылады немесе үш рет  (кешкі сағат 18.00 дейін болатын балалар үшін).  Дала жағдайында балаларды тамақтандыру санитарлық-гигиеналық мөлшерлерге сай ұйымдастырылады.

            Лагерь балаларының санына тәуелсіз, бір орыннан екінші орынға ауыстырылуы  немесе кері қайтуы, сондай-ақ жорықтар ұйымдастыру, жарыстарға қатысу т.с.с. лагерден тыс өткізілетін шараларға қатысу  кем дегенде екі педагогтың жетекшілігімен, тиісті транспорт арқылы жүргізіледі. 30 адамнан артық топты алып шығуда жетекші саны әрбір 15 адам үшін 1 адамға артып отырады.


3. Мамандар,  қызметкерлердің еңбек шарттары 

           Бағдарлы сауықтыру лагерлердің қызметші мамандары  таңдалған лагерь бағытына сай болуы тиіс. Мысалы: спорттық бағыттағы лагерлер үшін – тиісті спорт түрінің жаттықтырушылары, туристік лагерлер үшін –1 дәрежелі жорықтарға қатысқан кәсіптік құжаты, жұмыс тәжірибесі бар турист-нұсқаушылар т.б.  

           Білім беру қызметіне квалификациялық талаптарға сәйкес лауазымдық қызметке жоғарғы немесе арнаулы кәсіптік білімі бар мамандар тартылады.


4. Лагердегі балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау

          Лагерь бастығы және қызметкерлері лагердегі балалардың өмірі қауіпсіздігіне, денсаулығына тұтатстай жауап береді.

          Қызметкерлер мен сауықтырылушы балалар лагердің ішкі  тәртібі ережелерін қатаң сақтауы тиіс, күн тәртібі тізбесін, оқу-және тәрбие жоспарларын орындауға тиіс. Лагерь аймағынан балалар лагерь қызметкерлерімен бірге ғана шығарылады.

          Лагердің барлық бөлмелері өрт сөндіру құралдарымен және бұршақтан қорғану құралдарымен жабдықталуы тиіс.  Лагерде өрт жағдайында, апаттық жағдайлар кезінде балаларды қауіпсіз жерлерге көшіру жоспарлары дайын болуы қажет. Қысқы мерзімде үсіктен сақтану шаралары қарастырылуы тиіс.

          Лагерь қызметкерлері оқушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қатысты нұсқауларды алатын арнаулы семинарлардан кейін, дәрігерлік тексеруден кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

           Жорықтарды, экскурсияларды, экспедицияларды ұйымдастыру оқушылармен туристік жорықтар, экскурсиялар, экспедицияларды ұйымдастыру туралы Нұсқауларға сәйкес ұйымдастырылады.


5. Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есеп беру

         Лагерь ұйымдастырушылар есебінен, ата-аналар төлемімен т.с.с. қосымша табыс көздерімен қаржыланады.

         Лагерь бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын бекітілген формаға сәйкес жүргізеді. Лагерді  қажеттіліктермен қаржыландырудың барлық шығындары әкімшілік бекіткен  шығындар сметасы  арқылы жүргізіледі.

         Лагерді дөңгелек мөрі, өзіндік балансы, есеп шоты бар жеке заңды тұлға ретінде құруға болады.

 

Мектеп жанындағы және мектептен тыс жазғы сауықтыру лагерьлерiн

ұйымдастыру жөнiндегi ереже


        Жалпы ережелер


            Күндiзгi сауықтыру лагерi жазғы каникул кезiнде мынадай мақсатта құрылады:

  • балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын тиiмдi пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтының дағдыларын қалыптастыру;  

  • балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету.

      Лагерьдiң құрылтайшысы (ұйымдастырушысы) бiлiм басқармалары, бiлiм беру ұйымдары, жергiлiктi жердегi клубтар, балалар мен жастар ұйымдары, сол сияқты, жарғылық негiзде балалардың демалысын ұйымдастыра алатын басқа да ұйымдар болуы мүмкiн.

                        

Жазғы сауықтыру лагерiн ұйымдастыру және қызметiнiң негiздерi

         Лагерь жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектептен тыс ұйымдардың және балалар мен жасөспiрiмдердiң тұратын жерiндегi басқа да бiлiм беру ұйымдарының базасында құрылады.

         Лагерь бiр немесе бiрнеше бiлiм беру ұйымдарының оқушыларынан        жинақталады.

         Балалар мен жасөспiрiмдердiң лагерьде болу мерзiмiн және ауысым санын бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдары берген нұсқауларын, табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, құрылтайшы анықтайды.

        Лагерьде топтар, отрядтар, бағдарлы бiрлестiктер құрылады, оларды толықтыру оқушылардың жас ерекшелiктерiне және ынта-ықыластарына, санитарлық-гигиеналық нормаларына, техника қауiпсiздiгi ережелерiне, қаржы және кадрлар мүмкiндiктерiне сәйкес анықталады.

          Жұмыс мазмұнын, түрiн және әдiсiн балалар мен жасөспiрiмдердiң ынта-ықыласын ескере отырып, демократиялық және адамгершiлiк, ұлттық және мәдени-тарихи дәстүрлердi дамыту негiзiнде педагогикалық ұжым анықтайды.

          Жұмыс мазмұнын, түрiн және әдiсiн таңдау барысында баланы дамытуға бағытталған (дұрыс тамақтану, медициналық қызмет көрсету, таза ауада болу, дене шынықтыру, сауықтыру, мәдени шараларды өткiзу, экскурсиялар, жорықтар, ойындар ұйымдастыру,    қызығушылықтары бойынша бiрлестiктерде сабақтар өткiзу: үйiрмелерде, секцияларда, клубтарда, шығармашылық шеберханаларда) сауықтыру және бiлiм беру қызметтерiне ерекше көңiл бөлу керек.

          Өз қызметiнiң бағдарламасын, негiзгi бағыттарын, күн тәртiбiн, өзiн-өзiн басқаруды ұйымдастыруды лагерьдiң ұжымы дербес жасайды.  Жалпы жиналыста лагерь балалары мен қызметкерлерiнiң Кеңесi (басқару) немесе балалар мен қызметкерлердiң өкiлдiгiне тең келетiн өзiн-өзi басқару ұйымы сайланады.  Кеңес лагерь әкiмшiлiгiмен, ата-аналармен, өзге де заңды өкiлдермен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады.

           Балалар мен жасөспiрiмдердi тамақтандыру лагерь ашылған ұйымның асханасында немесе аймақтық Мемсанэпедбақылау орталығының келiсiмi бойынша, шарт жасасу негiзiнде, жақын жерде орналасқан қоғамдық тамақтандыру орнында ұйымдастырылады.

         Экскурсия және басқа шаралар өтетiн жерге балалар мен жасөспiрiмдерден құралған топтарды жеткiзу жұмысын екi педагог жүзеге асырады, тиiстi көлiк түрiне қажеттi барлық талаптар сақталады. Топтағы балалардың саны 30-дан асқан жағдайда әрбiр 15 бала үшiн 1 педагог саны артып отырады.  

                        

Кадрлар, қызметкерлердiң еңбек жағдайы

          Құрылтайшы лагерьдiң құрылымын және штатын бiлiм беру ұйымдарының келiсiмi бойынша бекiтедi.

          Құрылтайшы кадрларды iрiктеудi бiлiм беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен және басқа да заңды орындармен бiрлесiп жүзеге асырады.

           Бөлiнген бюджеттiк қаржы шамасындағы мақсаттар мен мiндеттерге байланысты, сол сияқты бюджеттен тыс қаржы көздерiн ескере отырып, штаттық кестенi лагерьдiң құрылтайшысы бекiтедi. Жетекшi мен педагогтер құрамы бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiнен белгiленедi.  

           Лагерьдiң жетекшiсi:

·         - лагерьге жалпы басшылықты қамтамасыз етедi. Лагерь құрылтайшысының келiсiмi бойынша лагерьдiң iшкi тәртiп ережесiн, лагерь бойынша бұйрықтар мен жарлықтар шығарады, олар мiндеттi түрде арнайы журналға тiркеледi. 

·         - лагерьдiң әрбiр ауысымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң (құрылтайшының келiсiмiнен кейiн) атқаратын мiндеттерiн дайындайды және бекiтедi; оларды еңбек шарттарымен таныстырады; лагерь қызметкерлерiмен техника қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау өткiзедi (арнайы журналға тiркеледi); балалар мен жасөспiрiмдердi жарақаттанудан сақтау және сәтсiз оқиғалардың алдын-алу жұмыстарын өткiзедi; лагерь қызметкерлерiнiң жұмыс кестесiн құрады;

·          - балалардың бiлiм алуы және сауықтырылуы, еңбегi, демалысы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi.

·          - балалар мен жасөспiрiмдердiң тамақтануын ұйымдастыру үшiн және лагерьдiң қаржы-шаруашылық қызметi үшiн жауапты.

            Балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығы мен өмiрi үшiн  лагерь жетекшiсiнiң (тәрбие, әдiстемелiк, ғылыми жұмыстары жөнiндегi) орынбасары, отрядтың тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi), дене тәрбиесiнiң мұғалiмi, қосымша бiлiм беру педагогi, медициналық қызметкерi жауапты. 

           Лагерьде жұмыс iстеу үшiн педагог және басқа да қызметкерлердi iрiктеу тәртiбi, сол сияқты оларға еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.

           Лагерьдiң педагогикалық қызметiне, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк дәрежесiне қойылатын талаптарға сәйкес, тиiстi кәсiптiк орта және жоғары бiлiмi бар азаматтар жiберiледi.   

           Педагогтерге балалармен жұмыс ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсету, олардың шығармашылық шеберлiктерiн арттыру және жетiлдiру мақсатында лагерьде педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес құрылуы мүмкiн.

  

Лагерьде балалар, жасөспiрiмдердiң денсаулығын, өмiр қауiпсiздiгiн сақтау

                         Лагерьдiң жетекшiсi және қызметкерлерi демалып жатқан балалардың денсаулығы мен өмiр қауiпсiздiгi үшiн толық жауапты.

         Лагерь қызметкерлерi және балалар тәртiп сақтауға, iшкi тәртiп ережесiн, күн тәртiбiн, оқу және тәрбие жұмыстарының жоспарын орындауға мiндеттi. Лагерьдiң территориясынан лагерь қызметкерлерi ере жүрмесе, шығуға рұқсат етiлмейдi.

          Балалар мен жасөспiрiмдерге тексерiлген суаттарда, су алабында шомылуға рұқсатты лагерь жетекшiсi немесе дәрiгер  бередi, топ болып шомылғанда бала саны 10 адамнан аспау керек және суда жүзу жөнiндегi нұсқаулар аға тәрбиешiнiң және дәрiгердiң (мед.бикенiң) қатысуымен өтедi. 

          Балаларды автокөлiкпен тасымалдағанда, көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiнiң дайындығына ерекше көңiл бөлiнедi.  Балаларды автокөлiктiң қандай түрiмен тасымалдағанда да, жауапкершiлiк лагерьдiң құрылтайшысына және жетекшiсiне  жүктеледi. Балаларды жүк автокөлiктерiмен тасымалдауға тиым салынады.

            Лагерьдiң барлық ғимараттары өрт сөндiру және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi. Лагерьде өрт шыққанда және апат болғанда балаларды эвакуациялау жоспары әзiрлену қажет.

           Лагерьдiң қызметкерлерi жұмысқа арнайы семинардан, балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiрiн сақтау жөнiндегi нұсқаудан өткен соң және медициналық рұқсат қағазын көрсеткен кезде ғана жiберiледi. 

            Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар Қазақстан Республикасының территориясына балалармен  экскурсиялар, экспедициялар, туристiк жорықтар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқауға сәйкес ұйымдастырылады. 

                        

Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп және есеп беру

           Лагерь құрылтайшының есебiнен, сол сияқты ата-аналардың төлем ақыларынан және басқа да қосымша қаржы көздерiнен қаржыландырылады.  

           Балалар мен жасөспiрiмдердiң лагерьде тегiн немесе жеңiлдiктердi пайдалану тәртiбiн жергiлiктi атқарушы ұйымдар анықтайды.   

           Лагерьге қажеттi барлық қаржы шығындары ұсынылған сметаға сәйкес жүзеге асыралады.

            Лагерьдiң құрылтайшысы лагерьдi қаржыландыруға бөлiнген қаржының дұрыс және мақсатты жұмсалуын бақылайды және лагерь жабылған соң қаржы қызметiнiң қорытындысын шығарады.

 





















Тәлімгердің лауазымдық міндеттері

Жалпы ереже


Тәлімгер (вожатый) жұмысына кәсіптік педагогикалық білімі бар (педагогикалық жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды), жасы 18-ден асқан маман немесе педагогикалық білім беретін оқу орындарының студенттерін лагерь бастығы тағайындайды.

Тәлімгер тікелей аға тәлімгерге және лагерь директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

Тәлімгер өз жұмысында Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарын, өкімет шешімдерін, білім беру басқармасының тәрбие ісіне қатысты бұйрықтарын, жұмысты қорғау мөлшері мен ережелерін, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы шаралар ережелерін, лагерьдің Жарғысын және жекелей құжаттарды (оның ішінде Ішкі жұмыс реті ережесі, әкімшіліктің бұйрықтары мен үкімдері, берілген лауазымдық нұсқау) басшылыққа алады. Тәлімгер бала құқығы туралы Конвенцияны сақтайды.


Қызметі

Тәлімгер жұмысының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • лагерьдегі балаларды қамқорлыққа алу және қадағалау;

  • сеніп бекітілген топтарда жанұялық еркін қызмет түрлерін ұйымдастыру.


Лауазымдық міндеттері

Тәлімгер төмендегі лауазымдық міндеттерді орындайды:

  • балалар мен жасөспірімдердің демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, шығармашылық еңбекпен айналысуына, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды т.б. қамтамасыз ету;

  • ұжымдық ойындар, мерекелер, жорықтар, т.б. ұйымдастыру;

  • балалардың бос уақыттарындағы бастамаларын қолдау, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру;

  • балалардың таңертеңгілік жаттығуға келуін және айналысуын дене тәрбиесі нұсқаушысымен бірлесе отырып ұйымдастырады;

  • егер топтағы бала саны 8-ден артық болса, оқу процесі кезінде үйірме жетекшісіне (студия) көмектеседі;

  • бекітілген жұмыс ретіне сәйкес балалардың тәртіпті мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етеді;

  • мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру және пайдалы еңбекпен айналысу шараларын ұйымдастырады және балалардың қатысуын қамтамасыз етеді;

  • оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолданады;

  • тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастырады;

  • балалардың қызығушылығы мен жеке қабілетін зерттейді;

  • балалардың құқығы мен бостандығын сақтайды;

  • бекітілген ретте құжаттар толтырып, есеп жұмысын жүргізеді;

  • жасақ күнделігін жүргізу

  • жүйелі түрде дәрігерлік тексеруден өтеді;

  • лагерьде, тұрмыста тәртіптің этикалық өлшемдерін сақтайды;

  • тәрбие жұмысының қауіп-қатерсіз өтуіне жағдай жасайды, еңбекті қорғау заңын, техника қауіпсіздігі, тазалық және өрт қаупін болдырмау ережелерін қатаң сақтайды, тәрбиеленушілерден оқ-қару, өрт шығарғыш, жарылғыш заттар немесе улы заттар, есірткі заты т.с.сазаматтық өмірде қолданыстан алынып тасталған тәрбие ісіне кері әсерін тигізетін заттар табылған жағдайда жедел басшылыққа хабар береді;

  • лагерь әкімшілігін кез-келген тосын оқиға жағдайымен жедел хабардар етеді, дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек шараларын жасайды;

  • оқу-тәрбие жұмысын және сауықтыру шаралары қызметін жақсарту мақсатында ұсыныстар бере алады, сол сияқты тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеленуші организміне кері әсер ететін, жұмыс қабілетін төмендететін жағдайларды басшылыққа мәлімдеп отырады.


Құқығы

Тәлімгердің құқығы:

  • лагерьдің басқару жұмысына қатысуға;

  • өз ісінің абыройы мен намысын қорғауға;

  • өз жұмысына баға беретін құжаттармен, шағымдармен танысуына және керек жағдайда түсініктеме беруге;

  • педагог этикасының кәсіптік мөлшерлері бұзылған жағдаймен байланысты тәртіп жөніндегі (қызметтік) тергеу жұмыстарында адвокат алуына немесе басқа өкіл алу арқылы өз қызығушылығын қорғауға құқылы;

  • заңды түрде қаралған жағдайлардан бөлек тәртіп жөніндегі (қызметтік) тергеуді құпия сақтауға;

  • әдістемелік құралдар мен оқулықтарды таңдауға, пайдалануға және тәрбие әдісін қалаған түрде ұйымдастыруға құқылы;


Жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы Балалар құқығын қорғау туралы заңдарына сәйкес тәлімгер өзіне тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуына, құқығы мен бостандығы бұзылуы жағдайларына жауап береді. Лагерь жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерінің, басшы бұйрықтарының және жекелеген құқықтық құжаттардың, нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себеп-салдарсыз орындалмауына тәлімгер Еңбек заңнамасына сәйкес тәртіпке шақырылады.

Тәрбиеленушілерге қол жұмсау және психикалық күш көрсету, сол сияқты адамшершілікке жат қылықтары үшін тәлімгер Қазақстан Республикасы «Білім туралы» және Еңбек заңнамасына сәйкес қызметінен босатылады.

Тәлімгер өзінің лауазымдық қызметін атқаруда (атқармай) лагерге және тәрбие жұмысында тигізген шығындары үшін еңбек және азаматтық заңнамаларға сәйкес материалдық жауапкершілікті орындайды.

Жиналыстарға, басқа да әкімшілік жарғысымен бекітілген педагогикалық бас қосуларға себепсіз жағдайлармен келмей қалған тәлімгер Еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапқа шақырылады.


Лауазымдық өзара қарым-қатынас

Тәлімгер:

  • директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ұсынысымен лагерь директоры бекіткен аптасына 40 сағатқа жоспарланған, белгіленген график бойынша өлшемсіз күн режимінде жұмыс атқарады;

  • жалпы жоспарға сәйкес тәрбиешімен бірлесе отырып топта демалуға, екпінді қимылға, ойын түрінде ұйымдастырылған шаралар жоспарын жасайды. Жұмыс жоспарын шара өткізілерден кем дегенде екі күн бұрын аға тәлімгер бекітеді;

  • лагерь ауысымы біткеннен кейін 2 күн аралығында аға тәлімгерге атқарған жұмыстар туралы жазбаша түрде 5 баспа табақтан аспайтын көлемде есеп береді;

  • лагерь басшысы немесе оның орынбасарлары ұйымдастыру-әдістемелік, нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырады және тәлімгер танысқаны туралы тиісті құжатқа қол қояды;

  • үйірме жетекшілерімен, тәрбиешілермен, психологтармен, дене тәрбиесі және суда жүзу нұсқаушыларымен, басқа тәлімгерлермен тығыз байланыста жұмыс істейді;

  • әкімшілікпен және басқа педагог қызметкерлермен жүйелі түрде өз жұмысы деңгейінде ақпарат алмастырады.

Тәлімгер принциптері


1. Педагогикалық кәсіби  шеберлік принципі;

2. Баланы тұлға ретінде құрметтеу принципі;

3. Бірлесіп жұмыс атқару, бірге шығармашылықпен айналасу, ынтымақтастықта болу принципі.

4. Балалар интеллектін дамытуда  дара  ісіндегі бастамасын,  шығармашылығын қолдау принципі;

5. Балалар ұйымының өзін өзі басқару принципі;

6. Балалар дың мектептегі тіршілік әрекетін ұйымдастыруда жалпы адами және  ұлттық мәдени құндылықтардың үйлесу  принципі;

7. Әрбір баламен жеке жұмыс жасау және ұжымның шығармашылықпен жұмыс атқару принципі;

8. Даулы мәселелерді дұрыс шешу, оң шешім қабылдау.

9. Лагерьге бейімделу аралығы.                 

     Лагерьдегі жаңаша өмірге балалардың тез, қиындықсыз бейімделіп кетуі  үшін мына іс-шараларды атқару қажет: Балаларды бір бірімен тез таныстырып, олармен бірге ойын-сауық өткізіп, тез танысып, білісіп кетуге жол ашу үшін топпен жұмыс жасау керек;

- Күн тәртібіне, санитарлық нормаларды сақтауға  үйретіп, үнемі уақытында орындап отыруға дағдыландырып, «бірыңғай педагогикалық талаптар» қоюға болады;

- Олар өздерін емін-еркін сезініп, лагерьде бір мезгіл серпіліп, жеңілдеп, тынығып қалатындай жағдай жасау үшін бөлмелерін, жалпы мектепті  әдемі безендіріп, әшекейлеп, үнемі көз тартатындай етіп жинақы  ұстау керек;

- Балаларды жас ерекшеліктеріне сай шағын топтарға бөліп, оларды  «жасақ», «жұлдызша» т.б.  деп атауға болады;

- Балаларға қабілетін ашуға, білімін көрсетуге,  өз орнын табуға мүмкіндік беріп, осыдан кейін түрлі бағытта топ жұмыстарын бөліп беру керек: спорттық, интеллекті анықтау, көркем-қолданбалы, шығармашылық жұмыс;

- Жақын болашақта оларды не күтіп тұрғандығы жөнінде болжам жасауға қалыптастыру,  жұмыстың бағдарламасымен таныстырып, жұмыс жоспарын даярлауға қатыстыру керек.

Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, демалушының ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, сонында жарқын құбылыстарға жетекші болуы да мүмкін.



Тәлімгерге арналған заңдар


        1. «Қызыл сызық» заңы – лагерьде балалармен пәнаралық байланысты сақтау.

        2. «Үлкен жинақ» заңы – жақсы нәтижелерге жету үшін, өзіңе сенімді көмекшілерді таңдап ал.

        3. «Тау заңы» - биікке шыңдалу, бағыттау. Жақсы істерді ұйымдастыру, оған балаларды жетелеу.

        4. «Мүмкіндік» заңы - балалардың бос, демалыс уақыттарын өздерінше шешулеріне мүмкіндік беру, түсініп, көмектесу.

        5. «Антиканон» заңы – балалардың бойындағы күшті, әр істе дұрыс қолдану, түрлі істерді ойлап табуға бағыттау.











 





Алғашқы көмек көрсету түрлері


Жылан шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек

1. Алғашқы көмек көрсету қағидаларына сүйеніңіз.

2. Ауыр жағдайларда және зардап шегушінің жағдайына күмандансаңыз дереу жедел жәрдем шақырыңыз.

3. Зардап шегушіні қолайлы жатқызуға көмектесіп, оның қозғалуына тыйым салыңыз.

4. Зардап шегушіге шағып алу қауіпсіз және өлімге жеткізбейтінін түсіндіре отырып, тынышталдырыңыз.

5. Егер мүмкін болса, шағып алған жерді жүрек деңгейінен төмен түсіріңіз.

6. Шағып алған жердегі жарақатты сабынды сумен тазалаңыз және стерильді таңғыш байлаңыз.

7. Таңғыштың үстінен 20-30 минут суық басыңыз.

8. Егер сіздің көз алдыңызда басқаны шағып алса немесе сізді шақса, алғашқы екі минутта жарақаттан уды шығаруға тырысуға болады.

9. Зардап шегушіге жылы су ішкізіңіз (жылы шәй, шырын, жай немесе минералды су).

10.Егер жедел жәрдем шақыру мүмкін емес және сіз зардап шегушіні өзіңіз тасымалдауға шешім жасасаңыз – шағып алған аяқ-қолға сынықтағы сияқты шина салыңыз.

Жылан шағып алғанда төмендегілерді жасауға:

• жарақаттағы уды соруға;

• бұрау (жгут) салуға;

• жарақатты сіріңкемен, қызған темірмен,қышқылмен, марганец ерітіндісімен күйдіруге;

• зардап шегушіге ішімдік ішкізуге;

• шағып алған жерді тілуге;

• жыланды ұстап алуға және өлтіруге тырысуға болмайды

Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек

• Адамды судан алып шыққанда абайлап артынан жүзіп келу керек

• Батқан адамды шашынан немесе қолтығынан ұстап, бетімен жоғары қарату керек және оған өзіңді ұстауға мүмкіндік бермей, жағаға қарай жүзу керек.

• Зардап шеккен адамды судан алып шыққаннан кейін, басы кеуде клеткасынан төмен болу үшін ішімен бүгілген тізеге жатқызады және кез – келген мата бөлігімен ауыз қуысын және жұтқыншақты судан және құсық массаларынан тазалайды.

«Ауыздан ауызға» жасанды дем беру техникасы

Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек;

1. Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек.

2. Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек;

3. Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет;

4. Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.

Ауызға немесе мұрынға орамал, мата арқылы дем беру, ауа өтуін қиындатады. Жасанды дем берудің «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасалатын қарапайым шарты — зардап шеккенге ең ыңғайлы әдіс.

«Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем беру.

Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайтады.

Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына кіргізіледі. Ауа шығарғышты тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру керек.

Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы керек, тілдің тыныс жолын жауып тастамауы керек. Зардап шекеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек.

Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы керек.

Жүрекке массаж жасау тәсілі:

Жәрдем етуші адам сырқаттың тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығында қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады.

Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылы осылайшы қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс жасауына және қанның айналуына мүмкіндік береді.



Бастан күн өткенде және ыстық өткенде алғашқы көмек

Бастан күн өткенде немесе ыстық өткенде ең алдымен науқасқа күн немесе ыстық әсер етпеуін қамтамасыз ету керек. Егер адам бөлме ішінде өзін жайсыз сезінсе, таза ауаға шығарыңыз, егер далада болса – науқасты көлеңкеге апарыңыз немесе ауа кіріп тұратын, салқын бөлмеге кіргізіңіз. Оны жатқызып, жағасын шешіңіз немесе үстіңгі киімін шешіңіз. Науқастың үстіне салқын суға дымқылданған матаны жабыңыз, маңдайы мен желкесіне дымқыл орамал немесе мұз салынған пакетті қойыңыз. Бөлме температурасындағы сумен ысқылау (18-20 градус) мен желпу жақсы көмектеседі. Бастан күн өткенде және ыстық өткенде кофеинсіз және ішімдік емес салқын (суық емес!) су беру қажет. Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің нұсқаулығымен ішкен жөн. Егер ересек адам қалтырап жатпаса, ал қолы мен аяқтары суық болса, спирт немесе сірке суымен (олардың әрқайсын сумен араластырып алыңыз) тері бүгілетін жерлерін (тізе асты, шап арасын, қолтықтың астын) ысқылау қажет. Балаларды спирт және сірке суымен ысқылауға болмайды! Егер науқас есінен таңып қалса, мұсатырлы спирт иіскетіңіз немесе бетіне суық су шашыңыз. Есін жинамаған жағдайда, дереу жедел жәрдем шақырыңыз немесе ауруханаға жеткізіңіз. Егер адамның тамыр соғысын сезбесеңіз және демі естілмесе, жедел жәрдем келгенше қолдан дем алдыру немесе жүрегіне жанама массаж жасаңыз. Бала, жасөспірім немесе жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамның басынан күн өтсе немесе ыстық өтсе дәрігер шақыру міндетті. Алғашқы жәрдем көрсетіліп, адам есін жиған соң, оны дәрігер қарап шығуы тиіс.



Жәндіктер шаққандағы алғашқы көмек

• Алғашқы көмек көрсету қағидаларына сүйеніңіз;

• Ауыр жағдайларда және зардап шегушінің жағдайына күмандансаңыз дереу жедел жәрдем шақырыңыз;

• Егер бізгек теріде болса тырнақпен немесе басқа затпен қырып алып тастаңыз;

• Бізгекті алып тастау үшін қысқышты қолданбаңыз;

• Шағып алған жерді сабынды сумен немесе антисептиктің сулы ерітіндісімен жуыңыз;

• Шағып алған жерді таза матамен жабыңыз және жеңіл таңғыш байлаңыз;

• Таңғыштың сыртынан 20-30 минут суық зат қойыңыз;

• Зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауда ұстап, қажет кезде көмек көрсетуге дайын болыңыз;

• Егер зардап шегуші жәндіктердің уына сезімталдығы жоғары екенін білсе, дәрігер белгілеген дәрілерін қабылдауға көмектесіңіз (мысалы, көптеген адамдар өзімен бірге аллергияға қарсы дәрілер, мұрынға арналған тамшылар немесе қалта ингаляторын алып жүреді).



Жануарлардың жарақаттауы кезінде төмендегідей көмек көрсету қажет

• Қан қатты кеткенде – екі минут тоқтаңыз, содан соң оны жалпы ережеге сәйкес тоқтатыңыз (қараңыз «қан кету және жарақаттар»);

• Жарақаттың жоғары қабатын және айналасын ағып тұрған сумен сабындап (кір сабын дұрыс) немесе антисептиктің сулы ерітіндісімен жуыңыз;

• Жарақатты тазалағанда жан-жағындағы теріден сумен бірге кір бөлшектері мен жануардың сілекейі жарақатқа түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Бұл үшін алдымен жарақаттың жан-жағын, содан кейін жарақаттың үстіңгі бетін тазалаңыз;

• Тазалаған соң жарақатқа стерильді таңғыш салыңыз;

• Ауыр жарақаттарда тістеп алған аяқ-қолға сынық кезіндегідей шина салыңыз;

• Құтырудың алдын алу шараларын орындау үшін жедел жәрдем шақырыңыз немесе дәрігерлердің көмегіне жүгініңіз;

• Адам терісіне жануардың сілекейі түскенде, дәрігерлерге зақымданудың белгілері көрініп тұрмаса да бару керек.



























Суда жүзудің қауіпсіздік ережелері


I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. - егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз. IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады. - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз. - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз. - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI. Суық судың қауіптілігі Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу; - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек. - Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек. - Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет























Білім алушыларды зерттеуде қолданылатын диагностикалық әдістемелер

Балалардың қасиеттерін анықтау және дамыту тәрбиеші-тәлімгердің басты міндетінің бірі болып табылады. Лагерьдегі тәрбие жұмысының неғұрлым қызықты, тиімді тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алу, оның нәтижелерін есептеп ,бағалау, бала тұлғасының дара лығын ескеріп, жеке қарау үшін оларды жан- жақты зерттеу, жан дүниесіне үңілу қажет. Балалардың мінез-құлқы, тұлғалық қасиеттері әр түрлі екендігін есте ұстаған жөн.Баланы зерттеуде төмендегідей диагностикалық әдістемелер ұсынуға болады.

1 Диагностика « Менің 10 – менім»

Мақсаты: Баланың өз-өзіне есеп беруін, бақылауын анықтау.

Барысы: Балалар бір парақ бетке 10 рет « МЕН» деп жазулары керекжәне сол жазылғанның жанына өзінің бойындағы қасиеттерін жазулары керек.

( мысалы, МЕН – мейірімдімін.т.б.)

  1. МЕН – 6. МЕН –

  2. МЕН – 7. МЕН –

  3. МЕН – 8. МЕН –

  4. МЕН – 9. МЕН –

  5. МЕН – 10. МЕН –

Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



2 Диагностика. « Менің өмірімдегі есте қалған оқиғалар»

Мақсаты: Баланың адамгершілік ұғымының мәнін түсінуін анықтау және жан дүниесін тану.

Барысы: Балалар ес кіргеннен бастап өзінің есінде қалған ең ерекше деген өміріндегі оқиғаларды тізбектеп жазулары тиіс. Мына үлгі бойынша:



Жыл

Ерекше есте қалған оқиғалар



Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

№3 Диагностика « Блиц – сауал »


Балалар 1 минут ішінде төмендегідей үлгідегі сұрақтарға жауап берулері тиіс:

  1. Сүйікті есімің

  2. Сүйікті жыл мезгілі

  3. Сүйікті түсің

  4. Сүйікті кітабың

  5. Сүйікті ағаш

  6. Сүйікті гүлің

  7. Сүйікті әнің

  8. Сүйікті ән тобың

  9. Сүйікті киімің

  10. Сүйікті мерекең

  11. Сүйікті музыкалық аспабың

  12. Сүйікті әншің

  13. Сүйікті аң

  14. Сүйікті ісің

  15. Сүйікті тамағың

  16. Сүйікті айың

  17. Сүйікті пәнің

  18. Сүйікті бишің

  19. Сүйікті мұғалімің

  20. Сүйікті затың


Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



№4 Диагностика « Аяқталмаған тезис»

Балалар төмендегі сөйлемді аяқтауы керек. Оны түрлі дәлелдер арқылы да жазып аяқтауға болады.

  1. Мен мынаны армандаймын, ................

  2. Менің өмірімдегі басты нәрсе – ол .................

  3. Маған мынадай жағдайларда жақсы, .......................

  4. Маған мынадай жағдайларда жаман,........................

  5. Маған үлкендердің былай істегені ұнайды, ......................

  6. Маған үлкендердің былай істегені ұнамайды,.......................

  7. Мен бос уақытымда,....................................

  8. Менің өмірімдегі ең қуанышты жайт, ол ...........................

  9. Өмірімдегі менің ең үлкен қателігім, ол.............................

  10. Кей кездерде мен мынадай істерді істегім келеді,......................

Нәтижесі:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



№1 Диагностика « Өзін - өзі жарнамалау»



Мақсаты : Өз-өзіне баға беру дағдысын анықтау.

Барысы: Балаларға қандай да бір байқауға қатысу үшін газетке жарнама берулері тапсырылады. Ол жарнамада оқушы өзінің ішкі қасиеттерін жазуы керек. Жарнаманы шынайы түрде жазулары талап етіледі.

Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



№2 Диагностика. « Менің портретім»



Мақсаты: Балаланың өзін-өзі бағалауын анықтау.

Барысы : Бала өзінің портретін салуы керек. Ол үшін оқушы бір парақ бет алып оның ортасына өзінің автопортретін қояды, сосын оның айналасына өзінің портретін толықтыратын негізгі бойындағы қасиеттерін жазуы керек.



Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



№3 Диагностика «Толғам »



Мақсаты: Баланың адамгершілік т.б. құнда сапаларды өзінше түсінуін, бейнелеуін анықтау.

Барысы: Балаларға қандай да бір сөз, ұғым немесе құбылысқа байланысты өзіндік толғамды жазу тапсырылады. Балалар кем дегенде 10-15 сөз жазулары керек және ол сөздер берілген ұғыммен байланысты болуы тиіс.

(МЫСАЛЫ: Қуаныш – тарту- жақсы баға- ата-ана – мереке – мейрам – қайырымдылық – жақсылық – орындалған арман т.б.)

Нәтижесі:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



№4 Диагностика « Аяқталмаған мәтін »



Балаларға аяқтауға сөйлемдер беріледі, оқушылар оны өз ой толғамдары бойынша аяқтаулары тиіс.

Өмір – ол .................

Дос деген, ол.................................

Адам болу деген,...............................................

Ең жоғары қуаныш, ол.............................................

Ең үлкен сұмдық нәрсе, ол..............................................

Өмірдегі ең басты нәрсе, ол......................................................

Мен үшін адамға қуаныш сыйлау деген, ол...........................................................

Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Балалар ұжымындағы қарым-қатынастарды зерттеу әдістемелері.

Лагерь ауысымының қызықты ұйымдастырылып өтуі, көптеген факторларға байланысты, соның ішіндегі негізгілерінің бірі: ұжымдағы балалардың өзара қарым-қатынастары. Балалар қарым-қатынасы неғұрлым тату, ынтымақтастық, ұйымшылдық сипатта болса, лагерь өмірі соғұрлым қызықты да мазмұнды өтпек.

Өздеріңіз білетіндей, балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін, алдымен олардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеп білу, диагностикалау керек.

Осы мақсатта төмендегідей балалар ұжымын зерттеудегі диагностикалық әдістемелер ұсынуға болады.

1 диагностикалық әдістеме «Мен тұратын үй »

Мақсаты: балалардың өзара достық қарым-қатынастарын анықтау.

Барысы: балалар бір парақ бетке көп қабатты үйге өзіне қымбат, жақын адамдарын әр қабат бойынша тұрғызып, аттарын жазуы керек.( олар: достары, ата-анасы, туыстары, сыныптастары)

Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 диагностикалық әдістеме « Судағы шеңберлер »

Мақсаты : топтағы достық қарым-қатынастарын анықтау.

Барысы: Балаларға бірнеше шеңберлер салынған бір парақ қағаз беріледі. Олар осы шеңберлердің ішіне өзіне жақын лагерьдегі достарының атын біртіндеп жазуы тиіс. Әр шеңберге үш баланы ғана аты жазылуы керек.

Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4 диагностикалық әдістеме « Саты »

Мақсаты: балалардың өзара қарым-қатынастарын және адамгершілік байланыстарын анықтау.

Барысы: балалар өз тобының балаларын марапаттау сатысына орналастырулары керек. Бала әр сатыға таңдаған баланың атын, не үшін осы сатыға қойғанын да жазуы тиіс. Сондай-ақ әр бала сатының біреуіне өзін не үшін қоятынын жазуына болады.



Нәтижесі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3. Балалар ұжымын зерттеу диагностикасы

І. Алдын-ала танысу. Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, балалар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Тәлімгер балалардың іс-қағаздарымен, медициналық анықтамаларымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ балалардың жанұясы туралы мәлімет жинақтауына болады. Cауалнама беру арқылы балалардың өздерімен, жанұяларымен сырттай танысуға мүмкіндік алады.

ІІ. Бақылау. Бақылау (байқау) – балалардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді. Егер тәлімгер ұжымды, жеке баланы бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.

ІІІ. Табиғи эксперимент. Эксперимент балалардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.

IV. Бала әрекетінің нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл балалар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың лагерьдегі күнделікті іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (ойын, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек, үйірмелер және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спорттық ойындарға қатысыуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.



V. Балаларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер. Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі тәлімгер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен балалардың ұжымдағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды.

VІ. Балаларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану. Сауалдама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, тәлімгер сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді.

VІІ. Балалардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, ұжымда кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс балалр тобы ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, беделді және белгілі балаларды анықтап, тәлімгер кейін лагерьдегі қызықты істерді ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.



Социометрия әдістемесі

(социометрия-тұлғааралық қатынастарды өлшейтін теория, оның авторы америкалық әлеуметтік психолог Дж.Морено.)

Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу

Зерттеу барысы: балаларға сауалнама үлестіріледі:

  1. Кіммен дос болғың келеді?

  2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

  3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Балалардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:

Кім таңдайды?

Кімді таңдайды?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1











2











3











Т.б.












Қанша рет таңдалды?











Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?










Таңдау матрицасы

Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады

Социограмма

4 шеңберден тұрады:

1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)

2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар

3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)

4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)

Бұл зерттеу бойынша ең көп таңдалынған балаларды ұйымдастыру жұмыстарында басшылыққа алуға болады.

Көп таңдала қоймаған балаларды лагерьдегі қызықты жұмыстарға, ойындарға тартып, ашылуына, жасқаншақтықты жоюға мүмкіншілік жасау керек.Тәлімгер, әсіресе баланың оқшау, топтан тыс қалып қоймауына назар аударуы, әлеуметтену процесіне жағдай туғызуы қажет.

Балалардың демалысының қызықты өтуі, топ арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы және т.б. қасиеттері де әсер етеді. Оны анықтау үшін төмендегідей тәсілдердіұсынуға болады.

«Топтағы ахуал» - шағын зерттеу.

Оқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған бір-бір парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын көрініс береді. Оқушылар мына бланкіні толтырады:


5

4

3

2

1


  1. Достық қалып, жылышырайлық






Араздық

  1. Келісім






Келіспеушілік

  1. Қанағаттылық






Қанағатсыздық

  1. Құштарлық






Селқостық, немқұрайлылық

  1. Жылылық






Салқындық

  1. Ынтымақтастық






Алауыздық

  1. Қызығушылық






Зерігушілік

  1. Табыстылық, жемістілік






Табыссыздық, нәтижесіздік

Қорытындылау: Әрбір жұп сөздің орта бағасын есептеп шығару қажет. Алынған нәтижені график арқылы көрсету. Графиктің сол жағы неғұрлым басым болса, топтағы ахуал да, соғұрлым, қолайлы екендігін көрсетеді.

Тәлімгер балалардың психологиялық ерекшеліктерін неғұрлым жылдам анықтауы, балалармен ұйымдастырылатын жұмыстарды тиімді жоспарлап, өткізуіне, қалауы мен бейімділігін ескеруге толық мүмкіншілік береді. Әрине, барлық шаралардың табысты өтуі балалардың лагерь өміріне белсенді қатысуынан болады. Сондықтан тәлімгерлер әр баланың қызығушылығын анықтап, соларға сәйкес жұмыстарға тартуы маңызды.





























Ойынның атауы


Ойын шарты

Фото, видео


«Шеңбер»


Балалар дөңгеленіп қол ұстасып жүріп өлең айтады. Бір бала ортада бетін

жауып отырады.

Өзіміз құрған шеңберді,

Айнала қоршап жүреміз.

«Секір-секір» деген кім

Айтшы кімнің дауысы? – деген жолдарды дауысын өзгертіп бір бала

айтады. Ортада отырған бала кімнің дауысы екенін тауып алу керек. Таба алмаса, айыпты өлең айтып немесе би билеп береді. Ойын осылай жалғасабереді.




«АЙДАҺАР-ДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ»



Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.

Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады.

Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.




«ҚЫЗЫЛ ТАБАН»



Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.





«КӨТЕРІП КЕТ»



Ойыншылар екі - екіден арқаларын бір - біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1, 2, 3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін - бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.





«МЫСЫҚ КЕЛЕ ЖАТЫР»



Жетекші - «мысық» өзінің үйінде, ал қалған «тышқандар» індерінде отырады. Ойын жүргізуші былай деп айтады:

«Ал, тышқандар, тышқандар,

Індеріңнен шығыңдар.

Тарғыл мысық ұйқыда,

Ойнап-билеп алыңдар».

Осыны естіген тышқандар індерінен жүгіре шығып, алаңнын ортасына таман барып мынандай сөздермен ойнай жөнеледі:

«Ешқашан, ешқашан,

Қорықпаймыз мысықтан».

Жүргізуші «мысық келіп қалды» дегенде, бэрі де үн-түнсіз орындарында жыбырламай /қимылдамай/ тұрып қалулары қажет. Қайсысы жыбырласа, мысық оны «үйіне» алып кете береді. Ол «мысық кетті» деген хабар келгенше, аулай береді. Мысық белгі бойынша 2-3 рет үйінен шығады. Кейін қайтадан жаңа мысық сайланып, ойын жалғаса береді.





«ПОШТА БАРЛЫҚ ҚАЛАҒА БАРАДЫ» ОЙЫНЫ



Санамақ арқылы «пошташы» сайлап алынады. Ойыншылар шеңбер жасап тұрып, әрқайсы өз орынын айналдыра сызып белгілеп қояды. Ал пошташы шеңбердің ортасына орналасады. Әрбір ойыншыға бір-бір қаланың аты беріледі.

Мұғалім: «Біздің жүрдек пошта пойызы Алматыдан Астанаға келе жатыр», -дегенде бұл қалалардың атындағы ойыншылар орындарын тез ауыстыра қоюлар керек. Және осы кезде ортада тұрған пошташы сол екі орынын біреуіне тез тұра қоюға әрекеттенеді. Орынсыз қалған ойыншы пошташы болып, ойынды әрі қарай жалғастырады.

Егер пошташы көпке дейін орынға ие бола алмаса, онда мұғалім: «Пошта барлық қалаға бет алады»,-дейді. Осы кезде ойыншылар жапай орын ауыстырулары керек. Мұндай сәтте пошташының орын табуы жеңілдейді.



«СЫНЫПТАР» ОЙЫНЫ


Жерге үлкен төрт бұрыш сызып, оны бірнеше шаршыға (сыныпқа) бөледі. Соңғы сыныптан кейін жарты шеңбер тәрізді етіп «от» сызылады.ойыншы жайпақ тасты бірінші сыныпқа бір аяғымен секіріп кіріп, тасты алады да, қалған сыныптарды бір аяғымен секіріп аралап шығады. тасты екінші сыныпқа, одан соң үшінші сыныпқа тастау арқылы ойынды жалғастыра береді. тас тиісті сыныпқа дәл түспесе немесе ойыншы сызықты басып кетсе, ойын кезегі келесі балаға беріледі







Жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары

2019-2020 оқу жылы

Күні

Өтетін шаралар

1

1 маусым

«Ашылу. 1 мамыр-Балаларды қорғау» күні

2

2 маусым

«Ең...ең...ең...» күні

3

3 маусым

«Жайдарман – әзіл отауы» күні

4

4 маусым

4 Маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

4

5 маусым

«5 маусым- Қоршаған ортаны қорғау» күні

5

6 маусым

«Лагерь аруы» сайысы

6

7 маусым

«Менің асыл достарым» күні

7

8 маусым

«Ертегілер әлеміне саяхат» күні

8

9 маусым

«Лагерь ханзадасы» сайысы

9

10 маусым

«Нептун» күні

10

12 маусым

«Музыкалық жарыс» күні

11

13 маусым

«Толағай» отбасылық сайысы

12

14 маусым

«Күлкі- көңіл айнасы»

13

15 маусым

«Лагерьдің жабылуы» күні














Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Легерь ашылу салтанаты







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын - сауықтың жоспары

Тақырыбы: «Балалық шақтың бал күні»

Мақсаты: 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ашып көрсетілген «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ауқымды міндеттері, ата-бабамыздың арманы болған және тәуелсіз Қазақстанымыздың тәжірибесінен туындаған «Мәңгілік ел» , «Нұрлы жол» ұлттық идеясын негізге алу.

Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, Ашулы Тікенектің, Түймедақтың, Саңырауқұлақтың, Күн Шуағының, Қуыршақтың костюмдері.

ӨТІЛУ БАРЫСЫ

1-жүргізуші (өзімен - өзі айналдыра қарап көңілді әуенмен билеп шығады): - Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап - жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы. (Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді.)

2-жүргізуші Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым? Балалар, сендер қандай әдемісіңдер?! Сендер неге жиналып отырсыңдар?

Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам.

1-жүргізуші: Мерекелерің құтты болсын, достар!

- Балалар, менің қолымдағы не, қандай зат?

Балалардың жауабы: Хат. Қане оны алып оқиық.

2-жүргізуші (хатты оқиды) 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтудеміз.Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.

Сәлеммен: Елбасы НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ.

1-жүргізуші Балалар, Елбасымыз НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ біздерге яғни жас болашақ өрендерге еліміздің еңсесін тік ұстап, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын әркез асқақтатып биікте сақтауымызды, ел бірлігін басты назарда ұстауымызды және де төл мерекемізге арналған өзінің хатын бізге жолдапты.

Балалардың жауабы: Алақай, қандай керемет бізге Нұрсұлтан атамыз құттықтап арнайы хат жіберген.

2-жүргізуші Ия балалар. Біздер осы ата – бабаларымыз салған сара жолмен жүріп, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендететін білімді, білікті азамат пен азаматшалар боламыз деп ата – бабаларымызға сөз береміз бе?

Балалардың жауабы: Иә, әрине сөз береміз.

1-жүргізуші Құрметті балалар, Елбасының саясатын қолдап, «Нұрлы жол» ұлттық идеясын жүзеге асыруда зор еңбегі сіңген, жастарға білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан осы қасиетті білім шаңырағының құрметті де, білікті басшысы Тоқтағаным Төлешқызын қошеметтеп ортаға шақырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін ұсынайық.

1-жүргізуші Олай болса, балалар, біздер жазды көп күттік - қой, сонымен қатар Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ – тің жанындағы жазғы «Балдырған» лагері балаларға өз есігін ашады. Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.

2-жұргізуші

Осы мерекенің құрметіне «Арна» бишілер тобының орындауында би «»

(Дабыл әуен ойналады, Ашулы Тікенек шығады).Ашулы Тікенек: Естимін, сендерде көңілді сияқты ғой. Және сендер бәрің сондай, мейірімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым Ашулы Тікенек. Қараңдаршы, менде қанша ашу бар (өзінің қандай семіз екенін көрсетеді, киім ішінде үрілген шарлар.) Және мен Жазды сиқырлап тығып қойдым. Бірақ ашудан есте сақтауым шамаланып, қалай дуаны қайтаратынымды және оны қайда тыққанымды ұмытып қалдым. Міне, сендерді көріп, сендер сияқты жақсы көңілді, мейірімді болғым келіп кетті. Сол үшін Жазды сиқырдан арылтқым келеді. Бірақ сендерсіз ештеңе істей алар емеспін, көмектесесіңдер ме?

1-жүргізуші Қалай, балалар, Ашулы Тікенекке көмектесеміз бе? Ол да біз сияқты мейірімді болсын және оған Жазды қайтаруға көмектесеміз.

Балалардың жауабы: Ия.

Ашулы Тікенек: Бірақ мен жазу білмеймін, сондықтан сендерге суретін көрсетемін. Міне бірінші бетте батпақ.

2-жүргізуші Ендеше батпақтан өту керек шығар?

«Батпақ» эстафетасы:

Балалар екіге бөлініп тұрады. Біріншісі допқа отырып лилия жапырағына дейін жүгіріп, оның жапырағын алып өз командасына қарай кері жүгіреді. Содан келесісі жүгіреді.

(Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады).

Ашулы Тікенек: Ой, ой маған не болған?

1-жүргізуші Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер, жақсы, балалар, сендер Жаз туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айтып берейікші.(1-4сынып) Балалардың жауабы: (балалар Жаз туралы мақал - мәтелдер айтады).

Ашулы Тікенек (тағы да шар жарылады): Ой, балалар, мен мейірімді болып бара жатырған сияқтымын.

2-жүргізуші (кітапты қарайды): Күн сәулесі салынған. Ия, расында, күн шуағынсыз, жаз болмайды, ол адамдарға жылылық, мейірімділік сыйлайды.

Ашулы Тікенек: Есімде, күн шуағы мені мейірімді жасағысы келген, ал мен қашып кеттім.

Күн шуағы келеді.(Дана.И)

1 шуақ: Алиша

Келді міне тағы жаз,

Күн шуағымен жылытады.

Жылуын төгіп бізге,

Бәрімізді қуантады.

(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)

2 шуақ:

Жазғы лагерьді ашамын,

Бәріңізді шақырамын.

Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз,

Спортпен де шұғылданамыз.

(эмблеманың екінші дөңгелегі «спорт»)

3 шуақ:

Бақыт үшін не керек?

Әрине достық қажет!

(эмблеманың үшінші дөңгелегі «достық»)

4 шуақ:

Мәселеде қиналма,

Досыңа тез көмек бер.

Енді міне бері қара,

Өзара көмекті ұмытпа

(эмблеманың төртінші дөңгелегі «өзара көмек»)

5 шуақ:

Лагерден шығып қалмау үшін,

Тәртіпті сақта.

(эмблеманың бесінші дөңгелегі «тәртіп»)

Күн: Құрметті балалар, сендерді мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Біздің ұран: «Достық, өзара көмек, спорт, тәртіп, қуаныш».

Сендерді осы сөздерді естеріңе сақтап алып, лагерьде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын. Менің осы мерекеге арналған «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.

Ашулы Тікенек (тағы бір шар жарылады): Ой, қандай жылы, Ашуым кетіп барады.

Қуыршақ: Күн шуағы бізбен бірге қалып, бізді өз шуағыңмен жылыт. (кітапқа қарайды ) Балалар, мұнда Түймедақ салынған.

Ашулы Тікенек: А, мен Түймедақты да ренжіткен едім. Мен алаңқайдағы барлық гүлдерді тапап тастадым. Мен қандай жаман едім!

Қуыршақ: Сен уайымдама! Мына бір керемет «Бала тілегі» әнін «Ер есімін ел сақтар» атты патриоттық әндер байқауының бас жүлде иегері Жалмұқанов Ахат бізге шырқап берсе қара алаңқайға қайта гүлдер шығады.

1-жүргізуші Ана жолмен бізге қарай біреу жақындаған сияқты, қандай әдемі!

Түймедақ: Сендерді тағатсыздана күткен ем, сендер Жазды іздеп жүр деп естіген едім, Ашулы Тікенекті мейірімді қылды деп естідім.

Ашулы тікенек: Қандай ғажап би, тамаша биледіңдер (тағы да бір шар жарылады). Балалар, мен мейірімді болып бара жатырмын.

1-жүргізуші Келесі сурет «Саңырауқұлақ».

(Саңырауқұлақ шығады).

Саңырауқұлақ: Жаз қайда кеткен?

Ашулы тікенек: Сен кімсің?


1 бала: Біз сені ұзақ күттік, сені ұзақ шақырдық. Біздің сыңғырлаған қызыл жазымыз ақыры келді – ау. Қанша бақыт әкелді, қанша жылу мен жарық берді!.

2 бала: Сен біздерге не сыйлайсың?

(Осы жерде Жаз өзі туралы мәнерлеп тақпақ айтады)

Жаз: Рахмет, менің, достарым! Сендер мені Ашулы Тікенектің сиқырынан құтқардыңдар. Мен сендерге өзімнің алғысымды білдіре отырып, көмекшілеріммен таныстырып кетейін. Олар, Күн шуағы – бұл маусым (Маусым туралы төрт шумақ айтады)

Түймедақ – бұл шілде (Шілде туралы төрт шумақ айтады)

Саңырауқұлақ – бұл тамыз. (Тамыз туралы төрт шумақайтады) Балалар, бәріміз тұрып билейік, көңіл көтерейік.Балаларды көңілді әуенге флешмоб билетеді/ Жаз: Көп рахмет, сендерге достарым, менің әліде баратын жерлерім бар, сондықтан мен сендермен қош айтысамын, бірақ та мен әлі де сендерге келетін боламын.Бүгінгі мерейлі мереке үшін мен сендерге от шашуды тарту етейін. (Салют атады).(Барлық кейіпкерлер кетеді).

1-жүргізуші Міне біздің мерекеміз де аяқтала келді. Балалар, бәріміз Жазға «Қош сау бол» деп айтайық .(Балалар қолдарын бұлғап «Қош сау бол» дейді).

Енді балалар, келесі сөз кезегін мектеп жанынан ашылатын «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің меңгерушісі :





































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ





Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы














2020 жыл

Тақырыбы: ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ... КҮНІ


Мақсаты:

  • оқушыларды ойынға қызықтыра отырып бір бірімен таныстыру;

  • оқушыларға «Гинеес рекордтар кітабы»-мен және оның ішіндегі адамдардың жетістіктері жайлы таныстыру;

  • оқушылардың өз бойындағы жетістіктері мен жеке қасиеттерін ашу.


Өткізілетін уақыты: 20 минут


Өткізілетін орны: алаң


Көрнекіліктер: обруч, секундомер, метр, плакат, кітаптың макеті, дәретхана қағазы.

Бұл конкурстар міндетті дайындықты қаламайды.


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру бөлімі


Сахнаға көңілді әуенмен екі жүргізуші шығады.

1 – жүргізуші: Қайырлы күн!

2 – жүргізуші: Сәлеметсіздер ме

Оқушылар жауап береді...

1 – жүргізуші: Қане көңіл күйіміз қалай?

2 – жүргізуші: Бәріміз дайынбыз ба? Дайын болсақ бүгінгі біздің «Ең...ең...ең...» немесе «Гнестің рекордтар кітабы» атты сайысымызды бастаймыз.


ІІ. Негізгі бөлім.

1 – жүргізуші: Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын, «Гнесс рекордтар кітабы» қашан пайдаа болды, білейік


2 – жүргізуші: Бәрі 10 қарашада 1951 жылы, «Гинесс» компанясының басқарушысы аң аулауға шыққанда, достарының арасында «дүние жүзіндегі ең жылдам құс қандай?» деген талас туады. Содан кейін басқарушы бұндай жауапсыз сұрақтар болмас үшін осы кітапты шығарған екен. Ол кітапта әлемдегі ең қызықты, таңғаларлық оқғалар және «Ең... ең... ең...» деген жетістіктер жазылатын болған.


1 – жүргізуші: енді біз осы сайыстарды өткізе отырып, біздің легерьдегі ұлдар мен қыздардың жетістіктерін көреміз және оны міндетті түрде біздің «Гинесс рекордтар кітабына» жазамыз.


2 – жүргізуші:Бастаймыз! Қане, әр топ өз тобынан ең ұзын деген адамдарды шығарсын. Әр топтан бір адамнан.


Сахнаға оқушылар шығып, бір сапқа тұрады. Жүргізушілер ең ұзын фамилияны таңдап алады, марапаттайды


1 – жүргізуші: Енді қыздарымыздың сыналатын уақыты жетті. Әр топ өз тобынан шашы ұзын деген қыздарын шығасын. Әлемдегі ең ұзын шаш ол – Свами Пандарасаннади. Оның шашының ұзындығы 80 см.

Шаштарын өлшеп ең ұзын шашты, ең «Қолаң шаш» номинациясымен марапаттайды.

Топтардың ақылдасуы.


1 - жүргізуші: Сіздер ақылдасқанша мен әлемдегі ең ұзын адам туралы айта кетейін. Ол американдық Роберд Уодлоу екен. Оның бойы: 2м 72см екен. Мен енді сахнаға біздің лагерьдің ұзын адамдарын шақырайын.

Оқушылар шығады. Жүргізушілер өлшейді, ең ұзын адамды марапаттайды.


2 - жүргізуші: енді келесі сайсымыз ең ұзын фамилия. Әлемдегі ең ұзын фамилия ол шотландық азаматта екен. Ол 29 әріптен тұрады.

Сахнаға оқушылар шығып, бір сапқа тұрады. Жүргізушілер ең ұзын фамилияны таңдап алады, марапаттайды.


1 - жүргізуші: Енді, қыздарымыздың сыналатын уақыты жетті. Әр топ өз тобынан шашы ұзын деген қыздарын шығарсын. Әлемдегі ең ұзын шаш ол Свами Пандарасаннади. Оның шашының ұзындығы 80 см.

Шаштарын өлшеп, ең ұзын шашты «Ең қолан шаш» номинациясымен марапаттайды.

2 - жүргізуші: сахнаға обручты жақсы айналдыратын оқушыларды шақырайық. Әлемдегі ең көп айналдырған Роксана Роуз. Ол 90 сағат тоқтамай айналдырған екен.

Әдемі музыка қосылады. Басқа оқушылар шығып қалғанша айналдырады. Марапаттау.


1 - жүргізуші: лагеріміздің ең қысқа фамилиялы адамды ортаға шақырамыз. Ал әлемдегі ең қысқа фамилия ол Кореяда, оның фамилиясы «О».

Сахнаға әр топтан біл бала шығады. Екі қысқа фамилия анықталады. Марапатталады.


2 - жүргізуші: Келесі сайысымызда бізге ең, ең, ең күнге күйген шоколадный заяцты таңдайық.

Сахнаға әр топтан бір бала шығады. Екі күнге күйген оқушы анықталады. Марапатталады.


1 - жүргізуші: Енді балалар қызықты болу үшін ортаға номинация айтпай, әр топтан бір оқушы шақырамыз. Әр топтан бір оқушдан шығады. Олардың қолына дәретхана қағазы беріледі. Олардың тапсырмасы қағазды үзбей байлау.

Оқушылар байлайды, көңілді әуен қосылып тұрады. Көп үзбей байлаған оқушы «Ең епті» номинациясымен марапатталады.


2 - жүргізуші: Осымен біздің «Ең...ең...ең...» атты сайсымыз да өз мәресіне жетті. Барлық номинация алған оқушылар ортаға шықсын. Қане, бәріміз ду қол шапалақпен қарсалайық, біздің лагеріміздің «Ең...ең...ең...» деген адамдары. Бұл кісілердің аттары «Гинестің рекордтар кітабына» жазылады. Келесі жолы сіздердде осы қатарға қосылуларыңызға тілектеспін

1 - жүргізуші: Біздің бүгінгі номинациялар:


«Ең ұзын бала»

Ең ұзын фамилия»


«Ең қысқа ат»


«Ең епті»


«Ең шашы ұзын»


«Ең жылдам»


«Ең күнге күйген адам»


2 - жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!









Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Жайдарман - әзіл отауы







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

Іс-шара тақырыбы: «Жайдарман – әзіл отауы»

Мақсаты:

а) Балаларға көңілді,көтеріңкі көңіл –күй сыйлау

б) Ойын шартын түсініп ойнауға тәрбиелеу.

в) Ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жүргізілетін орны: Сахнасы бар алаң.

Көрнекіліктер: Безендірілген сахна ,түрлі - түсті шарлар, гүлдер.
Өтілу барысы: Мерекелік ертеңгілік.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1-Жүргізуші: Құрметті балалар, достар!  Сіздерді  бүгінгі лагеріміздің күлкі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

2-Жүргізуші: Олай блса, көтеріңкі көңіл-күймен шаттану үшін, мерекемізді бастайық!

Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.

ІІ. Негізгі бөлім.

Жүргізуші: Балалар бүгін мен алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмаларын ала келеді екен.Біздер соған дайын болуымыз керек.Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.

Алдар: Қайырлы күн,балалар!Менің хатымды алдыңдарма?

Балалар хормен: Иә!

Алдар көсе:-Ендеше мен сендермеғн цирк ойынын ойнағым келіп тұр.Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар.Қане ойынымызды бастайық.

Ойын: «Кім епті»

Мазмұны:Ортаға 1-2 бала шығып кішкентай шарларды Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек.ойын көрермендермен де ойналады.

Алдар көсе: Балалар ойын қызық болу үшін кім керек?

Балалар хормен:С-А-Й-Қ-Ы-М-А-З-А-Қ

Сайықмазақ :

Күлмейтінді күлдірген,

Жүрген жерін бүлдірген.

Көп ойнап,көп күлген,

Сайықмазақ мен боламын.

Мен сендерге күлкі сыйлағым келеді.

Ойын: «Менің бейнем»

Мазмұны:Қолымыздағы смайликьерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек.

Би: «Сайықмазақпен би»

ІІІ.Қорытынды бөлім.
Күлкіні іздеме,ол өзіңде,

Күлкіні бағала өзің де.

Жаныңа шипа ем беретін,

Күлкі ғой бағалы өмірде.Таңдарыңызды күлкімен атырып,кештеріңізді күлкімен батырып,Езулеріңізден күлкі тиылмасын- деп сіздермен қоштасамыз балалар.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Мемлекеттік рәміздер





Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы















2020 жыл

4 маусым - ҚР Рәміздер күніне арналған іс-шара жоспары .

Іс-шара тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер »

Мақсаты: Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтаун дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталдандыру.

Оқушыларды Отан сүйгішке,адамгершіліккен,отанына,халқына адал қызмет етуге,елінің  Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Жүргізілетін орны: Концерттік зал

Түрі: Ауызша журнал.

Көрнекіліктер: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер,карта,мақал-мәтилдер,Отан,жер туралы нақыл сөздер.

Жүру барысы:

І. Кіріспе бөлім: 

1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаық.

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді

Отан-ұран,отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің  Қазақстаным» республикалық жастар  форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: « Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер бізнің мемлекетіміздің өткені,бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі».

ІІ. Негізгі бөлім

Журналымыздың  бірінші беті: Тұңғыш Президент.

І- жүргізуші: 1991-жылы 16-желтоқсандаҚазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991-жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы-Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

ІІ-- жүргізуші: ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы-Президент. Латын тілінен аударғанда «Президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

Журналымыздың екінші беті: Еңселі Елтаңба

І- жүргізуші: Мемлеттік елтаңбаның авторлары танимал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман  Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең,босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздері басшылыққа алған. Қазақстан  Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда  тыныштықта жарсымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көһрсетеді. Қазақстан  Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі  ертедегі қанатты тұлпар.  Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

 Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танип-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданын төрінде.

Журналымыздың үшінші беті: Тұғырлы туымыз

ІІ-- жүргізуші:

Егер деТуға тұтас зер салсаң,автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қаққан қыран-тыныштық пен баянды өмірдің белгісі,ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы –Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков  белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз- көгілдір түсті,тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пени аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын күн- тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі,қасиетті құс деп есептеген.  Туда қыранның орын алу тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудан сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Айнымайды аспаннан Жанатын да өзі отша

Біздің тудың болуы Жалын шарпып бетіңді

Оны халық қашанда Туымыз да қазақша

Биікке іліп қояды. Сөйлеп тұрған секілді.

 Журналымыздың төртінші беті:Асқақтаған Әнұран

 І- жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түргеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын  бүгүнгі тіршілігі мен  келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранның музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңаредакцияда жазылды.Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазған Жұмекн Нәжмеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретинде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006жылы,елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

 

Ойындар мен тапсырмалар

1.      Мына сөздерден басқа сөз жазыңдар:

Елтаңба Байрақ Әнұран

Ел Бай Ән

Таңба ай Ұран

Таң қар ұн

Аң ар нан

2.      Жүргүзуші мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

Төлқұжатта,туу туралы куәлікте,орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген  (Елтаңба)

Президент резеденциясында,Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

Республика,облыс,аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Әнұран)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиеті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

«Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы»





Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы















2020 жыл

5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған

іс-шара жоспары .

Іс-шара тақырыбы: «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы»

Мақсаты: Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазынабайлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету; Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру; Туған жердің табиғатын аялаулауға ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.

Жүргізілетін орны: алаң.

Көрнекіліктер: « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» , «Табиғат аясы- адамның алтын бесігі» және «Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні» атты қанатты сөздер мен табиғат жайлы суреттер, жердің суреті салынған жасыл жалаушалар .

Жүру барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңі.

1-Жүргізуші:

  • Балалар, бүгін біз сендермен «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты» ашық тәрбие сағатына ат салысу арқылы, Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қрғау күнін атап өтеміз.

2- жүргізуші: Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

1- жүргізуші: Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.
3-жүргізуші: Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.

4-жүргізуші: «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

1-оқушы

Ну орман, жасыл орман, мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған.

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,

Барлығы жаралғандай бір адамнан.

О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,

Бүгін менің түседі жиі еңсем

2-оқушы

Осылай да ойланып қой, адамдар,

Жығылмайсың орманыңа жүгінсең

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен асып тұрғандай бар тынысын

3- оқушы

Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетіп

Биікке самғап жетемін.

5- оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

6-оқушы

Болсын тек ауа таза , тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

7-оқушы

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

Ән орындалады. « Табиғатым»

Көрініс :

Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.

1-оқушы:

Ата!

Жер дегенім немене?

Ел дегенім немене?

Жер сәні деген немене?

Ел сәні деген немене?

Жер құты деген немене?

Жерді не көтереді?

Елді кім көтереді?

Төле би: (оқушы)

Жер дегенің- тіршілік, Ел дегенің- қара халқың,

Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.

Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

Жер құты – қойнауындғы кені.

Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

1-жүргізуші: Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы. Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.» Мал- бір жұттық, батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.

2- жүргізуші: Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ,бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

8-оқушы:

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысың

9-оқушы:

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны

Жер- суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны.

3- жүргізуші: Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!

4 -жүргізуші: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!» Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.

2- жүргізуші:

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен,

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер — Ана, көл, теңіздер

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізушілер кезектесе айтады

1 жүргізуші:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

2 жүргізуші:

Тигізетін пайдасы зор адамға

3 жүргізуші:

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

4 жүргізуші:

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

( Балаларға, ұстаздарға, барша қонақтарға жердің суреті салынған жалсыл жалаушалар таратылады.

Оқушылар қолдарындағы жалаушаларды жоғары көтеріп, тербеледі, тәлімгер іс-шараны аяқтайды.)

Тәлімгер:

Сайып келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Лагерь аруы сайысы







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

Тақырыбы: «Лагерьдің аруы»

Мақсаты:

  1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

  2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат силаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Байқаудың шарттары төмендегідей:

  1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады.)

  1. «Қыз еркем – кестесімен көркем»

(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)

  1. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»

(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)

  1. «Өнер»

(Ән айту, би билеу, күй тарту)

  1. «Сұлулық сыры»

(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)

  1. «Зерделінің ойы озық»

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Көрнекіліктер: Түрлі түсті шарлар, банер.

Техникалық құралдар: слайд

Өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру:

1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашылсын, күй күбірлеп,

Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.

Бүгінгі «Лагерьдің аруы» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.

«Лагерьдің аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ұстаздар ата-аналар

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Рұхсат болса бастайық!

2-жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне, ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

(Арулар ортаға шығады)

1-жүргізуші:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға,

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар – деп әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

4.

5.

II. Негізгі бөлім:

1-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы қлт әдебі.

2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. I кезеңі «Мен қазақ қызымын» таныстыру

  2. II кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем» Қол өнерін көрсету



  1. III кезеңі «Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді» даналық сөздің мағанасы.

  2. IV кезеңі «Өнер» Әр ару өз өнерін көрсетеді. ( ән айту, би билеу, күй тарту )

  3. V кезеңі «Сұлулық сыры» музыка ырғағы мен сән үлгілерін көрсету.

  4. VI кезеңі «Зерделінің ойы озық» (сұрақ-жауап)

1-жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бір дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

2-жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік ару қызды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың I кезеңі «Мен қазақтың қызымын».

Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.

1..............................................................................................

2...............................................................................................

3...............................................................................................

4................................................................................................

5................................................................................................

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-жүргізуші

Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!

Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!

Таңғажайып әлемі – өнер аты,

Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!

Аруларымыз көрермендерді қолөнерімен таңғалдыруға асығады.

2-жүргізуші

Байқаудың II кезеңі «Қыз еркем- кестесімен көркем»

Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді

1..................................................................................................................

2...................................................................................................................

3....................................................................................................................

4.....................................................................................................................

5.....................................................................................................................

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

1-жүргізуші:

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қызығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей

2-жүргізуші:

Байқаудың III кезеңі «Қызды тәрбиелеген – қлтты тәрбиелейді» деп аталады.

Бұл кезде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағанасын ашу бойынша аруымыз сынға түседі.

  1. «Қыздың жиған жүгіндей»

Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзтілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы жіне ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан.

  1. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл қссе жердің көркі»

Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген. Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

  1. «Қызға қырық үйден тиым»

Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.

  1. «Біреудің ала жібін аттама».

Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпал болған.

  1. «Шеше көрген тон пішер»

Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5-6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.

Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.

  1. «Қыз жат жұртқа жаратылған»

Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп игеру, шекпен тоқу, текте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу, т.б өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

  1. «Қызым – уйде, қылығы – түзде»

Халқымыздың тәрбиесіне қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайлылыққа, жарасымды міне-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз.

1-жүргізуші

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

IV кезең «Өнер» Бұл кезенде арулардың өнері тамашаланады

( Ән айту, би билеу, күй тарту)

1.............................................................................................................

2.............................................................................................................

3..............................................................................................................

4..............................................................................................................

5.............................................................................................................

1-жүргізуші:

Адпмның сырты түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен , мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі-жастығынан артық не бар?

2-жүргізуші:

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктерге таласады.

Болмаса сұлу қыз, ару әйел

Табынып еркіндікпен санасады-деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

1-жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар

Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.

Қыздың көркі шашүлгісін жасаңдар,-деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді.



V кезең «Сұлулық сыры» Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім жіне шаш үлгесін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ – қызылардан арулардың бағасын күтеміз.

2-жүргізуші:

«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» - деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады,

VI «Зерделінің ойы озық»

(Лездік сұрақтарға жауап беру)

1-жүргізуші:

1-ші арудың сұрақтары.

  1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)

  2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)

  3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ)

  4. Қазақстанның призиденті кім? (Н.Назарбаев)

  5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б.Төлегенова)

  6. Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

  7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз)

  8. «Фаризаға» өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаев)

  9. Қошақанның анасы? (Қой)

  10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-жүргізуші:

2- арудың сұрақтары

  1. Төлегеннің серігі? (Жібек)

  2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)

  3. Сүттен жасалатын тағам ? (Көже, айран,ірімшік,қаймақ, май)

  4. Аллада не жоқ (бауыр)

  5. Қазақстанның әйгілі ақыны , әрі жерлес анамыз? (А. Бақтыгереева)

  6. Әйгілі күйші –анамыз кім?(Дина Нүрпейісова)

  7. Науқас адамдарға көмек беруші,емдеуші адам?(Дәрігер)

  8. Әнші Мадина...(Ералиева)

  9. Тай,құлынның анасы?(бие)

  10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.



1-жүргізуші:

3-ші арудың сұрақтары.

1.Еңліктің серігі?(Кебек)

2.Анаңның қызы сізге кім болады?(әпке)

3.Қамырдан жасалған тағам?(бауырсақ,нан)

4. «Ана тілің-арың бұл» кімнің өлеңі?(Қ.Мырзалиев)

5.Қазақстандық әйгілі биші анамыз?(Ш.Жиенқұлова )

6.Абай Құнанбаевтың әжесі? (Зере)

7.Ас пісіруші маман адам? (Аспаз)

8.Әнші Нағима.... (Есқалиева)

9.Ботаның анасы? (Түйе)

10.Бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-жүргізуші:

4-ші арудың сұрақтары:

1.Мойынға тағатын әшекей бұйым?(алқа)

2.Апа-сіңлінің балалары?(бөле)

3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары?(шашбау,сәукеле,білезік,жүзік,сырға,шолпы,бойтұмар,түйреуіш,белбеу,қапсырма)

4.Ой-өрнектің бір түрін ата.(қошқар мүйіз,қос алқа,төртқұлақ,сыңар,арқар,өркеш,түйетабан)

5.Аққуда не жоқ?(сүт)

6.А.Құнанбаевтың анасы?(Ұлжан)

7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы?(Т.Молдағалиев)

8.Әнші Тамара...(Асар)

9.Ешкінің төлі..(лақ)

10. Қыз туралы мақал айтыңыз.

1-жүргізуші:

5-ші арудың сұрақтары:

1.Сүттен жасалатын тағамдар?(айран,қаймақ,май,сүзбе)

2.Киелі құс?(аққу)

3.Тігінші құралы?(ине)

4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы?(М.Мақатаев)

5.Қазақтың діни мейрамы?(құрбан айт,ораза айт)

6.Тіршілік иелерінің моторлары?(жүрек)

7. Көздің суы?(жас)

8.Ақ сүт берген аналардың анасы?(әже)

9.Қобыландының жары?(Құртқа)

10.Ең зор байлық..(денсаулық)

2-жүргізуші:

6-кезең бойынша арулардың ұпайлары:

-Енді, әділ қазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздардыанықтауларын сұраймыз.Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берейік.

Әні......................................................

Орындайтын..........................................

Қорытынды сөз әділ қазы алқаларына беріледі,марапаттау рәсімі.



III .Қорытынды:

Қыз баланы ізетті,инабатты,асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу,қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет,олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып,оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.

«Қыз емес, қыздың аты қызы-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің-алдын орап,сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын»-дегендей ,қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз.Қыздарымыз ата-бабаларымыздың бұрынғы заманнан келе жатқан салт-дәстүрін,әдеп-ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы болып өссе дейміз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті.Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.












Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Менің асыл достарым







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы










2020 жыл


Іс-шараның ақырыбы: « Менің асыл достарым», «Достық» күні

Мақсаты:

  • Оқушылар арасында достық лебізді арттыру, достық мәнін түсіндіру, өзін және өзгені сыйлауға бағдарлау.

  • Елжандылыққа,әсемдікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

 Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал-мәтел,өлең жолдары,нақыл сөздер, жан-жағы түрлі-түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген.

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Жүргізуші: Құрметті балалар, достар!  Сіздерді  бүгінгі лагеріміздің «Достық» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 

         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

          Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін. Біздің мектебімізде қаншама ұлт өкілдері бар, біз ұлтымызға қарамай «Ақпыз, қара , сарымыз- ағайынбыз бәріміз» деп ұрандап, бірлікте, достықта өмір сүруіміз керек.

ІІ. Негізгі бөлім.

Достық туралы тақпақтар айту.

Тақпақтар:

1 оқушы:    Достықты үлгі санаған,   

                  Бір үйде біз тұрамыз.

                 Қалған ата-бабадан,

                 Бірлік асыл мұрамыз.

 

2 оқушы: Лагердің бүгінгі күні  достық күні

            Ән салып, билеген балалардың үні.

            Мәз- мейрам боп, би билеген балалар,

            Керемет мереке, лагердің бүгінгі күні.

 

3 оқушы:    Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.

4 оқушы:     Дос болып түрлі халықтар,

                 Жасайтұғын ғасырмын.

                 Бақыт шымын әлемге

                 Ұмытылмас асылмын.

 Ән «Керек маған тыныштық».

 Би «Көбелектер»

 5 оқушы:   Біз балдырған тең басқан!

                  Дос құшағын кеңге ашқан.

                  Тілегіміз әділдік!

                  Ашық болсын кең аспан!

 6 оқушы:  Дос болайық бәріміз,

                 Жарасып тұр әніміз.

                 Тыныштықты сақтаймыз,

                 Атсын күліп таңымыз!

7 оқушы:  Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер!    

Би «Достық биі»

Ән «Көбелек»  Ардабек Назгүл

Би «Достық биі»

Ән «Домбырасыз ән қайда»  Гаппасова Жанерке

Би: «Шығыс биі»

 Түрлі ойындар ойнау:  «Досыңды тап», «Сен қандайсың?», Досыңа тілек» т.б.

ІІІ. Қортынды бөлім

Оқушылар шеңберге тұрып, айнала бір-біріне тілек айтады.


























Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Ертегілер еліне саяхат







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

Іс-шараның тақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Ертегілердегі кейіпкерлер бейнесі арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету. Жаманнан жиреніп, жақсыны үйреніп, оны өмірде пайдалана білуге ұмтылдыру. Оқушы бойына ерлік, батылдық,адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар.

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған «Ертегілер әлеміне » қош келдіңіздер!

Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. Бір кездерде біздің ата-бабаларымыз қиялдап, «Ұшқыш кілемді» ,«Көлтауысар», «Саққұлақ», «Желаяқ», бір-ақ сәтте алыстан хабар алғызатын діллә тас, тез арада тамақ пісіретін сиқырлы ағаш т.с.с көптеген армандарынан оқиға қарап, ертегі деп айтқан. Ал енді қараңдаршы, балалар,, бір кездегі қол жетпес қиял бүгінде шындыққа айналған жоқ па? Қиялдың жүзеге асқан түрі:

Ұшық, суарғыш, талафон, радио, интернет т.б

Енді сайыскерлерді ортаға шақырайық

I.топ: «Сұңқар» тобы

II.топ «Қыран» тобы

Шындық көзге шұқиды қашанда,

Шыбын жанның шындықтан қаша алған ба?

Ар-ақиқат үкілі жасалғанда,

Қолға тұрар ноқтасыз асауларда-деп

Әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:

Ең жоғарғы балл «5» деген ұпаймен бағаланады.

Енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

I. Таныстыру

II. Халық ертегісі

III. Ертегі жаңаша сыр шертеді

IV. Әлем ертегісі

V. Аңыз ертегісі

VI. Сұрақ-жауап. Ертегі туралы ой қозғайық


ІІ. Негізгі бөлім.

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша екі топ таныстыруды бастайды.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Ертегілердің тілікөркем, шешен сөйлеуге, өз ойыңды әдемі баяндауға үйретеді. Халық ертегілерінсүйе біл, сүйсіне оқы. Одан тіл үйрен, мәнін мазмұнын аңғар: Тағылымын, жақсы қасиеттерін бойларыңа сіңдірер оқушылар деп. Ортаға «Сұңқар» тобының қойылымын тамашалайық.

Сайыстың үшінші кезеңі «Ертегі жаңаша сыр шертеді». Мұнда көне замандағы ертегілерді қазіргі өз заманға лайықты етіп құрастыр (өз ертегіңді шығарып көр). Балалардың қиялын, арманын байқайық.

Сайыстың төртінші кезеңі «Әлем ертегілері».

Сайыстың төртінші кезеңі бойынша «Аңыз ертегілереі». Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыздарда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып отырады.

Аңыз ертегілер көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Аңыз ертегілерді кейіпкерлер-Қожанасыр, Алдаркөсе туралы аңыздар көп. Ел оларды сүйіп айтады. «Аңыз ертегілер» қойылымын тамашалайық.

Ертегі туралы ой қозғайық (сұрақ жауап)

1.Еркек қойды «қоздатып», хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкерін белгілеңіз. (Жиренше)

2.Ер Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздық иесі кім? (Шойынқұлақ)

3. «Аяз би» ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі. (Наубай)

4. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кежекейді жар басындағы лашыққа шақырған кім? (қызды табыңыз) (Перінің қызы Бекторы)

5. «Алдар көсе» аңызында бай кімнің атын өлтіргенін анықтаңыз. (Өзіңіз)

6. Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрі.

(Қиял ғажайып ертегілер)

7. «Аяз би» қандай ертегіге жататынын табыңыз. (Шыншыл ертегісі)

8. «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар жібереді?

(Гауһар тас, пышақ, тәрелке, қайрақ)

9. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады?

(Өзі тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөпттің жаманы осы ғой )

10. Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер? (мыстан кемпір)

11. Мергенбай батыр қай ертегінің кейіпкері? (Қерғұла атты Кендебай)

12. Кендебай мен қозы баққан баланың кездесу сәтін сахнаға бейімдеп, рөлдерді өздерің ойнап көріңдер.

13. Шыншыл ертегі дегеніміз не?

14. «Қырық өтірік» ертегісінің басталуын жатқа айт.

15. Дәу қайертегінің кейіпкері? (Қаңбақ шал)

16. Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай, Кенжекей не деп жауап берді. Өлең жолдарын жатқа айт.

17. «Қаңбақ шал» ертегісінің басталуын жатқа айт.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Әділ-қазылар шешім шығарады. Сайысты аяқтау. Қортынды жасау. Оқушылардың әсерлерімен бөлісуі.






Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

«Лагерьдің ханзадасы»





Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы















2020 жыл

Тақырыбы: «Лагерьдің ханзадасы»


Мақсаты:

Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылққа, имандылыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымаққа, бірлікке шақыру.


Байқаудың шарттары төмендегідей:

  1. Таныстыру

  2. Үй тапсырмасы

  3. Сұрақ-жауап

  4. Күш сынасу

  5. Өнер сайысы


Көрнекіліктер: Тарихи тұлғалардың портреттері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары, бес қару, ат әбзелі, қатысушылардың қолынан шыққан туындылары қойылады.


Техникалық құралдар: Слайд, музыкалық сүйемелдеу.


Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі жазғы лагерьдің «Лагерь ханзадасы» атты дәстүрлі сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық.

Мұнда назар салайық

Ата-жолын жалғайық

Ел дәстүрін қолдайық.

Ұлдар шықсын ортаға

Бүгін сұлтан атанбақ.


1- жүргізуші:

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында

Ән:...................................

Орындайтын:...........................................................................................


2- жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-сайыскер-

2-сайыскер-

3-сайыскер-

4-сайыскер-

5-сайыскер-

6-сайыскер-

7-сайыскер-


ІІ. Негізгі бөлім

1- жүргізуші:

Ақыл-көркі бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мынау отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

2- жүргізуші:

Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. «Жігіт сұлтанның бойында қандай қасиеттер болуы керек?» - деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.


1.Таныстыру кезеңі:

1-сайыскер-

2-сайыскер-

3-сайыскер-

4-сайыскер-

5-сайыскер-

6-сайыскер-

7-сайыскер-

Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша әсем ән жолдаймыз:

Ән:.......................................

Орындайтын:............................................................................


1-жүргізуші:

Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі,

Көңілді шат сезімге баурайды.

Халқымыздың өткені мен ертеңі, дей отырып


2-кезеңі: Үй тапсырамсына жол берейік (өз қолдарынан жасалған бұйымдарды көрсетіп, неден, қалай жасағаның айтып береді).

1-сайыскер-

2-сайыскер-

3-сайыскер-

4-сайыскер-

5-сайыскер-

6-сайыскер-

7-сайыскер-

Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша мың бұралған би жолдаймыз:

Би:.......................................

Орындайтын:............................................................................


2-жүргізуші:

Ей, жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.


3-кезең: «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт-дәстүрге орай сұрақ-жауап.

1.Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?

1.Түйе-Ойсылқара

2.Жылқы-Қамбар ата

3.Қой-Шопан ата

4.Ешкі-Шекшек ата

5.Сиыр-Зеңгі баба


2. Аттың ер-тоқымдарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.


3. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек?

  1. Қаңтар

  2. Ақпан

  3. Наурыз

  4. Сәуір

  5. Мамыр

  6. Маусым

  7. Шілде

  8. Тамыз

  9. Қыркүйек

  10. Қазан

  11. Қараша

  12. Желтоқсан


4. Қазақ халқының салт-дәстүр той-томалақтарын атап шық?

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.


5.Төрт-түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

  1. Жылқы-құлын

  2. Сиыр-бұзау

  3. Қой-қозы

  4. Ешкі-лақ


6. Жыртқыш құстарды ата?

Бүркіт, лашын, қырғи, қыран


7.Үш ұғым туралы сұрақтар?

  1. Үш жүз: Ұлы, орта, кіші

  2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

  3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал


8. Қазақша апталарды ата?

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.


1-жүргізуші:

4-кезең күш сынасу

Ат өнері білінбес білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп, күш сынасады)

1-сайыскер-

2-сайыскер-

3-сайыскер-

4-сайыскер-

5-сайыскер-

6-сайыскер-

7-сайыскер-

Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша әсем ән жолдаймыз:

Ән:.......................................

Орындайтын:............................................................................


2-жүргізуші:

5-кезең. Өнер сайысы:

Кедеймін деп қысылма

Өнерін болса қолында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында-кезекті өнер сайысына берейік.

1-сайыскер-

2-сайыскер-

3-сайыскер-

4-сайыскер-

5-сайыскер-

6-сайыскер-

7-сайыскер-

Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарғанша көрініс ұсынамыз:

Көріністің атауы:.......................................

Орындайтын:............................................................................


ІІІ. Қорытынды:

1-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.


2-жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарына нұр жаусын дейміз! Олай болса жеңімпазды атайық

.........................................................................................................................................................

Жеңімпазға «Лагерь ханзадасы»-деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марпатталады.


Лагерь ханзадасына қатысқан жігіттердің барлығы өте жақсы деңгейде қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өздерінің сегіз қырлы – бір сырлы жігіт екен екендерінді дәлелдедіңдер. Алдағы уақытта тек биік шыңдардан көрінулеріңе тілектеспін. Сайысқа белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Әр жігіт «лагерь ханзадасы» болуға лайықты.
























Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Су патшасы – Сүлеймен





Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы













2020 жыл

«Су патшасы – Сүлеймен» /День Нептуна/ күнінің жоспары


Мақсаты: балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, су патшасы – Сүлеймен күнінің мақсатын түсіндіре отырып, судың адам өміріндегі маңызын, денсаулыққа пайдасын айту. Су қоймаларын таза ұстауға, қорғауға дағдыландыру. Сумен ойналатын ойындар арқылы шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке баулу.

Жүргізілетін орны: бассейн басында немесе өзен жағасында.

Көрнекіліктер: Сүлеймен мен Перизаты отыратын әсем безендірілген орындықтар, бос бөтелкелер, стақандар, кеселер, қасықтар мен жайпақ тәрелкелер.

Мереке куәгерлері: Су патшасы – Сүлеймен және су Перизаты /костюмдерімен/.

Жүру барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші:

  • Балалар, бүгін біз сендермен «Су патшасы – Сүлеймен» күнін атап өткелі отырмыз. Ол үшін барлық күшімізді салып ойындарға белсене қатысып, қонақтарымызға өнерлі екенімізді көрсетейік. Мерекелік күніміз көңілді өтсін.

      1. Негізгі бөлім.

  • Мерекені ашу.

Мереке иегерлері су патшасы - Сүлеймен мен су перизатын хошеметпен ортаға шақырайық. Бірақ олар, сендердің көздеріңді жұмып «Сүлеймен бізге келе гөр!» деген дауыстарыңды естігісі келеді. Олай болса, айқайлап хормен шақырайық. /барлығы көздерін жұмған кезде, су ортасына барып Су патшасы – Сүлеймен және су Перизаты тұра қалып, балаларға қарай жүріп сөйлейді. /

Су патшасы – Сүлеймен:

  • Балалар, бүгінгі мереке күніне су Перизаты екеуіміз қонаққа келіп қалдық. Сендер табиғаттағы адамға ең қажетті су, ауа, жер екенін білесіңдер. Ендеше оларды қадірлеп, қорғай біліңдер. Біздің ластанып мүлдем құрып кету қаупіміз бар екенін естен шығармаңдар. Ол үшін ағаштар егіп жерді көгалдандырыңдар, оларды баптап өсіріп табиғатты көркейте берулеріңді сұраймын. Сендер Порферий Иванов аталарың сияқты суға құйынып, денсаулықтарыңды шынықтыруларыңа тілектеспіз.

Жүргізуші:

  • Құрметті Су патшасы – Сүлеймен және су Перизаты сіздерді балаларымыздың ойындарын тамашалауға шақырамыз. Кімнің епті, кімнің шымыр екеніне назар салыңыздар.

Су патшасы – Сүлеймен:

  • Жақсы, ендеше, өнерлеріңді тамашалауға біз әзірміз.

Жүргізуші:

  • Ал онда барлығымыз екі топқа бөлініп эстафеталық ойындар ойнайық.

1-ші ойын: әр топтан бес баладан шығып бір бөтелкеге су құйып, бес стақанды балалар тұрған жерден 15-20 метр жерге қойып, топтағы баланың әрқайсысы кезекпен жүгіріп бара жатып, бөтелкенің қақпағын ашып, стақанға суды құйып алып қайтар жолда бөтелкенің аузын жауып екінші ойыншыға береді. Осылай ойын жалғаса береді. Соңындағы бала орнына қайтып келгенде ойын тоқтатылады. Стақандағы судың және бөтелкедегі қалған су мөлшерін тексеріп, су патшасы жеңімпазды анықтайды да, оның тобына 1 ұпай береді.

2-ші ойын: Топ басшыларының сайысы.

Топ басшылары шығып су құйылған бөтелкені аяғына қысып алып, жердегі ыдысқа суды 3 минут ішінде құюы керек. Кім көп су құйса, сол жеңімпаз болады. Тобына 1 ұпай беріледі.

3-ші ойын: әр топтағы балалар бір-бірінен үш метр қашықтықта орындықта тұрған кеселердің суға толысынан аузындағы қасықпен суды алып, екінші жақтағы бос тұрған кесеге апарып құюы тиіс. Кім бұрын толтырады, сол топ жеңеді. Және 1 ұпай беріледі.

/ойындар барысында балалар бір-біріне су шашулары керек, себебі бұл күні лагерьде құрғақ киіммен жүрген адам болмауы тиіс екендігі күні-бұрын ескертілуі керек


Қорытынды бөлім.

  • Ойындар бойынша ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Сыйлықтарды Су патшасы – Сүлеймен және су Перизаты табыстайды.

  • Ойындар барысында өзінің ептілігімен, шымырлығымен, шапшаңдығымен көзге түскен белсенді балалар «Нағыз епті!», «Ең жылдам!», «Бәрінен де күшті!» номинациясымен марапатталады.

  • Су патшасы – Сүлеймен мен су Перизатына мерекеге келгендері үшін барлық бала су ішінде тұрып рақмет айтып, қоштасады.

  • Суда малтумен жарыса отырып, мереке жалғасады.















Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж" КМҚК













Бекітемін:______________

Колледждің іс – тәжІрбие

Әдіскері Турбаева М.К

“_____”___________2020ж


Тақырыбы:

Спорттық мереке



Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы














Семей, 2020ж

Мақсаты: Тәрбиеші, оқушы, машықкер арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы бар екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Өтілетін орны: Спорт зал

Түрі: Жарыс

Көрнекілігі: шелек, доп, скакалка, бокс қолғабы, обруч, жастық, көпір, қап. шар.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Негізгі бөлім.

  3. Спорттық жарыс.

  4. Қорытынды.

ІІ.Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай боласың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Чемпион болу оңай ма?

Арман болған толағайға.

Болмасаңда ұқсап бақ.

Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар және барш спорт сүйер қауым! Бүгінгі “Толағай” атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшыларымызды шақырамыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

___________________________________________-лагерь басшысы

______________________________-лагерь басшысының орынбасары

___________________________________________-аға тәлімгер

Ойын барысында ескерілетін мәселелер: қауіпсіздік ережесін сақтау, оқушыларды қатыстыру, үш команданың ұпайын есептеп жеңген команданы анықтау, марапаттау. Әр ойынның қорытындысын айту.

Ендеше сайысымызды бастаймыз!

Әр топ өздерін таныстырып өтеді. (топ аты, ұраны, төс белгісі)



ІІІ. Спорттық жарыс.

Тарақандар жарысы”

Қолданылатын заттар:3 волейбол добы

Шарты: қолды артқа тіреп,, екі аяқтарды алдыға қойып, белгіленген жерге дейін допты ішіне қойып жүгіру.

Жүгіреміз де секіреміз”

Қолданылатын заттар: 3 волейбол добы, 3 обруч, 3 скакалка (2 каманда біреуден)

Шарты: Екі тізесімен мұғалім допты қысып, жерде жатқан обручкқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, ал 1 оқушы скакалкамен обручка дейін секіріп, допты тізесіне қысып орнына дейін келуі тиіс.

Ойын осылайша машықкер мен 2 оқушымен жалғасады.

Кім жүйрік”

Қолданылаын заттар: 3 қап (әрбір командға бір бірден)

Шарты: Ойыншы қапты бел тұсына дейін киіпсекіру арқылы кедергілерден өтеді. Белгіленген жерге барып шарды атып кейін қайтады.

Боксшылар есебі”

Қодданылатын заттар: бокс қолғабы, қалам мен қағаз, волейбол добы(әрбір командаға бір бірден)

Шарты: Ойыншы бокс қолғабын киіп допты шоршыту арқылы ілінген қағазға жетіп берілген тапсырманы орындап, допты шоршыту арқылы кейін қайтады.

Су тасышылар”

Қолданылатын заттар: 3 босшелек, 3 су толтырылған шелек

(әрбір командаға екі - екіден)

Шарты: Ойыншылар су толтырылған шелектен бос шелекке көпір арқылы өтіп су тасиды. Шелекте су біткенше дейін ойын жалғасады.

Кім күшті”

Қолдынылатын заттар: орындық, 2 жастық

Шарты: Ойыншылар көпір үстінде тұрып жастықпен бір - бірін ұрып көпірден құлату керек. Жеңген командамен үшіншң команда қайта ойнайды. Сөйтіп ойын жеңімпазы анықталады.

V. Қорытынды.

Өнерге биік сенеміз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау,

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі.

Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтіңіз.

Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтайсыз.




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Музыкалық жарыс







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

Тақырыбы: Музыкалық жарыс

Мақсаты: балалардың мүмкіндігін тексеріп ,олардың зеректігін және өз қабілетін ашу және қайраткерлігін,қызығушылығын нығайту ,жалпы әуестік пен шығармашылықты құру.

Міндеттері:

1.Балалардың бойына өнерге деген сүйіспеншілігін дарыту ,музыкаға деген қызықушылықтарын арттыру.

2.Есте сақтау қабілеттерін нығайту ,сөздік қорларын ,жуйелі сөйлеуге дағдыландыру.

3.Достыққа ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Көрнекілігі: Слайд , нақыл сөздер , жеті ноталы және скрипка кілті , суреттер , алма , аққайын бүршіктері , қияр ,таңқурай , картон , шетен үзімі , күнбағыс .12 карточка жазылған өлең , 6 карточка өлеңінің атымен ,10 кең тараған өлеңінің понограммасы .Ойынға 6 топ 6 адамнан қабылданады, қатысады . Дұрыс жауаптың санына байланысты топқа ұпай тағайындылады.

Өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру.

(Фанфар үні естіледі)

1.Кіріспе сөз.

Жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар ! Сәлем достар ! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызға қош келдіңіздер!Әнді жанындай сүйген , әнді әлдилей білген халықтың бірі –қазақ елі десек , артық айтқандығымыз емес шығар. «Музыка –жүрек тілі, ол-сезімдер мен көңіл-күй әлемі.Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе –оны ыждағаттықпен тыңдай біл!Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңдігі де сезбей қаласың жақсыны жаманнан айыра алатын боласың .Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.

2) Жасақтармен таныстыру.

Жүргізуші :Бүгінгі сайысымызға қатысушы жасақтарды ортаға шақырайық!

І-топ (2 бала) II-топ (2 бала) ІІІ-топ (2 бала) ІV- топ (2 бала) V-топ (2 бала)

3.Әділқазылар алқасымен таныстыру .

Сайысымызды бастамас бүрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.

2.

3.

Жүргізуші :Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады.

1.

2.

3.

4.

Бірінші айналым

4)Сайыстық бағдарлама.

-Сендердің алдарыңда жеті нотамен белгіленген ноталық тізбеде тапсырмалар жазылған.

1-сайыс: «Әуенді тап»

Бірінші нотаны аламыз.Енді тапсырманы ұсынамыз.Сендерге 10 әуенді міндетті түрде табу керек.Кім бәрінен аз тапса , сол ойыннан шығады.

2-сайыс : «Берілген суретке қарап ән айту»

Екінші нотаны алып ,сендерге тапсырманы хабарлаймыз.Топтарға алма ,таңқурай ,ақ қайын бұршақтары,картоп, шетен үзіні, қиыр, күбағыс, суреттері таратылады.Сурет бойынша қатысушылар еске алып,бірнеше шумақ өлең айтулары керек.

3-сайыс «Көмекпен айтылатын ән»

Үшінші нота алынады.

Өлеңді өздері табады.

Топтар көмекпен ән айтулары керек.

  1. Ән ұзақ саяхатта жүрген қызыл телпекті қыз туралы.

  2. Ән ұшатын кеме құруға көмектесетін саз- батпақта тұратын пері туралы.

  3. Ән жануарларымыздың арқасында біздің жер шарымызды жан-жақты қимыл жасағаны туралы.

  4. Ән екінші байқамаған екінші ойыншы туралы.

  5. Ән Африкада тұру оңай және жай екені туралы.

  6. Ән күннің көзінен күюді жақсы көретін жануар туралы.

4 –сайыс. «Кім жылдам».

Топтарға керісінше әндермен екі карточка таратылады. Үш минуттан соң қандай ән жасырынып тұрғанын табу керек.

  1. «Ой күн, бәрімізді күйдір» (Әй, аяз тоңдырма мені)

  2. «Қауын мен қрбыз пісті» (алма мен алмұрт)

  3. «Қалай тас құрғақ жолдың үстінде көліктер еппен жүреді» (жаяу жолаушыларша шалшықта жүрсін)

  4. «Әйгілі әлдекім тегістікке шықты» (міне біреу таудан түсті)

  5. «Орманда көктерек жатты» (орманда шырша өсті)

  6. «Жалғызға тар дәлізде жүзі қайғылы» (адымдау бірге көңілді)

  7. «Әй, сен сезім емен неге түзу отырсың?» (жұртқа шетен, тербеліп тұрсың?)

  8. «Асан жағадан кетті» (Үсен жағаға шықты)

  9. «Қырда талма пайда болды, бірақ ол күйіп қалды» (Орманда шырша туды)

  10. Міне, түзу жол, ал мотор өшті» (міне, жаңа бұрылыс, мотор гүрілдеп тұр)

5-сайыс. Әуенді тап.

Ережесі:

Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде әннің музыкасын тапса – 1ұпай, авторын тапса-2ұпай беріледі. Әнді тапса бірге шырқайды.

І айналым тақыптары:

  1. Би билейік дөңгелеп. (Айгөлек)

  2. Қиял әлемі (Ертегілер әні)

  3. Қонақжайлы халықпыз! (Дастархан)

  4. Ән мен күйдің тірегі (Домбырасыз сән қайда?)

  5. Анашыма арнаймын!(Құттықтаймын мама туған күніңмен!)

Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті.Осы айналымның бғаларын білсек.

2- АЙНАЛЫМ!

ҚЫЗЫЛ-ДОМБЫРА-2 ҰПАЙ

ЖАСЫЛ-БАЯН-1 ҰПАЙ

1.Қошақаным қайда екен?

2.Жалқаубек

3.Бала тілегі

(Қосылып орындайды)

ЕКІНШІ АЙНАЛЫМ

Жүргізуші:Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттерініз ,сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыныз сарапқа салынды.Келесі айналымға өтеміз.

Ережесі: Көріп тұрсаныздар менің қолымдағы асықтарда әріптер жасырылған.Алдымен екі топқа да 2 –әріп беріледі.Сол әріптен басталып ,аяқталатын сөздерде айтуларыныз керек.Екі топқа да берілетін әріп (уақыты 1 минут) қай топ көп сөз айтды сол топ жеңімпаз болып табылады.

Жүргізуші:осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер.Рахмет.Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз.

СӨЗ ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ.

Жүргізуші : Оқушылар ,әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын тығыз байланысып жатқаның білеміз.Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай.Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады.Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар .Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер

ҮШІНШІ АЙНАЛЫМ

Жүргізуші :Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатқан қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерінізде баршылық.

Ережесі: Келесі бөлімде ән сөзі беріледі.Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге мақал құрастырып айтасыздар.

Атамекен

  1. Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын ,көп күлем.

Айдарымнан сыйпап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсең ,атамекен,

Көкейіңде жатады екен .

Күннің өзі қыймай оны ,

Ұясына батады екен.

2. Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын ,көп күлем.

Асқар таудың аспанымен астасқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын ,көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем.

Жүргізуші: Балалар ,сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар.Бәрекелді!

Үшінші айналымда өздерін қалай таныта біледі екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік

ТӨРТІНШІ АЙНАЛЫМ

Жүргізуші:

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен? - Ұлы ойшыл ақынмен музыкалық есту қәбілеттерініз сынға түседі .

-Ақтық мәреге аяқ басайық!

Ақтық мәре. Екі топ бірге үнтаспадағы әуенге назар аударады,бірге тыңдайды, әңдердің сөздері орындары ауыстырылып айтылады.Ал 2 топ командасы сол әнді тауып алу керек .(Өз елім.Н.Тілендиев)

ІІІ. Қорытынды :

Сөз кезегі әділқазылар алқасында .

Марапаттау :

Жүргізуші : Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып ,ұстаздар және келіп тамашалап ,өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін , бар болыңыздар , сау болыңыздар !

































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Толағай







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы









2020 жыл

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы.

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Міндеттері:

А) Танымдылық: денсаулық сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Б) Дамытушылық: денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.

В) Тәрбиелік: денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу, ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Көрнекілік құралдары: «Толағай» жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар.

Іс-шаранын өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар!

«Денсаулық құпияларының бірі-спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Толағай» сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауық бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің лагеріміздің ұлдары мен қыздары арасында өткелі тұр.

1-жүргізуші: Алдарыңызда қыздары денсаулық тақырыбына арналған өлеңдерін оқып береді. Қабыл алыңыздар!

Айгүл: Жазда суда жүземіз,

Құмда күнге күйеміз.

Жалаң аяқ жүреміз,

Қыста қызып денеміз,

Коньки, шаңғы тебеміз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

С.Ділназ: Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

М.Ділназ: Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір, алға ұш,

Қане, сапқа тұр.

Допты дәлдеп ұр,

Оң жақтан да, сол жақтан,

Бізде бар мол күш.

Айғаным: Басты байлық-денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.

Мерейім: Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден ындалған.

ІІ. Негізгі бөлім:

1-жүргізуші: ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінтаныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар. (Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

2-жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! (таныстыру)

1-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық.

2-жүргізуші: Ойнайық,ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, женбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

1-жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

  1. «Мұртты кенгуру» сайысы.

  2. «Пингвин» сайысы.

  3. «Қанбақ шар» сайысы.

  4. «Сафари» сайысы.

  5. «Футбаскер» сайысы.

  6. «Кім көп секіреді?» сайысы.

  7. «Желаяқтар» сайысы.

2-жүргізуші: 1 сайыс «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің алақанынан ұрып келесі эстафета әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды. (Ойыншылар жарыса бастайды).

Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады).

1-жүргізуші: 2 сайыс «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң қыздардың алақанынан ұрып эстафетаны береді. Сонан соң қыздар қайталайды. (Ойыншылар жарыса бастайды).

Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады).

2-жүргізуші: 3 сайыс «Қанбақ шар» сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң қыздардың алақанынан ұрып эстафетаны береді. Қыздар қайталайды. (Ойыншылар жарыса бастайды).

Ал енді «Қанбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады).

1-жүргізуші: 4 сайыс «Сафари» сайысы.

Қаппен секіріп себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы секіріп бару. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң қыздар алақанынан ұрып эятафетаны береді. Қыздар қайталайды. (Ойыншылар жарыса бастайды).

Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады).

2-жүргізуші: 5 сайыс «Футбаскет» сайысы

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Қыздар допты баскетболағыдай жерге ұрып отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек.

Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалады).

1-жүргізуші: 6 сайыс: «Кім көп секіреді?» сайысы

Балалар әкелерімен скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал қыздар скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.

Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалады).

2-жүргізуші:7 сайыс «Жел аяқ» сайысы

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, әкелерінің алақандарын ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда отырып жылдам мәреге жүріп келу керек (ойыншылар жарыса бастайды)

Ал енді «Жел аяқ?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалады).

III. Қорытынды бөлім

1-жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын

Дені таза, тәні таза

Елін, жерін қорғайтын!

2-жүргізуші: Денсаулық – басты байлық өмірдегі

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі

Салауатты өмір салтын насихаттап

Атанайық жақсы азамат өңірдегі

Еліміздің болашағы дені сау азаматтарың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» сайысы осымен аяқталады. Белсенділік танытып қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!








Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Күлкі - көңіл айнасы







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

Тақырыбы: Күлкі - көңіл айнасы

Мақсаты: Балалардың күлкі, күлкі мәдениеті туралы ойларын қалыптастыру, күлкінің адам өмірінің маңыздылығын сезіндіру.

Міндеттері:

  1. Эмоциялық күйлердің мәнін түсіндіру.

  2. Түрлі өмірлік жағдайда өз күлкісін орынды қолдануға үйрету.

  3. Оқушылардың өз көңіл – күйін қадағалай білуге және басқара білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгіме, ойын – жарыс.

Көрнекіліктер: Плакаттар, газет, түрлі – түсті қағаздар, ойынға арналған құралдар.


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Таңертенгі тісілісте «Күлкі күні» екенің хабарланып, сайыс болатынын мәлімденеді.

2) Күлкі күннің мақсат – міндеттері мен өткізілі шартын хабарлау.

3) Әділ – қазылар алқасы таныстыру.


ІІ. Негізгі бөлім.

  • Белгіленген уақытта балалар акт залына жиналады.

Тәлімгер: - Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Балалар бүгін күлкі күні, сондықтан бүгін бәріміз көңілді, әрі күліп жүрейік!

4) Сіз қалай күлесіз? – деген сауалнамаға жауап беріп отырсақ.

  1. Күліп тұрғанда кішкентай саусағыңды ерніңе апарасың ба? («иә» жауабы болса, онда сіз маңайындағыларды өзіне қаратуды ұнатасыз)

  2. Күлгенде аузында колыңызбен жабасыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз көбінесе ұялып, сыртта қалып қоясыз, өзіңізге сеніміңіз аз.)

  3. Күліп тұрғанба басыңызды жиі артқа шалқайта күлесіз бе? («иә» жауабы болса, онда сіз адамға сенгіш, кейде көңіл қарқынмен көзге түсіп қаласыз.)

  4. Күлгенде басыңызды, бетіңізді қолмен бассасыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз арманшыл, киялшылсыз.)

  5. Күлгенде мұрынызды тыжырайтасыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіздің көңіл – күйіңіз, көз қарасыңыз жиі өзгеріп тұрады.

  6. Аузыңызды ашып, қатты күлесіз бе? («иә» жауабы болса, онда сіз темпераменті жылдам адамсыз. Аздап ұстамды болуыңыз керек. Әңгімені жақсы айтасыз, әйтсе де өзгені тыңдай да білу керек.)

  7. Күлгенде төмен саласыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз қай жаста болсаңыз да көңіліңіз жас, шешімге тез келесіз)

  8. Күлгенде иегіңізді ұстайсыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз қай жаста болсаңыз да көңіліңіз жас, шешімге тез келесіз.)

  9. Күлгенде иегіңізді ұстайсыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз ең бірінші өз деңгейіңізді істейсіз, онда сіз өзіңізге өте сенімді адамсыз.)

  10. Күлгенде көзіңізді сықситасыз ба? («иә» жауабы болса, онда сіз өзіңізге сенімді адам болғаныңыз.)

5) «Қызықты викторина» ойыны.

- Алдымен ойынға қатысушылар екі командаға бөлу, сұрақтар әр топқа кезек – кезек қойылады. Әділ – қазы топтардың сұраққа әзіл – қалжың түріндегі жауаптарына баса көңіл аударады. Дұрыс қызықты жауапқа – 1 балл, дұрыс емес жауап кезінде, екінші топ ойынға араласады.


Викториналық сұрақтар:

  • Неғұрлым көп шұқысаң, сол ғұрлым үлкейеді. (тесік)

  • Кімнің шашы жаңбыр астында су болмайды? (таздың)

  • Неліктен арыстандар шикі ет жейді? (тамақ пісіре алмағандықтан)

  • Ақшаңызды қалай екі есе көбейтуге болады? (оларға айнадан қарай керек)

  • Әтеш өзін тауықпын деп айта ала ма? (жоқ, себебі сөйлей алмайды)

  • Қандай айдармен шаңынды тарай алмайсың? (әтештің айдарымен)

  • Біз таңертен ең алдымен не істейміз? (оянамыз)

  • Жаңбырдан кейін қандай бұтаққа отырады? (су бұтаққа)

  • Қандай адам бір қолымен ұйытқып келе жатқан көлікті тоқтата алады? (маи қызметкері)

  • Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазамыз? (мысық)

  • Орман ішінен қаншалықты ұзақ кіре аламыз? (ортасына дейін ары қарай орманнан шығасың)

  • Қанша жұмыртқаны аш қарынға теңертен жей аламыз? (Біреу, қалғандары тоққарынға)

6) Парақшалар таратылады, ол парақшаларда (түрлі смайликтер) арқылы көңіл – күйді білдіру керек.

7) Үш топқа бөліп, балаларға көңілді әзілді, скеч ойнату.


ІІІ. Қорытынды.

Күлкі жаттығуы. Балалармен бірге күлкі жаттығуын жасау.

  • Таңертенгілік үйде, көшеде таныстарыңызды көргеніңізде демді ішке тартып, демді шығарарда и-и-и-и дыбысын шығарыңыз.

  • Терең дем алу, демді шығарарда «ха-ха-ха» деп 7 рет қайталау, бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.

  • Одағай сөздер арқылы жымию:а, о, ух!

  • Мұңды сәтте, өміріңіздегі ең көңілді кездерді еске алып, жымию


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін:_________

Колледждің іс тәжірибе

әдіскері Турбаева М.К

«___»____________2020ж







Тақырыбы:

Лагерьдің жабылу салтанаты







Өткізуші машықкер:

Қасенова Айжан Русланқызы











2020 жыл

ТАҚЫРЫБЫ: ЛАГЕРЬДІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Мақсаты: Жазғы демалыс лагерінде демалған баладлардың лагердегі көңіл күйлерімен бөлісе отырып, алған әсерлерін, игерген білік, дағдыларымен бөлісу

Іс шараның түрі: саптық, ашық жиын

Қажетті құралдар: шарлар, плакаттар, гүлдер, жалаушалар, ТОҚ

Қатысушылар: балалар, жүргізушілер, ата аналар, лагерь әкімшілігі

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру

Топтарды сапқа тұрғызу

Салтанатты кіріспе сөз



ІІ. Негізгі бөлім

І-жүргізуші:Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, балалар, ата аналар, «Жазғы лагерь -2018» демалыс лагерінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

ІІ-жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз!

Топшаларды ортаға шақыру

Әрбір жасақтың аға тәлімгерге беретін рапорты

Топша түзел!

Сап түзе!

Тік тұр!

Аға тәлімгер, « жасағы жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанатына дайын.

Аға тәлімгеодің рапорты

Аға тәлімгер:

Жиын түзел!

Сап түзе!

Тік тұр!

«Жазғы лагерь -2018» демалыс лагерінің жабылу салтанатына орай ҚР мемлекеттік туы енгізілсін.

Рапорт

Аға тәлімгер: «Жазғы лагерь-2018» сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына орай мектептің «» тобы дайын.

Рапорт беруші:

Рапорт қабылданды.

І жүргізуші:

Арманы бір үні бір

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл

Бала бағы бар елдің

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі,сәні әлемнің!

«Жазғы лагерь-2018» сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына орай мектеп директорына сөз беріледі.

Лагерь басшының салтанатты құттықтауы.

2-жүргізуші

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл шоқ шешек атпаған дей келе орындауында әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Ұстаз ана ән айтып, би билеткен

Ұстаз ана, бар білімге үйреткен

Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер

Әркез сені жақсылыққа сүйреген дегендей үстаздарға қошемет көрсетіп қояйық

Би «

2-жүргізуші

Біз бақытты баламыз

Оттай лаулап жанамыз

«» төрінде

Шырқап әнге саламыз

Ән: «»

ІІІ. Қорытынды бөлім

1-жүргізуші

Аспан тұрса күлімдеп

Айын биік орнатып

Ақса бұлақ гүрілдеп

Балаларға сол бақыт

Аға тәлімгер:

Лагерь түзел! Тік тұр! Лагерь туы әкетілсін!

2-жүргізуші:

«Жазғы лагерь-2018» демалыс лагерінің жабылу салтанаты жабық деп жариялаймыз. Көк аспанда байрағымыз желбіреп, аман болыңыздар. Кездескенше сау болыңыздар!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Планирование мероприятий

Автор: Омарова Асылжан Бахытжановна

Дата: 01.06.2020

Номер свидетельства: 552158

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Разработка внеклассного мероприятия для начальной школы"
    ["seo_title"] => string(63) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-dlia-nachal-noi-shkoly"
    ["file_id"] => string(6) "309654"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458835162"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Интерактивные мероприятия во внеурочной деятельности (Из опыта работы) "
    ["seo_title"] => string(78) "intieraktivnyie-mieropriiatiia-vo-vnieurochnoi-dieiatiel-nosti-iz-opyta-raboty"
    ["file_id"] => string(6) "213568"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432098080"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Планирование физкультурно-массовых мероприятий в ДОО."
    ["seo_title"] => string(53) "planirovanie_fizkulturno_massovykh_meropriiatii_v_doo"
    ["file_id"] => string(6) "478554"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1537709698"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Мероприятие, посвященное дню 8 марта "
    ["seo_title"] => string(45) "mieropriiatiie-posviashchiennoie-dniu-8-marta"
    ["file_id"] => string(6) "227002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1440571820"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "внеклассное мероприятие в группе продлённого дня "
    ["seo_title"] => string(58) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-v-ghruppie-prodlionnogho-dnia"
    ["file_id"] => string(6) "155595"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421304305"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства