Сабақ мақсаты: “Бірлік” ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және “достық” адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: Бірлік туралы түсінік беру; Дамытушылық: Көпшіл болу іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу; | Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, электронды оқу құралдары, интерактивті тақта |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар, ең әуелі-ниет керек, одан соң-күш, одан соң –тәртіп керек»-деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқан екен. Олай болса тәртіп, талап, тыныштық,тазалық татулықты сақтай отырып сабағымызды бастайық. Тыныштық сәтi. Су түбіне саяхат (баяу әуен) Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Үй тапсырмасы: №15, 59-61 бет, «Ырыс алды - ынтымақ» аңыз әңгімесін оқып келу. Мазмұны бойынша сұрақтар: Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды? Бірлік болмай, тірлік болмас деген мақалды қалай түсінесіңдер? | Ескерту |
Дәйексөз. «Көп жүрген жер - көңілді» «Көп еңбегі - өнімді» Мақал 3.1.Бірнеше рет оқу, есте сақтау. 3.2.Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз. 3.3.Дәптерге жазу./балалар өз ойларын айтады/ | |
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйлығы. Бірлік Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді. -Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. -Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық,жарай ма? -Жарайды, - деді Данияр қуанып. Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап- күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды. -Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде- ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді. 1.Әнгіме не туралы айтылған? 2. Басты кейіпкер кім? 3.« Бірлік » дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Жалғыз болып істеген жұмыстан, көп болып жасаған жұмыстың айырмашылығы бар ма? | |
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс. (баяу музыка қосып қою) Ойын жаттығу: Мұғалім ортадағы үстел үстіне үй макетінің қатты қағаздан қиылып жасалған іргетасын, керегелерін, шатырын, есік терезесін жайып қояды. Әр қағаздың арғы бетіне мақал – мәтелдердің бір сөзі қалдырылып жазылады. Балалар мақал-мәтелдерді құрастыра отырып үй макетін жасайды. 1. Бала тәрбиесі - ....... бесіктен 2. Адам - ....... әдебімен көрікті 3. Тәрбие басы - ...... тал бесіктен 4. Өзіңді-өзің сыйламасаң - ...... өзгеден сый даметпе 5. Үлкенді сен сыйласаң -...... кіші сені сыйлайды 6. Әдепсіз өскен баладан - ....тәртіппен өскен тал артық 7. Әдепті бала-.... арлы бала | |
6. Топпен ән айту. Ізгі тілек М. Әлімбаев Көк аспанда күн күлсін, Ұл колында ту жүрсін. Бірге күлсін бүлдіршін. Қыз қолында гүл жүрсін. Көк аспанда күн күлсін, Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын. Бірге жүрсін бүлдіршін. Көк аспанда күн күлсін, | |
7.Үй тапсырмасы: №17, 61-62 бет, Б.Грасианның «Өмірлік сый» әңгімесін оқып келу. | |
8.Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу музыка орындалады) Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз да, ойша бір-бірімізге жақсылық тілейміз. Ал енді көздеріңді ашыңдар.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! | |