"Көктем жыры" атты ашық сабақ топтық жұмыс түрінде өткізіледі.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тапсырмалар беріліп, топтастыру тәсілі жүргізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Көктем жыры" (Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)»
Сабақтың тақырыбы :Көктемжыры. М. Хакімжанова.
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: өлең мәтіні негізінде оқушыларды туған жер табиғатымен таныстырып, көктемнің көрікті келбеті туралы ұғым беру және көктем мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай алуға үйрету, өлеңнің авторы туралы мәлімет беру.
ә) дамытушылық : топтағы жұмыс арқылы көктем мезгілінің табиғатқа, адамға, жан-жануарға, қоршаған айналаға әсерін зерттеп талдау жасай алуға ұмтылдыру.
б) тәрбиелік:оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге шақыру.
Көрнекілігі: көктем туралы суреттер,слайд, интеративті тақта, М.Хакімжанова туралы мәліметтер.
Сабақ түрі: Жаңасабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру,сұрақ - жауап
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын !
Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын!
(Көңіл күйді бағалау) ооо ооо ооо біреуін бояу керек
2. Үйтапсырмасын сұрау.
-Қ.Аманжоловтың «Көктем»өлеңін жатқа сұрау әр топтан 2-оқушы айтады
Үй тапсырмасын саусақпен бағалау
3.Қызығушылығын ояту.
Қар,мұз еріп, су көбейіп, Сай – салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады!
Көктем туралы ролик
Топтастыру
көктем
4.Жаңа сабақ: Көктем жыры. М. Хакімжанова(Слайд)
М.Хакімжанова 1906 жылы 16.11. Қостанай облысы қазіргі Алтынсарин ауданындағы Қызылшоқ ауылындатуған.Ол ақын , ҚР – ның халық жазушысы.1993 жылы 7 .02- да89 жасқа қараған шағында дүние салды.
5. Оқулық пен жұмыс.
Оқушыларға тізбектеп оқыту.
6.Сөздік жұмыс
7.Дәптермен жұмыс.
8.Топпен жұмыс. «Кубизм» әдісі топты бағалау
1 – топ Көктем суреті.
3 – топ Көктемгі табиғат компазиция құру.
2- топ «Көктем шуағы» эссе жазу
4 – топ . 5- жол өлең.
8 . Сергітусәті. Көңілді күн .
9. Сауалнама.Өзін –өзі смайликпен бағалау.
1.Көктем айларын тап
А) наурыз, сәуір, мамыр
Б) қазан, қыркүйек ,қараша
В )маусым,шілде,тамыз
2.Көктемде нелер ұшып келеді ?
А)ұшақтар Б) құстар В) бұлттар
3.Көктемде не ериді ?
А)топырақ Б) су В) қар
4.Көктемде ауа райы қандай болады ?
А) ыстық Б) жылы В) суық
5.Бірінші қандай гүл гүлдейді ?
А) бәйшешек Б) бақбақ В) түймедақ
6.Адамдар қалай киінеді ?
А) жылы Б) жеңіл В) тон
7.Көктем жыры»өлеңінің авторы кім?
А) Аманжолов Б) Құнанбаев В) Хакімжанова
8.Көктемде қандай мереке тойланады ?
А) Тәуелсіздік күні Б) Наурыз мерекесі В) Білім күні
9.Сәуір айын тағы қалай атаймыз ?
А) қарлығаш Б) көкек В) бүркіт
10.Ағаштарда нелер шығады ?
А) жапырақтар Б) бүршіктер В) шөптер
10 . « Полиглот»Топпен жұмыс.Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту.Бағдаршаммен бағалау
1- топ Жылт –жылт етеді. Жылғалардан өтеді
2- топҚыста жер бетін басады.Көктемде сайға қашады.
3 –топ Сонау алыс көкте.Жүзіп барады кеме.
4- топКүндіз күлімдейді,түнде көрінбейді.
Үйге тапсырма: Көктем туралы сурет салу.өлеңді жаттау
Қортынды.Осы ұйқастарды пайдаланып өлең құрастыр
------------------гүлдер.
-------------------далада.
---------------------біреуін .
----------------------анама .
Бағалау «екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша Гүлге көбелек қондыру