| Ұ«Бауырсақ» ертегісін оқу -Не туралы? -Басты кейіпкер кім? -Ол қандай? ... Ерте ерте ертеде... Мұғалім ертегідегі негізгі кейіпкерлердің аттарын сұрайды. Ертегіде кездесетін екі уыс ұн табады,қаймақ қосып, қамыр илейді, бауырсақты майға пісіреді, терезе алдына суытып қояды...т.б айтуға қиын келетін тіркестерді суреттермен немесе мульфильмнен қысқаша үзіндісінен көрсетіп мағынасын қимылмен көрсетеді. (Ұ) Мұғалім оқушыларға бауырсақтың жолда кезіккен аңдармен (қоян, қасқыр, аю, түлкі) болған сұхбаттарын рөлге бөліп ойнатады. «Актерлерге» экспрессивті интонация, бет-әлпеттің мимикасын қолдануды үйретіп, қажетті дауыс мәнері мен іс-қимылдың көмегімен айтқызады. (Т,қ) Мұғалімнің әңгімені мазмұндау схемасының көмегімен оқушылар шағын топтарда бір-біріне ертегіні мазмұндайды. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалайды: • әңгімені ауызша баяндауын; • іс-қимылды қосымша пайдалана алуын; • мұғалімнің ұсынған мазмұндау үлгісін қолдануын. (Ұ,Қ) Әрбір топ ертегіні сынып оқушыларына мазмұндап береді. Басқа оқушылар тыңдайды, бірін-бірі бағалайды, пікір айтады. Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өздігінен мұғалімнің мазмұндау схемасын пайдаланып, ертегіні мазмұндайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар басқа оқушылардың іс-әрекет, қимылдарын қайталап, үлгідегі негізгі сөздерді пайдаланады. |