kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Ертегілер елінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» Ма?саты: Білімділік: Ма?алдарды айтып, есте са?тау?а, ма?ынасын ашу?а ?йрету. Саба? барысында ертегі кейіпкерлеріні? р?ліне кіру ар?ылы олар?а сипаттама береуге ?йрету. Саба?ты ж?мба? кейпінде бастау ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?тарын ояту. Дамытушылы?: О?ушыларды? білімдерін, тілдерін ертегі айту, ?ле? айту, с?здерді буын?а б?лу, жа?ылтпаштарды айту ар?ылы дамыту. Сурет бойынша ??гіме ??растыру ар?ылы тілін, ойын, шы?армашылы? ?абілетін дамыту. Т?рбиелік: Таби?ат?а, жануарлар мен а?дар?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу. ??гіме ар?ылы е?бек ету, жа?сылы? жасау, адал, таза болу, е?бек?ор, адамгершілігі мол, жа?сылы?ты жаны с?йетін адам болу?а т?рбиелеу. Саба?ты? ?діс-т?сілдері: ??гімелеу, ?н айту, ойын т?рінде. П?наралы? байланыс: сауат ашу, д?ниетану, музыка. Саба?ты? к?рнекілігі: Бауырса?, карта, доп, санды?, ребустар, суреттер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Как тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих уроках?
Как получить возможность работать творчески?

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Ертегілер елінде"»

«Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі»ММ







Ашық сабақтың тақырыбы:



«Ертегілер еліне саяхат»











Сынып: Даярлық топ

Пән: Тіл дамыту

Мұғалім: Нұрсарина К.Қ.























Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Мақалдарды айтып, есте сақтауға, мағынасын ашуға үйрету. Сабақ барысында ертегі кейіпкерлерінің рөліне кіру арқылы оларға сипаттама береуге үйрету. Сабақты жұмбақ кейпінде бастау арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін, тілдерін ертегі айту, өлең айту, сөздерді буынға бөлу, жаңылтпаштарды айту арқылы дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа, жануарлар мен аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ән айту, ойын түрінде.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Бауырсақ, карта, доп, сандық, ребустар, суреттер.

Сабақтың барысы:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Қане, ең алдымен келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

  • Сәлеметсіз бе!

Күн жарқырап аспанда,

Жарқын нұрын шашады.

Барлық әлем жылынып,

Көңілдерін ашады,

Жылы шуақ шашады.

Ал,біз көңілімізді жылы жүз арқылы күлімдеп бір-бірімізге білдірейік (оқушылар бір-біріне, мұғалімдерге қарап күлімдейді).

  • Біздің бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін бізге не қажет? Кім айтады?

  • Карта.

  • Дұрыс айтасыңдар, бізге карта қажет. Назарымызды тақтадағы картаға аударамыз.

  • Мәссаған, мына картамыз жабулы тұр екен ғой. Енді қайттік?! Картасыз саяхатқа қалай шығамыз.

  • Мынау келе жатқан кім өзі?

  • Бауырсақ.

  • Рас па? Алма емес пе? Түсі сары ғой, алма сары болмай ма?

  • Жоқ, алма қызыл болады.

  • Бауырсақ емес шығар, бауырсақтың түсі жасыл емес пе?

  • Жоқ, сары болады.

  • Жарайды, сендерді жеңу оңай болмас, бауырсақ болса, бауырсақ болсын.

  • Ал, бауырсақ, сен қайдан келе жатырсың?

Бауырсақ: - Мен адасып қалдым, қай ертегіден шыққанымды білмеймін. Бірақ менде осы картаның кілті бар. Егер менің тапсырмамды орындасаңдар, кілтті беріп, саяхат жасауға көмектесемін.

  • Бауырсақтың тапсырмасын орындаймыз ба?

  • Иә.

Бауырсақтың тапсырмасы мынадай екен: көбірек жануарлар мен аңдарды атау (берілген допты қағып алу арқылы жануарлардың атын кезекпен атап отыру).

  • Жарайсыңдар, балалар! Қолымызға кілтті алдық, енді картаны ашып, саяхатқа шығамыз. Мына картадағы суреттер бізге таныс сияқты ғой. Қай етегінің кейіпкерлері бейнеленген?

  • «Бауырсақ»

  • Ендеше ертегінің басын кім ашып береді екен? (бір оқушы ертегінің басын айтып береді).

  • Ал, жақсы. Сонымен домалап келе жатқан бауырсақтың алдынан кім шығады?

  • Қоян.

  • Қоян не дейді?

  • Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Сен мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін. Маған сенің өлеңің керек емес. Балалар, менің тапсырмамды орындамасаңдар, бауырсақты жеп қоямын. Енді не істейміз? Тапсырмасын орындаймыз ба?

  • Иә

Қоянның тапсырмасы: сандықтың ішіндегі суреттерді атап, буынға бөлу, сөздің басында қандай дыбыс тұрғанын айту.

  • Қояннан құтылдық, енді кім кездесті екен?

  • Қасқыр.

Қасқырдың тапсырмасы: «Соңғы алма» сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды... Ары қарай не болуы мүмкін?!...

  • Картаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Жаңбыр жауып кетті ғой. Балалар, жаңбыр қалай жауады екен? Есімізге түсірейікші.

Сергіту сәті «Жаңбыр»

  • Біраз демалып алдық, енді ары қарай кеттік. Бауырсақтың алдынан кім шығады?

  • Аю.

Аюдың тапсырмасы: ребустарды шешу (ай+гүл, шар+тақ, бала+пан, қар+ға, а+нан+ас).

  • Өте жақсы, балалар. Қандай ақылдысыңдар?!

  • Енді бауырсақтың алдынан сылаңдаған, қу түлкі шықты.

Түлкінің тапсырмасы: өлеңдер айту, тақтадағы буындарды оқу.

  • Сонымен, саяхатымыз да аяқталып қалды. Бауырсақ аман қалды. Бауырсақ сендерге өте риза. Оның сендерге қояр бағасы бар екен. Сендер бір-бірлеріңе қандай баға қояр едіңдер?

  • Бес.

  • Неліктен. Бүгін біз сабақта не өттік? (сабақты қорытындылау). Балаларды бағалау.

  • Сау болыңыздар.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? "Ертегілер елінде"

Автор: Нурсарина Камшат Кайрбаевна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 248098

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашық сабақ "Ертегілер елінд""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk_sabak_ertegiler_elind"
    ["file_id"] => string(6) "656010"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1725951805"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?  "Ертегілер елінде" "
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk-sabak-iertieghilier-ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "157847"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421661077"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ашық сабақ: "Ертегілер алаңы""
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk_sabak_iertieghilier_alan_y"
    ["file_id"] => string(6) "438737"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510645053"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "«Ертегілер елінде қонақта»"
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier_ielindie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "427713"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1504981641"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Ертегілер еліндегі шалқан" ертегісі бойынша ашық көрініс"
    ["seo_title"] => string(69) "iertieghilier_ielindieghi_shalk_an_iertieghisi_boiynsha_ashyk_korinis"
    ["file_id"] => string(6) "389799"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486636764"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства